Мөлдір Қарайдарова Орынбасарқызы педагог-психолог,
«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Ақтау қаласы Мұнайлы ауданы
ҰБТ-ға дайынсыңба, жас түлек?!
Мақсаты: Оқушылардың зейінін анықтау, мамандық таңдауда жол көрсету, өзін-өзі бағалау
деңгейін көтеру.Оқушының ҰБТ-ға дайындығын диагностикалау.
Саламатсыздарма құрметті оқушылар ұстаздар бітіруші түлектер бүгінгі үлкен ауқымды «ҰБТ-ға
дайынсыңба? Жас түлек» атты тренингке қош келдіңіздер!
Мен әуелі өзімді таныстырып өтейін. Қарайдарова Мөлдір Орынбасарқызы осы мектептің педагог
психологымын.Екінші педагог психолог Юсупова Жанар Муханбеталиевна. Сіздермен танысқаныма
өте қуаныштымын. Биылғы жыл сіздер үшін өте ауыр болғанын білемін. Десекте біз алмайтын қамал
жоқ. Мен сіздермен біргемін.Мен сіздерге сенемін.Сіздерге сәттілік тілеймін. Олай болса сіздердің
зейіндеріңізді қалыптастыру мақсатында
Сіздерге «Сіз нұсқаулықпен жүре аласызба?» тақырыбында тест тапсырмамыз бар.
Тестке назар аударуларыңызды сұраймын.Сіздің осы тесті тапсыру үшін
3 минут уақытыңыз бар.
Бұл тапсырманы барынша 3 минут аралығында орындауға тырысыңыз.
Оқушылар не байқадыңыздар мен сіздерге бұл тапсырманы мұқият қарауды тапсырдым.Бұл
тапсырманың соңғы пунктінде тек қана 1 және 2 тапсырманы ғана орында делінген.Бұл
тапсырмадағы мақсатым сіздердің зейіндеріңізді анықтау еді. (балалардың жұмысын айта
кету)Сіздерге кеңес ҰБТ кезінде мұқият қарап толық тапсырманы ең әуелі түсініп оқып
алуларыңызды сұраймын.
2. «Сіз кімсіз?» Тест
1.Биікте ұша білу қабілеті.
2.Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті.
3.Көрінбей қалу қабілеті.
4.Басқа адамдардың,аңдардың,заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті.
5.Басқа адамның ойын оқи алу қабілеті. Осы 5қабілетті таңдайық.
(Таңдағаны бойынша оқу.)
Сіз кімсіз? Тест
Қатысушылар жай адамның бойында кездеспейтін керемет қабілеттердіңбірін таңдауы
ұсынылады.Содан кейін қорытындысы оқылады.
1.Биікте ұша білу қабілеті.
Сізге болған жағдайды сол қалпында қабылдау оңай,іс-әрекетте тәуелсіздікті ұнатасыз.Өз бетіңізбен
шешім қабылдағанды жақсы көресіз,оның ішінде қауіпті шешімді де, сізден жақсы ұшқыш немесе
саясаткер шығады.Әлемді өзгертетін жаһандық жоба туралы ойланыңыз.
2.Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті.
Сізді болған жайттың себептері қатты қызықтырады.Өткен қателіктерден сабақ алып,үйренуді
ұнатасыз.Сізден жақсы сарапшы,тарихшы,жазушы, археолог,ғалым шығуы мүмкін.
3.Көрінбей қалу қабілеті.
Көлеңкеде қалып, айналада не болып жатқанын білуге құмарсыз.Проблеманың түбірін тауып,мән-
жайдың себебін анықтауды жөн көресіз.Басқалар тіпті ойламаған істің шешімін табуға
қабілеттісіз.Физика,математика,саясат,медицина, назарсалар кәсіп салалары.
4.Басқа адамдардың,аңдардың,заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті.
Сіз кез -келген ортаға,жағдайға оңай сіңісіп кете аласыз.Басқа адамның көңіл- күйін,қайғысын
ұғу,өзіңізді соның орнына қою оңай.Жазушы актерлық мамандықтары сізге сай келуі мүмкін.
5.Басқа адамның ойын оқи алу қабілеті.
Сіз сөздің артында нақ не тұрғанын сезе білесіз.Адамды жарты сөзден түсіну,басқа адамның мінез
құлқын есепке алып,оның әрекетін алдын ала көре білесіз.Басқа адамдардың не сезіп,не ойлайтыны
бұл адамға маңызды.
«Армандар хаты»
Оқушыларға тілектерін қағазға түсіріп сәлемдеме хат жазу сұралады.Хаттар жиналып
араластырылады.Әр оқушы бір хаттан алып бүгінгі күннен естелік ретінде өздерінде қалдыру
сұралады.
Мақсаты: Жағымды көңіл күй, сенімділікті арттыру, эмпатия сезімін дамыту
Нұсқау:Мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына столдың үстіне қоюларыңызды
сұраймын. Ал, енді бұларды араластырамын. Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге сәлемдемені
оқисыздар. Қаласаңыз кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырасыз.
Оқушылар тілектеріңізді қағазға түсіріп жазамыз. Жазып болсақ қағазды бір бүктеп маған бере
қойыңыздар.Енді балалар сіздерге таратамын, хатымызды ашып қарайық бұл сәлемдеме хатта
сіздердің орындалатын армандарыңыз деп біліңіз.Армандарыңыз асқақ болсын.
Балалар тесттен тренингтен түйгеніміз қандайда бір тапсырма әсіресе берілгенде ҰБТ кезінде
оқушылар мұқият қарап ең әуелі тапсырманы түсініп оқып алуға кеңес бермін. Келесі сөз кезегін өз
кеңестерін ұсынуға әріптесім Жанарға ұсынамын.
3.Кеңес
4.Кері байланыс. «Бәйтерек»
Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, ҰБТ-ны абыроймен бітірулеріңізге тілектеспін. Таңдаған
мамандығыңның мықты маманы болыңыздар. Мына тұрған биік, тамыры тереңге жайылған
бәйтеректі «№14 орта мектеп» деп атадық. Осы осы бәйтеректің жемісі ретінде бүгінгі кештен алған
әсерлеріңізді арман тілектеріңізді жазып жапсыруларыңызды сұр аймын. Келешектеріңіз
кемел,болашақтарыңыз нұрлы болсын Жас түлек!