Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ү дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ү дыбысы мен әрпі"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ү дыбысы және әріпі»
Мақсаты:Балаларды Ү дыбысыментаныстыру, аталғандыбысқасөзойлатуарқылысөздікқорларынбайыту. Сұрақтарғажауап беру арқылыойлауқабілеттерінарттыру.Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой - қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.
Әдісі: сергіту сәті, әліппе әні, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Слайд, карточкалар.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу қызметімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,»- дейік үлкенге:
"Сәлеметсіздер ме, апайлар!"
(Балалар қонақтармен амандасады).
- Қане, барлығымыз орнымызға отырайық. 


1)
Балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз ерекше болмақ. Күндегі оқу қызметімізден ерекшелігі сіздер бүгін сайысқа түсесіздер. Ол үшін үш топқа бөлініп отырмыз.
І топ: «Дауыссыз дыбыстар» (Көк текшемен белгіленеді)
ІІ топ: «Дауысты дыбыстар» (Қызыл түспен белгіленеді)

III топ: «Әріптер тобы»


2. Олай болса бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін берілген тапсымаларға дұрыс жауап берген топқа ұпайлар беріліп отырады.
Дұрыс жауап берген топқа жұлдызшалар беріліп отырады. Оқу қызметіміздің аяғында көреміз, кімде көп жұлдызшалар болса сол топ жеңеді.

Ал енді балалар, өткен әріптерді қайталап алайық, қанекей слайдқа назар аударайық.



Әріптер слайды

Жарайсындар балалар сендер әріптерді өте жақсы біледі екенсіндер.

Балалар өткен әріптерді жақсы білетінімізді көрсеттік, ал енді балалар жұмбақ шешу арқылы оқу қызметіміздің тақырыбын анықтайық.

-жұмбақ шеше аламыз ба?

Жұмбақ жасыру

Баласын ертіп соңынан,

Сүңгіп жүзіп үйретті.

Су жұқпайтын тонына

Кім білмейді ....? үйректі

Мысық құлақты,
Бүркіт тұяқты. (Үкі)

Төртқарныбар,
Біраузы бар. (Үй)

Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киiмдердiң қыртысын,
Бередi тез жазып. (Үтік)

Ал енді балалар осы уйрек, үкі, үй, үтік сөздерінің басында қандай әріп естіп тұрсындар

Балалар: - Ү әріпі

-Дұрыс балалар Ү дыбысы

(слайдта Ү ү дыбысы көрсетіледі)

Бүгінгі тақырыбымыз Ү әрпі мен дыбысы.

Қане, бәріміз Ү дыбысын хормен айтайық! Ү Ү Ү

*Ү созылып айтылады, жіңішке айтылады, сондықтан ол дауысты дыбыс болады, ал дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? (Қызыл текшемен)

Ү дыбысы кедергісіз айтылады

*Ү дыбысынан басталатын сөздер айтайық: Үкі, үтік, үйрек, үй, үш

* Ал енді,осы сөздерді буынға бөлейік. Ү-кі,Ү-тік, Үй-рек

Үкі, деген сөз неше буыннан тұрады

Үтік деген сөз неше буыннан тұрады

Үйрек деген сөз неше буыннан тұрады

Үй деген сөз неше буыннан тұрады

Үш деген сөз неше буыннан тұрады

Текшемен жазу:

Қанекей балалар Үкі деген сөзді текшемен тақтада жазайық. Ал қалған балалар орында жазамыз. Осы сөзге талдай жасау.

Ал енді балалар біз сергіп алайық. Сергіту сәті:

Дыбысты анықта ойыны

Ү дыбысынан басталатын сөзді айтқанда қолдарымен шапалақтайсындар, Қ дыбысынан басталатын сөзді айтқанда аяқпен топырлатасындар.

-сендерге ойын ұнады ма? Барлығың қателеспей дыбыстарды анықтадындар.

Ү әрпі үлкен баспа түрі, ү әрпі кішкентай баспа түрі. Ал енді балалар Ү әрпі туралы бейнежазба әліппені тындайық.

Бейнежазба-Әліппе

Бейнежазба сендерге ұнады ма? Қандай әріп туралы айтылды?

Енді осы Ү әрпін пайдаланып біз алдымыздағы кеспе әріптерден сөз құрайық.

Дауыссыздар тобы Үкі деген сөзін жазады

Дауыстылар тобы Үй деген сөзін жазады

Әріптер тобы Үш деген сөзді жазады

Ү әрпін жақсы білесіңдер

Ендеше сендермен тағы бір ойын ойнап жиберейік

Үстелдін үстінде көптеген заттар жатыр, сол заттын ішінен Ү дыбысынан басталатын затты тауып, сөйлем құрау қажет.

Балалар сендерге ойын ұнады ма?

Бугінгі оқу қызметімізде қандай әріппен таныстық?

  • Ү дыбысымен

  • Ү дыбысы қандай дыбыс?

  • Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгіледік?

  • Сендер бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатыстындар, сендерге осындай жұлдызша берем, мектепке барғанда осындай жұлдызшаларды көп алындар.














 
















































Қорытынды сабақ

Күні: 25.04.2017ж

Тәрбиеші: Курмангожина К.К.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Ү дыбысы мен әрпі»

5 «Наурыз» тобы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12