400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ҰБТ-ға сеніммен барайық!" тренингтер жинағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына әдістемелік құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Shape1



Ж.Шайжүнісов орта мектебі КММ











«ҰБТ-ға сеніммен барайық!»

психологиялық тренингтер жинағы

әдістемелік құрал















Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп КММ

Көкпекті

2019 жыл





















Құрастырған педагог-психолог: Сабирова А.А













Жинаққа ҰБТ-ға дайындық ретінде психологиялық тренингтер еңгізілген.Басылым жас мамандарға көмекші құрал ретінде қолдануға арна





Мазмұны

  1. Алғы сөз---------------------------------------------------------------4

  2. ҰбТ-ға психологиялық тұрғыда дайындау тренингтері.

1 сабақ------------------------------------------------------------------5

2сабақ------------------------------------------------------------------9

3сабақ-----------------------------------------------------------------10

4сабақ-----------------------------------------------------------------12

5сабақ-----------------------------------------------------------------13

6сабақ-----------------------------------------------------------------17

7сабақ-----------------------------------------------------------------20

8сабақ-----------------------------------------------------------------27

9сабақ-----------------------------------------------------------------32

10сабақ---------------------------------------------------------------33

  1. Пайдаланылған әдебиеттер-------------------------------------34























Алғы сөз

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқытумен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін – өзі көрсете алатын жеке тұлға ақыл-ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту. ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қортынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғарғы оқу орындарының қабылдау емтихандарының біріктіру болып табылады. Оқушылардың ҰБТ жайындағы жеке басының психологиялық күй-жайы оларды нашар күйзеліске , стресске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тестті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпай жинағанның өзінде, жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебі балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен , жеке бластарындағы уайымдаулармен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тесттің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады. Осы берілген тренингтер арқылы оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындауға, олардың бойына өз күшіне деген сенімділік тудыруға мүмкіндік туады.







1 сабақ.
Мақсаты:Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.

Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар таратылып беріледі.

Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне жабыстырады.

Тренингтік ереже:

  • Тренингке берілген регламентті сақтау

  • Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау

  • Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

2. «Сағат тілі» жаттығуы

Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:

13-14 аралығы – амандасу

15-16 аралығы – күлімдеу17-18 аралығы - комплимент айту4.«Дыбыстық гимнастика»



Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.

А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді.


6. Түлектерге арналған аффирмация (Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып оқылады.)


Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.




• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. 
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

7. «Бос орындық» сергіту жаттығуы

Нұсқау: Қатысушылар барлығы шеңберге жиналып, рет бойынша 1-2 ге саналады. Бірінші саналған қатысушылар орындықта отырады, екінші саналған қатысушылар отырған қатысушының қасында тұрады. Екінші қатысушылар көздерін төмен салып тұрады. Бірінші қатысушылар бос орындықтың қасында тұрған жүргізушінің ым – ишарасын қадағалап тұрады. Бос орындықтың иесі көзбен ымдау арқылы бос орынға адам шақырады. Бірінші қатысушылардың мақсаты – тез арада бос орынға отыру, екінші қатысушылардың міндеті – алдындағы қатысушының іс әрекетін қадағалау.

Талқылау сұрақтары:

  • Жаттығудан қандай әсер алдыңыздар?

  • Икемділік пен байқампаздықтың атқаратын маңызы қандай?

9. «Эксперимент» жаттығуы

Нұсқау: берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада оқып шығу.

СеЗДірМей жҮРгеН,

ТеК өЗім біЛГен,

БІр сЕНім бАр

ЖОҒалМас мүЛДем.

Сол сЕНІм бАрДа,

АСЫғам аЛҒа,

Ақ тІЛегІм биІКке саМҒа! 

2. сЕНбе еШКіМге, тҰРса дА қАНша маҚТап, 
ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын іШКе саҚТап. 
Өзіңе сен, өзІҢді аЛЫп шЫҒар, 
АҚылың м
Ен еңБЕгің еКі жаҚТаП. 

