400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰБТ-ға байланысты трениг.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-ға сенімділік қалыптастыру мақсатында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

69 жалпы орта білім беретін мектебі

ҰБТ-ға сеніммен барайық (Тренинг сабақ)

11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг.

Өтілу орыны: сынып.

Педагог-психолог: Арыстанова Гулшат Беркинбаевна

Мақсаты: оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.
көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен  қарау, стрестен арылту, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Тренинг барысы:

Психолог: Құрметті оқушылар! Сіздер ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек ойлы азамат азаматшасыздар. Сергек қимылмен, ширақ оймен, адал еңбекпен, үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Шығар асуларың биік,белестерің көп болсын. «Сенде бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтпақшы,өмір жолында кірпіш болып қалана беріңдер!

Тренингтің кезеңдері.

1.«Достық жылы күлуден басталады» жаттығуы.

2.«Шынын айтсам» жаттығуы.

3. «Тілек шоғы» жаттығу.

4.«Күншуақ»

Тақырыбы : «Достық жылы күлуден басталады»

Мақсаты: Жылы қарым-қатынас түзу.

Барысы: Дөңгелене отырғандар бір-бірінің қолдарынан ұстасып,көршісінің жүзіне үндемей қарап,мейрімді де әсем күлкісін сыйлайды,кезекпенен осылай жалғасып кете береді.

«Шынын айтсам» жаттығуы.

Мақсаты: Қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.

Қажетті құралдар:Аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.

Нұсқау:Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.

«Тілек шоғы» жаттығуы.

Мақсаты. Жасалған (айтқан)жақсылық өзіңе оралатынын сезіндіру.

Барысы. Балалар дөңгелене тұрады,әрқайсынның қолдарында гүл.Жүогізуші өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады.Өзгеге не тілесең өзіңе,жақсылық болып қайтады.

Ойынды аяқтау

Тақырыбы: «Күншуақ»

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау,бала өз көңіл-күйін түсініп,оған баға беруге үйрету.

Барысы: Денелеріңді бос ұстап,ыңғайланып отырып,көздеріңді жұмыңдар.Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңздер. Күн жарқырап сәулесін төгіп тұр. Күн шуағының жылуын сезінеміз.Ішімізден арман тілектерімізді айтамыз.
Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.
Психолог. Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ - ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.
Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ - ға сеніммен баруға байланысты, бір біріңе тілек тілеңдер. Шеңбер бойындағы оқушылар бір шетінен бастап келесіне өз тілегін білдіреді.
Барлық оқушының тілегі бітеді.

Психолог. Құрметті мектеп түлектері сздердің алдыңызда үлкен белес, үлкен жауапкершілік пен мықтылық пен төзімділік сәттер күтіп тұр.Шыңдала отырып әр сәттеріңізді бағалай отырып жарқын болашаққа шығатындарыңа сеніммен қараймыз. «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!» деген ұранды қуанышты дауыспен айтамыз. Әр оқушыға ашық аспан, СӘТТІЛІК тілейміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.05.2024
315
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі