Ұ Б Т -ға дайындық кезінде өткізілетін тренинг – жаттығулар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұ Б Т -ға дайындық кезінде өткізілетін тренинг – жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ–дің психологиялық ерекшеліктері де бар, оларды мектеп түліктерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұ Б Т -ға дайындық кезінде өткізілетін тренинг – жаттығулар.

Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек

Қоғамдық көзқарас негізінде өзіне қатысты жаңа ойлар үш кезеңнен өтеді. Біріншісі – барлығына тиісті түсінбеушілік және таңқалушылық: «Бұл не үшін керек?», «Не үшін қажет?». Екіншісі – «Мұнда бір гәп бар...»- деп ойландырады. Үшінші кезеңде әркім «Мұны кім білмейді!» деп сеніммен айқайлайды.

Қазіргі тарихи кезеңде біздің қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет.

ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ–дің психологиялық ерекшеліктері де бар, оларды мектеп түліктерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.

ҰБТ-ге дайындық стратегиясы


Әр оқушының өзіндік оқу әрекеті оның жеке басының әр түрлі ерекшеліктеріне: ойлау қабілетіне, жадына, зейін тұрақтылығына, іс-әрекетінің екпініне, тұлғалық ерекшеліктеріне, оқу мотивациясына байланысты.

Психологиялық қолдаудың негізгі жұмысы дайындық кезінде жүргізіледі. Сынып жетекшісімен психолог қауіп-қатер тобына жататын оқушыларды айқындайды және ата-аналармен бірігіп отырып түлектерге көмек көрсету жолдарын анықтайды.

Емтиханға дайындық кезінде психологиялық қолдаудың әр түрлі әдістерін қолдануға болады:

  • Топтық психологиялық сабақтар;

  • Түлектер үшін жеке консультациялар өткізу (мысалы: қобалжу сезімі бойлаған оқушылар үшін);

  • Оқушылармен ата-аналарға ұсыныстар құрастыру (мысалы: астениялық күйге ұшырайтын балалар үшін). Ұсыныстарды жазбаша түрде берген жөн, себебі ата-аналармен балалар оны ескерту түрінде қолдану үшін.

  • Түлектердің ата-аналары үшін жеке консультациялар.

Емтиханға дайындалу кезінде қалай көмектесу керек.

Ата-аналарға тәжірибелік ұсыныстар.

«Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11-сынып оқушылары әр түрлі өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата-аналар ролі ерекше және де маңызды болады. Өйткені, балаларға ата-ананың психологиялық қолдауы қажет. Бұл өте жауапты жағдайда әркім өмірдегі ең маңызды мәселені ұсынады – қиын жағдайда жігерлілік қабілетін қалыптастыру.


Мақсаты:

бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін–өзі тексеру, өзін– өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін, өзіне сенімдігін жоғарлату.

Әдістер:

топтық дискуссия, оның әдістері.

Міндеттері:

  • Түлектерді эмоционалдық жағдайының психологиялық дағдымен өзін-өзі жөнге келтіруге үйрету;

  • Стресстік жағдайда адекватты мінез дағдыларын іске асыру;

  • Іштей өзін-өзі бақылау және өзіне сену негізін қалыптастыру, өз күшіне сену дағдыларын дамыту;

  • Эмоциялық ерік сферасын дамыту;

  • Өміріндегі маңызды оқиғаларға адекватты қатынасуға қалыптастыру.

  • Ішкі резервтерге сүйене отырып өзін бақылау дағдыларын дамыту;

  • Өзінің қылықтарына жауапкершілігін сезінуге көмектесу, өзіндік талдау жасау;

  • Консруктивтік өзара әрікетестік дағдыларына үйрету.

Жүргізу шарты:

15 сабақтан тұрады, әр сабақ 40 минутқа есептелінген. Жұмыс айына екі рет өткізіледі. Сынып немесе жақсы жарықтандырылған бөлме.

ҰБТ-ға психологиялық дайындықты іске асыру жоспары

Сабақтың тақырыптары

Мерзімі

Өткізілетін уақыты

1

Кіріспе сабақ "Біз бастаймыз..."

1

03.11

2

Ойлау қабілетін қалай дамытамыз.

1

24.11

3

Есте сақтау қабілетін дамыту

1

04.12

4

Өзіңнің үрейінді басқар

2

20.12

11.01

5

Ішкі жан-дүниесінің күйзелісі және оны жеңу әдістері

2

26.01

6

Емтихандағы мінез-құлық

2

09.02

21.02

7

Стресстен қалай арылуға болады?

2

07.03

23.03

8

Змоция және мінез-құлық

1

05.04

9

Іскерлік ойын "ҰБТ артта"

1

24.04

10

Эмтиханды қалай бастан кешіру керек?

1

11.05

11

Қорытынды сабақ

1

23.05

Барлығы

15






Материалдар: магнитофон, ватман, әртүрлі бейнелеу құралдары, А4 форматты ақ қағаз, жұмсақ ойыншық.







1 - С А Б А Қ

Кіріспе сабақ. «Біз бастаймыз...»

1- жаттығу «Мені ата»

Мақсаты: өзінің топқа қажеттілік сенімін арттыру, бір-біріне жақындастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқама: қазір мына доп сендердің қолдарыңнан өтеді. Кімнің қолында доп қалады сол адам өзінің атын айту керек. Доп шеңберді 1 рет айналып болғасын, оны кері жіберіп айналдырады, сол кезде сіз тренинг барысында қатысушылар атайтын есіміңізді айтуыңызға тиістісіз.

Есімдерді қайталауға болмайды.

Ал енді өз аттарыңызды жазып, визитканы дайындаңыз.


Жаттығудың талдауы:

Осы жаттығуды орындағанда сізде қандай сезім туындады?

Сіздің ойыңызша, тренингтің алғашқы күндерінде осы жаттығулар не үшін жүргізіледі?

Келесі тренингке не тілегіңіз келеді?


2. Топтың жұмыс ережесі


Мақсаты: барлық тренинг барысындағы бірыңғай жұмыс істеу кеңістігі мен қылық ережелерін қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқама: сен өзіңді патша немесе ханшайым екендігіңді елестет, ал біз - аудитория – сенің патшалығың. Сен тренинг кезінде өзіңнің әр түрлі ережелеріңді ұсына аласың, осы ережелер барлық оқушыларға қолайлы жағдай туғызатындай болуы тиіс.

Сен өз патшалығыңда қандай ережелер еңгізесің? Ойлап тапқан ережелер тізімін қағазға жаз.

Ал енді бірыңғай жалпы топтың қылық ережелерін шығарайық. Сіздер маған айтып отырасыздар, ал мен ватманға жазып отырамын.

Патша ережелері

1.Кешікпеу. Тренигке белгіленген уақытта келу

2.Сөзді бөлмеу. Әркімнің өз пікірін айтуға құқығы бар.

3.Бағаламау. Қатысушылар бірін-бірі сынамайды.

4.Үндемеу мүмкіншілігі. Өз ойын айтуға мәжбүрлемеу.

5.Қатынас көптігі. Топта барлығымен қарым-қатынаста болуға тырысу.

6.Конфедициалдық. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.

7.Белсенділік. Әркімнің топ жұмысының нәтижелілігіне жауапкершілігі.

8. Топ жұмысына басынан аяғына дейін қатысу міндетті.

9.Қолды көтеру ережесі («эфирде жалғыз»).

10. «Тоқта!» ережесі. Егер қатысушы ойынға қатысқысы келмесе немесе сұраққа жауап бергісі келмесе, өз пікірін айтуға дайын болмаса, «Тоқта!» деп айтуына болады.

11. «Пирог» ережесі (көп сөйлемеу)

Біз патшалық ережелерін қабылдағанымызға қол соғып, қошеметтейік.


3.Тест «Моральдық тұрақтылық»


Мақсаты: Жас өспірімдерге өз өміріне көзқарасы жөнінде және оларға айналадағылардың қатынасын анықтап, басқа адамдарға өздерінің қылықтарымен қолайсыз жағдай тудыра ма екендігі туралы ойлануға мүмкіндік беру?

Уақыты: 15 минут.

Тест кілті: «Иә» деген жауапқа «1» ұпай қойып, жалпы қосындысын тап.


  1. Мен әрқашан айтқан сөзімде тұрамын және басқалар алдындағы міндеттерімді орындаймын.

  2. Мен өз жолдастарыма әрқашанда шын жүректен көмектесемін.

  3. Әділетсіздікті көргенде өзімді қолайсыз сезінемін.

  4. Адамдардың тәртіпсіздік пен дөрекілігі менде өкініш сезімін тудырады.

  5. Мен кекшіл адам емеспін, басқаларға кек сақтамаймын.

  6. Мен жануарларды жақсы көремін.

  7. Мен қария кісілердің даңышпандылығы мен жасын құрметтеймін, сыйлаймын.

  8. Өзім-өзіме жиі өзгелерге адал болуға талпынамын.

  9. Өз мәселелерімді шешкенде, басқалар жайында да ұмытпаймын.

  10. Сыйлық жасағанды ұнатамын, себебі адамдар қуанады.


Қорытынды анықтамасы және оның нұсқамасы:


1-3 ұпайға дейін: Сізде моральдық тұрақтылық жақсы қалыптаспаған, мүмкін, сіз ол туралы ойланбағансыз немесе басқа адамдардан үлгі түрінде аласыз. Бұл жағдайда сіздің жолыңыз болмаған. Егер сіз өзініздің күнделікті қылығыңызды өзкерткіңіз келсе, қылықтарыңыз жайында ойлануыңызды ұсынамыз.

4-6 ұпай: Қоғамда жақсы моральдік нормаларды ұстанатыныңызды көрсетеді. Осы нормалар сіздің ішкі қажеттілігіңіз болу үшін сіз көп жұмыс істеуіңіз керек.

7-10 ұпай: Сіз айналадағылар қызығатындай адамсыз. Бірақ, сізге босанысуға болмайды, әрі қарай жұмыс істеуіңіз керек.
















2 - САБАҚ


4.Қысқаша дәріс «Емтиханға қалай дайындалу керек?»


Мақсаты: емтиханға дайындалудың тиімді жолдарын көрсету.

Уақыты:15 минут.


Психологиялық жағынан қалай дайындалу керек


* Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста.

* Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.

* Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.


Егер көзің ауырса не істеу керек?


Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны: оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзіміз демалғандай жағдай жасауымыз керек.

  • Ауыспалы түрде жоғары, төмен қара (25 секунд), оңға-солға (15 секунд);

  • Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз;

  • Алыстағы затқа ауыспалы түрде көзіңді тігіп қара (20 секунд), сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд);

  • Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса;


Бір күндік кесте


  • Бір күнді үшке бөл;

  • Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;

  • Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле – 8 сағат;

  • 8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.


Тамақтану


Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.


Дайындалатын орын


Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.



Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?

Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал, содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса. Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.

Есте сақтау заңдары

1. Ойланыңыз! Адамдар оқығандарынан аз есте сақтайды, өйткені олардың өздері өте аз ойлайды. Құлағынды қолыңмен жауып алып мәтінді көзбен ғана жүгірте отырып, өз ішінен жолдан соң жолды қайталауға болмайды. Сондықтан міндетті түрде барлығының мағынасын табуға тырысыңыз.


2. Ынталаныңыз! Бағалаңыз, алынған ақпаратыңыз не беретінін, және егер одан шынында пайда тосылса, онда оқу қызықты бола бастайды. Былай айтқандай: Ас әрі қарай өту үшін – тәбеттілікпен же.


3. "Пілді бөлікпен же" Мүмкін, сіз бір түнде кітапты жаттап алуыңызға болады, бірақ оның мазмұны сіздің басыңыздан бір тәулік ішінде ұшып кетеді. Сондықтан естің тесіктігіне сонан соң шағынбау, материалды мөлшермен жаттаңыздар.


4. Дайын болыңыз! Егер бір нәрсеге көңіл бөлінген болса, жоспарды өзгерткісі келмейді, бұл барлығына белгілі. Анықталынған көңіл және жаттауды да талап етеді.


5. Ізіңізді өшірмеңіз! Бұрыннан белгілі, қазір оқығаныңды ұмытып қалғанынды еске түсіру үшін ең оңай тәсіл- сол уақытта соған ұқсас нәрсені еске тісіруге тырыс.Бұны біле отыра, математикадан соң тарихты, физикадан соң қазақ әдебиетін оқы; ес түрлілікті қалайды.


6. Жан-жағыңызға қараңыз! Бұл әрекет негізі ұмытшақтықпен күрес. Жағдайды елестете отырып, қандай оқиға болды, сіз соны есте сақтай аласыз. Есте сақтауға түйіншек, анықталынған жағдайға байланысты , соңында сылтау қашан шыққаны, аяғында еске түсіруге көмектеседі.


7. А-дан бастап Я-ға дейін оқыңыз! Барлық ақпарат тұтастай аяқталғандай қабылдануы керек, ал ненің жарықшақтары жекеленген еместігі белгісіз.


Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады


  1. Ақылды болғың келсе, сұрақты ойланып қоюды, зейін қойып тыңдауды, асықпай жауап беруді және айтатын еш нәрсе болмаса үндемей отыруды үйрену керек.

  2. Білімді ойланбай алуға болмайды, бірақ ойланудың өзі білімсіз болмайды.

  3. Ойлау қабілетінің дамуы - өз ақылыңды біліммен толықтыру. Білім көзі әр түрлі болады – мектеп, кітаптар, теледидар және адам туралы ақпарат береді.

  4. Ойлану сұрақтан басталады, барлық ашылулар «Неліктен?», «Неге?» деген сұрақ арқылы жасалынады. Сұрақ қойып және сұраққа жауап беруді үйрену керек.

  5. Дәстүрлі дайын шешімдер күткен нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде, ойлау қабілеті белсенді жұмыс жасайды. Сондықтан заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыру немесе үйреншіктіде жаңалықты байқау, ойлау қабілетінің дамуының негізін қалыптастырады..

  6. Заттар мен құбылыстардың әр түрлі белгілерін байқау және оларды салыстыра білу-ойлау қабілетіне қажетті қасиет.

  7. Адам қарап тұрған объектісінің көп қасиеттерін көре алса, соншалықты оның ойлау қабілеті жетік және ойлау икемділігі жоғары болады. Бұл іскерлікті зеректік ойындар арқылы, логикалық есептер мен ребустарды шешіп жаттықтыруға болады.

  8. Ойлау мен сөйлеу үзіліссіз. Ойлау қабілетінің дамуына жағдай жасау, оқылған тақырыпқа мазмұндама жазу, пікір сайыстарға қатысу, жазбаша сөйлеу қабілетін дамыту, өзің толығымен түсінбегенді басқаға мазмұндап айту.


Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары


  1. Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздерді жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

  2. Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.

  3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, ал бірден оқығаннан, аздап оқыған жақсы.

  4. Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.

  5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз-үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

  6. Адам түсінде есіне сақтамайды – бірақ ұмытпайды.


Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау


  1. Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.

  2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.

  3. Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.

  4. Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!

5. Кинезиологиялық жаттығулар

1- жаттығу


Мақсаты: Танымдық қабілеттерді ынталандыру.

Нұсқау: Қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен екінші қолдын әр саусағын тырнақ фалангысынан бастап, бірінші алақанның қырымен сосын саусақтар аралығын қатты басу керек. Содан соң қолдарымызды ауыстырамыз.

Оң қолдың үлкен саусағымен сол алақанымыздың ортасын басамыз. Алақанның ортасынан саусақтарға қарай каттырақ басып айналу қимылдарын спираль түрінде бас бармаққа қарай шығуын жасау. Содаң соң осы қимылдарды екінші қолмен жасаймыз.


2- жаттығу


Мақсаты: Қимыл координациясын дамыту.

Нұсқау:

  1. Алақаныңызды ашып, қолыңызды созыңыз. Алақаныңызға кішкентай саусағыңызды қысып ұстаңыз, қалған саусақтарыңызды жайып ұстаңыз.

  2. Қолыңызды бір уақытта оңнаң солға қарай айналдырыңыз, аяқтарыңызды керісінше айналдырыңыз. Содан соң екінші қолыңызбен аяғыңызды дәл солай айналдырыныз.

  3. Қолдарыңызды айқастырып тізелеріңізге қойыңыз, команда берілгенде алақандарыңызды соғып, тағы бір рет соғып қолдарыңызды ауыстырыңыз.

  4. Оң қолыңмен әскери түрде амандасу, ал сол қолыңыздың бас бармағын көрсетіп алға тартып «МІНЕ» деп айтыңыз. Содаң соң қолдарыңызды ауыстырып дәл сол қимылдарды қайталаңыз.

3 – жаттығу


Мақсат: Көргенді жадыда сақтау қабілетін дамыту.

Нұсқау:

  1. Жүргізуші 5 секунд аралында қағазға екі түсті еркін сызықтар салады. Өзінің суретін басқа ойнаушыларға көрсетеді. Барлығы суреттің көшірмесін жасауға тырысады ( 4-5 рет кайталау). Әр жағдайда сурет күрделі болу қажет. Егер суретті қарауға және көшірмесін жасауға көбірек уақыт керек болса, ол беріледі.

  2. Жіргізуші тақтада бірінің соңынан бірін үш геометриялық фигура салады (мысалы: шеңбер, үшбұрыш, шаршы). Фигуралардың әр қайсысы 7 секунд көрсетіледі, оны өшіріп келесі фигура салынады. Фигураларды қарап болғаң соң, қатысушылар 5 минут арасында көргендерін естеріне түсіріп, өз қағаздарына салу керек. Тапсырманы кайталау кезінде фигуралар санын көбейтіп күрделендіруге болады.


6. Кіші топтарда пікір талас


Мақсаты: Дәріс материалын емтиханға дайындық кезінде қайталау.

Уақыт: 25 минут.

Жүргізу: оқушыларды 4 – кіші топқа бөлеміз: хатшыны, спикерді, таймерді, топтың өкілін таңдау керек.

Өкілдің функциясы: топтың тақырыптан ауытқып кетпеу, қадағалау, «Миға шабуыл» заңдылығың сақтау, әр қатысушыны мадақтау.

Хатшының функциясы: идеяларды қағазға түсінікті жазып отыру: кілтті сөздерді, топ мүшелерінің сөздерінің үзінділерін жазып отыру.

Спикер функциясы: топтың ұсынған идеялары мен сөйлемдерін қысқа және айқын түрде жеткізу.

Таймер функциясы: пікір сайысқа берілген уақытты бақылап отыру.

Жүргізуші «Миға шабуыл» деген сөзді және оның қағидаларын түсіндіреді:

  • Идеяларды неғұрлым көбірек шығару.

  • Барлық идеялар жазылып отырады.

  • Ешқандай идея жоққа шығарылмайды.

  • Уақыт келмейінше, идеялар талқыланбайды.

Материал: 4 ватман, фломастер


Нұсқау: Мен сіздерді пікір талас клубына шақырамын. Жұмыс жасау үшін 4 топқа бөлінеміз. Топ құрауда келесі бөлу техникасын пайдаланамыз: таңертең- күн – кеш – түн. Сіздерге талқылайтын тапсырма беремін:

  • 1-ші топқа тапсырма: Емтихан күнін қалай ұйымдастыру керек?

  • 2-ші топқа тапсырма: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындалатын орынды қалай ұйымдастыру керек?

  • 3-ші топқа: Емтиханға дайындықты бір күн қалғанда қалай ұйымдастыру керек?

  • 4-ші топқа: Емтиханды жақсы тапсыру үшін не істеу керек?

Нәтижелі жұмыс жасауға тырысыңыздар, «Миға шабуыл» ережесі мен топтың «патшалық ережесін» қатал сақтау. Талдауға 2 минут беріледі. Спикерлерді талқыланған сұрақтар бойынша топтардың құрастырған идеяларын айтуын сұраймыз.


7 – жаттығу «Менімен бірге қайтала».


Мақсаты: Ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Шеңбер түрінде тұрыңыздар, қазір біз көңілді музыка қойып, билейміз. Билегенде келесі тәртіп бойынша: біріншіден әрқайсымыз қандай да бір қимылдар жасаймыз, ал мен қолыммен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындаймыз. Егерде сіздер мұқият орындасаңыздар әрқайсыңыздың қимылыңыз шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.

Талдау:

Сіздін көңіл - күйініз қалай?

Кімге өзінің қимылы қайтып келді?

Ол өзгерді ме, әлде өзгермеді ме?

Қай қимыл бірінші болғанын көрсетіңіздер?


8DrawObject1 – жаттығу «Өз жұлдызыңды тап»


Мақсаты:Өзіңе сенімділікті сезінуге және босаңсуға мүмкіндік жасау.

Уақыты:20 минут.

Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз... (музыка ойнап тұрады).

Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар ал басқаларға-сан жетпейтін біресе жақындап біресе алыстайтын жарық нүктелер.

Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін тандап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсірді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап қарап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.

Ал енді алақандарыңызбен тізелеріңізді ұстап, төмен қарай аяқтарыңызды сипап, керіліп көздеріңізді ашуға болады. Қолыңызға түрлі-түсті қарындаштар, қағаз алып, жұлдызыңыздың суретін салыңыз. Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жабыстырып қойыңыз.

Енді бізге жұлдыздарымыз әр тренингте өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңмен алып кетесіздер. Олар сіздерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздермен біздер сияқты, бір-біріне ұқсамайды.


9 – жаттығу «Бір күннің қорытындысы»


Мақсаты: Өткен күннің тренингі жөнінде топ мүшелерінен керісінше байланысын алу.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз, өзіміздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып, бір-бірімізге тілек тілейміз. Бір кісі сөйлеп отырғанда, басқаларынан мұқият тыңдау, сөзді бөлмеу, сыныптастарыңды құрметтеуді сұраймын.

Талдау:

Өткен тренинг сізге не өзгеріс алып келді?

Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз?

Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?

Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз?

















3- САБАҚ

Емтихандағы іс-әрекет


Қажетті материалдар: Магнитофон, ватман, әр түрлі бейнелеу құрал-жабдықтар, А4 форматты ақ қағаз, әдістемелер және тесттерді өткізуге қажетті бланктар, қарындаш, жұмсақ ойыншық «күннің көзі».

DrawObject2

1 – жаттығу «Сәлемдік хат»


Мақсаты: Топтың бірлестігін, жайлы көңіл-күйді және эмпатиялық сезімді дамыту.

Уақыты: 5 минут.

Нұсқау: Қағазға сәлемдесу сөздерін жазыңыз. Сосын оны қобдишаға саламыз. Сонан соң мен оларды араластырып сіздерге ұсынамын. Сіз алған хатты топ алдында оқып, өзіңізге бүгінгі күннің естелігі ретінде калдырасыз.

Талдау:

Сәлем хат жазу қиын болды ма?

Сіздің сәлеміңізді оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Біздің тренингті жалғастыруға сіз дайынсыз ба?


DrawObject3

2 – жаттығу «Әй жарайсың!»


Мақсаты: Стресс кезінде сенімді қылықты қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Сіздер ішкі және сыртқы жағынан тұрып 2-і топқа бөлінесіздер. Ал қазір мен сіздерге не істейтіндеріңізді айтамын. Екі шеңбер жасаңыздар: бірі ішкі, ал біреуін сыртқы шеңбердің катысушылары өздеріне ішкі шеңберден серік тауып қарама-қарсы тұрып, менің дабылым бойынша бір-біріңе өздеріңнің жетістіктерің туралы айтасыздар. Тындап тұрған кісі саусақтарын бүгіп тұрып серігінің айтқан әр жетістігіне «Әй, жарайсың!» бір деп айтады. «Әй, жарайсың!» екі деп әрі қарай жетістіктерін санап жалғастырады. Егер сіз өзіңіз туралы жаман ойласаңыздар қайраттанып жақсылықты айта беріңіз.

Егер біреулеріңіз ұялып немесе сенімсіздік сезінсеңіз, іштеріңізден «Мен өзімді сүйемін!» «Мен дарамын!» «Мен өзімді сүйемін, мен дарамын!» деп айтыңыз. Әрқашан ойыңызға өзіңіз туралы жаман бағалау келгенде, есіңізге түсіріңіз, сізге әлі де даму және даму қажет, сіз әлі мұратыңызға жеткен жоқсыз.

Менің дабылым бойынша ішкі шеңбер орнында калады, ал сыртқы шеңбердегі қатысушылар сол жаққа бір қадам жасап, серіктерін аустырады. Ойын жалғасады.

Талдау:

Өзіңіз туралы көп жақсылықты есіңізге түсірдіңіз бе?

Өзіңізге кейде «Бұл менде өте жақсы орындалды» деп айтасыз ба?

Егер қателік жасасаңыз, өзіңізге не айтасыз?

Неге өзіңіз туралы жақсылықты айту маңызды деп ойлайсыз?

Өзіңіздің серігіңізден не үйрендіңіз?

3 – жаттығу «Менің қандай жетістікке жеткім келеді»


Мақсаты: Актерлік талантты дамыту, жетістікке жетуге бағыттау.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Біраз уақыт тыныштықта отырып, өзіңіздің қандай жетістікке жеткіңіз келетіні туралы ойланыңыз. Нені үйренгіңіз келеді. Осы ойларыңызды топқа сөзсіз ымдап және қандай қимыл арқылы айтатыныңызды ойланыңыз. Ал басқаларының міндеті-сіздің ойыңызды табу.

Талдау:

Негізгі мақсатты таңдау қиын болды ма?

Мақсатыңыз туралы ымдап айтқанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Осы мақсатқа жететініңізге сенесіз бе?

Ол үшін не істеу керек?

Топтағы қатысушылардың мақсат - мүдделерін біліп алғанда өзіңіз нені үйрендіңіз?

PubOvalCallout


4 – жаттығу: «Өзіңізді бақылай білесіз бе?»


Мақсаты: Қатысушыларға айналадағылардың қандай әсер тигізетінін, жағдайдың өзгеруіне байланысты болжай білетіндігін және олар коммуникативтік бақылаудың қандай түріне ие болғандығын көрсету.

Уақыты:15 минут.

Нұсқау: сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.

  1. Менің ойымша, басқа адамдарға ұқсау қиын болады.

  2. Айналадағылардың назарын аудару үшін жағдай болса, мен қалжыңдай аламын.

  3. Менен жақсы актер шығады деп ойлаймын.

  4. Кейде басқа адамдар ақиқатында болмаса да, мені бір нәрсені терең уайымдайды деп ойлайды.

  5. Достар арасында мен сирек топтың ұйытқысы боламын.

  6. Әр түрлі жағдайларда және әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста болғанда, мен өзімді басқаша түрде көрсетемін.

  7. Мен өзім шынайы сенгенде ғана өзімнің көзқарасымнан таймаймын.

  8. Адамдармен қарым-қатынасым және істеген істерім сәтті болу үшін, олар менен күткенді көрсеткім келеді.

  9. Мен ұнатпайтын адамдармен достық қарым-қатынаста бола аламын.

  10. Мен әрқашан өзімнің қандай екендігімді көрсетіп отырамын.


1, №5, №7 сұрақтарға «жоқ» деп жауап берсеңіз, ал басқаларына «ия» десеңіз – 1 ұпайдан қойыңыз. Егер сіз сұрақтарға шынайы түрде жауап берсеңіз, ұпайларды санаған соң келесі ұсынысты қараңыз:


0-3 ұпай: сіздің коммуникативті бақылауыңыз төмен деңгейде орналасқан және сіз жағдайға байланысты оны өзгерткіңіз келмейді. Қарым-қатынаста сіз шынайы ашылып, өзіңізді көрсетуге қабілетіңіз бар. Кейбір адамдар тік мінезіңіздің салдарынан сізді «ыңғайсыз адам» деп санайды.

4-6 ұпай: сіздің коммуникативті бақылауыңыз орта деңгейде. Сіз шыншылсыз, бірақ эмоционалды көріністерде ұстамдысыз. Айналадағылардың іс-әрекетімен сіздің санасып отырғаныңыз жөн болады.


7-10 ұпай: сіздің коммуникативті бақылауыңыз жоғары деңгейде. Сіз әрбір кейіпке оңай кіресіз. Жағдайлардың өзгеруіне және оның басқаларға әсерін болжай аласыз. Қарым-қатынаста икемдісіз.

DrawObject4

5 – жаттығу: Эксперимент.


Мақсаты: стрестік жағдайда өзін-өзі ұстауды үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Өткізу техникасы: әрбір қатысушыға карточкалар беріледі, осы карточкаларда әріптер ретсіз жазылған. Берілген мәтінді оқу керек.

Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз керек:

DrawObject5 ШАРЛЬЛЮСИДЫАРҚАСЫНАКӨТЕРІПАЙТТЫМЕНІҢМОЙЫНЫМНАНҰСТАДаБІРАҚҚорқыпТұрҒанбаЛАНықалаЙҚАУІПсізЖЕРгеапарУҒАБОЛАДы;

бІРУАқыттажҮГІРІПКЕТіпбараЖАТҚанаяҚТАРДЫңдыбыСЫеСТІЛді


Талдау:

Сіз тапсырманы лезде орындадыңыз ба?

Оны тез орындауға не қажет болды?

Сіздің ойыңызша бақылау нені білдіреді?

Өз-өзіңізді бақылауды қалай дамыту керек?


6. Қысқа дәріс «Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау керек»


Мақсаты: мектеп бітірушілерге емтиханға дейін және одан кейін өздерін қалай ұстауды үйрету.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Киген киімдердің түсі жеңіл-түсті болу керек. Емтиханда кездескен адамдарға жағымды эмоция білдіру үшін ашық – түсті киімдерді кию қажет емес. Әдептілік сақтауды әрқашанда ұмытпау керек. Артық кетпеу керек. Емтихан өткеннен кейін барлық қалағаныңыз болады.


Емтихан кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар


  1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап үлгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңіліңді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.

  2. Емтихан алдында жақсылап ұйықтап ал.

  3. Міне, сен сыныптың жанындасың. Тыныштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жоралап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.

  4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.

  5. Сыныпқа «Барлығы жақсы болады»деген сеніммен кір.

  6. Жақсылап отырып, арқаңды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында қолыңды жұмырдықтап қатты қыс.

  7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:

  • Жайлы отыр.

  • Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд).

  • Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд) отыр.

  1. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді.

  2. Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы.Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.

  3. Өзің сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың. Кез келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.

  4. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырмана ұмыт, олар бір-біріне ұқсамайды.

  5. Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.

  6. Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнің интуицияңа сен!

  7. Өз жұмысыңды тексеріп шығуға уақыт қалдыр. Қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт.

  8. Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе жүзінде мүмкін емес екенін есіңе сақта. Тесттік тапсырмалар максимальды еңбектенуге арналған, ал жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70 % орындау керек.


Жауап беру кезіндегі әрекет


Егер емтихан қабылдаушы адам - жігерлі болса, сенің ақырын, үзіліс жасап айтқан жауабың оған мүмкін ұнамайды. Соны ескеріп отыр.

Егер емтихан қабылдаушы адам – сабырлы, байсалды кісі болса, сен оған қатты дауыспен, мимикамен, ишарамен жауап берме. Ешқашан шектен шығып кетпеуді ұмытпа. Артық ештеңе болмауы тиіс!


7 - жаттығу. «Мен өзімді сол үшін мақтаймын...»


Мақсаты: Өзіңді бағалау мен эмпатияны дамыту.

Уақыты: 10 минут

Нұсқау: Мен сіздерге өздеріңізді бір нәрсе үшін мақтауларыңызды ұсынамын. Қазір сені көбірек мақтайтын уақыт келді, бірақ бұл өте сирек болады. Қазір сенде өзіңді мақтайтын мүмкіншілік бар. Сөйлемді жалғастыр «Мен өзімді ...... мақтаймын».

Талдау:

Өз- өзіңді мақтау қиын болды ма?

Осы кезде қаңдай сезімде болдыңыз?



8. Кіші топтардағы пікірталас


Мақсаты: Дәріс материалдарын емтиханға қайталау.

Уақыты: 25минут.

Өткізу техникасы: Қатысушылар 4 – кіші топқа бөлінеді, өкілді, спикерді, таймер мен хатшыны таңдайды. Әрбір топқа қарастыратын тапсырма беріледі.

Материал: 4 ватман, фломастерлар.

1 – топқа тапсырма: Емтихан кезіндегі қылықтың минусы мен плюсы.

2 – топқа тапсырма: Емтихан кезінде қалай зейін тұрақтылығын қалай сақтау керек.

3 – топқа тапсырма: Емтихан кезінде қолайсыз жағдайды болдырмау.

4 – топқа тапсырма: Емтихан кезінде мұғалімді өзіне калай қарату керек.

Нұсқау: Өнімді жұмыс істеуге тырысыңыздар! Миға шабуыл жасау және топтағы патша ережелерін сақтауды ұмытпаңыздар.

Талқылауға 2 минут беріледі. Ал, бастаймыз. Талқылауға қойылған сұрақтар бойынша топтың шығарған идеяларын спикерлер жеткізуін сұраймыз.



plant

9 – жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»


Мақсаты: Сену мен эмпатия сезімін дамыту.

Уақыты: 20 минут.

Нұсқау: Қазір біз ғажайып орманға айналамыз, онда әрқашан жақсы және көңілді жағымды әр түрлі ғажайып оқиғалар болып жатыр.Екі топқа бөлініп: орман және тоғай болып екі қатарға тұрамыз.Біздің қолдарымыз – ағаштың бұтақтары болып саналады.«Орман ішінен » өткен адамдарды «нәзік бұтақтар» аялайды.Ал енді әрқайсымыз кезекпен осы «сиқырлы орманнан» өтеміз, сол кезде «бұтақтар» (қолдар) біздің басымызды, арқамызды, қолдарымызды сипайды.

Талдау:

Сіздер «орман» ішінде келе жатқан кезде қатысушылардың әрқайсысы қол тигізгенде не сездіңіздер?

Жаттығуды орындаудан бұрын және орындағаннан кейін қандай күйде болдыңыз?

10 – жаттығу «Сиқырлы қарындаш»


Мақсаты: Тренингке қатысушылардың өткен күннен алған әсерін анықтау.

Уақыты: 10минут.

Өткізу техникасы: Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түседі, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және онша үлгермегені туралы әңгімелеп беру тиіс.

Талдау:

Осы күннен не алдыңыз?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз?






































4 - С А Б А Қ


Ішкі жан-дүниесінің күйзелісі және оны жеңу әдістері

Қажетті материал: Магнитофон, ватман, әр түрлі бейнелеу құрал-жабдықтар, А4 форматындағы ақ қағаз, әдістемелер және тесттерді өткізуге қажетті бланктар, қарындаш, жұмсақ ойыншық «Күннің көзі».

DrawObject6

1- жаттығу «Сәлемдесу және сыйлыққа қошемет алу»


Мақсаты:Топтық бірлікті, серіктестікті, қарым–қатынас іскерілігін, қиялдау қабілетін дамыту.

Уақыты: 15минут.

Нұсқау: Музыка басталған кезде сіздер аудиторияда еркін жүріп, бір-біріңізге жақындап, көзқараспен қатынасқа кіріп, амандасып, қошеметті қағазға кімге екенін жазып сыйлайсыздар. Жаттығуды орындағаннан кейін әркім өзіне сыйлаған қошеметтерді оқиды.

Талдау:

Қошемет сыйлау қиын болды ма?

Қайсы жақсы – сыйлау әлде алу ма?

Жаттығуды орындағаннан кейін сіздің көңіл –күйіңіз қандай?


2 – жаттығу «Суретті жалғастырып әрі қарай жібер»


Мақсаты: Психофизикалық күйзелісті төмендету, топты біріктіру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Ақ қағаз бен ең жағымды түсті қарындаш алыңыз. Менің шапалақ соққанымды естігеннен кейін сіздің ойыңызға кез келген суретті саласыз. Келесі шапалақтан кейін сіз қарындашпен суретті сол жақтағы көршіңізге бересіз, ол суретті жалғастырады. Солай әр шапалақ естіген сайын сурет көршілерге жылжи береді да, кейін өзіңізге қайтып келеді. Сурет өзіңізге қайтып келгесін, оны толықтырып немесе өзгертуге болады.

Талдау:

Сізге қайтып келген сурет ұнады ма?

Өзіңіздің көңіл – күйіңіз және сезімдеріңіз бен бөлісіңіз.

Басқа адамның суретінің тақырыбын қолдау қиын болды ма?


3 – жаттығу «Қасиеттер тізімі»


Мақсаты: Мектеп бітірушілерге өзінің күшіне сеніп, өзін терең білуіне және өнімді әрекеттенуіне кедергі жасайтын қылықтарын түзету.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: төмендегі қасиеттер тізіміне қарап «+» және «-» белгілерін қолдана отырып, өзіңіздің пікіріңіз бойынша сәйкес келетінін «+» қойыңыз, ал сізде жоқ қылықтарға «-», егер күмәнділік туса «?» қоясыз.


Мінез қылықтары

+,?,-

Қандай қылықтарды өзгерткіңіз келеді

1

Өзіме ұнаймын



2

Басқалардан қорғанамын немесе реніштімін



3

Маған сенуге болады



4

Әрқашан бет жүзімде мейірімділік сақтаймын



5

Әдетте дұрыс пікір айтамын



6

Жиі дұрыс емес істеймін



7

Адамдар маған жақын тұрады



8

Ұстанымдымын



9

Өмір маған ұнамайды



10

Өзім-өзімді ұстай алмаймын



11

Өзіме ұнамаймын



12

Өзім үшін өзім ойлаймын



13

Уақытты босқа кетіремін



14

Өз мамандығымда жетікпін



15

Өз күшімді дұрыс пайдаланбаймын



16

Әдетте қате пікірлер айтамын



17

Маған адамдар ұнайды



18

Өзімнін қабілетімді дамытпаймын



19

Адамдар арасында болғанды ұнатпаймын



20

Өзіме разы емеспін



21

Басқаның пікіріне тәуелдімін



22

Өзімнің қабілетімді қолдана білемін



23

Өз сезімдерімді білемін



24

Өзімді түсінбеймін



25

Өзімнің қамыққанымды сезінемін



26

Адамдар менен алшақтайды



27

Уақытымды жақсы пайдаланамын



Талдау: Өзіңіздің мінезіңізде қандай қылықтарды өзгерткіңіз келеді? Неге?


