жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ү дыбысы мен әрпі
|
Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
4-бөлім: Бізді қоршаған әлем Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Үдыбысы мен әрпін таниды, ажырата алады Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, дүниетану сабағы |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , слайд, видео таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут |
Қайырлы таң достарым! Қайырлы күн болсын! Сәрсенбінің күні Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз Жұлдызшалар болсын! |
Шаттық шебері |
|
|
Сабақтың ортасы 12 минут |
Топ ережесін еске түсіру
Балалар біз сендермен жаңа бөлім бастағанбыз. Бөліміміз «Бізді қоршаған әлем яғни, мен және табиғат» деп аталады. Табиғат- ол анамыз, Шырын Табиғатқа баламыз. Құшағында ойнаймыз, Шаттық әнге саламыз. Жазда аралап тауын да, Ерсұлтан Барамыз біз бауына. Өзеніне шомылып, Жүгіреміз жауында. Табиғат-сұлу мекенім, Айзере Өзіңді пана етемін. Саяңда өсіп ер жетіп, Биікке самғап жетемін Өткенді қайталау, сұрақ-жауап - Дыбыс деген не? - Әріп дегеніміз не? - Дыбыс нешеге бөлінеді? - Дауысты дыбыстарды немен белгілейді? - Дауыссыз дыбыстарды немен белгілейді? Жұмбақ жасыру
Бірінші қандай дыбыс
естіліп тұр? Гүлде бар. Жапырақсыз тұр жұтап. Нөлде жоқ, ойлан, қара дұрыстап Күлде бар (ү) Қайсы әріпке тұр ұқсап (ү)
Ендеше, бүгінгі танысатынымыз «Ү дыбысы мен әрпі»
Үү дыбысының
дыбысталуы Оқулықпен жұмыс.Тыңдалым. 69 бетті ашамыз -Мен атам мен әжеме кім боламын? Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз. «Немере» сөзі. Осы сөзде неше е дыбысы бар? Олар сөздің қай жерінде кездесіп тұр? Қарамен жазылған сөздерді бірнеше оқушыға оқыту Балалар, біз табиғат туралы айтып жатырмыз. Табиғаттың өзгеріп отыруы неге байланысты?
Төрт мезгілді атау Жыл мезгілдерінің тапсырмалары бар екен. Ең бірінші қыс мезгілі келген екен. Неге деп ойлайсыңдар?Себебі, қазір бізде қыс мезгілі Қыс мезгілі туралы оқушылардан сұрау Қыс туралы тақпақ айту Кіріп келді қыс айы, Еркежан Көп күттік біз бұл айды. Қыста жауар аппақ қар, Ұшар шанада балалар. Аспан аппақ жер тайғақ, Жауар тағы қар аппақ Қыстың тапсырмасы. Жазылым Дәптермен жұмыс
Ү
ү дыбысының жазылуымен
таныстыру Оқушылардың дұрыс жазуын қадағалау . |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
|
Сергіту сәті 1 минут |
Ән: Қазақстан |
Сергіту сәтіне арналған видео |
|
|
Қызықты тапсырма 8 минут Аяқталуы 16 минут |
Өте жақсы балалар, келесі қыстан кейін қай мезгіл? Көктем мезгілі туралы не білеміз? Көктем туралы тақпақ айту Көктем келсе табиғат құлпырады, Інжу Жүректерге ғажайып сыр тұнады Гүлге толып айнала күн жарқырап Жанарларда қуаныш нұр тұрады. Көктемнің тапсырмасы. Келесі бізде жаз мезгілі. Жаз мезгілінің қандай ерекшелігі бар? Жаз туралы тақпақ айту Жаз келіп жадырап, Нұртуған Балалар ойнайды. Далада асыр сап, Ойынға тоймайды. Көк шығып айнала, Құлпырып гүлдермен, Жер жүзі жайнайды, Құстар кеп сайрайды. Жаздың тапсырмасы. Топтық жұмыс. «Адасқан әріптер» Топ бойынша кеспе әріптерден сөз құрап, ақ бетке жазып, сол сөзге дыбыстық талдау жасау. Әр топ бір-бірін бағалайды Келесі мезгіл күз мезгілі. Күз туралы не айтамыз, неге күзді алтын күз деп жатамыз? Күз туралы тақпақ айту Көктен көзін бір алмай, Тимур Қызғылт тартты кәрі құз... Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары
күз... Әр топқа суреттер беріледі, сол суреттегі сөзде ү дыбысының тұрған орнын анықтау, сол сөзге сөйлем құрастыру және сол зат жанды немесе жансыз табиғат екенін ажыратуы керек. Қорытынды. Бүгін қай әріппен таныстық? Әр топқа бір-бір сұрақтан қойылады.
Табиғат туралы видео көрсету. Дәйек сөз. «Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» Табиғатты қалай қорғауымыз керек? Оқушылар жауабын тыңдау |
Оқулық, дәптерлер. |
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия Оқушылар «Ақылды үкі» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. |
Ақылды үкі |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Рефлексия. Оқушылар стикерге өз есімдерін жазып, тиісті көңі-күйге жабыстырады. |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген