«Бейнеу лицейі» КММ педагог-психологы
К.Алдабергенова
Тақырыбы: ҰБТ-ге дайынсың ба жас
түлек?!
Мақсаты: Емтиханға қатысатын
оқушыларға психологиялық тұрғыда
қолдау
көрсету
Жүргізілген
сыныбы: 11 сыныптар
Жұмыс
түрі: тренинг
Өткізілген уақыты:
18.12.2024ж.
Психологиялық
жұмыс
Ж о с п а р
ы:
-
«Мен өзімді мақтаймын...»
танысу тренингі.
-
Сауалнама «Сіз нұсқаулықпен
жүре аласыз ба?»
-
«Алақан» жаттығуы
-
«Суретті аяқта және жалғастыр»
жүйке
– психологиялық күшті түсіру тәсілі.
Мақсаты:
Өзін -
өзі бағалауды көтеру, эмпатияны дамыту.
Уақыты:
5
минут
Нұсқау:
Мен
әрқайсыңыз өзіңізді бір нәрсе үшін мадақтауыңызды сұраймын. Қазір
көп мадақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі.
Қазір өзіңді - өзің мақтауға мүмкүндік туғалы отыр. Сондықтан
бастайық, мен бастайын, сіздер қостаңыз: «Мен өзімді еңбекқорлығым
үшін мақтаймын»...
Талдау:
Өзіңді мақтау қиын болды ма?
Қандай сезімде болдыңыз?
-
Зер салып толық оқып шығыңыз.
-
Парақтың оң жақ жоғары бұрышына атыңызды
жазыңыз.
-
Есіміңізді қоршап қойыңыз.
-
Парақтың сол жақ жоғары бұрышына бес шаршылар
салыңыз.
-
Әрбір шаршының ішіне «Х» белгісін
қойыңыз.
-
Парақтың жоғары
бөлігіне тегіңізді жазыңыз.
-
Парақтың оң жақ жоғары бұрышына атыңыздың жанына
ұялы телефоныңызды жазыңыз. Егер ол жоқ болса 100 санын
жазыңыз.
-
Жазған номеріңізді сыбырлап
айтыңыз.
-
Жазған номеріңізді қоршап
қойыңыз.
-
Парақтың сол жақ
төменгі бұрышына «Х» деп белгі
қойыңыз.
-
Белгіні ұш бұрышпен
қоршаңыз.
-
10 нан 1 ге дейін
кері қарай санаңыз.
-
Парақтың жоғары
бөлігін қарындаштың немесе қаламның ұшымен үш рет
тесіңіз.
-
«Мен аяқтауға
жақынмын (аяқтадым)» деп қатты аяқтаңыз. Енді барлығын оқып
болғаннан кейін, тек 1-2 тапсырмаларды ғана
орындаңыз.
-
Алақан
жаттығуы.
Оқушыларға алақан үлгісі беріледі. ҰБТ-ге бір айда дайындық
жасамаймыз, ол біздің алған біліміздің дәлелдеу сәті. Сол алақанға
әр айда дайындығымызды он екі айға бөліп жазып аламыз, оң алақанға
күтілетін нәтижені жазамыз. Мақсат нақты болғанда ғана біз нәтижеге
жетеміз. Нәтижеге жету үшін міндетті іс-әрекет жасауымыз керек.
Іс-әрекет пен мақсат біріккенде ғана нәтиже
береді.

Мақсаты:
психофизиологиялық кедергілерді жою, топты
біріктіру.
Уақыт:
10
минут
Нұсқау:
Бір – бір
ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті карандаш алыңыз. Мен қол
соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол
соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті
толықтырып салады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай
шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші
иесіне жеткенше жалғасады.
Мүмкін өз сурет толықтырғысы келетіндер бар
болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.
Талдау:
Туынды сізге ұнады ма?
Сезіміңіз, көңіл – күйіңізбен
бөлісіңіз.
Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды
ма?
«Сіз
кімсіз?» Тест.
Қатысушыларға жай адамның бойында кездеспейтін
керемет қабілеттердің бірін таңдау ұсынылады. Содан кейін
қорытындысы оқылады.
-
Биікке ұша білу қабілеті. Сізге болған жағдайды
сол қалпында қабылдау оңай, іс-әрекетте тәуелсіздікті ұнатасыз, өз
бетіңізбен шешім қабылдағанды жақсы көресіз, оның ішінде қауіпті
шешімді де. Сізден жақсы ұшқыш немесе саясаткер шығады. Әлемді
өзгертетін жаһандық жоба туралы ойланыңыз.
-
Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті. Сізді
болған жайттың себептері қатты қызықтырады. Өткен қателіктерден
сабақ алып, үйренуді ұнатасыз. Сізден жақсы сарапшы, тарихшы,
жазушы, археолог, ғалым шығуы мүмкін.
-
Көрінбей қалу қабілеті. Көлеңкеде қалып, айналада
не болып жатқанын білуге құмарсыз. Проблеманың түбірін тауып,
мән-жайдың себебін анықтауды жөн көресіз. Басқалар тіпті ойламаған
істің шешімін табуға қабілетісіз. Физика, математика, саясат,
медицина, назар салар кәсіп салалары.
-
Басқа адамдардың, аңдардың, заттардың бейнесіне
айнала алу қабілеті. Сіз кез-келген ортаға, жағдайға оңай сіңісіп
кете аласыз. Басқа адамның көңіл-күйін, қайғысын ұғу, өзіңізді
соның орнына қою оңай. Жазушы, актерлік мамандықтары сізге сай
келуі мүмкін.
-
Басқа адамның ойын
оқи алу қабілеті. Сіз сөздің артында нақ не тұрғанын сезе білесіз.
Адамды жарты сөзден түсіну, басқа адамның мінез-құлқын есепке алып,
оның әрекетін алдын ала көре білесіз. Басқа адамдардың не сезіп. Не
ойлайтыны бұл адамға маңызды. Мамандықтары заңгер, психолог,
мұғалім, социолог.
Мақсаты:
Емтиханға
дейін және уақытында өзіңді ұстау ережелерімен түлектерді
таныстыру.
Уақыт:
15
минут
Емтиханға дейін және
барысындағы іс - әрекетіңе нұсқаулар:
-
Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе жасамауға
тырыс. Егерде бір тақырыпты аяғына дейін оқымаған болсаң, оқуға да
тырыспа. Демал, көңіл көтер, ертеңгі емтихан туралы ұмытуға
тырыс.
-
Емтихан алдында міндетті түрде ұйқыңды
қандыр.
-
Міне, сынып есігіңнің
алдындасың! Сабырлан! «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» - деп
бірнеше рет қайтала. Алғашқы лекпен жауап беруге тырыс.
Мазасызданған сыныптастарыңның қасында көбірек болсаң, қорқыныш,
сенімсіздік сезімі билеп, стресс күшейе түседі.
-
Өз эмоцияларыңды ретке келтіріп, ойыңды
жинақта.
-
Сыныпқа сеніммен кір, бәріде ойдағыдай
болады.
-
Жайланып отыр, арқаңды түзе.
Өзіңді бәрінен биік, ақылды айлакер және бәріде ойдағыдай болады
деп ойла. «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» деген сөздерге
зейініңді шоғырландыр, сонымен қатар асықпай бірнеше рет қайтала.
Ойларыңнан арылуға тырыспа, себебі одан сайын мазасыздықты
күшейтеді. Соңында жұмылдырығыңды қатты қыс.
-
Мазасыздануды жоюға арналған тыныс алу жаттығуын
орында:
-
Әрі қарай алаңдамау, артық сұрақтар қоймау үшін
бар назарыңды салып емтихан жүргізушісін тыңда. Ол тестілеу жұмысын
толтыру, орындау ережелерін түсіндіреді: бланкті толтыру, қандай
әріптер жазу керек, мектеп номерін кодтау т.б.
-
Жұмысқа толықтай кірісуге және айналадағылардың
бар екенін ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана уақыт тіршілік етеді,
тесті орындау, бланк пен тапсырманы толтырудың шектеулі уақыты бар.
Байыпты, тездет. Тапсырманы соңына дейін оқы. Асығыстық тапсырманың
бірінші сөзін оқып, аяғын ойдан құрастыруға алып келеді.
-
Барлық сұрақты қарап шық және
өзің жауабына сенімділерінен баста. Сонда ғана сен сабырланып,
жұмыс ырғағына енесің. Кез – келген тестте сен жауабын нақты
білетін сұрақ болады, сондықтан ойыңды жинақта.
-
Бір тапсырманы аяқтап, екіншісіне кіріскенде
алдыңғысын ұмыт, себебі тест тапсырмалары бір – бірімен байланысты
емес.
-
Сызу әдістемесі арқылы жұмыстан! Сұраққа
маңдаспайтын жауаптарды бірінен соң бірін сызып отыр.
-
Егер де жауабыңыздың дұрыстығына күмәндансаң,
таңдауға қиналсаң, өзіңнің ішкі сезіміңе (интуиция) сен!
-
Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, ең
болмағанда көзбен жүгіріп, бақырайып тұрған қателерді
дұрыстайсың.
-
Бүкіл тапсырмаларды орындауға
тырыс, бірақ практикада бұл мүмкін еместігін есіңнен шығарма.
Өйткені тест тапсырмалары шатыстыру, ойлану үшін күрделі
құрастырылады, ал жақсы бағаға кем дегенде тапсырманы 70%
қажет.
Мақсаты:
Топ
ұйымшылдығын, эмпатия сезімін дамыту, жағымды көңіл – күй
қалыптастыру.
Уақыт:
5
минут
Нұсқау:
Мен
әрқайсыңыздың өз сәлемдемеңізді қағазға жазып, қобдишаға салуды
ұсынамын. Содан кейін мен араластырамын, әрқайсыңыз кез – келген
сәлемдемені алып, топқа дауыстап оқисыз және бүгінгі күннен естелік
ретінде өзіңізде қалдырасыз.
Талдау:
Сәлемдеме жазу қиын болды ма?
Әркім өзіңіздің сәлемдемеңіз оқылып жатқанда
қандай сезімде болдыңыз?