4 – жаттығу «Менің хал- ахуалым»


Мақсаты: Өзінің жеке ерекшеліктері, қылықтары туралы ойлануға мүмкіндік беру.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Төменде келтірілген бекітулерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Шындықты айтуға тырысыңыз. Өйткені тестілеу қорытыдысындағы ақпарат сіз үшін өте қажет. Оның көмегі тренингтің жаттығуларын орындағанда көрінеді: өзіңіз туралы ойлану, жеке ерекшеліктеріңіз және қылықтарыңыз жайында ойлануға мүмкіндік береді. Тесттегі бекітулерді талқылағанда әдетте өзіңіз қолданатын қағидаларға сүйеніңіз, яғни осы бекіту сіздің қылығыңызды мінездегенде «иә» деп жауап беріңіз.

Тест сұрақтары:


  1. Менің көңіл-күйім жиі жаман болып, мен жылаймын.

  2. Адаммен кездескенде, оның көзіне тура қараудан қашқалақтаймын.

  3. Мен өте жиі ашуланып және басылып жүремін.

  4. Мен білген және білетін көп адамдар менің көңілімді қалдырды.

  5. Басқалар үшін өмірдегі өте маңызды мені қызықтырмайды (спорт, жұмыс, айналадағылар қатынасы).

  6. Соңғы кезде мен көңілді болмай, мүлдем күлмеймін.

  7. Мен жиі әлсіздік сезініп, жақындар мен таныстарға өмірімнің мұңын айтамын.

  8. Қазіргі уақытта көп сүрақтар бойынша өзімдік позициям жоқ.

  9. Мен әдетте ақырын сөйлеймін, сондықтан әңгіме барысында мені түсіну қиынырақ болады.

  10. Мен өте жиі сөйлескен адамның сұрақтарына жауап бере алмағандықтан жай ғана иығыммен қағамын.


Тест кілті: Әр «иә» деген жауапқа 1 ұпайдан беріп, барлығын санаңыз.

1-2 ұпай - Өмірдің кейбір қиын жағдайларына қарамастан сіз өмірді жеңіл қабылдайсыз. Бұл жаман емес, бірақ табелгілі бір шектеуге дейін.

3-6 ұпай Сіздің өмірге көзқарасыңыз нормаға сай, бірақ табіраз белгілі күмәнділік байқалып, шаршағандық сезініеді. Бұл ерте емес пе?

7-10 ұпай Өзіңізбен болып жатқан барлық жағдайларды теріс қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәттер болмаған ба?


Айтылған интерпретациялармен келіспеуңізге болады, бірақ таалынған ақпараттар жөнінде ойланатын жағдайлар бар. Егер ол қажет болса, алдыңызда әлі көп тренингтер этюды бар, олар сізге өзіңізді өзгертуге, жақсы түсінуге көмектеседі.


5 – жаттығу «Психикалық-жүйке әсерін төмендету әдістері»

жөнінде қысқа дәріс.


Мақсаты: Өз-өзіңді қалыпқа келтіру түсінігімен таныстыру және психикалық-жүйке әсерін төмендету әдістерін түсіндіру.

Уақыты: 10 минут.

Психикалық-жүйке әсерін төмендету әдістері:


  1. Релаксация – күш салу - релаксация – күш салу және тағы солай.

  2. Дене шынықтыру жаттығулары.

  3. Контрасты душ.

  4. Кір жуу.

  5. Ыдысты жуу.

  6. Саусақпен сурет салу: 1 қасық ұн, 1 қасық су, 1 қасық бояу. Кляксалар. Кейін олар туралы сөйлесу.

  7. Газетті бұзып, кейін оны қоқысқа тастау.

  8. Сайыс: өзіңді кернеп тұрған эмоцияларыңды, қорқыныш сезімдеріңді уқаланған газетке салып, оны ең кішкентай пішінге келтір де, ең алыс жерге лақтыр.

  9. Газетті өте ұсақтап жырту, кейін лақтырып тастау.

  10. Газеттен өзіңнің көңіл-күйіңді жасау, құрастыру.

  11. Газетті әр түрлі бояулармен бояу.

  12. Өзіңнің жақсы көретін әніңді өте жоғары дауыспен айту.

  13. Бірде қатты, бірде ақырын ғана айқайлау.

  14. Жылдам да, баяу да ойнайтын музыкаға билеу.

  15. Жанып тұрған шамға қарап отыру.

  16. 10 рет терең тыныс алу.

  17. Орманға барып серуендеу, онда айқайлауға болады.

  18. Тістерді тілмен сезіп, санау.


6 - жаттығу «Сау бол!»


Мақсаты: қолайлы әдіспен күш салуды қалай төмендетуге болатынын үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Қазір біз сіздермен сайысамыз. Газетті уқалап, оған өзіңіздің бүкіл зейін күшіңізді салыңыз да, алыс жерге тастаңыз.


Талдау:

Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

Өзіңізге түскен күштен айырылдыңыз ба?

Жаттығудың алдында және жаттығудан кейін болған көңіл-күй туралы не айта аласыз?

7. «Кіші топтарда пікір талас»


Мақсаты: Қатысушылар өз-өзін терең тануға, өздерінің сезімдері мен көзқарастарын түсінуге көмектесу.

Уақыты: 25 минут.

Қажетті құралдар: ватман 4 дана, фломастерлер.

Нұсқау: 4 кіші топтарға: теңіз – көл - өзен – бұлақ белгілері бойынша бөліну. Таймерді, хатшыны, спикерді, топ өкілін таңдаңыздар. Қазір сіздерге пікір алмасуға сұрақтар таратылады. Топтық ережелерін сақтай отырып, бұл тапсырмаға 2 минут беріледі.

1 - топқа тапсырма: өз-өзіне, өзінің күшіне сенетін адамның бейнесін құрастырыңдар.

2 - топқа тапсырма: Өзіңнің көңіл-күйіңмен, ахуалыңды қандай әдістермен көтеруге және жақсартуға болады?

3 - топқа тапсырма: емтиханда пайда болған күш салуды қалай төмендетуге болады?

4 - топқа тапсырма: емтиханға дайындалған кезде және емтихан барысында жауап бергенде ішінде туындаған қорқыныш сезімінен қалай арылуға болады?

Ал енді спикерлер пікір алмасу кезінде топтық ойларды ортаға жеткізе білу керек.


8 - жаттығу «Ааааа және Иииии»


Мақсаты: «Мен» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл-күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту,оптимисттік сезімді қондыру.

Уақыты: 10 минут.

Өткізу техникасы: топтың қатысушылары шеңбер құрып тұрады.



«Ааааа» дыбысынан шығатын энергия


Нұсқау: Өздеріңді жаңа күшпен толтыру үшін орындарыңнан тұрып өте терең тыныс алыңдар. Енді тыныс алған кезде өкпелеріңді ауаға толтырып, тынысты әндетіп «Ааааа» деп созып, сол дыбыспен барлық қалжырағандықты, шаршағандықты, жалыққандықты шығарыңдар. Тыныс алған кезде сіздер таза ауамен бірге бүкіл қуанышты сезімдерді және жайдарлы көңіл-күйіді өзіңіздің бойыңызға сіңіріңіз де, ал тыныс шығарған кезде «Ааааа» деп ұзақ созып, онымен бірге ішіңіздегі барлық шаршағандық пен қолайсыз түйсіктерді толық шығарыңыздар. 1 минут.


«Иииии» дыбысынан шығатын энергия


Нұсқау: Орындарыңнан тұрып, бір уақытқа «жедел жәрдем көрсету машинасының» дабыл бергішіне айналыңыздар. Ол үшін қолдарыңызды басыңызға қойып, «Иииии» деген дыбысты ұзақ созып айтыңыз да, басыңыздың дірілдеуін сезініңіз. Кейін бұл дыбысты бірде жоғары, бірде төмендетіп айтыңыз. Біраз уақыттан кейін сіз өзіңіздің күшіңізді сақтағанын байқайсыздар. 30 секунд.

Кейбір жағдайларда сіздер басқа дауысты дыбыстармен осындай жаттығуларды орындай аласыз. Олар «Ааааа», «Ооооо», «Ууууу» болуы мүмкін, бірақ оларда жоғарыда айтқандай бірде жоғары, бірде төмен айтылу қажет.

Талдау:

Өздеріңнің қазіргі кездегі хал-жайларын туралы ой бөлісіңіз.


9. Ойын «Сілкіп таста»


Мақсаты: жағымсыз, қажетті емес, кедергі жасайтын жағдайлардан босанысу.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Қазір біз қолайсыз сезімдерден арылуды және әркім өзін-өзі қалыпқа келтірудің жеңіл түрлерін үйренеміз. Кейде біз ауыр және жеңіл «жүктерді» ішімізде сақтағандықтан көп күшіміз кетеді. Мысалы: «Тағы да мен осыны істей алмадым», «Мен емтиханға дұрыс дайындала алмаймын», «Емтихан кезінде көп қате жіберіп қоямын» немесе «Мен басқаларға қарағанда, сондай ақылды емеспін. Мен бекер азаптанып жүрмін»т.б. жағымсыз ойлар туады. Бірақ, бұл дұрыс емес.

Жан-жақта көбірек бос кеңістік жасап тұрыңдар. Алғашқыда алақандарыңнан бастап шынтақтарыңның бойынан өтіп иықтарыңды сілкілеңдер. Осы уақытта сіздердің бойыңыздан жаман ойлар, жағымсыз эмоциялар,ауыр жүктер судай ағып кеткенін елестетіңіздер. Содан соң бақайшақтарыңнан бастап сандарыңа дейн сілкіп,одан кейін басыңызды сілкіңіз.

Егер сіздер сол уақытта дыбыстарды шығарсаңдар, ол одан да жақсы болады. Ал енді бетіңізді сілкіп жіберіңіз де сол кезде аузыңыз дірілдегенде шыққан дыбыстар дауысыңызды күлкілі қылып өзгертеді.Сіздің бойыңыздан барлық жамандық, ауыр жүк, жағымсыз эмоциялар мен ойлардың кетуін бақылап, олардың орнына жаңа жағымды эмоциялардың пайда болуын, көтеріңкі көңіл-күйдің пайда болуын сезіңесіздер. Өзіңіз кайта туғандай боласыз.

Талдау:

Жаттығуды орындағаннан кейн өзіңізді қалай сезінесіз?



DrawObject7 10 – жаттығу «Күн сәулесіне бөленген алаңқай»


Мақсаты: күйзелісті төмендету, айналада түсінушілік пен сенімділік қалыптасқан топта жылы қарым-қатынас орнату.

Уақыты: 15 минут.

Қажетті құралдар: алаңқай, күн сәулесі бейнеленген ватман қағазы, түрлі-түсті және ақ түсті қағаздар, қайшы, бояу және тағы басқа сурет салу құралдары.

Нұсқау: Жан жаққа қарасаңыздар айнала өте жарық. Өйткені біздің жүрегіміздің жылуынан бөлмеміз күн сәулесіне бөленді. Ең алдымен сіздер көз алдыңызға табиғаты керемет алаңқайда жүргенді елестетіңдер. Мұнда көп гүлдер өседі. Бұлар түймедақтар, үлпілдектер, көктікендер және раушангүлдер. Әрбіреуіңіз бұл жерде өзіңіздің бір ғана гүлііңізді таба аласыз. Ал енді көз алдына елестеген гүлді қағаздың бетіне салып, бояумен бояп, қайшымен қиып, сол қағазға топқа арнаған тілектеріңізді жазып, біздің жарқыраған алаңқайға сол гүліңізді жапсырыңыздар.

Қараңызшы, алуан түрлі гүлдер өскен кең алаңқай қандай әдемі! Егер біз алаңқайға жақындасақ, қаншама тілектерді оқи аламыз да, тамаша гүлдерді көріп, жұпар иісін сезінеміз.

Талдау:

Бұл жаттығуды орындағаннан кейін сіздерде қандай сезімдер пайда болды?

Өзіңіздің көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.


11 - жаттығу «Келесі кездескенше!»


Мақсаты: Өзара түсінушілік пен сенімді дамыту, топқа қатысушылардан кері байланысты алу.

Уақыты: 5 минут.

Қажетті құралдар: «Күн сәулесі» жұмсақ ойыншығы.

Нұсқау: Менің қолымда әдемі, жылы күн сәулесі бар. Ол бүгінгі күннің қуанышын, жылулығын, бақытын барлықтарыңызға сыйлайды. Қазір сіздер бұл күн сәулесін бір біріңізге беріп, бүгінгі өткен тренинг туралы өздеріңнің сезімдеріңмен бөлісесіздер. Бүгінгі тренинг аяқталса да, біз қоштаспаймыз, себебі келесі кездесуге үміттенеміз.

Талдау:

Бүгінгі күн сіздерге не берді?

Қандай жаңалық болды?

Келешекте нені пайдаланасыздар?


































5 – С А Б А Қ


«Стрестен қалай арылу керек»


Қажетті құралдар: Магнитофон, ватман қағазы, әр түрлі бейнелеу құралдары, А-4 форматты ақ қағаз, тесттер мен әдістемелер өткізуге арналған бланкттар, «бауырсақ» атты ойыншық.


1 - жаттығу «Топтық сәлемдесу»


Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, лидерлік қабілеттерін айқындау, күйзелісті төмендету.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.

Талдау:

Жаттығу сіздерге ұнады ма?

Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?

Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?

Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?

Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?

Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?


2 – жаттығу «Шынын айтсақ»


Мақсаты: қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден құтылу, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.

Уақыты: 15 минут.

Қажетті құралдар: аяқталмаған сөйлемдермен жазылған карточкалар.

Нұсқау: Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.


Карточкалардың мазмұны төмендегідей болады:

Шынын айтсам, алдыңғы емтихандар туралы ойлағанда.......................

Шынын айтсам, емтихандарға дайындалған кезде..................................

Шынын айтсам, келе жатқан емтихандық стресс туралы ұмытқан кезде.....

Шынын айтсам, мен үйге келгенде................

Шынын айтсам, алдыңғы емтихандар туралы менің ата-анам уайымдап жүргені туралы ойлағанда, мен......

Шынын айтсам, менде бос уақыт болған кезде.........

Шынын айтсам, далада серуендеп жүрген кезде немесе дискотекаға барғанда ...

Шынын айтсам, мен уайымдаған кезде.................

Шын айтсам, ойларымды жинақтай алмаған кезде..........

Шынын айтсам, бұл емтихандар туралы естіген кезде...........

Шынын айтсам, консультацияға келген кезде.......

Шынын айтсам, тренингке қатысқан кезде..............

Талдау:

Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Топтың қатысушылары туралы жаңа ақпарат алдыңдар ма?

Сіздердің қазіргі уақытта қандай өмірлік маңызды мақсаттарыңыз бар?


3.Сауалнама «Емтиханға дайындық. Стресті қалай жеңуге болады?»


Мақсаты: Оқушылардың бұл сұрақ бойынша біліктілігін айқындау және мәселені анықтау.

Уақыты: 10 минут.

Сауалнама сұрақтары:

1. Сенің ойыңша, сен стреске жақынсың ба?

2. Стресс туралы не оқыдың? .

3. Сенің ойыңша стрестің себептері қандай?

4. Стрестің белгілерін білесің бе?

5. Сенің ойыңша стреске не әсер етеді?

6. Сенің ойыңша қандай тағамдар өнімдері ақыл-ойды белсендіреді?

7. Стресті төмендетуге көмектесетін қандай жаттығуларды білесің?

8. Емтихандар алдыңда не сезінесің, қорқасың ба?

9. Бүгінгі күнде емтихандарға дайындығыңды қалай бағалайсың?

10. Оқыту пәндерінен керектісін жаттап алған кезде, өзің ойлап тапқан және тәжірибеңнен өткізген әдістерің бар ма?

11. Емтиханға дайындалу кезінде дайындықтың қандай түрін қолдайсың?



4. «Стресс - тест»


Мақсаты: Жас түлектің стреске жақындығын айқындау.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Төменде жазылған сөйлемдерді оқып, келесі шкаланы қолдана отырып, өз көзқарастарыңды білдіріңдер.

  • Ешқашанда - 1 ұпай;

  • Сирек - 2 ұпай;

  • Жиі - 3 ұпай;

  • Әрқашан - 4 ұпай.


    1. Ұсақ-түйек нәрселер өте сирек менің мазамды алады.

    2. Біреуді күтіп тұрған кезде, мен ыза боламын.

    3. Ұялған кезде тез қызарамын.

    4. Ашуланған кезде біреуді ренжітіп аламын.

    5. Сынауды жек көремін, тез ашуланамын.

    6. Егер қоғамдық көлікте мені біреу итерсе, мен де оны итерем немесе айқайлаймын.

    7. Бос уақытымда мен әрқашанда бір нәрсемен айналысып жүремін.

    8. Кездесуге бұрын келемін немесе кешігемін.

    9. Басқаны тыңдай алмаймын, өз ойымды оған қыстырып отырамын.

    10. Тәбетімнің жоқтығына азаптанамын.

    11. Өте жиі себепсіз ашуланамын, уайымдаймын.

    12. Таңертең өзімді нашар сезінемін.

    13. Өзімнің шаршағанымды сезінемін, жаман ұйықтаймын.

    14. Көп ұйықтағаннан кейін де, өзімді нашар сезінемін.

    15. Менің ойымша жүрегім аурады.

    16. Арқам мен мойыным ауырады.

    17. Үстелдің басында отырғанда саусақтарыммен ойнап, аяғымды тербетіп отырамын.

    18. Менің істеген істеріме мадақтауды қалаймын, барлығына танымал болғанды армандаймын.

    19. Мен өзімді басқалардан жақсымын деп ойлаймын.

    20. Тамақтану диетасын сақтамаймын.


Бағалау шкаласы:


30 ұпай және одан кіші. Сіз тыныш және парасатты өмір сүресіз. Туындаған мәселелерді тез шеше аласыз. Сіз өте кішіпейіл емессіз өзіңізді мақтанышпен алдап азаптанбайсыз. Бірақ тасіз ертегідегідей өмір сүресіз.

31-45 ұпай. Сіздің өміріңіз түрлі әрекеттерге және күш салуға толы. Жаман болсын, жақсы болсын стресс сізді азаптайды,яғни сіз жетістікке ұмтыласыз. Өмірлік көзқарасыңызды өзгерте алмағандықтан, өзіңіз туралы ойлануға уақыт бөліңіз. Сізге демалу қажет. Стреске жақынсыз.

46-60 ұпай. Сіздің өміріңіз – үнемі күресуде. Сіз қызмет бабында биік шыңда болуды армандайсыз. Басқалардың пікірі сіз үшін маңызды болғандықтан сіз өзіңізді стресс күйінде ұстайсыз. Егер осы бағыттан тайынбасаңыз, көп жетістікке жетесіз, Бірақ таолар сізді қуанышқа бөлендірмейді. Дау-дамайдан аулақ болыңыз, ұсақ-түйектер қозғаған ашуды басыңыз. Әрдайым жоғары нәтижеге жетем деп ұмтылмаңыз. Анда-санда өзіңізге толық демалыс беріңіз.

61 ұпай және одан жоғары. Сіздің өміріңіз машина жүргізушінің өмірі сияқты: газ бен бірге тежеуішті де басасыз. Өзіңіздің өмір қалпыңызды өзгертіңіз. Сіз дұшар болған стресс сіздің денсаулығыңыз бен келешегіңізге қауіп төндіреді.


Психолог бәрін өңдеп, сауалнама және тестілеудің нәтижелерін талқылап, емтихандарға даярлау кезінде балаларға көмектесу үшін түрлі кеңестерін ұсынады.


5 – жаттығу «Бір-біріңе жақында»


Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыздар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін.

Бастаймыз: «Бір – біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер.

Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.

Талдау:

Өзіңіздің көңіл - күйіңіз бен бөлісіңіз?

Бұл ойын неге бағытталған?

Кіммен және қашан оны қолдануға болады?



6. Қысқаша дәріс «Стресті қалай жеңуге болады?»


Мақсаты: теориялық білімді беріп, стресті төмендетуге арналған жаттығуларды ұсыну.

Уақыты: 15 минут.

Стрестің пайда болу себептері туралы әдебиетте көп жазылады. Бұл кінә сезімі, құндылықтардың жойылуы, оқуға деген жеккөрушілік және т.б. факторлар болады.

Мектеп стрессогендік фактор ретінде қалыптасқан кезде көптеген оқушылар оған теріс қарайды. Сонда не істеу қажет? Ең алдымен өмірдің стилі мен өз-өзіңді өзгерту қажет.

Уолтер Расселдің сөзіне сүйенсек: «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңыздар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршағандықтан азап шегіп немесе ауруға шалдығасыз». «Істеген ісіңізді сүю қажет немесе сүйіспеншілікпен жасау керек» шығыс даналығы осылай дейді.

Барлық істеген ісіңізді қуанышпен және ең жақсы белгілі әдіспен орындаңыз. Оқуға деген сүйіспеншілік сіздің физикалық және жан дүниелік күшіңізді молайтып, шаршағандықтан және «сағыныш» ауруынан құтқарады. Өзіңіздің дене мен психикалық денсаулығыңызға көңіл аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас аурулары, жүректің қатты соғуы, арқада, асқазанда, жүректе қысым пайда болуы. Стрестің психологиялық белгілері: алаңғасарлық , жадының бұзылуы, қобалжушылық, ашуланшақтық, уайымдаушылық, себепсіз қорқыныш сезімдері. Бұның барлығы өз-өзіне сенімін төмендетіп, түрлі ауруларға шалдығуына, психикалық іс-әрекетінің төмендеуіне және дәрілік тәуелділікке әкеледі.










Стресті жеңу үшін не істеу қажет.


Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.

Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандандар.

Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата-аналарыңа,өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отыр.


7. «Кіші топтарда пікір-талас»


Мақсаты: теориялық мәліметті толығымен ұғыну.

Уақыты: 25 минут.

Қажетті құралдар: ватман қағазы 4 дана, фломастерлер, қатысушылардың санына байланысты төрт түрлі сөз жазылған карточкалар әр карточкада 1 сөзден, әр сөз стресті жеңудегі 4 қадамды анықтайды.

Нұсқау: Сіздерге 4-кіші топқа келесі белгі бойынша бөліну қажет. Менің қолымдағы қобдишада сөздер жазылған карточкалар бар. Қазір әрбіреуіңіз бір-бір карточка алып, сөзсіз (басқа бір әдіспен) кімде дәл сіздегідей сөз болса, пантомима арқылы өзіңіздің тобыңызды табасыз.Топ ретінде құрылғасын, барлығы ұйымдасып өздерінің сөзіңе пантомима көрсетеді.

Сөздер: витаминдер, жаттығулар, демалу релаксация, жанұя.

Енді 4 топты ұйымдастырып, таймерді, спикерді, хатшыны, топ өкілін таңдағаннан кейін, мен сіздерге пікір-талас сұрақтарын беремін. Сіздерге 2 минут уақыты беріледі.

Бірінші топқа тапсырма: сөйлемді аяқтаңдар: «Стресс – бұл ...»

Екінші топқа тапсырма: стресті қалай жеңуге болады?

Үшінші топқа тапсырма: стрестік жағдайлардың мысалын келтіріңдер.

Төртінші топқа тапсырма: Егер сіз стрестік жағдайға түссеңіз, онда не істеу қажет?

Ал енді, спикерлер, топта қарастырылған пікірлер туралы ой бөлісіңіздер.




DrawObject9 DrawObject8


8 жаттығу «Джунглида жауған жаңбыр»


Мақсаты: иық, мойын, омыртқа жотасы аймақтарындағы бұлшық еттердің қысымын төмендету, босаңсу.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Барлығымыз бір-біріміздің соңынан тұрып, шеңбер құрайық. Енді сіздер қалың орманда «жунглида»жүргеніңізді елестетіңіз. Алғашқыда ауа райы өте тамаша болды, күн сәулесі жерді жылытып, дала өте ыстық. Бір уақытта самал жел соқты. /Алдыңызда тұрған адамның арқасын қолыңызбен сипаңыз./ Жел соғуы күшейеді /арқаларында қысым күшейеді./ Қатты дауыл соғып тұр /күшті шеңберлі қозғалыстар/. Кейін ұсақ жауын жауды /алдыңызда тұрған адамның арқасынан жеңіл соғамыз/. Енді нөсер жауын жауды /алақан және саусақтармен жоғарыдан төмен арқаны сипаймыз/. Бұршақ жауды /бүкіл саусақтарыңмен қатты соғыңдар/. Қайтадан нөсер жауын жауды, жаңбыр себелеп тұр, қатты дауыл соқты, кейін самал жел соғып, кейін ол әлсіреді, табиғатта бәрі тынышталды. Қайтадан күн сәулесі шығып, дала жылынды. /Қимылдар қайталанады/.

Ал енді 180 градусқа бұрылып, ойынды жалғастырамыз.

Талдау:

Осындай массаждан кейін не сезінесіз?

Айтылған әрекеттерді қандай көңілмен жасадыңыз?

Өздеріңнің сезімдеріңмен ой бөлісіңіздер.


9 – жаттығу «Біздің топтың жүрегі»


Мақсаты: жаңашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топтағы адамдарды одан да бір-біріне жақындату.

Уақыты: 15 минут.

Қажетті құралдар: ватман қағазы, түсті қағаз, қайшы, фломастерлер, қарындаштар, желім, скотч.

Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады.

Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ тақазір әрбіреуіміз бұл жүрекке өзінің жылы лебізі жазылған кішкентай жүректі жапсырамыз да, үлкен жүрекке өмір (жылы лебізбен) беріп, тірілтеміз. Енді бұл топтың жүрегі бүгінгі тренингте бізбен бірге болады.

Талдау:

Бұл жаттығу сіздерде қандай сезімдер мен эмоцияларды туғызды?

Сіздерге бұл жаттығу ұнады ма?

Бұл жүректе не ұнады?

Жылы сөз айту сіздерге оңай болды ма?

Басқа жүректерде жазылған сөздер ұнады ма?


10 – жаттығу «Менің қымбаттым, саған не тілейін?»


Мақсаты: өткен тренинг туралы қатысушылардан кері байланысты алу.

Уақыты: 10 минут.

Қажетті құралдар: «бауырсақ » ойыншығы.

Нұсқау: Шеңбер құрып отырыңдар да, менің қолымдағы сүйкімді «бауырсаққа» назар аударыңыздар. Қазір ол сіздердің қолдарыңызда домалайды, кімнің қолына ол домалып келсе, сол адам өзінің сезімдері туралы және қатысушыларға тілектер айтады. Қалғанымыз мұқият тыңдап, сыныптасымызға құрмет көрсетеміз.

Талдау:

Бүгінгі күн сіздерге не әкелді?

Өздерің үшін қандай да бір қорытындылар жасау мен сезінуге бұл тренинг көмектесті ме?

Бүгінгі тренингте алған сезімдері туралы ой бөлісіңіз.

































6 – С А Б А Қ


«Эмоция және мінез-құлық (қылықтар)»


Қажетті құралдар: магнитофон, ватман қағазы, түрлі бейнелеу-сурет заттары, А-4 форматты ақ қағаз, тестер мен әдістемелерді өткізуге арналған бланктер, түрлі эмоциялармен жазылған карточкалар, майшам.


1 – жаттығу «Менің жасағанымды қайтала»


Мақсаты: топтық жұмысқа қатысты емес мәселелерді ұмыту, бүкіл назарын «Мұнда және қазір» жағдайға аудару.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Жарты шеңбер құрып отырайық. Қазір әрбіреуіңіз ортаға шығып, өткен тренингтердегі өз сәлемдесу түрін қайталамай аты-жөнін айтып, басқа әдіспен амандасады, ал біз соны қайталаймыз. Сәлемдесу түрі қайталанбау қажет.

Талдау:

Өздеріңізді қалай сезінесіз?

Қандай сәлемдесу сіздерге ерекше ұнады, неліктен?


2 – жаттығу «Менің бет әлпетім»


Мақсаты: Өздеріңнің сезімдеріңді бағалай білу және оларды басқалармен талқылауға үйрену.

Уақыты: 10 минут.

Қажетті құралдар: суретті бланктер және фломастерлер.

Нұсқау: Қазір мен сіздерге беттер бейнеленген қағаздарды таратамын. Суреттерді ұсынылған сөздердің мазмұны бойынша аяқтау қажет. Салған суреттерді талқылайық.

Талдау:

Сенің бет әлпетің қай кезде осындай болады?

Сенің мұңайғаныңды айналадағылар қалай түсінеді?

Өзіңнің уайымдарыңды қалай білдіресің?

Өзіңнің сезімдеріңді ішіңде қалтырасың ба, әлде сыртқа шығарасың ба?



3 – жаттығу «Миллиондаған раушан гүлдер»


Мақсаты: топта өзара махаббат сезімі мен достық қатынасты орнату.

Уақыты: 10 минут.

Қажетті құралдар: магнитофон, баяу музыка.

Нұсқау: Қазір жұптарға қалауыңыз бойынша бөліңіздер. Бір-біріңе қарама- қарсы тұрыңдар да, көздеріңды жұмып, үш рет терең тыныс алыңдар. Қолдарыңды алдарыңа шығарыңдар да, олар әр түрлі әдемі гүлдерге толы екенін елестетіңдер. Әркімнің өзі таныған гүлдері болады.Олардың ішінде раушангүлдер, түймедақтар, астралар, басқа дала гүлдері. Гүлдердің жұпар иісін сезініңдер, гүл бетіндегі ышық тамшылары күнмен шағысып тұрғанына қараңыз.

Қазір, бүкіл өткен сабақтардан кейін бір-біріңе қалай жақындасқандарыңды көрсетіңдер. Ол үшін бір-біріңді махаббат, мейірімділік, нәзік сезімдері толған гүлдерді бір-біріңе шашып, сол сезімдерге бөленесіздер.

Ең алдымен өздеріңнің алақандарыңды ұқалап, олардың жылулығын сезінген кезде, жүректеріңдегі махаббат пен мейірімділік туралы ойланып тұрыңдар. (15-секунд)

Жақсы сезімдерді есіңде сақтап, алақандарыңды алдыңа шығарыңдар да, оларды кішкене демалтыңдар. Олар қандай екенін сезініңдер... Жылы ма? Сәл шымшылған сезіне ме. Энергияға толды ма? Енді өз жүректеріңнен махаббатты өздеріңнің алақандарыңа жіберіңдер 5 секунд. Осы махаббатты алақандарыңда сезініңіздер 5 секунд. Алақандар қуанышқа, махаббатқа толған гүлдерге толғанын сезінесіздер 5 секунд.

Ал енді көздеріңді ашып, жұпта кім бірінші гүлдерді шашатынын таңдаңыз. Осының барлығын музыка ойнағанда жасаңыз.

Қолдарыңды жаныңда тұрған адамның басына қойып, оған ең жақсы тілектер мен сезімдерді ойлап жіберіңіз. Сіз оған махаббатқа толы гүлдерді шашқанын елестетіңіз. Басынан бастап, төменге қарай түсіңіз. Құлақтарына, бет әлпетіне,жақтарына, желкесіне... йығынан төмен қолына, алақандарына, саусақтарына... Содан соң санынан аяқтарына, тізесіне, табанына... 30-60 секунд. Енді ролдермен ауысыңыз да, нұсқау қайталынады.

Қолдың жеңіл қозғалыстарымен достың бүкіл денесін жоғарыдан төменге қарай сипандар. Бұл сипап сезу арқылы сіз түсінбеушілік, сенбеушілік мұздарын ерітесіздер. Қандай гүлдерді таңдағаңдарыңды бір-біріңе айтыңдар.

Енді бірнеше минут өздеріңнің сезімдерің туралы бір-біріңмен ой бөлісіңіздер.

Талдау:

Сіздерге гүл шашқан кезде не сезіндіңіздер?

Сіз өздеріңнің досыңа гүл шашқан кезде не сезіндіңіздер?

Сіздің досыңыз шашқан гүлдерді көрдіңіз бе?

Өзіңнің досыңа қандай жақсы ойларды жібердіңдер?

Досыңа гүл шашқан кезде алақандарыңда не сезіндіңіз?


4. Эмоциялар тесті.


Мақсаты: әр түрлі жағымсыз эмоцияларға жақындығын айқындау.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Келесі реакциялардың қайсысы саған тән екенін бағала. Жауаптар бланкісінде «иә» деп жауап берген сұрақтарды белгіле. Эмоционалдық реакциялардың әр түріне байланысты белгілеген номірлердің санын белгілеп, графикті сыз.

Тест сұрақтары:

  1. Егер мен қатты ашулансам, біреуді ұрып жіберуім мүмкін.

  2. Кейде мен соншалықты ызаланамын, жанымда тұрған затты лақтырып жіберуім мүмкін.

  3. Мен жылдам ашуланамын, тез қайтамын.

  4. Мені жақсылап сұрамаса, мен өтінішті орындамаймын.

  5. Мен үшін тағдыр әділеттсіз деп ойлаймын.

  6. Адамдар мен туралы сыртымнан сөз айтатынын білемін.

  7. Егер менің ойыммен келіспесе, мен дауласамын.

  8. Егер мен біреуді алдасам, маған ұят.

  9. Мен адамды ұра аламын деп ойлаймын.

  10. Мен ыза болған кезде, есікті қатты серпіп жабамын.

  11. Кейде адамдар мені өзінің жалғыз-ақ қатысуымен жирендіреді.

  12. Егер маған қандай да бір ереже ұнамаса, оны бұзуға ниеттеніп тұрамын.

  13. Мені кейде қызғанушылық қысып жібереді, дегенмен оны көрсетпеуге тырысамын.

  14. Көпшілік мені жақсы көрмейтінін білемін.

  15. Адамдар менің құқықтарымды құрметтесін деп талап етемін.

  16. Кейбір ойларымнан өзім ұялатын сәттер болады.

  17. Менің ашуымды келтіріп, ызаландырып төбелеске дейін апаратын адамдарды білемін.

  18. Бойымдағы ызамды үстелді қатты ұру арқылы жиі шығарамын.

  19. Кейде мен қатты ашуланғанда оқтай жарыламын.

  20. Егер мені біреу басқарам деп тырысса, мен оған қарсы шығамын.

  21. Менің мазамды алатын, мен жек көретін адамдар бар.

  22. Өте көп адамдар маған қызығады.

  23. Егер мен ызалансам,қатты ұрса аламын.

  24. Жұмыстан қашатын адамдар, өзін кінәлі сезінуі қажет.

  25. Егер біреу мені ренжітсе, мен оны қайтара аламын.

  26. Кей кезде қолыма түскен затты сындырып тастаймын.

  27. Маған ұнамайтын адамдарға қатты сөз айта аламын.

  28. Менімен бұйырып сөйлессе, менің ештеңе істегім келмейді.

  29. Мен басқа адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасымды жасырып жүремін.

  30. Кей уақытта маған күліп жатқанын сеземін.

  31. Егер біреу менің мазамды алса, мен ол туралы барлық ойлағанымды айтып тастай аламын.

  32. Ата-анама аз көмектесетінім маған өте батады.

  33. Егер біреу маған қол көтерсе, мен оған жауап қайтарамын.

  34. Дауласқан уақытта мен дауысымды көтеріп сөйлеймін.

  35. Ұсақ - түйектер мені ызаландырады.

  36. Егер біреу өзін жоғары ұстаса, мен оны орнына қоямын.

  37. Адамдардың мені мадақтауы және көңіл бөлуі менің еңбегіме лайықты емес.

38.Маған жамандық істегісі келетін жауларым бар.

39.Мен біреуді қорқыта аламын, бірақ оны іске асырмаймын.

40.Мен өмірде көп қателіктер жасаймын, кейін ол үшін өкінемін.







Шкалалар

Сенің агрессивтілігің – ол сенің жеке іс мәселең, тек басқаларға кедергі жасағанға дейін ғана.




Жауаптар бланкі


Шкалалар Сұрақтардың нөмірлері


Денелік агрессия (Д) 1 9 17 25 33

Жасырын агрессия (Ж) 2 10 18 26 34

Ашуланшақтық (А) 3 11 19 27 35

Теріс мінез (Тм) 4 12 20 28 36

Өкпелегіштік(Ө) 5 13 21 29 37

Сенімсіздік(С) 6 14 22 30 38

Вербалды (сөздей)агрессия (С) 7 15 23 31 39

Кінә сезімі (К) 8 16 24 32 40

DrawObject10

Құрылған графикте агрессияның қай түрлері саған жақын екені көрсетілген. Графикте пунктирлы сызбадан жоғары тұрған нүкте сенің мінез-құлқынның формасын көрсетеді.

Денелік агрессия – Саған күш қолдану арқылы барлық сұрақтарды шешу ең қолайлы түрі болып табылады. Өмір сүру тұрмысы немесе тұлғалық ерекшеліктерің тиімді өзара әрекет ету әдістерін қолдануға кедергі жасайтын шығар. Агрессияны өзіңе қайтаруға қауіптісің.

Жасырын агрессия – Әрине,біреуді басынан ұрғанша, үстелді соққан жөн. Бірақ та,онымен шұғылданып қажеті жоқ, ыдыс пен жиһазды сақта, шығын келтіріп, өзіңнің де денсаулығына зақым келтіресің.

Ашуланшақтық – Жаман немесе жақсы жасырынған агрессия басқа адаммен қарым-қатынасты айыруға бірден апармайды,бірақ тасыртқа шыққанша,күкірт қышқылы сияқты адамды іштен жеп бітіреді.Сыртқа шыққан кезде-«денелік және жасырын агрессия»қара.

Теріс (келеңсіз) мінез – Жасөспірімнің наразылық сезімін білдіру үшін мәнсіз және күйзелісті қылықтарына тән реакция. «Енемнің күйеу баласы соқыр болсын десем,өзім көзімді шығарамын» деген мақалдың түйіні сай келеді.

Өкпелегіштік – басқа адамдардың сөздері мен қылықтарында өзіне бағытталған келемежді,менсінбеушілікті және кемітуді сезініп көру.

Сенімсіздік – басқа адамдардың сөздері мен қылықтарында өзіне бағытталған жасырынды қасақаналықты көру. Шектен шыққан кезде сырқаттықты білдіреді.

Вербалды агрессия – «Ойыннан от шығады» деген сияқты «Бір ауыз сөзден- соғыс басталады» дегенге жақын,ойланбай айтылған сөздің ақыры төбелеспен жаман күйзеліске келтіреді.

Кінә сезімі – сен ешкімді ұрған жоқсын, ештеңені сындырған жоқсын, ешкімге ашуланған жоқсын. Осымен сені құтттықтаймын. Олай болса, кінә сезімімен қолайсыз жағдай қайдан пайда болды? Егер сен өз эмоцияларыңа жауапты болсаң, онда сен оларды басқара аласың. Онымен не істеу қажет?Ең алдымен сенің бойында ондай қасиет бар екенін білу қажет және үйде қожайын кім екендігін еске алу керек – сен бе әлде сенің эмоцияларың ба?


5 – жаттығу «Менің эмоцияларым».


Мақсаты: Әртістік қабілеттерін белсендіру, бостандық мен босаңсу қалыптарына жету,эмоцияларын жағдайға байланысты адекватты түрде шығара білу.

Уақыты: 10 минут.

Қажетті құралдар: Адамның эмоциялары және дене мүшелері бейнеленген карточкалар: «Қасірет. Бет», «Қуаныш. Ерін», «Тәкаппарлық. Оң қол», «Абырой. Арқа», «Қорқыныш. Аяқтары», «Таң қалу. Қасы».

Нұсқау: Қазір мен сендерге карточкалар таратамын. Онда адамның эмоциялары мен дене мүшелері бейнеленген. Карточкаға мұқият қарап, эмоцияны көрсету керек. Мысалы, «Қайғы. Қолдары» карточкасы қайғыны қол қозғалысы арқылы көрсету қажет екендігін білдіреді.

Ал топтың міндеті -адамның көрсеткен эмоциясын ойлап анықтау қажет.

Талдау:

Сіз үшін эмоция нені білдіреді?

Адамның өмірінде олардың атқарған ролі қандай?

Өмірдің қандай жағдайларында олар пайда болуы мүмкін?


6. «Өзіңнің эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»

тақырыбы бойынша қысқа-дәріс


Мақсаты: Эмоцияларды басқаруды үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Жағымсыз эмоциялардан қалай босаңсуға болады?

Сені түсінетін және саған жаны ашитын достардың ортасында ойыңды айтып теріс эмоциялардан босаңсуға болады. Егер сен жалғыз болсаң, онда өзіңнің ашуыңды жастықты соғып немесе құрғақ болса да орамалыңды бұрап,сығу арқылы төмендетуге болады. Ашу энергиясының көп бөлігі негізінен иықтың бұлшық еттерінде, қолдың жоғарғы бөлімдерінде және саусақтарында жиналады. Әр түрлі спонтанды дыбыстарды шығар – күш салу тамағыңда «тығылып тұруы» мүмкін. Қандай да бір спорт түрімен айналысу толық жағымсыз эмоциялардан босаңсуға көмектеседі. Сондықтан да нағыз спортсмендерде дене және де жан-рухының денсаулығы зор болады.

Табиғат адамға жағымды әсер етеді. Ең қиын жағдайда да табиғаттың кереметтілігіне қызығу арқылы, судың ағынына қарағанда, ормандағы дыбыстар мен иістерді сезініп, естігенде адамның көңілінің жайлануы мен жұмысқа қабілеттілігін ең қиын жағдайларда да нормаға келтіруге болады.

Стресс кезінде: 3-4қысқа тыныс шығарып,соншама рет тыныс алу керек. Терең тыныс алған кезде миға баратын импульстердің ағыны бөлінеді-стресс күйінде бұл өте маңызды.

Табиғат, күлкі мен жылау сияқты, біздің миға шамадан тыс психикалық күштің түсуінен қорғаныс ретінде тамаша тәсіл берді.

Күлкі нерв жүйесінің өзгеше бір қорғанысы болып табылады. Күлкіні қысқа тыныс шығару сериясы ретінде қарастыруға болады. Бұл қысқа тыныс шығару қауіпті импульстердің ағынын бөлшектейді. Осы жаттығуда жылау мен күлудің дәрілік қасиеттері бірігеді.

Ал қазір эмоционалды күш салуды төмендету үшін келесі жаттығуларды орындаймыз.

1. Бас бармағыңды алақаныңа салып, саусақтарыңды жинап, жұмырдығыңды қыс,асықпай ақырын тынысыңды шығарып, жұмырдығыңды одан да қатты қысып,содан соң қысымын төмендетіп, тыныс алыңдар.(5рет қайталаңдар). Бұл жаттығуды көздеріңді жұмып орындасаңдар тиімділігі екі есе өседі.

2. Екі грек жаңғағын алып, әр алақаныңда кезегімен айналдыр.

3. Кішкентай бөбек саусағыңның ұшын сипап, уқала.

4. Жаңғақты кішкене бөбек саусағыңа жақындатып, алақаныңа орналастыр, басқа қолдың алақанымен 3 минут бойы жаңғақты айналдыр.


7 – жаттығу «Бұзылған телефон»


Мақсаты: эмоционалды күш салуды төмендету, зейінді дамыту, көңіл күйді көтеру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: «Аспан мен жер» белгілері бойынша екі топқа бөліну қажет. Бір-біріңнің соңынан тұрыңдар. Ең соңында кім тұрады, сол бидің бір элементін көрсетеді. Екіншісі соны есте сақтайды да, алдыңда тұрған адамның иығынан итеріп, оған сол бидің элементін көрсетеді. Осылай ең соңғы тұрған адамға дейін жетеді. Кейін салыстырамыз, ойының басында қандай элемент болды, соңында не шықты. Соңында тұрған адам алдына тұрады да, ойын жалғасады.

Талдау:

Өзіңіздің көңіл-күйіңізбен бөлісіңіздер.

Бидың элементін ойлап шығару мен көрсетілген элементті қайталау қиын болды ма? Ойынның маңызы неде?



8. «Кіші топтарда пікірталас»


Мақсаты: теориялық мәліметті толығымен ұғыну.

Уақыты: 25 минут.

Қажетті құралдар: ватман қағазы 4 дана, фломастерлер.

Нұсқау: Сіздерге 4 кіші топқа бөліну қажет. Ол үшін мен әрқайсыңның құлағыңа бір сөз айтам, ол эмоциялар түріне байланысты. Сіздің міндетіңіз: сіздің сөзіңізбен бірдей сөз айтылған адамдарды сөзсіз басқа тәсілмен тауып алу қажет. Кейін әр топ өзінің сөзіне байланысты пантомима көрсетеді.

Сөздер: Таң қалу, қорқыныш, рахат, қуаныш.

Ал енді 4 топ құрастырып, хатшыны, спикерді, таймерді және топ өкілін таңдаңдар. Қазір мен пікір алмасуға арналған сұрақтарды таратамын. Жұмысқа 2 минут беріледі.

Бірінші топқа тапсырма: қорқыныш сезімін қалай жеңуге болады?

Екінші топқа тапсырма: Сәтсіздікке жауап беретін жағымды және жағымсыз әдістер.

Үшінші топқа тапсырма: Сөйлемді аяқтаңдар: «Сәтті болады, егер...» және «Сәтсіздік кездеседі, қашан...»

Төртінші топқа тапсырма: Өз эмоцияларыңды қалай жеңіп шығуға болады?

Ал енді әр топтың спикерлері топтық талқылау туралы пікір таласты жеткізіңдер.


9 - жаттығу «Кім өзін басқалардан көбірек мақтайды? Немесе «қаралы күнге» арналған ескерту».


Мақсаты: өзі туралы жағымды ішкі диалогты жүргізу дағдысын дамыту, өзін-өзі талдай білу қабілетін дамыту.

Уақыты: 15 минут.

Қажетті құралдар: әр қатысушыға арналған кесте сызылған бланктер.

Нұсқау: Шеңбер құрып отырамыз. Әр адамның өмірінде қиыншылықтар кездеседі. Сол кезде адам өзінің құндылығын ұмытып, істеген істерінің барлығы түкке тұрмайды деп ойлайды да, көңіл-күйі төмендеп, мұңайып жүреді.Сол кездерде өмірде болған барлық жетістіктер мен жеңістер, қуанышты уақыттар ұмытылып қалады. Бірақ та, өмірде мақтан ететін әркімнің істері аз емес. Психологиялық кеңес беруде сондай бір әдіс бар. Осындай жағдаймен келген клиентпен бірге психолог ескертулер құрастырады. Оған өмірдегі жетістіктері мен адамның жақсы қасиеттері жазылады да, көңілі түскен кезде, адам сол ескертуді оқып күш-қуат алып, өзін адекватты түрде бағалауға көмектеседі.

Қазір біз осындай ескертулер жасаймыз да, кейін оларды өздеріңе қалтырасыңдар.

Дайындық: Тақтада бланктегідей кестені сызу.

Ескерту бланкісі «Менің ең жақсы қасиеттерім»


Менің ең жақсы нышандарым

Менің қабілеттерім мен таланттарым

Менің жетістіктерім





Нұсқау: «Менің ең жақсы нышандарым» - бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы нышандарың мен ерекшеліктеріңді жазыңыз.

«Менің қабілеттерім мен таланттарым» - мұнда өзіңіздің мақтан ететін әр түрлі салаларда бар қабілеттерің мен таланттарыңды белгілеңіз.

«Менің жетістіктерім» - бұл бағанға өмірдің әр саласында жеткен жетістіктері жазылады.

Талдау:

Бұл жаттығуды орындау сіз үшін қандай мағына берді?

Сіз ескертуге не алдыңыз және нені келешекте пайдаланасыз?


10 – жаттығу «Менің өзіндік құндылығымның декларациясы»


Мақсаты: Өзін-өзі бағалауын жоғарлату, өз күшіне деген сенімін арттыру.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Қазір мен сендерге «Менің өзіңдік құндылығымның декларациясын» оқып шығамын. Бұл - әркімнің өзіндік ән ұраны. Ал қазір барлығымыз қосылып оқимыз.

«Мен – бұл Мен.

Бүкіл әлемде Мен сияқты ешкім жоқ.

Маған ұқсайтын адамдар бар, бірақ дәл Мен сияқты адамдар жоқ. Сондықтан менен шығатынның бәрі – ол шын менікі, өйткені Мен осыны таңдаймын.

Менде бардың бәрі маған тәуелді: соның бәрі менікі: менің денем, оның жасаған барлық әрекетімен; бүкіл менің жоспар ойларымды қамтитын менің санам; барлық көрген бейнелерімді қамтитын менің көзім; сезімдер, олар қандай болса да – үрей, рахат, күш салу, махаббат, түршігу, қуаныш; менің аузым және ол айта алатын сөздері, - жылы, қатаң, жаман, сүйкімді, дұрыс және дұрыс емес; менің даусым – қатты немесе ақырын; менің әрекеттерім – маған немесе басқа адамдарға аударылған.

Бүкіл менің елестерім, армандарым, үміттерім және қорқыныш сезімдерім маған тәуелді. Маған бүкіл менің жеңістерім мен жетістіктерім тәуелді. Бүкіл менің қателерім мен жеңілістерім.

Осының бәрі маған жатады. Сондықтан Мен өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өз-өзімді жақсы көре аламын және өз-өзіммен татуласа аламын. Менің ішімдегінің бәрі менің қызығушылықтарыма сәйкес келетіндей Мен істей аламын.

Мен білемін, менің ішімдегілер мені толғандырады және менің білмейтінім БАР. Бірақ та, Мен өз-өзіммен татулықта өмір сүріп, мені не толғандырып жатқанын Мен бірте-бірте абайлап, соның шешімін табамын және өзім туралы көп жаңадан ақпарат ала аламын.

Дәл қазіргі уақытта Мен нені түсінемін,нені сезінемін,айтамын,ойлаймын, - бұның бәрі менікі. Бұның бәрі қазіргі уақытта Менің кім екендігімді және Менің қайда екендігімді білуге көмектеседі. Мен өзімнің өткен өміріме қараған кезде, өзімнің нені түйсінгенімді, нені көргенімді, Мен не істегенімді, мен не айтқанымды, Мен нені орындағанымды, Мен не ойладым, Мен нені сезінгенімді бағалаған кезде, Бұл Мені толығымен қанағаттандырмайтынын байқаймын. Мен маған қажетті емес нәрсемнен айырыла аламын, керек нәрсені сақтай аламын және өз-өзімде жаңадан бірдеңені аша алатынымды білемін.

Мен түйсіне аламын, көре аламын, айта аламын, ойлай аламын, сезіне аламын, әрекет жасай аламын. Басқа адамдарға жақын болу үшін, мені қоршаған адамдар мен заттарға тәуелдімін. Сондықтан Мен өзімді құрастыра аламын.

Мен – бұл Мен, және әлеміне мән мен тәртіп кіргізу үшін менің бойымда соның бәрі бар. Мен тек қана өзіме Мен – бұл керемет!»

Талдау:

Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

Басқаларымен өзінің көңіл- күйі мен жан-рух қалпы туралы ой бөлісіңіз.

Бұл жаттығу сіздерге не берді?


11 – жаттығу «Емтихандарда кездескенше!»


Мақсаты: тренинг сабақтар туралы қатысушылардың пікірлерін тыңдау.

Уақыты: 5 минут.

Қажетті құралдар: жанып тұрған майшам.

Нұсқау: Менің қолымда жанып тұрған майшам бар. Менің сіздерге тілейтінім, сіздердің қолыңызда бәрі әрқашан жанып, лауласын, барлығы ойдағыдай шықсын.

Кімнің қолында майшам болса, сол адам бүкіл тренинг барысында өзінің бойында қандай ашылулар пайда болып, жетістіктерге жеткені туралы әңгімелесін.

Талдау:

Бұл күн сіздерге не әкелді?

Жаңадан нені білдіңіз?

Өздеріңіз үшін қандай қорытындылар жасадыңыз?




1DrawObject11 2 – жаттығу «Өз жұлдызыңды тап!»


Мақсаты: босаңсу мүмкіндігі, дүниеге сеніммен шаттана қарау, мақсатқа жетуде сенімін арттыру.

Уақыты: 5 минут.

Нұсқау: Енді қоштасатын кез келді. Бірақ бүкіл тренинг бойы бізге жарығын беріп тұрған жұлдыздарымыз бар. Осы жұлдыздар бізбен бүкіл ай бойы болыпты. Қараңызшы, қалай олар жарқырап жанып тұр. Егер жұлдыздар жанса, ол біреу үшін қажет! Олар біздің энергиямызға, мейірімділік пен дүниеге сеніп шаттана қарауымызға, ертеңгі күннің жеңістері мен жетістіктеріне толы.

Енді әрбіреуіңіз өзіңізге жарығын беретін және өмірдің даналық жолына, білімге, сәттілікке, бақытқа, махаббатқа бағыттайтын жұлдызын алады. Егер де қиыншылық кездессе біздің тренингті және жұлдыздарды естеріңе алсаңдар, олар сіздің мәселелеріңізді шешуге және дұрыс жолды таңдауға көмектеседі.

Психологтың кеңесі:

Депрессиядан қалай арылуға болады?


1. Торықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия ерте ме, кеш пе өтеді де, қуанышты, сергек көңіл-күй келеді. Депрессия міндетті түрде өтетініне, әр уақытта сену керек.


2. Құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылғаннан пайда бар ма? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессиядан шығаратын тәсілдер бар, олар – жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.


3. Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуының себебі неде екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл белгілі адамдармен таласта, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыңызға немесе көп өте ауыр әсері бар негізгі себептерді болдырмағаны жөн болар еді. Оларды ең болмаса азайтуға не сол мәселелерге өзіңіздің қатынасыңызды төмендетуге (азайтуға, өзгертуге) міндетті түрде тырысу артық емес. («Ал маған бұл керек те емес», «Не болса, сол болсын!», Бұл туралы мен ертең ойласам да болады!).


4. Көбінесе депрессияға себепкер болатын - жыл мезгілі. Мысалы, көптеген адамдар үшін, көктем айы – психологиялық қатынастың ең қиын кезеңі. Бұл мезгілде шаршауға, өзіңізге «көптеген істерді» жүктеуге болмайды. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтудің үлкен мәні – витаминдерді қабылдау, таза ауа, бірқалыпты және уақытты ұйқы болғаны жөн.


5. Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз, бірақ шаршамаңыз.


6. Көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған қуанышты және жағымды кездерді, сол бір бақытты уақыттардың кішкене бөліктеріне дейін еске алу. Қолайлы жағдайларды қайтадан бастап өткізгендей пайдалы.


  1. Өзіңіздің таныстарыңыз бен достарыңыз арасындағы әңгіме кезінде бейтарап тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, Сіз өз жағдайыңызды ауырлатасыз.

  2. Ең бастысы: депрессия кезінде маңызды шешімді қабылдамаңыз. Бұл мезетте көптеген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданады. Адам қызбалықпен әрекет жасауы мүмкін. Ол туралы соңынан өкініп немесе өзінің қате жібергенін, кінәсі бар екенін сезінуі мүмкін.






Қымбатты дос!

Осы оқу жылының соңында сенің алдыңда салмақты сын тұр. Сен Ұлттық Біріңғай Тестіге қатысасың. Ол үшін қатты күш салу керек. Дәл осы уақытта саған, есіңді жақсы жаттықтырып, әп-сәпте жөн тауып және ойыңмен жинақталып, өз-өзіңді ішкі теңсіздікке әкеле білуің керек. Ішкі теңсіздіксіз, емтиханды сәтті тапсыру мүмкін емес.

Біз саған емтихан кезіндегі қызу жағдайдан тиімді және сәтті өту үшін, бірнеше кеңес пен кепілдеме қадамын ұсынамыз. Ол саған ҰБТ – деген қиындық жолынан сәтті өтуге көмектеседі.

1-қадам. Емтиханға алдын ала, бір қалыпты сақтап шағындап, бөліктерге бөліп

дайындал.

Дайындық орнын тағайында: Үстел үстінен артық заттарды алып таста, керекті жабдықтарыңды: оқулықтарды, дәптерлеріңді, әдістемелерді, қағаз-қарандаштарынды қолайлылап ыңғайла. Бөлмеңе сары жане күлгін түсті заттарды кіргіз(олар интеллектуальды белсенділігінді көтереді). Ол үшін сондай түсті суреттер мен шағын естамппалар да жеткілікті.

Дайындалу жоспарын құр. Алдымен анықтап ал: сен кімсің-«үкі» немесе («жаворонок») «тырнасың» ба? Содан кейін таңертеңгі немесе кешкі уақыттарды барынша қолдан. Тәулігіңді келесі жолмен ұйымдастыр: емтиханға 8 сағаттан артық дайындалма. 8 сағаттан кем ұйықтама, қалған уақытты демалуға, басқа жұмыспен шұғылдануға пайдалан. Әр күніңе жоспар құр, бүгін нақты қай пәнмен, және нақты қай бөлім мен тақырыпты оқитыныңды айқын анықта.

Ең қиын бөлімнен, өзің нашар білетін материалдан бастап оқы. Егер саған «шайқалуға» қиын болса, онда қызықты және жағымды материалдан бастап оқы. Оқуды демалумен алмастырып отыр:10 минут - үзіліс жаса.

Пәндер бойынша көп тесттер орында. Бұл жаттығулар тестпен жұмыс істеуге психо-техникалық дағдыны қалыптастыруға маңызды мән береді.

