Күні: 22.02.2017
ж
«Ертөстік» мектепалды
даярлық тобы
Білім беру
саласы:
Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекет түрі: «Сауат ашу және
жазу»
Сабақтың
тақырыбы: «Ү» дыбысы және
әрпі
Сабақтың
мақсаты:
Балаларды «Ү» дыбысымен және
әрпімен таныстыру
«Ү» дыбысына қатысты сөздерді
тауып, оларды әріптер мен теріп оқыту
Дыбыстық, буындық талдау
жасату.
Айтылуы мен жазылуын
үйрету
Дидактикалық материалдарды
пайдалана отырып балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын
байыту және жазуға үйрету.
Балаларды достыққа,
ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және қамқор жасауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
типі: Топтық
жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: Оқулық, қима әріптер, мазмұнды
суреттер, сызба және ойыншықтар.
ТСО:
слайд «Сиқырлы
әріптер»
Оқыту
әдісі: түсіндіру, көрсету,
сұрақ-жауап, әңгімелесу, сахыналау.
Сөздік
жұмыс: үкі, үй, ұйрек, үтік, үстел,
үйірме, үңгір, үзенгі, үздік баға.
Қостылділік
компонент: үкі-филин, үй-дом, үйрек-утка,
үстел-стол, үңгір- пещера, үзеңгі- уздечко, үйірме-кружок, үздік
баға-отличная оценка.
Сабақ
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі:
Амандасу, балаларды
түгендеу
-
Шаттық
шеңбер:
Үлкенге де сіз, кішігі де
сіз
Баршаңызды құрметтеп бас иеміз
біз.
Өткен сабақты
қайталау
«Ө» дыбысын қайталайық,
алфавитпен жұмыс, «Сөз ойла» дыбыстық
талдау.
Жаңа
сабақ:
-
Жұмбақ
жасыру:
Барлық отбасының тұратын жері
қалай аталады? – үй
Күндіз тіпті ұшпайды, түнде
тышқан ұстайды, көзі шамға ұқсайды? – үкі
Баласын тізіп соңына, сүңгіп
жүзіп үйретті, су жұқпайды тоңына?- үйрек
Адамға қызмет етеді, тоққа
тықса, табаны қызып кетеді?- үтік
Қай дыбыс жиі естілді? –
Ү-ү-ү
-
Суреттерді ашу- жұмбақтардың
шешімін табайық
-
Экранға назар «Сиқырлы әліппе»
видеосынан «Ү» дыбысына суреттерді көреді
-
Дыбыстық
талдау- артикуляция жасау-Ү-ү-ү топпен
айтады
-Бұл қандай дыбыс? Қалай
естіледі?
-Дауысты дыбыс, жіңішке
естіледі.
5.
Тақтамен
жұмыс: «Ү» дыбысын алфавиттен
көрсетеміз
Ауада жазу: үш элементтен
тұрады, қол мен сызып көрсету.
Тақтаға баспа бас, кіші
әріптерін жазып және жазбаша түрін
көрсету.
6.Дәптермен
жұмыс: 7 бетті ашу, «Ү» әріпінің кіші
және бас әрпін жазу
7.
Сергіту
сәті: Үз-үз-үз
Суда еркін жүз (2
рет)
8.
Сабақтың
қонағы: Балалар бүгін бізге үкі мен
үйрек келді. Екеуі де құс тобына жатады. Үкі өте ақылды құс, сендер
туралы ол көп білгісі келеді. Сендер ол туралы не білесіңдер? Үйрек
суды мекендейтін құс. Ол туралы не
білесіңдер?
9. Балалар суретке қарап үкі
мен үйрек туралы мағлұмат береді 6 бала әр
топтан.
10.
Топтық
жұмыс: «Сөз ойла» үлестірмелі
карточкалар әр топқа таратылады. Балалар «Ү» дыбысына сөз
құрастырып жазады. Болған топтың басшысы құраған сөздерді дауыстап
оқиды.
11.
Балаларға постер таратылады дайын
суреттермен, сол берілген суреттердің «Ү» дыбысы бар суреттерді
белгілеу керек. Болған топ постерлерімен тақтаға шығып, «Ү»
дыбысынан бар суреттерді атап береді.
Тақтада үйрек, үкі, үтік,
үстел сөзідеріне дыбыстық талдау
жасайды.
12. «Ормандағы
кездесу» -
сахыналау
Балалар бізге жеткенше дейін
үкі мен үйрек өзара кездесіпті. Араларында қандай оқиға болғаның
білейікші.
Үйрек- Дюсекенова
Кәусар
Үкі- Қуатов
Нұрасыл
13. «Вен»
диаграммасы арқылы «Ұ» мен «Ү» дыбыстарын
өзара салыстырамыз:
Сөзкестесін
оқиды:
Ұш әріп
Үш
Ұр д\ты
Үр
Бұр буын
Бүр
Құн
Күн
Балалардың жаңа материалды
меңгергенін тексеру кезеңі:
-Бүгін біз қандай әріппен
таныстық?
-«Ү» дыбысын алфавиттен кім
көрсетеді?
-Ол қандай дыбыс, қандай
текшемен белгіленеді?
Бекіту:
Бүгінгі өтілген сабақ сендерге
ұнады ма?
Кімге ұнаса «Өте» жақсы деген
лебіздеріңді үш рет шапалақ соғумен
білдіріңдер.
Сабаққа барлық бала жақсы
қатысты. Рахмет!