Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҰБТ- ге кеңестер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БӘРІ СЕНІҢ ҚОЛЫҢДА
Қажетті құрал жабдықтар: Ақ парақтар, қаламсап,
интерактивті тақта, жаңғақтар, банка, әр түрлі көлемдегі шарлар,
«Мен ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаштың суреті салынған плакат,
үнтаспа, майшам.
Барысы:
Бүгінгі тренингіміздің сәтті өтуіне тілектеспін, қазір ережелер
қабылдайық:
*Біз-бірімізді тыңдаймыз сөз бөлмейміз
*Көрсетілген қол ережесіне сай топтан біреу ғана сөйлейді
*Берілген тақырыптан ауытқымаймыз
*Уақыттық шекараны сақтаймыз.
* Басқаның да пікірін сыйлай білеміз
1. жаттығу. Шаттық шеңбер «Кім..?»
Оқушылар шеңберде тұрады. Жүргізуші «Кімнің аты А-дан басталады?»,
«Кім жанұясында бірінші бала?», «Кім жасыл түсті ұнатады?», «Кім
осы мектепте 1 сыныптан бастап оқып жүр?», «Кім ҰБТ-дан
қорықпайды?» деген сұрақтар қояды, оқушылар өздеріне қатысты болса,
алдыға шығып, өзгелермен орын ауыстырады.
2. жаттығу. «Баспалдақ»
Қандай қорқыныштарың, үрейлерің бар алдыңғы өмірлеріңде?
Алдарыңдағы келе жатқан ҰБТ-ға деген үрейлерің, қорқыныштарың бар
деп ойлаймын, сол үрейді кезең-кезеңдерге бөлейік, яғни қай
уақыттарда қорқыныштарың артып кетеді. Алдарыңдағы қағазда 7 сатылы
баспалдақтың суреті жатыр, сендер әр сатыға осы бүгінгі күннен
бастап үрейлі мезеттерді елестетіп, белгілеп жазыңдар, мысалы
алдыда 3 ай уақыт қалды, яғни 3 ай бұрын деп бастауға болады, 1 ай
қалғанда, 1 апта қалғанда , 1 күн қалғанда, 1 сағат қалғанда деген
сияқты өздерің жазып көріңдер. Өз қорқыныштарыңды белгілей
алдыңдар, енді сол қорқыныштардың өткінші екенін, оны жеңе білуге
болатынын көрейік.
3. жаттығу .«Сенімділік» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке
үйрету.
Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен
теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп бірінші
бөлікке жағымды қасиеттерін,екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін
жазу керек те,ортасынан қырқылып алынады.Жағымды қасиеттерін өзінде
қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.
Сергіту сәті
4. жаттығу«Бәрі сенің қолыңда» Ерте заманда бір керемет білімді
ұстаз болыпты, оның білмейтіні жоқ екен, сол кісінің бір оқушысы
ұстазын тексеру үшін, бір сұрақ қойыпты. Бір алақанына көбелек
жасырып ұстап, екі қолына артына тығып, ұстазынан «Менің қолымда
өлі көбелек пе, әлде тірі көбелек пе?» деп сұрапты, сонда ұстазы:
«Бәрі сенің қолыңда» деп салмақты ғана үнмен жауап беріпті.
- Сендер осы әңгімеде не ұқтыңдар? «Бәрі сенің қолыңда» деген сөз
нені білдіреді? Сендерге қатысы бар ма осы сөздердің?
5. жаттығу. Релаксация «Мен жолым болғышпын»
Жайлы әуен ойнап тұрады, балалар көздерін жұмып отырады, жүргізуші
келесі сөздерді айтады: «Көздеріңді жұмыңдар, көз алдарыңа
аспандағы «Мен жолы болғыш адаммын» деген жазуды елестетіңдер, осы
сөздер қандай әріптермен жазылған екен, егер жазу ұғынықсыз,
бозарып, анық болмай тұрса, үлкен әдемі әріптермен қайтадан жазып
көріңдер, осы жерде «Мен жолы болғыш адаммын» деген өз дауыстарыңды
естуге тырысыңдар, қандай сенімді, анық, әдемі айтылған сөздер. Өз
жолы болғыштығыңның иісін сезініңдер, сен және сенің жетістігің
біртұтас екеніңді сезініңдер, енді көздеріңді жайлап ашыңдар»
Не сезіндіңдер?
6. жаттығу. Тілек- сандықшасы.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға -деп М.Шаханов жырлағандай Әр
шәкірттің жүрегінде «Үлкен арман-тілегі бар». Сол тілектеріңізді
алдарыңыздағы парақшаларға жазып ,құпия түрде «Тілек –сандықшасына»
саламыз. Осы сандықшаны сынып жетекшісіне тапсырамыз, ол
ата-аналарыңа осы тілектеріңді жеткізеді.
7 . жаттығу. Рефлексия «Майшам»
Менің қолымда майшам, сендердің оттарыңда сөнбесін әрдайым жанып
тұрсын деп тілеймін, мен сендерге ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңды
тілеймін, мына майшаммен өз сыныптастарыңа жылы лебіздеріңді
білдіріп, табыс пен жетістік тілеңдер.
8.Марапаттау:
* Көзгетүскен балаларды жеке марапаттау:
«АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТА АЛДЫН АЛУ» ТРЕНИНГ
Жүргізуші:
-Балалар қалай ойлайсыңдар, сахнаға шыққан әрбір өнер жұлдызының
өнеріне тәнті болған көрермендер оған қошемет көрсеткенде , ол
қандай сезімге бөленеді екен? Өздерің де осындай сезімге
бөленгілерің келе ме? Ендеше барлықтарыңды ортаға шеңбер бойына
шақырамын. Қазір сағат тілінің бағыты бойынша менің қасымдағы
көршім бас иеді, ал қалғанымыз оның атын атап, бірдей ду қол
шапалақ ұрамыз, яғни барлығымыз оған қошемет көрсетеміз.
Талдау: Қандай әсерде болдыңдар?
2. жаттығу Бәтеңкедегі тас.
Мақсаты: Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын
үйрету.