Қолыңа секундомер алып жаттық:

Тесттер орындағанда уақытты қадағалап отыр, (1тапсырмамен орташа есеппен 2мин

жұмыс істеу керек).

Емтиханға дайындалғанда, өзіңнің жеңіске жеткеңді, жетістігіңді ойша суретте. Ешқашанда тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама.

Өзіңнің тамақтануыңа назар аудар. Ол 3-4 рет болу керек. Колориялы және витаминге толы болсын. Тамаққа: грек жаңғағын, сүт тағамдарын, балық, ет, жеміс, көкеніс, шоколад қабылда.

Тағы бір кеңес: Емтихан алдында тамаққа тойып алма!

Емтиханның алдындағы күнде ең қиын деген тақырыптарды қайтала.

2-қадам. Емтихан алдында.

Көпшілік: емтиханға толық дайындалу үшін, емтихан алдындағы ақырғы бір түн жеткіліксіз, -деп санайды. Ол дұрыс емес.

Егер сен шаршасаң өз – өзіңді қинама.Керісінше кешке қарай дайындығыңды тоқтат, серуенге шық, «душ» қабылда.Ұйқыңды жақсылап қандыр, таңертең сергек және «жауынгерлік» сезіммен тұру үшін, ұйқыңды жақсылап қандыр. Емтихан өтетін жерге кешікпей, 15 – 20 мин ерте келу керексің.

3-қадам. Тест алдында. Тесті бастамай тұрып сендерді қажетті мәліметтермен таныстырады. (бланкті қалай толтыру керектігін, қандай әріппен жазу керектігін, т.б.) Оған мұқият бол! Осы ережелерді қалай есіңе сақтасаң, сенің жауаптарыңның дұрыстығы соған байланысты болады.

4-қадам Емтихан кезінде. Тестті сәтті орындау үшін бірнеше ескертулер ұсынылады.

Мұқият бол! Тестің бірінші бөлімін орындап болған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз сұрақтарды шешіп алғаннан кейін, тестке зейін салып, айналаңдағыларды ұмыт. Сен үшін тест тапсырмалары мен уақыт қана болу керек.Тестің бәрін көзіңмен шалып өт. Жауапты белгілер алдында, сұрақты екі рет қайталап, жауабыңның дұрыстығына көзіңді жеткіз.

Барлық сұрақтарды көзіңмен шолып өт. Оның ішіндегі тапсырмалардың мәні неде

екенін байқа.

Асықпай қимылда! Уақыттың тығыздығы сенің жауаптарыңа әсерін тигізбеуі керек. Жауабын белгілер алдында, сұрақты екі қайтара оқып шығып, жауабыңның дұрыстығына көзіңді жеткіз..

Екі рет «шеңбер» жоспарла! Өзіңе берілген уақыттың үштен екі бөлігін барлық жеңіл сұрақтарды орындауға бөл. Ол бірінші шеңбер. Сонда сен осы тапсырмаларда көп ұпай жинауға үлгересің. Содан кейін, тастап кеткен қиын сұрақтарға орал да, оларды орындауға кіріс. Ол екінші шеңбер.

Оңайдан баста! Алдымен өзің білетін, сенімді сұрақтарға жауап бер. Қиын, ойландыратын сұрақтарға тоқтама.

Қиын және түсініксіз тапсырмаларды тастап кетуге үйрен.

Тапсырманы соңына дейін оқы! Тапсырманың берілгенін бастапқы бірнеше сөздерден ұғып алуға тырыспа, ол оңай сұрақтарда қатерлі жағдайларға әкеп соғады. Сондықтан да сұрақтарды соңына дейін оқы.

Орындап жатқан сұрағыңды ғана ойла! Келесі тапсырмаға келгенде алдыңғы тапсырмаларды ұмытып, орындап жатқан тапсырма туралы ғана ойла.

Алып таста! Кейбір тапсырмаларды оңай шешуге болады. Ол үшін бірден дұрыс жауабын іздемей, Сұраққа тиісті емес жауаптарды алып таста. Содан кейін қалған 1-2 жауапқа көңіл бөліп дұрысын таңдайсың.

Тауып ал! Егер тапсырманың жауабын мүлдем білмесең, ішкі сезіміңе сеніп, дұрыс деп ойлаған жауапты белгіле.

Тексер! Өзіңнің жұмысыңды тексеруге, тым болмаса көзбен шолып өтуге уақыт

қалдыр.

Уайымдама! Барлық тапсырманы орындауға тырыс. Бірақ есіңде сақта, іс жүзінде бәрін дұрыс орындау мүмкін емес. Ескер, тест тапсырмалары сенің шешкен тапсырмаларыңның максимальді дәрежесі, сен шешкен жауаптарыңның саны жақсы баға алуға жеткілікті болуы мүмкін.

ҰБТ – қа дайындық кезіндегі «Тәуекел топ» балалар классификациясы бойынша қолдау стратегиялары

Оң жақ жартышарлы балалар. Дайындық кееңінде оң жақ жартышарлы балаларға оқу материалын жақсы меңгеру үшін қиял мен бейнелі ойлауды бірдей әрекетке қосу керек. Құрғақ теориялық материалдарды міндетті түрде мысалдар және суреттермен иллюстрациялап көрсету керек. Оң жақ жарты шарлы балалар күштерін қарапайым тест тапсырмаларына емес, жан жақты толық жауап талап ететін тапсырмаларды қолдану бұл оларға оңай болады. Мүмкін оларға осындай тапсырмалардан бастау одан кейін ғана басқа тестерге көшуге болады.

Синтетикалы балалар. Дайындық этапында. Синтетикалық әрекеті жалпыдан жекеге болып келетінің ескере отырып сараптау дағдыларын дамыту өте маңызды. Әр тақырыпты оқуда оның негізгі блоктарын белгілеу және олардың нақты мазмұнымен толықтыру, жалпылау маңызды. Тестпен жұмыс істеген кезінде әр тапсырмасының негізгісін белгілеуге бағдарлау керек: қайсысы негізгі бірінші кезекте көңіл бөлу керек?

Емтихан кезінде. Жұмыс басында синтетиктер материалмен толық танысу керек. Тапсырмаларды қарап шығу олардың мазмұнымен танысу. Бұл оларды дұрыс бағдарлауға көмектеседі. Синтетиктер жұмыс басында жұмыстың жалпы жоспарын құруға көмектеседі, емтиханда әр сұрақтың негізгісін белгілеуге үйренуге болады.


Мазасыз балалар. Дайындық кезеңінде мазасыз балаларға емтихан кезінде эмоционалдық жағдайын орнату маңызды. Емтиханның және оның нәтижелерінің маңызы туралы есіне түсіріп, қорқыныш тудырудың қажеті жоқ. Балаларды оған ушықтыру өз әрекетін ұйымдастыра алмауға әкеліп соғады. Үлкендердің міндеті – қолдау, мадақтау табысқа жетуге жағдай жасау. «Сенің тапсыратынына мен сенемін» қолпаштау сөздері ерекше роль атқарады. Сонымен бірге өзінің эмоционалды жағдайын өзгерту әдістерін қолдануға үйрету керек.

Емитхан кезінде. Мазасыз балаларға эмоционалды қолдау көрсету қажет. Оның әр түрлі вербальді емес әдістермен қарау күлімсіреу т.б. жасауға болады. Оқушының өзіне психологиялық жағынан өзі реттейтін әдістерден өзіне жақын әдістерді пайдалану қажет.


Сенімсіз балалар. Сенімсіз балалар жеке таңдауын басқа адамдардың тәжірибесі арқылы алуы өте маңызды. Бұндай балаларға жұмыс кезінде кеңес және ұсыныс беруден бас тарту қажет. Ең жақсысы, оның өзінің таңдауына жол беру керек және ол таңдап алғанша шыдамды болу керек.


Тиянақсыз балалар. Дайындық кезеңінде. Психикалық функциялары сыртқы тіректері болғанда қалыптасады. Сондықтан дайындық кезеңінде өзің-өзі реттеу әрекетінде, түрлі материалдардың құралдардың пайдалануды үйрену өте маңызды. Бұларға тапсырманы орындауға берілген уақытты өлшеуге құм сағаттар, қажетті істердің тізімін құру керек жолды көрсетіп отыратын сызғыш қажет. Бұндай балаларға тиянақты бол деудің өзі қажетсіз.

Емтихан кезінде. Бұндай балаларға өзін-өзі ұйымдастыруға көмек керек. Бұны «Сен қалайсың?», сен не істеп жатырсың? Деген бағыттаулы сұрақтармен көмектесуге болады. Сыртқы тіректері қолдануда мүмкін. Мысалы, бала өз әрекетінің жоспарын құрып алады және пунктерді сызып отырады және өзі орындап отырған тапсырманы сызып қояды. Бұл тіректерді бала дайындық кезеңінде қолдануға үйренгені маңызды, әйтпесе емтиханда оған көп күш және уақыт кетеді.


Перфекционистер және озаттар. Дайындық кезеңінде. Өзі күтетін нәтиже реттеу және «жеткілікті» мен «артықтық» арасындағы өзгешелікті түсіну маңызды. Оларға үздік баға алу үшін барлық тапсырманы орындаудың қажеті жоқ екенін түсіну. Емтихан алдында перфекционистер орындайтын тапсырмаларды таңдау және бәрін бірдей істеу керек еместігін түсіндіруге дайындық жаттығуларын орындауға болады. Перфекционистер өз әрекетінің стратегиясын таңдап және орындау қажет. Одан «сен қандай тапсырманы істеуді шештің?» және оның жоспарын қажет болғанда өзгертуге араласуға болады. Емтихан барысында әлсін-әлсін «саған қанша қалды?» деп сұрауы, саған мұнша істеудің қажеті жоқ. Осы орындағаныңның өзі жеткілікті келесі тапсырмаға көш деп өз мүмкіндігін реттеуге көмектесуге болады. Оқушы орындалған тапсырмалар санын тексеріп отырады.


Астениялық балалар. Астениялық балалармен жұмыс кезінде балаға сәйкес емес орындалмайтын нәтижелерді міндеттеуге болмайтынын білу маңызды. Бала шаршамау үшін дайындықтың тиімді тәртібін құрастыру маңызды, сабақта үзілістер жасау, қыдыру, жеткілікті ұйықтау қажет. Астениялық балалардың ата-аналары невропатологтан дәрумендер мен шөптер жиынтығы, баланы қолдау мүмкіншілігі туралы кеңес алулары керек.


Гипертимдік балалар. Дайындық кезеңінде гипертимдік балаларға әрекет қарқының өзгертіп керегі жоқ, керісінше бақылау функцияларын дамыту керек, яғни өзін-өзі тексеру дағдыларын жұмысты орындап болған соң, қатесін табу орындаған жұмысты өзінің тексеруі керек. Бұдан басқа балаларға емтиханның маңыздылығын сезінуді түсіндіру қажет.


Баяу балалар. Дайындық кезеңінде. Басқасына ауысу дағдысына жаттықтыру күрделі, бірақ әрбір тапсырмаға қажетті уақытты анықтау үшін, сағатты пайдалануға үйретуге болады. Бұл мынадай түрде болуы мүмкін: «Маған 5 есепті бір сағатта шығару керек» яғни әр есепке 12 минуттан бөлінуі керек. Осындай жаттығулар оқушының бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысуына мүмкіндігін дамытады. Емтиханға қанша уақыт кететінің анықтап алуға болады. Асықтыруға болмайды, бұдан жұмыс қарқыны төмендейді.


Аудиалдар және кинестетиктер. Дайындық кезеңінде бұл санаттағы оқушыларға өзінің оқу стилінің ерекшелігін түсіну қажет, яғни олар оқу материалын қалай меңгеруді қалыптастыруға және оқу материалын қайталағанда білімдерін пайдалана білуге мүмкіндік береді.

Емтихан кезінде. Аудиалдар сөйлесуді пайдалана алады, яғни тапсырманы ақырын дауыстап оқиды. Қиындық туғызған жағдайда үлкендерден тапсырманың мағынасын сұрап алуға болады. Бұндай оқушыларға шешімін табуға көмек қажет емес, тек тапсырманың мәнін түсінуге көмектесу керек. Кинестетиктер өздеріне қарапайым қозғалыстарды (үстелдің астында аяғын қозғау) көмектесе алады. Оларға сонымен бірге қозғалыс белсенділігін пайдалануға болады.








АТА-АНАЛАРҒА ЖАДНАМА

  1. Балаға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың моральдік қана емес, заң жүзіндегі қызметі.

  2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуы тиіс.

  3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.

  4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата - анасы үлгі болуға тиіс.

  5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухын жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін,қоғамдағы мінез- құлық дағдыларын дамыту керек.

  6. Ересектер балаларды күн сайын сыпайлыққа сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.


Әлеуметтік сұрақнама


1.Бала тәрбиесінде әке мен шешенің қайсысы басым роль атқарады деп ойлайсыз? (шеше, әке, жауап беруге қиналамын)

2. Ұл баланың тәрбиесіне әке жауапты, қыз балаңың тәрбиесіне шеше жауапты дегенге қосыласыз ба? (иә, жоқ, жауап беруге қиналамын)

3. Балаңыз өмірде қателік жіберсе, кімді кінәлайсыз және кешіресіз бе?_______________________________________________________________

4. Сіз балаға дауыс көтеріп қатты сөздермен ұрысасыз ба? (иә, жоқ, кейде, жауап беруге қиналамын)

5. Сіз балаңызбен әр түрлі тақырыпта сырласасыз ба, әңгімелесесіз бе? (иә, жоқ, кейде)

6.Үйдегі мәселені балаңызбен отырып талқылайсыздар ма? (иә, жоқ, кейде)

7. Сіз балаңыздың достарын білесіз бе? ( иә, жоқ, жауап беруге қиналамын)

8. Балаңыздың бойынан жақсы қасиеттерді атап бере аласыз ба?_____________________________________________________________

10. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданатынын білесіз бе? (иә, жоқ, жауап беруге қиналамын)

11. Сіз балаңызды темекі немесе насыбай қолданады деп ойлайсыз ба?( иә, жоқ, жауап беруге қиналамын)

12. Сіздің балаңыз ішімдік ішіп көрді ме?(пиво, вино, арақ, шампанское, жауап беруге қиналамын, жоқ ).

Кері байланыс

  1. Бүгінгі ата - аналар жиналысынан алған әсеріңіз қандай?

  2. Жиналыс барысында сіз үшін не жаңалық болды?


Жауап беріп қатысқаныңызға

рахмет!






АТА-АНАЛАРҒА ЖАДНАМА

  1. Балаға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың моральдік қана емес, заң жүзіндегі қызметі.

  2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуы тиіс.

  3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.

  4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата - анасы үлгі болуға тиіс.

  5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухын жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін,қоғамдағы мінез- құлық дағдыларын дамыту керек.

  6. Ересектер балаларды күн сайын сыпайлыққа сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.


АТА-АНАЛАРҒА

ЖАДНАМА

Баланы үнемі сынасаныз, бала тұйық болып өседі;

Балаға жиі ескертулерді жасасаңыз, бала өзін кінәлап өседі;

Баланы орынымен мақтай білсеңіз, бала байсалды болады;

Балаға қолдау жасасаңыз, ол өзін-өзін бағалай біледі;

Бала төзімділікті көрсе, ол басқаларды түсінуге үйренеді;

Балаға шындықтын үлгісі болсаңыз, бала әділ болып өседі;

Бала қауіпсіздікте өссе, ол қоршаған ортаға сеніммен қарайды.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.

6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.

8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.

9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.

10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.

11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.

12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.




Ата – аналарға кеңес

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.

3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.

4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.

5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.

8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.

9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.

11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.

12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.

14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.

15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.

16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.

17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.

18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.

19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

 

Ата-аналар үшін

1. Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі  басқаруға мүмкіндік туғызыңыз.

2. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе.

3. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек.

4. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез-келен талабына сергек қараңыз.

5. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз.

6. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты кедергі ете қоймаса немесе баланың өміріне тікелей зияны болмаса, онда оның көргені мен естігенін қабылдауын, сезім – түйсігін, қай иісті қалайтын – қаламайтынын, талғам – тұжымын «жөнге саламын» деп әуреге түспеңіз.

         Мамандардың (тәрбиешілердің, дәрігерлердің) кеңестеріне оншалықты құлақ аса бермеңіз: олардың жөн сілтеуімен ешкім адам болған емес, болмайды да.

         Ешқашан балаңыздың пәк тәніне дақ түсіруге, қол жұмсауға оқталмаңыз. Егер ондай әрекетке қаталдықпен байқамай бара қалсаңыз,  дәлірек айтқанда, ұлыңызға немесе қызыңызға қызбалықпен қолыңыз тиіп кетсе, сол сәтте кешірім сұраңыз. Бірақ қателігіңізді айыпты бір нәрсемен өтеу, уәде беру арқылы жуып-шаюға тырыспаңыз. Әрбір ісіңізге жауаптылықпен қараңыз, өзіңіздің дұрыс емес деп тапқан әрекетіңізді енді қайтып қайталамаңыз.

7. Егер бала бір нәрсені бүлдіріп қойса, бас алып жазалаудың қажеті жоқ, оны сіздің көмегіңізсіз (немесе көмек бергеніңізді елетпей, қалыс қалған болып) өзіңің жөндеуіне мұрсат беріңіз.

8. Баланың миын ашытып ананы да, мынаны да тықпалай берудің қажеті жоқ және оны бәсекелікке үйретпеңіз. Ол өзіне қажетін теледидар көру, оқу арқылы өз-ақ ала алады. Одан да баланы жұртпен қайткенде тіл табысып, қалай сыйласу керектігін өзіңіз үлгі бола оытырып үйретіңіз.


Психологтың кеңесі:

І. Адам қалай өзіне сенімді бола алады?

1. Өзіне және өз өміріне сенімді адам, өзінің жеке құндылықтары мен мінез ерекшеліктеріне еркін басшылық жасай алады.

2. Әр адам - өзіне-өзі жоғары төреші, өзінің ойы мен сезімін, мінез-құлығын өздігінше бағалауға толық құқы бар.

3. Әр адам өз әрекеті үшін біреудің алдында ақталмауға және кешірім сұрамауға құқы бар, егер кінәсі болмаса.

4. Әр адам басқа біреудің мәселесі үшін жауап беруге өзінің шешу мүмкіндігі бар.

5. Әрбір адам өзінің шешімін өзгертуге толық құқы бар, өйткені ол өзімен-өзі болғысы келуі мүмкін.

6. Адам өзінің дүниетанымын, өз көзқарасын әр түрлі жағдайларға байланысты өзгертуге құқылы.

7. Әр адам қателесуге құқылы.

8. Әр адамның бір нәрсені білмеуге құқылы.

9. Әр адам біреудің қамқорлығынан тәуелсіз болуға құқылы.

10. Әр адам өз еркімен қисыныз шешімдер қабылдауы мүмкін.

11. Әр адам тұспалды түсінбеуге құқысы бар.








Сынып жетекшісіне 20 кеңес

1. Баланың жетістігін байқап, көре беру керек.

2. Жақсы сынып жетекшісі болғың келсе, онда талмай ізден, ешқашан жалықпа.

3. Балаларды бетінен қақпа, ақылмен жол көрсет.

4. Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырыс.

5. Эстетикалық талғамың жоғары болсын, балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдылыққа, жарастыққа, сәнге жетелей біл.

6. Балалардың қателескенінен қорықпа, ол келешекке сабақ болады.

7. Өз уақытыңды да, балалардың уақытын да бағалай біл.

8. Балаларға өз істерінің түпкі нәтижесін көретін істерді тапсыр.

9. Жас боп қалғың келсе, оқушыларының арасында ұзақ жылдар жұмыс істе.

10. Өз жұмысыңды күн көріс қамы деп ұқпа, жұмыс орныңды өзіңді дүниенің патшасындай сезін.

11. Баланың ісіндегі әрбір қайшылықты көре біл, кейде байқамаған бол.

12. Үнемі кінәліні іздеп, нақақтай берме.

13. Неғұрлым әділ болсаң, соғұрлым мәртебелі боласың.

14. Оқушыға жұмыс тапсырсаң, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтыра біл.

15. Өзің оңаша жұмыс істеме, барлық уақытта балалармен кеңесіп отыр.

16. Ашулансаң, ашуың ұзаққа созылмасын. Тез ұмытуға тырыс.

17. Мектеп – қоғам – отбасы – осы 3 ұғымның беріктігін сақта.

18. Мұғалім – оқушы – ата-ана арасындағы жақындастықты үзбе, керісінше нығайта тыс

19. Баланың тағдырына ойланып қара

20. Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу – таң қалудан басталады.

 






















Психологтың жоғары сынып оқушыларына ҰБТ алдындағы кеңестері


  • Сабақтар үшін орын дайындаңыз: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті  құрал – жабдықтарды, кітаптарды, тестерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз;

  • бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді енгізіңіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің де бейнесі жарасады;

  • сабақтардың жоспарын құрастырыңыз. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз – «үкі», әлде «бозторғайсыз». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдаланыңыз. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптарды оқимын» деп нақты біліп, анықтау керек;

  • ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан бастаңыз. Бірақ, егер сізге өте қиын болса, сізге жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдардан бастауға болады;

  • сабақты оқу мен демалуды реттеңіз: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;

  • берілген пәндер бойынша өте көп тестер орындаңыз. Өйткені осындай жаттығулар сіздерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;

  • секундомерді қолыңызға ұстап, жаттығыңыз. Тестерді қанша уақытта жасағаныңызды есептеңіз;

  • «Тапсырманы орындай алмаймын» , - деп ешқашан ойламаңыз.

  • ең қиын сұрақтарды қайталау үшін ҰБТ алдында түнді емес, бір күнді қалдырыңыз.






















Психологтың жоғары сынып оқушыларын ҰБТ алдында дайындау жөнінде

ата – аналарға ұсынылатын кеңестер


Балаларыңызға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

ҰБТ алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;

үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;

балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

балаңызды ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, ҰБТ-ге барар алдында оған сағатты беріңіз;

балаңызды мадақтап, оның өз - өзіне деген сенімін жоғарлатыңыз;

балаңыздың  дайындалуының күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;

балаңыздың ішетін тағамдарына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;

ҰБТ алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар,өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;

ҰБТ кейін балаңызды сынға алмаңыз және оған ашу байқатпаңыз;

есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ мен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.

 
















Психологтың жоғары сынып оқушыларын ҰБТ алдында дайындау жөнінде ұстаздарға ұсынылатын кеңестер

 

ҰБТ-ді жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар:

жоғары сынып оқушыларына дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

  • жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз.

  • пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз;

  • тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуін үйретіңіздер;

  • жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарлатыңыз;

  • ҰБТ алдында жоғары сынып оқушыларына қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін;

  • тестілеу алдында және одан кейін жоғары сынып оқушыларына ашу байқатпаңыз;

  • есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – жоғары сынып оқушыларында ҰБТ байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.























Тақырыбы: «Ұлттық біріңғай тестілеу»


Мақсаты: Мектеп бітірушілердің ҰБТ ерекшеліктерімен таныстыру.


Кіріспе

Жаттығу «Ассоциациялар»

Оқушыларға нұсқау беріледі «Ассоциациялар- бұл бір сөз естіген, бір нәрсені көрген бойда келетін ойлар. Сіздің алдыңыздағы қатысушы айтқан сөзге ассоциациялар табуыңыз қажет. Көп ойланудың қажеті жоқ, ойыңа келгенін айту керек». Мысалы: тестілеу.


Психолог: Жақын арада сіздердің сабақтарың аяқталып, емтихан тапсырасыздар. Емтиханды Ұлттық біріңғай тестілеу арқылы тапсырасыз. ҰБТ туралы не білгілерің келеді?


Мағлұмат беру

  • ҰБТ- бұл белгілі пәндер бойынша тапсырылатын ақысыз емтихан. ҰБТ-ның көрсеткіші аттестатқа түседі және ЖОО түсу үшін де есептеледі. ҰБТ- өту кезінде барлық Қазақстан бойынша біріңғай тапсырмалар беріледі, нәтижесі компьютер арқылы тәуелсіз шығарылады. ҰБТ-ның өту барысында тұрақты жұмыскерлік, жұмысты ұйымдастырушылық, зейіннің шоғырлануы, ауысуы, мобильдікті қажет етеді. Тестілеу кезінде қатан тәртіп ережесін сақтауы тиіс!


Диагностикалық жұмыс.

Тест: «ҰБТ –ның өту барысы және ережелері».

1. Емтихан үстінде пайдалануға болмайды...

а) ұялы телефон, пейджер, калькулятор

ә) тест материалдары

б) қара түсті қаламмен

2. Емтиханға алып келу қажет...

а) ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама; жеке басын куәландыратын құжат; қара сиялы қалам;

ә) шпаргалка, кітап

б) персоналды компьютер

3.Емтихан кезінде тәртіп бұзған оқушы...

а) бұрышқа тұрады

ә) емтиханнан шығарылады

б) айып пұл төлейді

4. Емтихан кезінде аудиториядан шығу үшін кімнен рұқсат сұрау керек ?

а) кезекшіден

ә) досыңнан

б) мектеп директордан

5. Қате жібермеу үшін алдымен жауаптарды...

а) алақанға жазып алу керек

ә) жауап парағының артына

б) сұрақ кітапшасының ішіне белгілеуге болады

6. Емтихан кезінде сұрақ туындаса...

а) қол көтеру керек

ә) шапалақтау керек

б) ысқыру керек

7. Жауап парағын немен толтырады?

а) қара түсті қаламмен

ә) қарындашпен

б) қызыл түсті қаламмен

8. Емтихан кезіндегі сенің әрекетің...

а) сөйлесу; орныңан тұру; орныңды ауыстыру;

ә) кезекшінің мұқият тыңдап, берілген ңұсқау бойынша әрекет ету

б) емтихан материалдарымен алмасу; анықтамалық

материалдарды қолдану

9. Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін қай кезге дейін қабылданады ?

а) келесі күнгі сағат 13-ке дейін

ә) жыл бойы

б) бір апта бойы

10. Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беруші өзімен бірге қандай құжаттар алып келу керек ?

а) жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын

ә) РНН, СИК

б) туу туралы куәлік


Пікір алмасу.

ҰБТ-ның жақсы жақтары. ҰБТ -ның маған әкелер көмегі . Дәстүрлі емтихан тапсырудан ҰБТ-ның артықшылығы.


Жаттығу «Менің мақсатым»

Мақсаты: Оқушылардың жетістікке ұмтылысын күшейту.

Нұсқау: «Бірнеше минут тыныштық сақтап ойланып алу қажет. Неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз, нені үйренгіңіз келеді. Өз ойыңызды мимика арқылы қалай жеткізер едіңіз ? Басқа қатысушылар сіздің не туралы айтқыңыз келетінін табуы керек».

Анализ:

-Ең маңызды мақсатты белгілеу қиын болды ма?

-Өз мақсатыңа жету үшін не істеу керек?

-Сіздің мақсатыңыз тым жоғары немесе тым ұсақ емес пе ?


Рефлексия

Қорытындылау. Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады:

-Өзіңізді қалай сезініп отырсыз?

- Не ұнады, не ұнамады?

-Жаңа не білдіңіз?






















Тақырыбы: «Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»


Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету

жолдарымен таныстыру

Қажет материалдар: доп, парақ және қаламдар.


Жаттығу: «Ең қиыны...»

Психолог: Қолына доп тиген кісі «Емтиханда ең қиыны...» -сөйлемін жалғастырып, келесі қатысушыға допты лақтыру керек.


Сауалнама. «Емтиханға дайындық. Стреске қарсы қалай күресуге болады».


Мақсаты: Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты білімдерін анықтау.

1. Қалай ойлайсын, сен стреске бейімсің бе?

2. Стресс туралы оқыдың ба?

3. Стрестің белгілерін білесің бе?

4. Стресс қандай әсер ететінін білесің бе ?

5. Стресті жеңуге көмектесетін жаттығуларды білесің бе?

6. ҰБТ туралы ойлағанда сенде қандай сезім пайда болады?


Психолог: Оқушы емтихан үстінде қатты мазасызданады, уайымдайды, қорқады. Осының бәрі ойын жинақтауға, зейінін шоғырландыруға кедергі келтіреді. Бірақ, бұның бәрін реттеуге болады. Бүгін біздер емтихан үстіндегі стресті жеңуге көмектесетін жаттығулармен танысамыз.

Мазасыздануды төмендетуге арналған бірнеше тәсілдер бар, соның бірі- аутотренинг.



Жаттығу: «Аутотренинг формуласы».

Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеге қойыңыз. «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.

«Менің оң қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.

Қайтадан «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.

Содан кейін «Менің сол қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.

Қайтадан «Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін ! » формуласына ойша қайталаңыз.

Денеңізді қалпына келтіру үшін, жұдырықтарыңды түйіңдер де, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.

Анализ: Жаттығуды орындау қиын болды ма?


Қорытындылау. Рефлексия.

Психолог: Бүгін біз мазасыздануды төмендетуге арналған жаттығудың біреуімен ғана-аутотренингпен таныстық. Келесі сабақта біз басқа да психологиялық жаттығулармен танысамыз.













Тақырыбы: «Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»


Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету

жолдарымен таныстыру (2 сабақ).



Жаттығу : «Мазасыздану және сабырлылық»

Мақсаты: Оқушыларға мазасыздану кезінде өзідерін қалай сезінетініне назарын аудару.

Оқушылар көздерін жұмып отырады да, өздерін қатты мазасызданған, қобалжыған сәттерді естеріне түсіреді. Осы кезде не сезініп отырғандарына көңіл аудару қажет.

Содан кейін өздерін жәйлі сезінген кезін естеріне түсіріп, қандай сезімде болғандарына көңіл бөлу керектігі айтылады.

Жаттығуды орындап болған соң оқушылар оз пікірлерін айтады.

Мағлұмат беру.

Мазасыздану- емтихан кезіндегі жадының, зейіннің нашар болуының басты себебі. Әр адам мазасыздануды басу жолдарын білгені дұрыс. Кейде мазасыздануды төмендету үшін денеңді босансыту да жеткілікті болады. Бұл әдіс релаксация деп аталады. Дененің бұлшықеттерін босансыту немесе тыныс алу арқылы да релаксация жасауға болады.


Диагностикалық жұмыс.

Әдістеме: Реактивті мазасыздануын бағалау.

\Ч. Спилберген, Ю. Ханин\

Мақсаты: Реактивті және тұлғалық мазасыздануын анықтау.

Аты-жөні: Өткізілген күні:

Нұсқау: Төмендегі берілген пайымдауларды мұқият оқып, дәл осы кезде өзіңізді қалай сезініп отырғаныңызды білдіретін, оң жағында берілген санның астын сызыңыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптар болмайды.

А- Жоқ, олай емес; В- мүмкін, солай; С-дұрыс; Д- өте дұрыс;


Пайымдаулар

А

В

С

Д

1

Мен байсалдымын

1

2

3

4

2

Маған еш қауіп төнбейді

1

2

3

4

3

Мен мазасызданып отырмын

1

2

3

4

4

Мен өкініш сезінемін

1

2

3

4

5

Мен өзімді еркін сезінемін

1

2

3

4

6

Менің көнілім жоқ

1

2

3

4

7

Болады деген қиыншылдықтарға мазасызданамын

1

2

3

4

8

Өзімді сергек сезінемін

1

2

3

4

9

Өзіме риза емеспін

1

2

3

4

10

Мен өзіме іштей қанағаттанамын

1

2

3

4

11

Мен өзіме сенімдімін

1

2

3

4

12

Мен мазасызданамын

1

2

3

4

13

Мен орын таппай мазасызданамын

1

2

3

4

14

Мен қатты қобалжып отырмын

1

2

3

4

15

Мен еш толқып отырған жоқпын

1

2

3

4

16

Мен ризамын

1

2

3

4

17

Мен уайымдап отырмын

1

2

3

4

18

Мен қатты қобалжып отырмын

1

2

3

4

19

Мен қуаныштымын

1

2

3

4

20

Маған бәрі ұнайды

1

2

3

4




Әдсітеме: Тұлғалық мазасыздануын бағалау.

\Ч. Спилберген, Ю. Ханин\

Мақсаты: Реактивті және тұлғалық мазасыздануын анықтау.

Аты-жөні: Өткізілген күні:

Нұсқау: Төмендегі берілген пайымдауларды мұқият оқып, әдетте өзіңізді қалай сезініп отырғаныңызды білдіретін, оң жағында берілген санның астын сызыңыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптар болмайды.

А- Жоқ, олай емес; В- мүмкін, солай; С-дұрыс; Д- өте дұрыс;


Пайымдаулар

А

В

С

Д

21

Мен қанағат тұтамын

1

2

3

4

22

Мен әдетте тез шаршаймын

1

2

3

4

23

Мен аяқ асты жылай саламын

1

2

3

4

24

Мен басқалардан бақытты болғым келеді

1

2

3

4

25

Кей уақытта жеделшешім қабылдай алмағандықтан ұтыламын

1

2

3

4

26

Әдетте, мен өзімді сергек сезінемін

1

2

3

4

27

Мен байсалдымын, сабырлымын және жинақымын

1

2

3

4

28

Алда күтіп тұрған қиыншылықтар мені өте мазалайды

1

2

3

4

29

Мен болар-болмас нәрсеге мазасызданамын

1

2

3

4

30

Мен өте бақыттымын

1

2

3

4

31

Не болмасын, бәрін де шын көріп қабылдаймын

1

2

3

4

32

Менің өзіме деген сенімім жеткіліксіз

1

2

3

4

33

Әдетте мен өзімді қауіпсіздік жағдайда сезінемін

1

2

3

4

34

Жанжалды сәттерден, қиын жағдайлардан бойымды аулақ ұстаймын

1

2

3

4

35

Менде сарыуайымшылдық-көңілсіздік болады.

1

2

3

4

36

Мен ризамын

1

2

3

4

37

Кейбір ұсақ-түйек мәселелер көңілді бөліп, толғандырады

1

2

3

4

38

Көңілім қалса, қатты ренжеймін, содан кейін ұзақ уақыт ұмыта алмаймын

1

2

3

4

39

Мен байсалды, біркелкі адаммын

1

2

3

4

40

Өз іс-жұмысымды ойлап, қам жей бастасам, қатты мазасызданамын

1

2

3

4


Кілті:

Реактивті мазасыздану (РМ) және тұлғалық мазасыздану (ТМ) мынадай формуламен есептеледі:

РМ =Е1 - Е2 +35

Е1 – 3,4,6,7,9,12,13,14,17,18;-пайымдауларының суммасы

Е2 -1,2,5,8,10,11,05,16,19,20;- пайымдауларының суммасы

ТМ=Е1 - Е2 +35

Е1 –22,23,24,25,28,29,31,32,34,37,38,40-пайымдауларының суммасы

Е2 -21,26,27,30,33,35,36,39;- пайымдауларының суммасы


Интерпретация.

30-ға дейін –төмен мазасыздану.

31-45-орташа мазасыздану.

46-дан жоғары –жоғары мазасыздану.


Жаттығу : «Бұлшықеттер релаксациясы»

Мақсаты: Бұлшықеттерді босансытуды үйрету.

Нұсқау: «Ыңғайланып отырып, алақандарыңды тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмып отырыңыз. Бар назарыңызды қолдарыңызға аударыңыз. Қолыңның жылуын сезініңіз. Қолдарың жылы, және ауырлағанын сезінсеңіз, денеңіздің босансығанын белгісі».

Анализ: Қандай сезімдер сізде пайда болды ? Нәтижеге жете алдыңыз ба?




Жаттығу : «Тыныс алу релаксациясы»

Мақсаты: Тыныс алу арқылы мазасыздануды төмендетуге үйрету.

Нұсқау: Ыңғайланып отырып, көзді жұмып отыру қажет. 4-ке дейін санап жәймен ауаны ішке сорамыз, демді бірнеше секундқа ұстап тұрып, 4-ке дейін санап шығарамыз.

Анализ: Қиындықтар болдыма ? не сезіндіңіз?


Жаттығу : «Бір заттқа назар аудару»

Мақсаты: Медитация арқылы мазасыздануды төмендетуге үйрету.

Нұсқау: «Бір затты таңдап алып, алдыңа қойып, еш нәрсеге алаңдамай 4 минут бойы назарыңызда ұстау керек »

Анализ: Жаттығуды: орындау қиын болды ма ?

Жаттығуды орындауда не кедергі болды ?


Рефлексия:

Оқушыларға мына сұрақтарға жауап беру сұралады.

-Өздеріңді қалай сезініп отырсыңдар ?

-Мазасыздануды басу үшін пайдалынатын қай жаттығу сен үшін тиімді болды деп есептейсің ?

- Қандай қиындықтар кездесті ?






































Тақырыбы: «Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдері»


Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдерімен оқушыларды таныстыру.


Керекті құралдар: Парақтар, түрлі түсті қарындаштар, күннің суреті.


Жаттығу «Суретті аяқта да жалғастыр».

Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру, топтың белсенділігін арттыру.

Нұсқау: «Бір ақ парақтан және өзіңізге ұнайтын түсті қарындашты таңдап алыңыз.Мен шапалақ соққанда ,өзіңіздің қалауыңыз бойынша, сурет салыңыз. Мен келесі шапалақ соққанда суретіңіз бен қарындашыңызды оң жағыңдағы көршіңе бересіз. Сурет шеңбер бойымен айналып қожайынына келгенше жаттығу жалғасады.

Мүмкін біреу өзінің суретін жалғастырғысы келетін шығар, өзгерткісі келетін шығар. Немесе қайтадан салғысы келетін болар? »

Анализ:

Сізге суретіңіз ұнадыма? Өз ойларыңызбен бөлісіңіз.

Басқа адамның суретін жалғастыру қиын ба?


Мағлұмат беру.

Психолог: Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдерінің бірі босансу. Өткен сабақтарда біз бірнеше жаттығуларды үйрендік. Жүйке күшін түсіру үшін, адамға өз-өзін ұстай білуі көмектеседі.

Жаттығу «Эксперимент»

Мақсаты: Өзін-өзі ұстауға үйрету.

Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үйлестіріледі және мәтінді оқу тапсырмасы беріледі.

Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 қатар үзіндіні оқу керексіз:


ЖОСпарҒАСӘйкесТІІС-шараЛАРАТҚАрылды

ОТансүйГІШТІКкеТӘУЕЛсізДІКтіқұрметТЕУГеөзеЛІНІҢБелсенДІАЗАМатыболУҒАтәрбиеЛЕУМАҚСАтымеНТАНЫМдыҚКОНФЕРЕнцияӨЗДЕңгейІНДЕӨтті

сынЫПЖЕТЕКШілерәРСЫНЫПтатаЛДАПТҮсіндіРУНАСИХАттаужұмЫСТАРынжүРГІЗді

Анализ:

Тапсырманы орындау оңай болды ма?

Тапсырманы тез орындау үшін сізге қандай қасиет көмектесті?

Өз-өзін ұстауды дамыту үшін не істеу керек?


Жаттығу : «Ааааа»

Мақсаты: Тиімді тәсілдермен стресті жеңу.

Нұсқау: «Терең тыныс алыңыз.Өкпеге ауа жинап алып, демді шығарған кезде «Аааааа»-деп әндетіңіз. Ауамен бірге сіздің ішіңізден шаршағаныңыз шығып кеткендей етіп сезініңіз. Ал, ауаны ішке сорған кезде, ауамен бірге қуанышты ойларды да сорып жатқандай сезініңіз ».

Анализ:

Өз сезіміңіз туралы айтып беріңіз.





Жаттығу: «Сілкіп таста».

Мақсаты: Жағымсыз, негативті сезімдерден ойлардан айырылу.

Нұсқау: «Жағымсыз, негативті ойлардан айырылу үшін оңай тәсілмен таныстырғым келеді. Алақандарыңызды, қолдарыңызды, иықтарыңызды сілкіп қағыңыз. Қаққан кезде барлық жаман ойларды, сезімдерді сілкіп түсіріп тастап жатырмын деп ойлаңыз. Содан кейін аяқтарыңызды сілкіңіз. Басыңызды сілкіңіз, бетіңізді сілкіңіз. Барлық жағымсыз ойлардан, сезімдерден айырылдым деп ойлаңыз».

Анализ: Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?


Рефлексия.

Жаттығу «Келесі кездескенше»

Мақсаты: Қорытындылау, қатысушылардан жауап алу.

Нұсқау: «Менің қолымдағы күн төңірегіне шуағын, жылуын, шапағатын шашып тұр. Сіз бір-біріңізге осы күнді сыйлап бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен, сезімдеріңізбен бөлісуге болады. Жылы тілектеріңізді айтуға болады».














































Тақырыбы: «Емтиханды қалай бастан кешіру керек?»


Мақсаты: Өз-өзіне сенімін, емтихан үстіндегі сенімділікті арттыру.

Керекті құралдар: Парақтар, түрлі түсті қарындаштар, қаламдар.


Ойын: «Шапалақ».

Оқушылар, үзіліс жасамай, бірінен соң бірі шапалақтарын соғу керек.


Мағлұмат беру:

Психолог: Емтиханды сәтті тапсыру үшін өз-өзіңе сенімді болу керек. Өз-өзіңе сенімділікті релаксация, аутотренинг арқылы арттыруға болады. Оған қоса сыртқы түрің, өзіңді ұстауың да сай болуы керек.


Диагностикалық жұмыс.

Тест: «Сіз қаншалықты өз-өзіңізге сенімдісіз».

Нұсқау: Төмендегі пайымдаулармен танысып, өзіңіз келісетін жауабын белгілеңіз.

1.Сіздің досыңыз сіз туралы теріс пікір айтқанын білсеңіз, сіз:

а) мәселені шешу үшін ыңғайлы сәтті күтесіз

б)қатынасыңызды үзесіз, кездеспеуге тырысасыз

2. Сіз автобусқа немесе трамвайға кіргенде сізді түйіп кетсе,сіз:

а) айқай шығарасыз

б)үндемей алға қарай өтіп кетесіз

е) бәрінің кіргенін күтіп, соңынан кіресіз

3. Сіздің пікіріңізге қарсы пікір айтса, сіз:

б) оны сендіре алмаймын деп, өз пікіріңізді бүгіп қаласыз

д) өз пікіріңізге оны да, басқаларды да сендіруге тырысасыз

4. Сіз жиналысқа кешігіп келдіңіз. Бірінші қатардағы бір орыннан басқасы бос емес, сіз:

б) есік алдында тұрып өзіңізді кешіккен үшін сөгесіз.

д) еш қиналмастан бос орынға отырасыз

е) басқа орын іздеп ұзақ тұрасыз да, бос орынға отырасыз.

5. Сізді қасыңыздағылар өз пайдасына пайдаланатынына келісесіз бе:

д) жоқ

е) иә

6. Таныс емес адаммен әңгіме бастау сіз үшін қиын ба?

д) жоқ

е) иә

7. Сіз сапасы төмен зат сатып алдыңыз. Сіз оны сатушыға оңай қайтара аласыз ба?

б) жоқ

в) иә

8.Басқа адамдарды сізге қарағанда өзіне сенімді деп айтуға болады ма?

д) жоқ

е) иә

9.Сіздге зияны тиетін жұмысты орындауды талап етеді. Сіз одан оңай бас тарта алсыз ба?

б) жоқ

в) иә

10. Танымал адаммен әңгімелесу мүмкіндігіңіз бар, сіз:

д) мүмкіндікті пайдаланасыз

е) пайдаланбайсыз

11. Бір мекемеге телефон шалуыңыз қажет,сіз:

б) бір сылтау тауып қашқақтайсыз

в) қиналмай телефон шаласыз

е) көп ойланып барып телефон шаласыз

12. Сізді әділетсіз төмен бағалады,Сіз:

б) үнсіз уайымдайсыз

г) оқытушымен баға жөнінде таласасыз

13. Тақырыпты түсінбесеңіз,сіз:

б)ақымақ көрінемін деп, сұрақ қоймайсыз

в)түсіндіріп болған соң бірден сұрақ қоясыз

г) оқытушымен оңаша қалып, сұрағыңызды қоясыз

14. Кинотеатрда қасыңызда отырған кісілер дауыстап әңгіме айтып отыр, сіз:

б)шыдамыңыз тауысылған соң айқай саласыз

в)сөйлемеуді өтінесіз

е)үнсіз шыдайсыз

15. Кезектен тыс, біреу сіздің алдыңыздан кіріп бара жатыр,сіз:

б)үндемей қаласыз

д)ескерту жасайсыз

16. Сізге қатты ұнайтын адаммен оңай сөйлесе аласыз ба?

б)не айтарымды білмей қатты қиналамын

в)оңай

г)басында қиналамын, үйреніп кеткеннен кейін оңай сөйлесіп кетемін

17. Сіз саудаласу білесіз бе?

а) иә

б) жоқ

18. Баяндама оқып тұрғанда сіз қатты қобалжисыз ба?

б) жоқ

д) иә

19. Сізді жақсы істелген жұмыс үшін мақтайды,сіз:

б)не айтарыңызды білмейсіз

д)мақтағаны үшін рахмет айтасыз

е)қатты ұялып, рахмет айтасыз.

20. Жақсы білетін пәніңізден қандай емтихан тапсырар едіңіз:

а) ауызша

б) жазбаша

в) мен үшін еш айырмашылығы жоқ.


Кілті: «а»3 балл, «б»-0 балл, «в»-5 балл, «г»-2 балл, «д»-4 балл, «е»-1 балл.

Интерпретация:

12 балдан төмен -өз-өзіңе тым сенімсіз.

12-32 балл -өз-өзіңе сенімділігі төмен

33-60 балл- өз-өзіңе сенімділігі орташа

61-72 балл- өз-өзіңе сенімділігі жоғары

72 балдан жоғары - өз-өзіңе сенімділігі өте жоғары


Жаттығу «Сенімді және сенімсіз мүсін»

Мақсаты: Сенімділік туралы білімдерін нығайту.

Нұсқау: «Метептің алдына екі мүсін қою керек, деп елестетіп көріңіз. Біреуі «Сенімділік», екіншісі «Сенімсіздік». Біз бүгін мүсіншінің роліне енеміз. Екі топқа бөлініп, бір топ «Сенімділік» мүсінін, екінші топ «Сенімсіздік» мүсінін жасаймыз. 4 минуттан кейін әр топ өз мүсінін көрсету керек. Содан соң «өзіне-өзі сенімді адамды» сипаттап, ватманға жазу керек.


Жаттығу «Менің ресурстарым»

Мақсаты: Емтихан үстінде өзінің сенімділігін арттыратын жеке қасиеттерін ашу.

Нұсқау: «Парақты екіге бөліп, бір жағына «Менің жақсы қасиеттерім»-деп жазыңдар. Осы графаға өздіріңнің мақтанарлық жақсы қасиеттеріңді жазыңдар, тапсырманы орындап болған соң , парақтың екінші жағына «Емтихан үстінде маған тиер көмегі»-деп жазып, әр қасиетіңіз емтихан кезінде саған қалай көмектесетінін жазыңыздар. Тапсырманы орындап болған соң, қалауынша, оқушылар топқа өз жазғандарын таныстыра алады».


Жаттығу: «Қуана еске аламын».

Мақсаты: Оқушылардың өз-өзіне сенімділігі төмен болған жағдайда, өзін сендіруге уйрету.

Нұсқау: «Бұл жаттығуды өзіңе сенімсіз болған жағдайда орындау қажет. Бұрын болған ұқсас жағдайларды есіңізге түсіріп: «Мен одан да қиын жағдайлардың шешімін тапқанмын. Осыны да шеше аламын!»-деп өзіңізді сендіріңіз.


Жаттығу: «Сенімділік бейнесі».

Мақсаты: Өзіне деген сенімін арттыру.

Нұсқау: «Көздеріңді жұмып, сіз үшін сенімділіктің символы қандай екенін ойлаңыз. Енді соны суретке салып беріңіз». Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз суреттерін көрсетіп, қысқаша түсіндіріп беруі сұралады.

Анализ:

-Не оңай болды, неден қиналдыңдар ?

-Осы символ сізге қалай көқмектеседі ?


Оқушылар айта алмаса, осы символды қиын жағдайда еске түсіріп, өзіңе деген сенімділігіңді арттыруға болатынына ойларын жеткізу керек.


Рефлексия:

«Мен үшін сенімділік...» сөйлемді жалғастыру сұралады.

Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.

  • Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

  • Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.

  • Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз

  • Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.

  • Емтихан үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.

Емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз !


  • Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.

  • Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңнын сапасына әсер етпеу керек.Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.

  • Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласын.

  • Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.

  • Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.

  • Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңна мүмкіндік.

  • Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрысжауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір екі жауаптан дұрысын табу жеңілрек болады.

  • Уақыт алып қал! Уақытыңнын 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, Қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.

  • Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.

  • Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.

  • Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.



«Өзіңнің эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»

тақырыбы бойынша қысқа-дәріс

Мақсаты: Эмоцияларды басқаруды үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Жағымсыз эмоциялардан қалай босаңсуға болады?

Сені түсінетін және саған жаны ашитын достардың ортасында ойыңды айтып теріс эмоциялардан босаңсуға болады. Егер сен жалғыз болсаң, онда өзіңнің ашуыңды жастықты соғып немесе құрғақ болса да орамалыңды бұрап,сығу арқылы төмендетуге болады. Ашу энергиясының көп бөлігі негізінен иықтың бұлшық еттерінде, қолдың жоғарғы бөлімдерінде және саусақтарында жиналады. Әр түрлі спонтанды дыбыстарды шығар – күш салу тамағыңда «тығылып тұруы» мүмкін. Қандай да бір спорт түрімен айналысу толық жағымсыз эмоциялардан босаңсуға көмектеседі. Сондықтан да нағыз спортсмендерде дене және де жан-рухының денсаулығы зор болады.

Табиғат адамға жағымды әсер етеді. Ең қиын жағдайда да табиғаттың кереметтілігіне қызығу арқылы, судың ағынына қарағанда, ормандағы дыбыстар мен иістерді сезініп, естігенде адамның көңілінің жайлануы мен жұмысқа қабілеттілігін ең қиын жағдайларда да нормаға келтіруге болады.

Стресс кезінде: 3-4қысқа тыныс шығарып,соншама рет тыныс алу керек. Терең тыныс алған кезде миға баратын импульстердің ағыны бөлінеді-стресс күйінде бұл өте маңызды.

Табиғат, күлкі мен жылау сияқты, біздің миға шамадан тыс психикалық күштің түсуінен қорғаныс ретінде тамаша тәсіл берді.

Күлкі нерв жүйесінің өзгеше бір қорғанысы болып табылады. Күлкіні қысқа тыныс шығару сериясы ретінде қарастыруға болады. Бұл қысқа тыныс шығару қауіпті импульстердің ағынын бөлшектейді. Осы жаттығуда жылау мен күлудің дәрілік қасиеттері бірігеді.

Ал қазір эмоционалды күш салуды төмендету үшін келесі жаттығуларды орындаймыз.

1. Бас бармағыңды алақаныңа салып, саусақтарыңды жинап, жұмырдығыңды қыс,асықпай ақырын тынысыңды шығарып, жұмырдығыңды одан да қатты қысып,содан соң қысымын төмендетіп, тыныс алыңдар.(5рет қайталаңдар). Бұл жаттығуды көздеріңді жұмып орындасаңдар тиімділігі екі есе өседі.

2. Екі грек жаңғағын алып, әр алақаныңда кезегімен айналдыр.

3. Кішкентай бөбек саусағыңның ұшын сипап, уқала.

4. Жаңғақты кішкене бөбек саусағыңа жақындатып, алақаныңа орналастыр, басқа қолдың алақанымен 3 минут бойы жаңғақты айналдыр.


«Бұзылған телефон»


Мақсаты: эмоционалды күш салуды төмендету, зейінді дамыту, көңіл күйді көтеру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: «Аспан мен жер» белгілері бойынша екі топқа бөліну қажет. Бір-біріңнің соңынан тұрыңдар. Ең соңында кім тұрады, сол бидің бір элементін көрсетеді. Екіншісі соны есте сақтайды да, алдыңда тұрған адамның иығынан итеріп, оған сол бидің элементін көрсетеді. Осылай ең соңғы тұрған адамға дейін жетеді. Кейін салыстырамыз, ойының басында қандай элемент болды, соңында не шықты. Соңында тұрған адам алдына тұрады да, ойын жалғасады.

Талдау:

Өзіңіздің көңіл-күйіңізбен бөлісіңіздер.

Бидың элементін ойлап шығару мен көрсетілген элементті қайталау қиын болды ма? Ойынның маңызы неде?


«Кіші топтарда пікірталас»


Мақсаты: теориялық мәліметті толығымен ұғыну.

Уақыты: 25 минут.

Қажетті құралдар: ватман қағазы 4 дана, фломастерлер.

Нұсқау: Сіздерге 4 кіші топқа бөліну қажет. Ол үшін мен әрқайсыңның құлағыңа бір сөз айтам, ол эмоциялар түріне байланысты. Сіздің міндетіңіз: сіздің сөзіңізбен бірдей сөз айтылған адамдарды сөзсіз басқа тәсілмен тауып алу қажет. Кейін әр топ өзінің сөзіне байланысты пантомима көрсетеді.

Сөздер: Таң қалу, қорқыныш, рахат, қуаныш.

Ал енді 4 топ құрастырып, хатшыны, спикерді, таймерді және топ өкілін таңдаңдар. Қазір мен пікір алмасуға арналған сұрақтарды таратамын. Жұмысқа 2 минут беріледі.

Бірінші топқа тапсырма: қорқыныш сезімін қалай жеңуге болады?

Екінші топқа тапсырма: Сөйлемді аяқтаңдар: «Сәтті болады, егер...» және «Сәтсіздік кездеседі, қашан...»

Үшінші топқа тапсырма: Өз эмоцияларыңды қалай жеңіп шығуға болады?

Ал енді әр топтың спикерлері топтық талқылау туралы пікір таласты жеткізіңдер.


Жаттығу: «Сілкіп таста»

Мақсаты: Жағымсыз, негативті сезімдерден ойлардан айырылу.

Нұсқау: «Жағымсыз, негативті ойлардан айырылу үшін оңай тәсілмен таныстырғым келеді. Алақандарыңызды, қолдарыңызды, иықтарыңызды сілкіп қағыңыз. Қаққан кезде барлық жаман ойларды, сезімдерді сілкіп түсіріп тастап жатырмын деп ойлаңыз. Содан кейін аяқтарыңызды сілкіңіз. Басыңызды сілкіңіз, бетіңізді сілкіңіз. Барлық жағымсыз ойлардан, сезімдерден айырылдым деп ойлаңыз».

Анализ: Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?

«Емтихандарда кездескенше!»


Мақсаты: тренинг сабақтар туралы қатысушылардың пікірлерін тыңдау.

Уақыты: 5 минут.

Қажетті құралдар: жанып тұрған майшам.

Нұсқау: Менің қолымда жанып тұрған майшам бар. Менің сіздерге тілейтінім, сіздердің қолыңызда бәрі әрқашан жанып, лауласын, барлығы ойдағыдай шықсын.

Кімнің қолында майшам болса, сол адам бүкіл тренинг барысында өзінің бойында қандай ашылулар пайда болып, жетістіктерге жеткені туралы әңгімелесін.

Талдау:

Бұл күн сіздерге не әкелді?

Жаңадан нені білдіңіз?

Өздеріңіз үшін қандай қорытындылар жасадыңыз?




DrawObject12 «Өз жұлдызыңды тап!» жаттығу


Мақсаты: босаңсу мүмкіндігі, дүниеге сеніммен шаттана қарау, мақсатқа жетуде сенімін арттыру.

Уақыты: 5 минут.

Нұсқау: Енді қоштасатын кез келді. Бірақ бүкіл тренинг бойы бізге жарығын беріп тұрған жұлдыздарымыз бар. Осы жұлдыздар бізбен бүкіл ай бойы болыпты. Қараңызшы, қалай олар жарқырап жанып тұр. Егер жұлдыздар жанса, ол біреу үшін қажет! Олар біздің энергиямызға, мейірімділік пен дүниеге сеніп шаттана қарауымызға, ертеңгі күннің жеңістері мен жетістіктеріне толы.

Енді әрбіреуіңіз өзіңізге жарығын беретін және өмірдің даналық жолына, білімге, сәттілікке, бақытқа, махаббатқа бағыттайтын жұлдызын алады. Егер де қиыншылық кездессе біздің тренингті және жұлдыздарды естеріңе алсаңдар, олар сіздің мәселелеріңізді шешуге және дұрыс жолды таңдауға көмектеседі.


«Гүл» жаттығуы.


Емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз !

  • Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.

  • Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңнын сапасына әсер етпеу керек.Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.

  • Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласын.

  • Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.

  • Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.

  • Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңна мүмкіндік.

  • Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрысжауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір екі жауаптан дұрысын табу жеңілрек болады.

  • Уақыт алып қал! Уақытыңнын 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, Қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.

  • Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.

  • Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.

  • Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.


Емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз !

  • Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.

  • Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңнын сапасына әсер етпеу керек.Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.

  • Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласын.

  • Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.

  • Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.

  • Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңна мүмкіндік.

  • Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрысжауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір екі жауаптан дұрысын табу жеңілрек болады.

  • Уақыт алып қал! Уақытыңнын 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, Қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.

  • Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.

  • Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.

  • Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.







DrawObject13
















DrawObject14









DrawObject15

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1871
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі