«ҰБТ
-
ға психологиялық қолдау»
комплекс
– тренингтер
Қарағанды
облысы, «О.Әлібаев атындағы ЖОББМ» КММ
психологі
Истигулова Индира Кантарбаевна
Мақсаты:
Бірыңғай мемлекеттік емтиханға
дайындық кезеңіне оқушылардың
қабылдауын жетілдіру, шаршағандарын
басу, көңіл – күйлерін реттеу, стреске
қарсы тұруын арттыру, сенімділікті
қалыптастыру, өзін - өзі бақылау дағдыларын
дамыту.
Міндеттер:
Оқушылардың
стреске қарсы тұруын арттыру.
Сенімділікті
қалыптастыру.
Көңіл
–
күйлерін реттеу.
Өзін
- өзі бақылау дағдыларын дамыту.
Қажетті
құралдар:
ватман, түрлі бейнелеу құралдары, түсті
қағаздар, әуендер.
«Ассоциация»
жаттығу – тренинг
Мақсаты:
оқушылардың қабылдауын жетілдіру,
шаршағандарын басу, сөздік қорын молайту,
көңіл – күйлерін реттеу.
Нұсқау:
оқушыларға түрлі пішіндегі бірнеше
заттар көрсетіледі, олар сол заттың
аттарын айтпай, теңеу арқылы суреттейді.
Мысалы: доп – жер шары, глобус, дөңгелек,
қарбыз т.б. Рамка – теледидар, төртбұрыш,
есік, стенд т.б. Осылайша тренинг
жалғасып, оқушылардың ойлары тыңдалады.
«Автопортрет»
жаттығуы
Мақсаты:
ішкі
қарама – қайшылық сезімдерін ыдырату,
сенімділікті нығайта түсу, жағымды
көңіл – күй қалыптастыру.
Нұсқау:
Оқушыларға А4 парақ таратылады. Өздерінің
автопортретін суретін салу ұсынылады.
Талқылау:
Өздеріңнің
суретін салу қиындық тудырды ма?
Сезімдерің
қандай? Қандай әсер алдыңыздар?
«Энергизатор
- импульс» тренинг
Мақсаты:
ұжымдық бірлікке тәрбиелеу, көңіл –
күйді реттеу, шаршағанды басу.
Нұсқау:
оқушылар екі топқа бөлініп, қарама қарсы
бағытта команда құрып тұрады, олардың
қолдары арқа жағына бір – бірімен
айқастырылып байланады. Алдыңғы – шеткі
ойыншының тек бір қолдары ғана босатылады.
Тренингті бастаушы ортаға келіп, екі
топты жалғастырып, қол ұстасады. Екі
топ бір – бірлеріне білдірмей, қолдарын
қысу арқылы импульс жібереді және осы
шартты орындап болған кезде мәре
сызыңындағы затты үлгеріп алулары тиіс.
Тренинг осылай жалғасады.
«Келісу
керек» жаттығуы
Мақсаты:
тренингке қатысушылардың көңіл – күйін
көтеру,есте сақтауды жетілдіру, зейінді
болуға баулу, ұжымдық бірлікті, қарым
– қатынасты жетілдіру.
Нұсқау:
Қатысушыларға
қарапайым ойын ойнау керек екендігі
айтылады. 10 – ға дейін бір – бірлеп
санау керек.
Қалай?
Санай аламыз ба? Ендеше, оны топ болып
орындаймыз. Кез – келген қатысушының
біреуі бір дегенде, оған қосылмай
екіншіміз екі дейміз. Сандарды
қайталамауымыз қажет. Егер қайталайтын
болсақ, онда ойын бұзылады. Қайтадан
бастаймыз. Жаңылмай бірге санайық.
«Қос
жұлдыз» тренинг
Мақсаты:
ҰБТ алдындағы қобалжуды жою, сенімділікті
қалыптастыру, көңіл – күйді көтеру.
Нұсқау:
тренингке қатысушылар екі – екіден
бөлініп алады, олар арқаларымен
беттестіріліп тұрғызылады. Беттестірілген
қатысушылар өздерінің білетін әндерін
бір – біріне қарамай айта берулері
тиіс. Ойын кезекпе – кезек ойнатылады.
Қай қатысушы өзінің әнін жаңылмай айтып
шықса, сол жеңіске жетеді. Ал, өзге әнге
қосылған ойыншы ұтылған болып есептеледі.
Рефлексия:
«Достар» әні және «Достық тілек»
тренинг соңында оқушылар бірге ән
оындайды және өздерінің ыстық тілектерін
өзара жолдайды.