Жүргізуші:
-Ортаға кез-келген белсенді 3 қатысушыны шақырамын.Қазір сендер аяқ
киімдеріңді шешіп, ішіне мына ұсақ тастарды салып, аяқ-киімдеріңді
қайта киіңдер. Енді ары-бері жүріп көріңдер.Тағы да үздіксіз жүре
береміз.
Талдау: Не сезіндіңдер?
Сендерге не кедергі болды?
Оқушыларға жаттығу барысын түйіндеу: Көпшілігіміз басымызға түскен
қиын сәттерде, қатты уайымдап, мазамыз кетеді, бойымызды жағымсыз
эмоциялар, яғни өздерің жаңа ғана түйсінгендей кедергілер билеп
алады.Бұл сезімді біз жеңу үшін ең алдымен бойымызға адамгершілік
рухани құндылықтарды дарыта білуіміз керек. Өмір болғаннан кейін ол
бізге бақыт пен байлық бере бермейді, алдағы уақытта өмірге
шыңдалсын деп, не болмаса сабақ болсын деген ниетпен қиын сәттерді
де береді екен. Сондықтан өз өмірлеріңдегі болған қуанышты сәттерді
қанағат тұта біліңдер.
3.жаттығу Өміріңнің бақытты сәттері
Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды
эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.
Жүргізуші:
- Осы уақытқа дейін, яғни өткен шақта өздеріңді өте жақсы сезінген,
не өздеріңді сол сәтте бақытты сезінген 2 не 3 сәтті есімізге
түсіруге тырысып көрейікші.Бұл оқиға қандай оқиғалармен, не
жағдайлармен байланысты екенін есіңе түсіріп, сол жағдай туралы
қысқаша жазыңдар.
Талдау:
-Осы оқиғаларды еске түсіру барысында қандай сезімге
бөлендіңдер?
-Жағымды әсер алдыңдар ма?
Қорытынды: Жаттығу барысында бақытты сәттерінің символдары ретінде
кілтті ұғымдар айқындалады.Оның бүгінгі күнгі іс-әрекет ,
көңіл-күйі қарым-қатынас барысында жағымды қалып қалыптастыруда
үлкен маңызы бар
4. жаттығу Өз-өзіңе мақтау сөз
Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.
Нұсқау: Оқушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп
басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған
соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған
қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын
оқып беру.
Талдау: Жаттығу ұнады ма?
5. Жаттығу «Сағат бойынша достар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды
психологиялық ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда
сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына
сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар.
Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.
Күлімсіреңіз
Қолын қысыңыз
Арқасынан қағыңыз
Комплимент айтыңыз
Қол бұлғаңыз
Көзіңізді қысыңыз
Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
Бір тілек айтыңыз
Послать воздушный поцелуй
Массаж жасаңыз
Арқаларыңды сүйкеңдер.
Құшақтаңыз.
6. жаттығу Ауа-райы
Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі
көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.
Жүргізуші:
-Табиғаттағы ауа-райы өздерің білесіңдер, бірқалыпты емес, ол ылғи
да құбылып тұрады. Мысалы, қазір ғана күн шығып тұрса, артынша бұлт
, не жел сияқты құбылыстар болады. Сол сияқты адам баласының да
әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл-күйлері өзгеріп қалуы
мүмкін.Жағдайға байланысты бойды кейде ашу, ыза, өкпе, реніш сияқты
жағымсыз эмоциялар билеп алуы мүмкін.Бұндай жағдайда немесе сол
сәтте адам өзімен- өзі болып қалғысы келеді, яғни оның мазасын
ешкім алмағанын қалайды. Алдарыңдағы карточкаға осындай жағымсыз
көңіл-күйдің бейнесін таңба, не шартты белгі, тіпті болмаса ұран
сөзбен қалай бейнелер едіңдер?
Талдау:
-Кім өз ойымен бөліседі?
-Жаттығуды орындау оңай болды ма?
-Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?
Қорытынды: Өздерің сыныпқа келгенде жағымсыз көңіл күйде болғанда,
осындай әдісті қолдануларыңа болады. Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың
одан әрі ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Ал көңіліміз
жайланғанда оны түсіріп, не алып тастаймыз.
7. жаттығу Үш тілек
Мақсаты: Болашаққа мақсат құра отырып, құнды ойын түйіндеп, талдау
жасауға машықтандыру.
Жүргізуші:
-Балалар, сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Кейде адамның ғажайып
ойлары шындыққа ұласып, орындалады екен.
-Ертегі желісін бір сәт еске ала отырып, теңіз жағасына толқынмен
ілескен көне бөтелке табылды деп ойлаңдар. Бөтелкенің тығыны
нығыздалып жабылған екен. Бөтелкенің құндылығы сонда, сендер
тығынын ашқанда ішінен шыққан сиқыршы сендердің үш тілектеріңді
ғана орындай алатынын айтады.Тілектеріңді ойша талдап, ең негізгі
үшеуін ғана іріктеңдер. Ескертетін жай тілектерің адамның қолынан
келетін, мүмкіндігі бар болуы шарт.
Талдау: Жаттығу барысы саған оңай болды ма, әлде қиындық туғызды
ма?
Қорытынды: Тілектерің орындалатынына мен сенімдімін. Алға қойған
мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер, ол үшін өздеріңнің
тарапынан кішкене талпыныс қажет екенін
ұмытпаңда.
Адам не үшін өмір сүреді?
- Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
------------------------------------------------------------------
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
------------------------------------------------------------------
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында
қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.
«Мен таңдаған өмір...» тренинг - сабақ
Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін
әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын,
қызығушылығын ояту.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы.
4. «Айдар тағу» жаттығуы.
5. «Күлкі «К» витамині» тренингі.
6. Қорытынды.
Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдір;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
- «Мен»принципін ұстану;
- «Мұнда және қазір» болу.
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Әрбір адам - өмірге келген қонақ.
Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана
сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта
болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп
жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып
жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп,
басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды
бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп
жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден
түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау
өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі
ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын
іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне
байланысты екен.
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде
мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін,
тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді
танимыз деп ойлаймын. Тренинг барысында 3 топ қатысады. Әр сыныптан
8 оқушыдан. Ал, қалған қатыспайтын оқушылар көрермен және қатысып
отырған топтарды бағалаушы болып есептеледі. Тренинг соңында осы 3
топ ішінен жоғары белсенділік танытқан топ анықталып,
мадақталады.
2.
«Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Уақыты: 5 минут
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып,
дәлелдеңдер.
(қатысушылар іштей екі топқа бөлінеді).
Адам не үшін өмір сүреді?
- Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу
керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде
өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар.
Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық
танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.
Сұрақтар:
1. Қандай теле сериалдарды білесің?
2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?
3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері.
4. Компьютердің түрлері.
5. Қазіргі өмірде қандай затсыз өмір сүре алмаймын деп
ойлайсың?
4. «Айдар тағу» жаттығуы. Біз сіздерге айдар таққымыз келіп отыр,
яғни өз өнерлеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз. Қазақта «Өнерлі
болсаң, өнерің тасысын» деген сөз бар. Сондай - ақ, қазіргі таңда
жастардың бойынан біздер күтпеген, біздер білмейтін өнер түрлері
кездесіп жатады. Сол сияқты сіздерден де сондай бір біздер
көрмеген, білмейтін өнерлеріңіз болса, ортаға салсаңыздар (Әр сынып
оқушысы өз өнерлерін көрсетеді).
5. «Күлкі «К» витамині» тренингі. Бұл тренингте 3 топ «Мен таңдаған
өмір...» тақырыбында 3 әзілден көрсетеді.
6. Қорытынды. Мен өмірді сүйемін!
Өмір мені қолдайды!
Өмірім өз қолымда! – деген өлең жолымен бүгінгі тренинг - сабақты
аяқтағым келіп отыр. сау болыңыздар!
Тренинг: Өзің таңдаған өмір
Өзің таңдаған өмір
Мақсаты: Жеткіншектердің өзін -өзі тануын қалыптастыру.
Сабақтың негізгі тапсырмалары:
-қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау.
-оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету.
-өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету.
-негативті импульсті шығару,жою.
Керекті заттар: түрлі-түсті карындаш,гуашь, әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейдж таратылады.
Сабақтың барысы: Психологиялық бағыт беру \ жайлы әуен ойнап тұрады.\
-Сәлеметсіздер? Сынып жетекшілер, оқушылар! Қош келіпсіздер бүгінгі тренингімізде.
Әрбір адам -өмірге келген конақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Олай болса , бүгінгі тренингіміз осы өзің таңдаған өмірімізді сыйлы –құрмет кездесуміз әрбіреуіне қызықты әрә қажет болады деген сенімдемін.
Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға,өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.
1.Сергіту –жаттығу «Мейірімді жануар »
Жүргізуші: Балалар , біз сенднрмен топ ұйымдастырып отырмыз.Өзіміздібір бүгін топ ретінде сезігу үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын.Шеңбер жасап бір-біріне иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлардың жүрегі соғады.Екі қадам алға,екі қадам артқа қадымда. Рахмет.
2.Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды»,Себептен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш –бұл ..........
Мен мынадай адамдарға сенбеймін .......
Мен ренжимін, егер .........
Мен ұнатпаймын, егер........
Маған көңілсіз, егер ........
Егер маған дауыс көтерсе , мен .......
Мен қарсыласқанда ......
Егер мен сенімсіз болсам, онда ......
Жүргізуші : Сөйлемді аяқтағанда , сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине , әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік.Ренжіген,нашар көңіл-күй немесе көнілсіздік болған шығар. Бұл сәтте
қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын.Бүгін біз өзімізге сондай қолдау ойлап табамыз.
ІІІ. Коллаж. «Менің таңбам»
Жүргізуші: 15-ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған.Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан.Бұл таңбалардан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін,мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған .Қалқан –қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген.Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіде- өздеріңде жақсы сезінетін жер \отбасы, мектеп ,достарынның ортасы т.б\ Үшіншіде –ең үлкен жетістігім. Төртіншіде-сенімді үш адам.
Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетесіңдер.Бесіншіде -өзің туралы естігің келетін үш сөз.15 минут уақыт беріледі. Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.
Мен жақсы істей аламын |
Өзімді жақсы сезінетін орта |
Ең үлкен жетістігім |
Мен сенетін үш адам |
Өзім туралы естігім келетін үш сөз |
|
|
Жүргізуші: Біз дайындаған таңба өзімізге көмектеседі.Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:
-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсір:
жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсір:
- өз жетістеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатын жұмысты еске түсір;
өз жетістіктерінді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатынының туралы ойлан;
-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда,қапаланған кезде рухында көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.
4.Жаттығу «Әрі қарай не?»
Жүргізуші: Қазір мен сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді
айтуды ұсынамын.Ал,басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?
Бұл сөздерді әрбіреуің айтуларың керек.Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады.Бұл сөзді әрқайсыларың естулерің керек. Рахмет.
Қатысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.
-бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?
-бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды.
-осы айтылған сздерге лайық болу үшін не істеу керек?
Жүргізуші:Шынымен,бұл сөзді өзің туралы естігің келсе,өзіңді түсініп,жұмыс істеуің қажет.Мысалы, денсаулық туралы ойлауға болады.Тағы бір ұсыныс,массаж.Бір –бірінің артыңнан шеңберге тұрыңдар.
Алдында тұрған адамның басына қолыңды жайлап қойып,массаж жаса ,иығын уқала. Енді арқаны шымшып,алақанмен сыйпа.
Мен сендердің жақсы көңіл-күйде екендеріңді көріп тұрмын.Өзойыңмен бөлісу өзіңді жақсы түсінуге көмектеседі.Қолдарыңнан ұстап, ақырын сөйлесіп көріңдер, көздеріңді жұмыңдар, қол ұстасыңдар. Енді естіген дауыстарды тануға тырысыңдар.Көздеріңді ашпай, оң және сол жақтағы
алақанға көңіл бөліңдер.Өз сезімдеріңді түсініп, есте сақтауға тырысыңдар .
Енді көздерің жұмулы қалпында, қолдарыңды жіберіп, тыныс алуға көңіл бөліңдер.Ал, енді денелерінде бір кішкентай өте мейірімді бөлік бар деп елестетіңдер.Ол бөлік өте бақытты. Бұл бөлікті өздерің деп елестетіңдер.
Тағы да қол ұстасыңдар. Бір-бірлерінің сезімдеріңді түсінугетырысыңдар.
Көздеріңді ашыңдар. Рахмет.
5. Рефлексия.
1.Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2.Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3.Қалай ойлайсыңдар,таңба нашар көңіл күйді жеңе білуге, өз күшіне сенімді болуға көмектесе ме?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
4. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»
Жүргізуші: Сендердің таңбаларының екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді.Оны
таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін,бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады.Ұран түрлі –түсті кішкентай таңбалар сыртында орналасқан .Қатысқандарыңа рахмет, барлығына жақсылық тілеймін
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш –бұл ___________________________________
Мен мынадай адамдарға сенбеймін ___________________________
Мен ренжимін, егер _________________________________________
Мен ұнатпаймын, егер_______________________________________
Маған көңілсіз, егер ___________________________________________
Егер маған дауыс көтерсе , мен _______________________________________
Мен қарсыласқанда _______________________________________________
Егер мен сенімсіз болсам, онда ____________________________________
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш –бұл _________________________________________
Мен мынадай адамдарға сенбеймін _________________________________
Мен ренжимін, егер ______________________________________________
Мен ұнатпаймын, егер ___________________________________________
Маған көңілсіз, егер ______________________________________________
Егер маған дауыс көтерсе , мен _____________________________________
Мен қарсыласқанда _______________________________________________
Егер мен сенімсіз болсам, онда _____________________________________
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш –бұл _______________________________________
Мен мынадай адамдарға сенбеймін ________________________________
Мен ренжимін, егер ____________________________________________
Мен ұнатпаймын, егер ___________________________________________
Маған көңілсіз, егер ______________________________________________
Егер маған дауыс көтерсе , мен ____________________________________
Мен қарсыласқанда ______________________________________________
Егер мен сенімсіз болсам, онда _______________________________________
Тақырыбы: Түлектерді ҰБТ-ге психологиялық
тұрғыдан дайындау.
Мақсаты: 11 сынып
оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік
қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен
жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға
дағдыландыру.
Психолог: Сәлеметсіздер ме, түлектер!
Тренингке қош келдіңіздер!
Әрбір адам –өмірге, осынау дүниеге келген
қонақ екенін бәріміз білеміз. Осынау өмірімізді мәнді де, сәнді
өткізуіміз үшін бір-бірімізді сыйлап, ренжітпей, көңілімізге қаяу
салмай жүргенге не жетсін!
Олай болса, бүгінгі тренингіміз, түлектерді
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындауға байланысты болмақ. Ендеше,
барлығымыз бүгінгі тренингімізді сәлемдесуден
бастайық.
Тренинг:
“Сәлемдесу”
Мақсаты: амандасу, топты
ұйымдастыру.
Нұсқау: Үш топқа
бөлінеміз.
Бір топ «европалықтар», екінші топ
«африкандықтар», соңғы топ «жапондықтар» болып бөлінеді.
Европалықтар қол ұстап, жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп,
басын иеді, ал африкандықтар орнында секіріп, «уу» деп
айғайлайды.
Талдау: жаттығу барысында қандай эмоцияларды
сезіндіңіз? Аутотренинг
«Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық
дайындау»
Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту,
комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны
психологиалық күйге келтіру.
Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді
сезініңіздер және бос ұстаңыздар.
Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға
қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат
көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған
дауыстары неткен керемет!Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз!
Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды
байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен
естіледі.Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған
төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді
көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы
қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Ол суреттерде
сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші
қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз
аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен,
шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз
денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап,
аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан
басыңызға дейін. Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана
тұрып, осы бөлмеде ҰБТ-ға байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді,
сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай
есіктен шығып, жауып кетеміз.Сіздер көңілді қайратты,
қажырлысыздар. Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар!
Табанды және қайратты болыңыздар! Мен сіздерді барлық өз
қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде
үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз
мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз.
Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз
көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.! Сіз үлкен
шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы,
орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз. Сіз
ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын,
сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз. Өміріңізге жаңа күштердің
қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі
де болады! Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан...
Ораламыз.Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы
ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде
көзіңізді ашыңыз.
«Интуицияңды тексер»
жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың интуициясының қаншалықты
дамығандығын диогностикалау.
Барысы: Экрандағы ұяшықтардың номерін көрсету
арқылы ондағы жасырылған заттарды табу керек. Әр қатысушыға 1-ден
4-ке дейін сандар жазылған парақшалар таратылып, балалар өздері
дұрыс деп ойлайтын ұяшықтың нөмерін көрсету арқылы интуициясының
қаншалықты дамығандығын тапқан дұрыс жауаптарының көмегімен
анықтаймыз.
Тапсырма: 1) Қалай ойлайсыңдар, жүрек қай
ұяшықта жасырылған?
2) 5-деген баға қай ұяшықта
жасырылған?
2) Сендердің ойларыңызша жұлдызша қай ұяшықта
жасырылған?
4) «Тесттен 125 балл жинады» деген сертификат
қай ұяшықта? Соны тапқан оқушы расында да тесттен жоғарғы балл
жинайды, оған толық сенімді
болыңдар.
Рөлдік ойын:
«Кездесу»
Мақсаты:өзгенің орнында болып, тығырықтан
шығу жолын табуға тырысу.
Барысы: Бұл
ойынға өз еркімен қатысатын маған 3 адам керек. Қалғандары
бақылаушылар болады: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек.
Бірақ олардың бірі- сақау, бірі- соқыр, енді бірі- саңырау.
Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда
қашан бару керектігін түсіндіру керек.
..
Талдау: 1) Рөлді
ойнау барысында өздеріңді қалай
сезіндіңдер?
2) Тығырықтан шығу қиын болды
ма?
Жаттығу: «Мен
хирургпін».
Мақсаты: оқушылардың ой-пікірін ортаға салу,
адамгершілік қасиетін
анықтау.
Әркім өз ойын дәлелдеп айту
керек.
Нұсқау: ауруханада бес емделуші
бар:
1. Алты жасар дарынды
бала;
2. 5 айлық қыз
бала;
3. Көп балалы ана (10 баласы бар жетпіс
жастағы ана);
4. Қаңғыбас;
5.
Құрылысшы.
Осылардың қайсысына операция жасар едіңіз.
Жүрек біреу. Бір адамды ғана құтқару
керек
«Гүлге қонған көбелек»
тренингі
Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта
қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін
қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге
апарып қондыру керек.
Менің болашақтағы
арманым...
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз
қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы
қасиеттерді сезініп, бағалай білуге
үйрету.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген
арман тілектерін, ойларын айту.
«Мен қазір» «Мен
6 айдан кейін»
«Мен 5 жылдан
кейін» «Мен 10 жылдан кейін»
«Әрқашан күн
сөнбесін»
Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды
өзінің мінез-құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету.
Оқушыларға ҰБТ-ге дайындық кезінде қандай көмек көрсету әдістері,
кеңестері туралы кеңес беру.
1. Стресс деген
не?
Стресс- қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс
ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен
айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген
канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс өте
жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз
бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне,
мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше
түрлері байқалады.
2. Стресс үш кезеңнен
тұрады:
1.Үрейлену-жағымсызтітіркендіргіш әсер еткен
сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда
болады;
2.Төзімділік- жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне
беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бүйрек үсті безінің
гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп
кетеді.Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы
жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің
жиырылу қабілеті күшейеді;
3.Әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі
азайып, таусылады, сондықтан психологияда бейімделудің нашарлап
жойылуы пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды
жүдетіп, қайғыға батырады.
3. Стресті жою үшін не істеу
керек?
Біріншіден, стрестік жағдайда адам
ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады.
Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес
береді.
Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы.
Спорт залға бару, жаттығу жасау, билеу, ән салу, бассейн, монша,
қыдыру.
Үшіншіден, үйлесімді өмір, жанұя достарының
қолдауы.
Төртіншіден, психикалық және дене
релаксациясы қажет.
4. Оқушыларға психологиялық кеңес
таратылады.
Құрметті түлектер! ҰБТ-ні өте жақсы нәтижемен
тапсырып, мектептеріңнің мәртебесін асқақтатып азаматтары болыңдар!
Сендерге сәттілік тілеймін! Сау болыңыздар!
Ұлттық Бірыңғай тестілеуге
қатысушы оқушыларға психологиялық кеңес
Дайындаған: М.Әуезов атындағы орта мектеп психологі
Ермекбаева Жұмагүл Ералықызы
Жас достар!
Шындығында, бәрі тәртіптен басталады. Тәртіп бар жерде-табыс бар.
Адамның өзін-өзі бақылауы,әрдайым өзіне –өзі есеп беруі оның өз
қатесін көруіне, оны жоюын ойландырып, итермелейтін болады.
Сондықтан талаппен жасалған жұмыс нәтижелі болады, яғни мәселе
қандай сабақ оқуда емес,қандай көзқараспен оқуда.
«Егер басқалардан көп білгің келсе, басқалардан артығырақ
еңбектен».
«Ештеңеге шағым айтпа, ешкімге қызғана қарама, арыңа қарап аяқ
баспа, адал да жомарт болуға тырыс, өзгелерге көмектесе біл.
Өзіңе-өзің сен, сенім бар жерде үміт бар.Үміт бар жерде болашақ
бар» деген қағиданы басшылыққа алып отыр.Төмендегі ережені есіңе
сақта.
1.Өз тағдырымның қожасы-өзіммін!
2. Өзіме сенемін, себебі өзімді алып шығатын еңбегім мен біліміме
сүйенемін.
3. Өзімді батылдыққа бағыттаймын.
Уақытты босқа өткізбе, дәулетке, баққа қызығушы болма, ол мәңгілік
емес, әрине материалдық қамтамасыз болған да дұрыс шығар, дегенмен,
білім сарқылмас байлық, көкірегіңді нұрландыратын, рухани сарқылмас
қазынаң, ол өмір бойы сенімен мәңгілік бірге болады.
Білім, ғылым үйренбекке талап қылушыларға бірінші білмек керек,
білмей ізденгенмен табылмас.
1. Сабырлы болу;
2. Сөз бен істе әділ болу;
3. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбау;
4. Әр кез өзінің істеген ісіне мұқият есеп беріп отыру;
5. Өзіне қажетті, қабілетің жететін нәрсеге ғана бой ұсыну. «Адам
анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, дәмін татып ескерсе,
дүниедегі жақсы, жаманды ажырата біледі».
«Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: брінші-көкірегі
байлаулы берік болмақ керек, екінші-сол нәрсені естігенде немесе
көргенде үлгі алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап ойланып, көңілге
бекіту керек».
Сәт, сапар!
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысушы оқушыларға психологиялық
кеңес
Дайындаған: М.Әуезов атындағы орта мектеп психологі
Ермекбаева Жұмагүл Ералықызы
Жас достар!
Ұлттың келешегін анықтап беретін және оның бүкіл болмысын ашатын ең
қасиетті, әрі аса қажетті мәселе – БІЛІМ!
Баланың жақсы азамат болып өсуі қазір де білім мен тәрбие саласында
еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың, тіпті қарапайым отбасының да
көкейкесті мәселесі болып отыр.Алдағы ең күрделі мәселе-ҰБТ.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруға және кездейсоқ
жағдайларда өзін-өзі қалыпты ұстауға, психологиялық тұрғыдан
қалыптастыру әр оқушының өз қолында . Алдағы уақытта өзіңді
қалыптастыр:
-біріншіден,емтиханға жетістіктің 10 пайызы психологиялық
дайындыққа байланысты.Сондықтан,ҰБТ-ға арналған кітапшаларды
неғұрлым көбірек сатып алып оқы және де оның мәнін түсінуге тырыс,
соғұрлым ұтымды;
-емтихан кезінде реттілікпен жауап беру шарт емес, бірінші кезекте
жеңіл,оңай,өзің білетін сұрақтарға жауап беруден баста.Өйткені сен
шаршамайсың және уақыттан ұтылмайсың;
-екіншіден,өзіңе қиындық келтіретін күрделі сұрақтарға көш.Бұл
әдістер, сен үшін ұтымды және тиімді;
-өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, өзіңе сен, өзіңді алып шығатын
білімің мен ақылыңа сүйен. Есіңде болсын, дұрыс жауаптар тек
емтихан тапсырған күні ғана белгілі болады. Босқа әуре болып
уақытыңды(алаяқтарға сеніп) өткізіп алма.
Уақыт жақындаған сайын сансыз сұрақтар мазалай бастайды. « ҰБТ-дан
қалай өтемін», «Жоғары оқу орнына түсе аламын ба?»деген сан
сұрақтардан мазасызданып қобалжудан үрей пайда болады.
«Еш нәрседен қорықпаушылық табиғатта жоқ нәрсе». Қорқыныш сезімі
барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар. Бірақ қорқынышты
жеңуге болады. Немен? Жалпы алғанда, мәжбүр ету жолымен, жекелей
алғанда, ішкі және сыртқы әсер ету арқылы мәжбүр ету,яғни өзін-өзі
мәзбүр етеді (ұят,адамгершілік,ар-ождан,парызды сезіну) және сыртқы
мәжбүр ету, яғни қоғамдық мәжбүр ету, (өзінің намысы мен
адамгершілігін ұят сезімі мен масқара болудан сақтай отырып),
қорқынышты жеңуге, міне осылар көмектеседі.Өз еркімен қорқынышты
ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге
болады. «Қорқыныш, үрей, сенімсіз сезімдерінен қалай да тезірек
арылуға әрекет жасау. Егер ескі әдетпен сарыуайымға салынып,
қамығып, көңіл күйіңіз төмендей бастаса:
- Мен тек жеңіс үшін жаралған жанмын;
- Мен бұл өмірде табысты болу үшін ғана өмір сүремін;
- Менің табысқа жетерлік күш-қуатым бар,-деп өз-өзіңе сенсең, қанша
дегенмен, өзіңде ерекше өзгеріс болғандығын байқайсың. Өзіңе-өзің
қайрат бер, жақсылықтан үміттен. Өзіңе сен, сенім бар жерде үміт
бар, үміт бар жерде болашақ бар, соны ұмытпа.
Сәт, сапар!ҰБТ-ға
сеніммен барайық (Тренинг
сабақ)
ҰБТ - ға сеніммен барайық
Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын
қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.
Міндеті:
♦ Өзіндік сенімін болуға баулу.
♦ Өзіндік бағалауын анықтау.
♦ Стресті жеңуге жол көрсету
♦ Оқушыларға ҰБТ - ні сенімді тапсыруға дайындау.
Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ
Құралдар: ҰБТ - ға байланысты салынған плакат, шарлар, ақ қағаз,
қалам, тест парақшасы.
Тренингтің барысы:
Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның
болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана
бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі
додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып
тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр.
Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның
бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес
пе? Бақтарың жансын.
Тренингтің кезеңдері.
I. Психологиялық дайындық, ұйымдастыру
1. «Мен қалаған есім»
Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптастыру, ойынға соңына дейін
белсенді қатысу мақсатында жүргізіледі.
Тренинг ережесі: Ортаға 12 оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.
Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнатады?
1. Ата - анаңның қалай атағаны ұнайды?
2. Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды?
3. Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды?
4. Достарыңның қалай атағаны ұнайды?
Релексация, Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін
сыныптастарыңның өзіңді солай атауын қалайсың ба? Мұғалімдерден
өзіңді солай атауын сұрағың келмей ма? Оқушылар орнына отырады.
ІІ. Ойынды бастау кезеңі
Дембо – Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін
бағалау.
2. «Өзіңді - өзің бағалау» тесті
Түсіндірме: Оқушыларға тест парақшасы беріліп, шкала бойынша
толтыру ұсынылады. Дембо – Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне
сенімділігін бағалау. Кезкелген Адам өз қабілеттілігін,
мүмкіндігін, мінезін т. б. қасиеттерін өзінше бағалайды. Адам
сапасының өсу деңгейі әр түрлі, ол адамзат қоғамында ең төменгі
дәрежеден, ең жоғары нүктеге дейін бағаланады, сендер төмендегі
берілген 7 қасиет бойынша өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық
шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу
деңгейін белгілеңіз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз
және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
1. Денсаулық;
2. Ақыл, қабілет;
3. Мінез;
4. Бақыттылық;
5. Ұқыптылық;
6. Ішкі дүниесі;
7. Сенімділік.
Өз - өзін бағалау деңгейі
Өзін - өзі бағалау деңгейі төмен
Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым төмен бағаламайсыз. Сырт көзге
көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің
мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары
Өзін - өзі бағалау тепе - тең
Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің
бағаңызды жақсы білесіз Өзін - өзі бағалау аса жоғары
Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл
адамдармен қарым – қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
3. «Мен кіммін» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың «Кеше кім»?, «Бүгін кім?», «Ертең кім?»
болатынын түсіндіре отырып, өзінің кімге сәйкестендіретіндігін
анықтау.
Алдыға 12 оқушы шығып шеңбер құрады, бір шетінен бастап өзінің кім
екендігін айтады. Психолог жеткізе алмаған оқушыларға жетелейді,
бәрі айтып біткен соң олардың айтқан сөздеріне қортынды
жасайды.
4. «Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар
үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай
жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол
сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен
кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам
ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды,
осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды
жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың
алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам
мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені
болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген
сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды.
Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын
айтады.
5. жаттығу«Бәрі сенің қолыңда»
Ерте заманда бір керемет білімді ұстаз болыпты, оның білмейтіні жоқ
екен, сол кісінің бір оқушысы ұстазын тексеру үшін, бір сұрақ
қойыпты. Бір алақанына көбелек жасырып ұстап, екі қолына артына
тығып, ұстазынан «Менің қолымда өлі көбелек пе, әлде тірі көбелек
пе?» деп сұрапты, сонда ұстазы: «Бәрі сенің қолыңда» деп салмақты
ғана үнмен жауап беріпті.
- Сендер осы әңгімеде не ұқтыңдар? «Бәрі сенің қолыңда» деген сөз
нені білдіреді? Сендерге қатысы бар ма осы сөздердің?
6. жаттығу. Релаксация «Мен жолым болғышпын»
Жайлы әуен ойнап тұрады, балалар көздерін жұмып отырады, жүргізуші
келесі сөздерді айтады: «Көздеріңді жұмыңдар, көз алдарыңа
аспандағы «Мен жолы болғыш адаммын» деген жазуды елестетіңдер, осы
сөздер қандай әріптермен жазылған екен, егер жазу ұғынықсыз,
бозарып, анық болмай тұрса, үлкен әдемі әріптермен қайтадан жазып
көріңдер, осы жерде «Мен жолы болғыш адаммын» деген өз дауыстарыңды
естуге тырысыңдар, қандай сенімді, анық, әдемі айтылған сөздер. Өз
жолы болғыштығыңның иісін сезініңдер, сен және сенің жетістігің
біртұтас екеніңді сезініңдер, енді көздеріңді жайлап ашыңдар»
Не сезіндіңдер?
7. жаттығу. Тілек- сандықшасы.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға -деп М.Шаханов жырлағандай Әр
шәкірттің жүрегінде «Үлкен арман-тілегі бар». Сол тілектеріңізді
алдарыңыздағы парақшаларға жазып ,құпия түрде «Тілек –сандықшасына»
саламыз. Осы сандықшаны сынып жетекшісіне тапсырамыз, ол
ата-аналарыңа осы тілектеріңді жеткізеді.
8 . жаттығу. Рефлексия «Майшам»
Менің қолымда майшам, сендердің оттарыңда сөнбесін әрдайым жанып
тұрсын деп тілеймін, мен сендерге ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңды
тілеймін, мына майшаммен өз сыныптастарыңа жылы лебіздеріңді
білдіріп, табыс пен жетістік тілеңдер.
ІІІ. Ойынды аяқтау
Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.
Психолог. Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе
сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ - ға дайындығыңа,
психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы
жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске
ұшырамауларыңа тілектеспін.
Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ - ға сеніммен баруға
байланысты, бір біріңе тілек тілеңдер. Шеңбер бойындағы оқушылар
бір шетінен бастап келесіне өз тілегін білдіреді. Барлық оқушының
тілегі бітеді.
Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты
дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды,
ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол
бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір - бірінің
қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ
- ға сеніммен барамыз!» деп
айқайлаңдар.
Жетістікке бағыттау тренингі
Мақсаты: «МЕН» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл- күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қоңдыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.
Жүргізілу уақыты – 1 сағат
Үш бөлімнен тұрады:
1. Танысу, күйзелісін түсіру (жаттығулар – «Есімдер», «Жетістік қаланың тұрғындары»).
2. Жетістікке бағдарлау («Жетістік» қаласындағы жаңбыр, «Жетістік» қаласындағы атомдар мен молекулалар, «Жетістік» қаласындағы пікірталастар, «Жетістік» қаласындағы «Ааааа және Иииии» көңілді жаттығулары.)
3. Қорытынды («Сілкіп тастау» ойыны, «Баспалдақ» ойыны)
І Танысу:
«Есімдер» жатығуы
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.
Уақыты: 5 мин
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер?
(Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)
Кіріспе сөз
«Сәлеметсіз бе! Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, - ашл сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
дай дәстүрдің бірі ол қаланың негізгі алаңында үлкен сағаттардың орналасуы.
«Жетістік қаланың тұрғындары» жаттығу (5 мин.)
Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.
Уақыты: 3 минут
Нұсқау: Біздің «Жетістік» қаламызда да сондай сағат орналасқан. Сол сағаттың қоңырауы соғылғанына байланысты «Жетістік» қаланың қызық дәстүрі бар. Сол дәстүрді орындауға тырысайық.
Қоңырау бір рет соққанда – барлық тұрғындар келесідей амандасады:
- бір-бірінің алақанын сипайды, ал егер қоңырау –
- екі рет соқса – арқалармен бір-бірінің арақаларын сипа бастайды,
- үш рет соғылса тізелерді қосып «тізелермен амандасады».
Жаттығуларды орындаған кезде балалар шашылып, еркін жүреді. Содан кейін – белгі беріледі, жаттығулар аяқталады.
Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?
ҰБТ-ға психологиялық дайындық тренингі
Мақсаты: Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне қажетті оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру.
Әдістер: ойын әдістері, топтық пікірталас.
Міндеттер:
1. Стреске қарсы тұруын арттыру.
2. Сенімділік мінез-құлық дағдысын арттыру.
3. Эмоциялық ерік-сферасын дамыту.
4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру.
5. Ішкі резервтерін тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
Қажетті құралдар: ватман, түрлі бейнелеу құралдары, түсті қағаздар.
1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
Талдау:
Жаттығу сіздерге ұнады ма?
Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?
Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?
Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?
Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?
Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?
2. «Шынын айтсам» жаттығуы.
Мақсаты: қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.
Қажетті құралдар:аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.
Нұсқау:Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.
3. «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.
Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау:Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.
Талдау: Өздеріңнің көңіл күйлеріңмен бөлісіңдер?
Бұл ойын неге бағытталған?
4. «Стресті жеңу үшін не істеу қажет» мини дәріс.
Біріншіден: стресс кезіндеағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Витаминдерді шамадан тыс пайдаланбаған жөн.
Екіншіден:денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден:үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасыңның, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңдар. Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағайларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңдар.
5. «Біздің топтың жүрегі».
Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.
Нұсқау:Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.
6. «Менімен бірге қайтала» жаттығуы.
Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.
Талдау:
Сендердің көңіл-күйлерің қалай?
Кімге өзінің қимылы қайтып келді?
Ол өзгерді ме, әлде сол қалпында қалды ма?
Қай қимыл бірінші болғанын көрсетіңдер?
Қорытынды.
Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары
Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының
басты көрсеткіші. (презентациясымен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту
тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi
мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу
қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу
орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың
қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды
жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм
беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық
ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi
жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ
мамандарды даярлау болып отыр.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң
даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге
дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей
оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби
деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi
ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты
құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ
- ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен
бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының,
меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы
ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық
иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету
үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық
жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл
сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге
барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ - ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар
ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік
дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны
ұсынамыз:
1. Психологиялық
2. Ұймдастырушылық
3. Технологиялық
4. Ақпараттық
Психологиялық дайындауда - оқушылар, ата - аналар және мұғалімдер
көп уақытты талап етеді, сондықтан қазірден бастап жұмыс жасау
керек. 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар
өткізу ( яғни ҰБТ - ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен
таныстыру)
Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ - ке байланысты бұрыш
ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін
қорытындысы)
Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен
байланысты нығайту.
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін
дайындау.
- педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы
- тест жасау теориясын меңгеру
- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану
- оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар
болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын
қалыптастырмау.
Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік
және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен
таныстыру.
«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере
отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу жүйесіне енгізулері
керек.
Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды
меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын
орындауға дағдыландыру. осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ -
ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест
тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға
бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо - техникалық
дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары
қалыптасады.
Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес,
өтілген тақырыптар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып
сынақты алдын - ала өткізу, бірақ ҰБТ - тапсыру кезіндегідей
оқушылардың бойында қобалжу болмау керек.
Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ
- ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру
барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау
дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта
ұстауға үйретеді.
ОМ – гі ҰБТ - ға дайындық сызбасы
ҰБТ - ға психологиялық тұрғыда дайындау
Психологиялық іс – шаралары
Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
- психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық
көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде
көмек көрсету.
- Проблемасы бар балаларды жан - жақты зерттеп, оны туғызған
себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу.
- Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу
үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру.
«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» -
дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру
қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп
алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған
жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар
және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту
керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір
оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық
- еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық
мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік
процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру
жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі -
кешкі 19. 00.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске
сақтауды әлсіретеді.
Еске сақтаудағы маңызды құпия – ЭМОЦИОНАЛДЫ ЕСТЕ САҚТАУ.
Стресті жеңу үшін не істеу қажет.
Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе,
В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану
қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене
шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге
барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет.
Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі
аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының,
жолдастарыңның, жақын - туыстардың көмегі қажет. Психологиялық
тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға
баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата -
аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларын мен
апайларыңа және басқа жақын - туыстарына барып, амандығын білуге
тырысыңыз. Өйткені, олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейрімді
жылы сөзді күтіп отыр.
Ата – аналарға алты кеңес
Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге өшіге түсуі мүмкін. Қайта бойында
дөрекі мінез біткен балаңыздың көзқарасын өзгертіп, өзіңізбен тіл
табысу үшін жылы сөйлесіңіз.
1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін
таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп,
мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаңызды көру керек.
2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген сөзді ешуақытта
ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кешке дейін түк бітірмей
жататының жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс
істесең, біз саған рақмет айтар едік» деген құлаққағыс айтып
қойыңыз
3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды.
Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік жылы сөз айтыңыз.
4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Отбасы
мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген
сөзін ұмытпаңыздар
5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап
бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім
сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол мүлде жақсы қырынан
көрінуі мүмкін.
6. Бар нәрсені жасырып, ұл – қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ
болыңыз
Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын
жалғастырыңыз
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.
3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.
4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге,
дауыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.
6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз
айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз
9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімнен атаңыз.
Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ - ға дайындауда ата - аналарға
кеңес.
1. Балаңыздың ҰБТ - ға барар алдындағы алдын - ала тестілеу кезінде
алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл - кеңес
беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ - ға дайындалатын белгілі бір уақыт,
орны болуына жағдай жасаңыз
3. Балаңыздың көңіл - күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып
отырыңыз
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім
артыңыз
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін
арттыратын жеміс - жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және
қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем
алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз.
Сабырлы болуға баулыңыз.
Менің көңіл – күйім.
Мақсаты:
Жасөспірімге өз өмір салтына көңіл бөлуіне, айналадағылар қалай қарайтынын білуіне мүмкіндік жасау және де мінезімен адамдарға жағымсыздық туындатпайтынын ойлау.
Уақыты:
15 минут.
Әрбір «ия» жауабына 1 балдан беріңіз және жалпы санын шығарыңыз.
1. Мен әрқашанда сөзімде тұрамын және басқалар алдындағы міндеттерді орындаймын.
2. Мен достарыма шын көңілмен көмектесемін, мұны риясыз жасаймын.
3.Мен әділетсіздік көргенде, әдетте ол маған ол жағымсыздық тудырады.
4.Адамдардың дөрекілігі мен тәрбиесіздігі менде ыза сезімін тудырады.
5.Мен кекшіл адам емеспін, басқаларға кек сақтамаймын.
6.Мен жануарларды өте жақсы көремін.
7.Мен қарт адамдарды жасы мен даналығын құрметтеймін.
8.Басқаларға, сонымен бірге өзіме де әділ болуға тырысамын.
9.Мәселемді шешу үшін кезінде өзгелерді ешқашан ұмытпаймын.
10.Сыйлық сыйлауды жақсы көремін, маған адамның қуанғаны ұнайды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Менің көңіл – күйім.
Мақсаты:
Жасөспірімге өз өмір салтына көңіл бөлуіне, айналадағылар қалай қарайтынын білуіне мүмкіндік жасау және де мінезімен адамдарға жағымсыздық туындатпайтынын ойлау.
Уақыты:
15 минут.
Әрбір «ия» жауабына 1 балдан беріңіз және жалпы санын шығарыңыз.
1. Мен әрқашанда сөзімде тұрамын және басқалар алдындағы міндеттерді орындаймын.
2. Мен достарыма шын көңілмен көмектесемін, мұны риясыз жасаймын.
3.Мен әділетсіздік көргенде, әдетте ол маған ол жағымсыздық тудырады.
4.Адамдардың дөрекілігі мен тәрбиесіздігі менде ыза сезімін тудырады.
5.Мен кекшіл адам емеспін, басқаларға кек сақтамаймын.
6.Мен жануарларды өте жақсы көремін.
7.Мен қарт адамдарды жасы мен даналығын құрметтеймін.
8.Басқаларға, сонымен бірге өзіме де әділ болуға тырысамын.
9.Мәселемді шешу үшін кезінде өзгелерді ешқашан ұмытпаймын.
10.Сыйлық сыйлауды жақсы көремін, маған адамның қуанғаны ұнайды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------