400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұбт - уақыт талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата –ана, оқушы, ұстазбен бірлескен сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰБТ уақыт талабы( ата –ана,оқушы,ұстазбен бірлескен сыныптан тыс шара)

Мақсаты: ҰБТ - ға психологиялық қолдау, ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру. : мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз - өзін тану аймағын кеңейту, кез - келген кедергіден шыға білу мақсатында жүргізіледі
Қатысушылар: 11 - сынып оқушылары, мұғалімдер және ата - аналар
Көрнекілігі: ақ парақ, қаламсап, интерактивті тақта, «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат, жапсырма қағаздар.
«Адам баласының құндылығы – оның білімінде һәм ойлана білуінде»(Жүсіп Баласағұни).

Адам баласы өмірінде талай сынақ тапсырады. Әр жас кезеңнің, әр даму шақтың өзіне тән ауыртпалығы болатын тіршіліктегі сынақтан ешкім құтыла алмайды. Топтың алдына шығып, сәби шақта алғаш рет тақпақ айту да – сынақ. Үйге келген қонақты күтіп, разы етіп шығарып салу да – сынақ.
Тренинг «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.
Талдау: – Кімде бірдей, бір - бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?
- Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары
пайда болды?

Бәрімізде мақсат бір
- Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата – аналарымыз,қоғамдағы орнымыз, қызметіміз,оқу үлгеріміміз,мінез құлқымыз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал ата аналарға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы – бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар – ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету.Әр ата ана баласының ҰБТ дан жоғары ұпай жинап,жақсы мамандық алғанын,білім грантын иеленгенін,қоғамда орны бар азамат болғанын қалайды. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.
1 – тапсырма:
Әр топқа сұрақтар таратылып беріледі. Сол сұрақтар бойынша ұстаздар мен оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Проблема; 1 - топқа тапсырма: (оқушылар)

ҰБТ кезіндегі іс - әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтары.
Кеңес; 2 - топқа тапсырма: (мұғалімдер)

ҰБТ кезінде қалай мақсатқа жетуге болады болады?.
Топтық жұмыс;

I топ.Бір бүркіт мысалы.Қорытынды.

II топ.Саз балшық мысалы. Қорытынды.

III топ.Кешегі өзіңізден үстем болыңыз. Қорытынды.
2. I топ. «Шынымды айтқанда» ойыны:
Аяқталмаған сөйлемдер карточкасы.
Ережесі: Сіздердің алдарыңызда карточкалар тұр. Қазір біртіндеп шығып бір карточкадан аласыздар. Карточкадағы аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек. Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.
Талдау:
Осы ойын сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?
II топ.Топтық жоба «Мен үшін ҰБТ…»
ҰБТ - ның қиындықтары мен жетістіктері, оның маңызы оқушылар көзімен айтылып, жоба қорғалады.
Қорытынды: Ұлттық бірыңғай тесті /ҰБТ/ – заман талабы бола тұра, ол оқушыларға оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі. Ендеше сол мүмкіндікті жібермеу әркімнің өз қолында. Өз білімі мен еңбегіне сенген адам ғана өз өмірінің қожасы бола алады.
Қорытынды: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Өз еңбектеріңіз бен білім жолында төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай еңбектене отырып, ҰБТ - да жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін, сәттілік тілеймін!
Енді ҰБТ тапсырудағы мақсат белгілі бір мамандыққа қол жеткізу,білім грантын жеңіп алу.

Мамандық дегеніміз не?Кластер құрастыру.

 Енді 3 топ бірнеше сұраққа жауап берейік

1.Жаксы маман иесі болу үшін не қажет?

2.Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы қандай болу қажет деп ойлайсың?

3.Мамандық таңдауға қандай факторлар әсер етеді?

қазіргі заманның табысты және көп балалар таңдай бермейтін мамандықтарды атап өтейік.

Аниматор- суретке жан бітіруші.

Мультипликатор -мультифильмдерді және арнайы телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.

Декоратор -түрлі мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші.

Интерьер дизайнер- кеңседегі жиаздарды талғаммен орналастыра білетін маман.



Бейінді пәндер

Мамандықтар саны

1

Математика + физика

52

2

Математика + география

18

3

Тарих+ география

7

4

Биология + химия

22

5

Биология + география

12

6

Шет тілі + тарих

11

7

Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих

7

8

География + шет тілі

4

9

Химия + физика

5

10

Тарих + Адам. Қоғам. Құқық

4

11

Шығармашылық емтихан

33

Барлығы

175

Сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру


. «Бос микрофон»
Әр топ, қандай әсер алғандарын, жылы лебіздерін білдіру.
Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.
Қөңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет
ҰБТ - ны жақсы тапсырып, жолдарыңыз әрқашанда ашық болсын

Кері байланыс

Рефлексия

Аяқталмаған сөйлемдер

1. Мен бүгін ___________________________________білдім.

2. Маған ______________________________ қызықты болды.

3. Маған___________________________________қиын болды.

4. Мені ________________________________таң қалдырды.

5. Бұл сабақ менің өміріме -----------------------------_______________________берді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2019
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі