Материалдар / "Ү дыбысы мен əрпі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ү дыбысы мен əрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2020
663
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ: Табиғат – менің өз үйім.

Ү дыбысы мен əрпі

Мектеп: әл-Фарабий мектеп лицейі

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Егизбай А.М.

СЫНЫП: 0 «А» мектепалды даярлық

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу

        2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы)

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нəтиже

  • Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады.

Ү дыбысы – жіңішке, дауысты дыбыс. Ү дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ү дыбысының орнын ажыратады.Ұйқас сөздерді табады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып, суретті мазмұндайды.

Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы ү дыбысының орнын ажыратады. Ү

дыбысына сөз ойлайды.

Ү дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Дауысты дыбыстардың санын анықтайды.Жазу жолына ү əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Сюжетті суреттен таныс ақпаратты табады. Тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ү дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

Ү дыбысының бейнесіне ұқсатып жасайды.

Ү əрпін жазып, қолдарын жаттықтырады.

Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Үркітпе, абай бол, атпа сөздерін пайдаланып, сурет бойынша əңгімеле.

Баланың қолындағы айыр ағаш қандай əріпке ұқсайды? Ормандағы дыбыстарды ажыратып, ненің дыбысы екенін атайды.

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құрады.

Балалар бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.

Мына сұлу əлемде Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сəулесін төгеді.

Балаларға əртүрлі дыбыстар тыңдап, ненің дыбысына ұқсайтынын табады. Дыбыстарды балалар ым-иширамен қайталайды







Үнтаспа.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Үркітпе, абай бол, атпа сөздерін пайдаланып,

сурет бойынша əңгімелейді.

Сурет желісімен педагог балаларға сұрақ қояды.

Сұраққа жауап беріп, əңгімелейді.

Баланың қолындағы айыр ағашы неге

ұқсайды?

Балалар өз ойларын айтады.

2-тапсырма. Ормандағы дауыстарды ажырат.

Дыбыстарды ым-ишара мен бейнелеп, дауыс

ырғағымен айтады.

«Түк-түк!», «Ү-ү-ү!», «Əуп-əуп-əуп!», «Қар-қар-

қар!», «Тырау-тырау!». «Бақ-бақ!», «Барқ-барқ!»

Балалар суреттегі жануарлардың суретіне қарай

отырып, ненің дауысы екенін табады.

Ү дыбысы естілген жануардың атын қайталап,

сөздерді буынға бөледі.

Ү – жіңішке, дауысты дыбыс. Ү дыбысын айтқанда еріндер құбырға ұқсап, ұшы сүйірленіп алға созылады.

(Ұ) Сергіту сəті.


Əліппе-дəптер.







Жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспа.


Ү əрпі жазылған плакат.


3-тапсырма

Педагог айыр ағаштың, ағаш бұтағының суретін тақтада ілулі тұрған Ү əрпінің бейнесіне ұқсатады.

4-тапсырма. Ермексаздан ү əрпін мүсіндеп жасайды.

5-тапсырма. Ү дыбысынан басталатын сөздерге мысалдар келтіреді жəне таяқшалардан ү əрпін құрастырады жəне ү əрпін қолдарымен бейнелейді. Ү дыбысы кездесетін сөздер құрап айтады. Мысалы: үкі, үтік, үстел т.б.

Ү əрпінің баспа түрін жазады.

Əліппе-дəптер.

Суреттер.


Ермексаз.


Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.


28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды.

Балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қатынасуын талқылайды.

(Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау. Балалар өз

білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе-дəптер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!