400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Сауат ашу

Күні:

Сынып: 1 «ә»

№68-сабақ

Мектеп: №73 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Алданазарова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері





Сабақтың ортасы

8 минут



«Ұ» дыбысы және әрпімен таныстырылады. «Ұ»-ның дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілері көрсетіледі. Таңбасы көрсетіледі.

Ұлу сөзіне дыбыстық талдау жасату.

№1 Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжа.

Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалауды ұйымдастырамын. Суреттегі «ұршық», «ұшақ», «ұста», «мұғалім», «ұстаз» сөздеріне назар аудартып, бұл сөздерде қай дыбыс жаңа екенін анықтатамын.

Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжату. Оқушыларға атаға «ұста», әжеге «ұршық», әкеге «ұшақ» суреттері сәйкес екенін табпқызамын. Бұл сөздерде қай дыбыс жаңа екені аңғартылады.

Суреттерді өзара байланыстырып сөйлем құрастыруына ықпал етіледі.

№2 Оқылым

Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу жұмыстарын жүргізу.

Ұр ұн ұт ұш ұста ұршық ұнтақ ұтқыр ұшақ ұсақ құлын құрақ ұран құмыра Нұрлан құлан құлақ Ұлан құмырсқа Ақнұр


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Аяқталуы

16 минут

№3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы.

Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

«Менің анам» мәтінін оқуда сөзден басқа сызба да басшылыққа алынады:

Мынау – менің анам. Оның аты – Нұрша. Ол – ұстаз. Анам – ұстамды кісі, немесе т.б.

Оқушылардың Ұұ әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданылады.


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

«Ұ» дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.

Сөздердің мағы-насын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.

Сызба және сөздермен мәтін оқу білігін бағалау.

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі