Тақырыбы: Сенімділік бізге
күш береді
Мақсаты:Қорытынды сынаққа дайындық
кезіндегі қорқыныш пен іштей қинаған
сезімдерден құтылуға ,стратегия мен өзін-өзі
тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысын
қалыптастыру , сенімділігін
арттыруын жүзеге асыру.
Міндеті:-сенімді мінез-құлық дағдысын
қалыптастыру;
-эмоция, ерік – жігерін
дамыту;
-өзінің қылықтарына
жауапкершілігін сезінуге көмектесу, өзіндік талдау
жасау;
-конструктивтік өзара
әрекеттестік дағдыларына үйрену;
Нәтиже:
Қорытынды сынаққа дайындық
кезіндегі қорқыныш пен іштей қинаған
сезімдерден құтылады ,стратегия мен өзін-өзі
тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысы қалыптасады
, сенімділігін
артады.
Түрі:психопрофилактикалық
Барысы: І.Ұйымдастыру
сәті
-
«Қар қиыршықтары»
тренингі
Нұсқау: Бәріміз қолымызға қағазды алып
ортасынан бүктейміз.Оның оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз.Тағы
да бүктейміз,оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз.Тағы да ортасынан
бүктеп,оң жақ жоғары бұрышын жыртамыз. Осылайша мүмкіндігінше
жалғастыра береміз.Енді өзіміздің әдемі қар
қиыршы-
ғын ашып
қараймыз.
Талдау:Кімде бірдей,бір-бірінен
аумайтын қар қиындысы шықты?Таптыңыздар ма? Жоқ.Себебі неде деп
ойлайсыздар?
-Не себептен бәрімізде ақ
қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршық-тары пайда
болды?
-Себебі,бәріміз бірдей әрекет
жасағанмен,ол бізде әр түрлі шықты.Өйткені біз әр- түрлі
адамдармыз.Әр қайсысымыз бөлек тұлға, ойлауы, дүние таным,
көзқарасы- бәрі әртүрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымыздың
себебі – ол ҰБТ,одан жақсы жетістікке
жету.
(Қолдарындағы
салфеткалардың түсіне қарай топқа бөлу)Тақырыпты,мақсатты
хабарлау
2. Психолог кеңесі
(бейнеролик)
ҰБТ-ға дайындалудың тиімді
жолдары
- Күн тәртібі мен жұмыс орнын
қалай ұйымдастырамыз?
- Жұмыс орны өте ыңғайлы және
тыныш болуы керек.
- Тестке дайындалатын үстел
үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы
болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті
арттырады.
Күн
тәртібі:
* күнді үш бөлікке
бөл;
* Тестке күніне 8-сағат
дайындық;
* Спортпен айналысуға таза
ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға
8-сағат;
* 8-сағаттан кем
ұйықтама;
* 2-сағат тестке дайындалып,
30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене
еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру
керек.
Тамақтану:
Күніне 3-4 рет витаминге толы
тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты,
етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл
тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін
арттырады.
3.
«Біз өзімізге
сенімдіміз!»
Мақсаты: өзара түсінік және
топ мүшелерінің креативтілігін дамыту.
Нұсқау: Үш топқа бөлінген
оқушылар «Біз өзімізге сенімдіміз!» атты тақырыпта қалай сенімді
болуы керек екндігі жайлы бейнелеп көрсетулері керек және осы
бейнеленген суретті қорғап шығулары керек. Жұмыс істеу барысында
топтағы белсенділігі төмен оқушыны анықтап жасыл түсті дөңгелекті
орындық артына білдіртпей жабсырып, сурет салынып аяқталғаннан
кейін жасыл түсті дөңгелек кімнің орындығында болса сол өз орнында
қалады және басқа топ мүшелері басқа топтармен ауысады. Орнында
қалған топ мүшесі салынған суретті қорғап шығуы
керек.
«Ақ тілек асыл жүректен» тілек
тілеп стакандағы суды құлатып алмай бірлікте көтеру
керекпіз.
4.«Менің
мақсатым»
Адам алдына қалай мақсат
қояды?
Түрткі –
қажеттілік-мақсат-міндеттер-әрекеттер –іс-әрекеттер-мақсатқа
жету
Ендеше біз өз мақсаттарымызды
парақ бетіне түсіріп көрейік.
АТЫ
ЖӨНІ
«Жүректен-жүрекке»
Күн сайын биіктеген әр
сатымыз,
Біздің бір тілегіміз
мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын
аспанымыз,
Біліммен шыға берсін жақсы
атымыз
Құрметті мектеп түлектері
алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен
барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут,
бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы
бақытты боламыз.
Бір - бірінің қолдарыңды ұстап
жоғары көтеріңіздер, біркелкі хор дауыспен «Біз сынаққа сеніммен
барамыз!» деп айқайлаңыздар!
6.«Музыка
терапия»
Музыка майталмандарының
шығармасын бір ән салып, бойларымыздағы сенімсіздік пен қорқынышты
ойымыздан алысқа лақтырып тастайық.
Ақ жол саған жас
түлек!
«ҰБТ –да жетістікке
жетейік» әні ( «Бір дәуірдің түлегіміз»
әуенімен)
Арман,мақсат бір болған соң
тілегіміз,
ҰБТ деп бірге соққан
жүрегіміз.
Білім болған бастау алар
тірегіміз,
Әннен шашу
шашайық.
Қайырмасы:
Болашаққа қанат қаққан
түлегіміз,
Орындалсын үміт толы
тілегіміз.
Бәріміз де
дайым
Көрмей
қайғы-уайым,
ҰБТ-дан жетістікке
жетейік.
Жанымызға сенімділік
серік болсын,
Бірлігіміз әрқашанда берік
болсын.
Басымызға бақыт құсы келіп
қонсын,
Асулардан
асайық
Қорытынды: Тақтада ілулі
тұрған смайлкилерге өз көңіл күйлеріне байланысты бүгінгі сабақтан
алған әсерлері туралы ойларын стикерлер арқылы жазып
жабыстырады.
НОВЫЙ ОРТА
МЕКТЕБІ
«Сенімділік бізге күш
береді!»
ДАЙЫНДАҒАН: Даулыбаева
Ғ.С
2017
жыл