Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс тәсілдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім және ғылым министрі
ОҚО. Сарыағаш қаласы. № 135
жалпы орта мектеп
Баяндама.
Тақырыбы:
ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс
тәсілдері
Биология пәнінің мұғалімі:
Бексейтова А.Ж
2017-2018
ж
ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Қазақ халқының келешегі
–бүгінгі мектеп оқушыларында.
Қазіргі заманның негізгі талабы – өмірден өз орнын таңдай алатын,
өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез
бейімделетін ,белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін
көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке
тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.
ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне
сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып
табылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында
оқушылардың қорытынды аттестатталуының бір түрі.Аттестаттауды жақсы
тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп
қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға
оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп
отыру қажет. Қазіргі кезде ҰБТ дайындау мұғалімнің шығармашылығын,
жауапкершілігін, ізденушілігін талап
етеді
ҰБТ өткізудің
қажеттілігі:
– білім беру ұйымдарын
объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың
және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын
тудыруға ынталандыру.
ҰБТ-ның
мақсаты:
ҰБТ- жоғары білім алуға барлық
бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы
тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі
мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі
қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы –
оқытушы.
Мұғалімге қойылатын
талаптар :
- Оқушылардың білім алу
себептерін айқындау,
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру
- Тиімді технологияларды қолдану.
Кемшілігі:
- Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады
- Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай
алмаймыз
- Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады
- Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін
Артықшылығы:
- Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі,
- Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының
қолданылуы,
- Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы
айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы
жағдайдың жасалуы.
Ерекшелігі:
-Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі
-Әділетті,оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін
мұғалім
қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік
белгісін алмайды.
-Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды
-Бағалауы нақты
-Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты)
-Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру
қасиеттеріне тәрбиелейді.
Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай
мақсат қоюға тиіс?
Мақсаттары:
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге
тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын
жоғарылату.
Жылдық жоспар дайындап алу
1.Биология.Биолог ғалымдыр.Ғылым салалары.Қызыл Кітап.Қорықтар
2.Орг.дүние.Тірі табиғат дүниесі.
Вирустар.Бытыранықтар.Саңырауқұлақтар.Өсімдіктер.Жануарлар
3.Цитология негіздері.Жасуша құрылысы мен химялық құрамы
Өсімдік жасушасының құрылысы және ұлпалары.
4.Өсімдік мүшелері.Вегетативті және генеративті мүшелері
ҰБТ нәтижесіне қандай жағдайлар әсер
етеді?
- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Интерактивті технологияларды қолдану,
- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы
емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест
сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке
ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі
кезеңдерден көруге болады.
1-кезең.
Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың
білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын
жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен
танысу.
2-кезең.
Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді
қолдану.
3-кезең. Синтетикалық
(анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа
бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын
оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ
15 ұпайдан төмен алатындар.
Мен 11 «а» сыныбында жұмыс істеймін. Жалпы оқушылардың саны
-5.
Жұмысты неден
бастадым?
Алдын-ала өзім бақылау тест –«Кіріспе тест»
өткіздім.
Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ
нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы , сонымен қатар
әр оқушының жеке ереже дәптері бар.
Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат
қояды.Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс
жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға
болады
Мысалы:
-терминдерді еске түсіру,жаттау;
-анықтамаларын еске түсіріп жазу;
-мысалдар келтіру;
-бірін-бірі тексеру және өзін тексеру.
Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің
мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып
отырады.
Оқушыларға психологиялық көмек:
ҰБТ-мен қорқытуға
болмайды
• Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек
• Алдына мақсат қою
• Қате жібермеуден қорықпау
• Тест тапсыру техникасына үйрету
• Өз уақытын бақылауға үйрету
• Тапсырма қиындықтарын жеңе білу
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау бойынша
жүргізілетін жұмыс түрлері:
1.
11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест
құрастырылады (тақырыптық тесттер жинағы)
2. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест
өткізіледі. Тест тапсырмалары биология бойынша Мемлекеттік білім
беру стандартына сай құрылады.
3.Қате жіберілген сұрақтар, тақырыптар бойынша
қосымша сабақтар өткізіледі.
Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын
талдап түсіндіру:
-сұрақты асықпай, түсіне оқу
-сұраққа қатысты материалды еке түсіру.
Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру
жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік
туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп
отыратын осындай жұмыстар оқушылардың барлық пәндер бойынша
сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.
Қорытындылай келе,мынаны айтқым келеді.Әлемдік тәжірибеде ТМД
елдерінде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ екен.ҰБТ-орта
білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына
түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының
бірі.
ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім
келеді:
1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2.Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі.
3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге
жұртшылықтың көзін жеткізеді.
4..Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары
деңгейге жетуде.
Сондықтан ұстаздар қауымы,қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды
жадымыздан шығармайық.Ел болашағы-білімді жастардың қолында.сол
себепті білімді ұрпақ,жеке тұлға қалыптастыру-біздің ең басты
мақсатымыз болсын!