3. СеНІМді аҚЫл мен еРІкке бАҒындыру қаЖет. ТаБАндыЛЫқ пЕн өЗІңді-өЗІң бИЛеу, өР рУх пен қаЙЫспаЙТын қаЙСарлық - еРЛік- 
Тің кеПІлі. Бауыржан Момышұлы

10. Өміршеңдік ережелер.(Ережелер интерактивті тақтадан көрсетіледі, қатысушылар бірге оқиды.)

  • Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

  • Жігер деген – Мен.

  • Күш деген – Мен.

  • Махаббат деген – Мен.

  • Кешірім деген – Мен.

  • Құдырет деген – Мен.

  • Жасөспірім деген – Мен.

  • Жастық деген – Мен.

  • Даналық деген – Мен.

  • Денсаулық деген – Мен.

  • Жарқындық деген – Мен.

  • Бар ғажайып деген – Мен.

  • Бәрі маған байланысты.

  • Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.

Рефлексия

2сабақ

Мақсаты:ҰБТ дайындық кезіеде үрейлену сезімінен арылты.

Тренингтің барысы:

I. Психологиялық дайындық, ұйымдастыру

1. «Мен қалаған есім»

Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптастыру, ойынға соңына дейін белсенді қатысу мақсатында жүргізіледі.

Тренинг ережесі: Ортаға оқушылар шығып, шеңбер құрып тұрады. Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнатады?

1. Ата - анаңның қалай атағаны ұнайды?

2. Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды?

3. Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды?

4. Достарыңның қалай атағаны ұнайды?

2. «Мен кіммін» әдістемесі

Мақсаты: Оқушылардың «Кеше кім»?, «Бүгін кім?», «Ертең кім?» болатынын түсіндіре отырып, өзінің кімге сәйкестендіретіндігін анықтау.

Алдыға оқушылар шығып шеңбер құрады, бір шетінен бастап өзінің кім екендігін айтады. Психолог жеткізе алмаған оқушыларға жетелейді, бәрі айтып біткен соң олардың айтқан сөздеріне қортынды жасайды.

3.«Стрессті қалай жеңуге болады?»

Ойын барысы: Ортаға оқушылар шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.

Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.

ІІІ. Ойынды аяқтау

Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады. біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!» деп айқайлайды.

Рефлексия

3 сабақ

   Мақсаты :11 – сынып оқушыларын ҰБТ – ға  байланысты сенімділікке үйрету , стресстік қалыптан арылу , бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту .

1.      «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Жаттығудың мақсаты . оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту .

Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .

2.      «Сенімділік» жаттығуы .

Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .

Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .

3.      «Биіктік»  жаттығуы .

Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .

Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .

Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:

-          Белгі  қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?

-          Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?

-          Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?

-          Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?

Қорытынды : Оқушылар өтілген жаттығулардан , түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып , «Тілек ағашына» апарып жапсырады .

4 сабақ

Мақсаты: Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне қажетті оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру.

  Қажетті құралдар: ватман, түрлі бейнелеу құралдары, түсті қағаздар.

1.     «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылар шеңбер болып отырады,бір-біріне допты немесе ойыншық беріп, өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде,тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Бұл жаттығуды «Қарлы жентек» әдісімен орындауға болады:әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.

2.     «Лимон» жаттығуы.

Мақсаты:Бұлшық еттің жиырылуын және босаңсуын басқару. Ыңғайланып отырыңдар: қолдарың тізелеріңде, алақандарың жоғарыда болсын.

Иықтарың мен бастарың төмен түскен, босаңсыған,көздерің жұмулы. Сенің қолыңда лимон жатыр деп елестет. Оны жайлап қыс, Лимонның сөлі шыққанша оны қыса түс. Қолыңды босаңсыт. Өз сезімдеріңді еске сақтаңдар. Енді лимон сенің сол қолыңда деп елестет. Жаттығуды қайтала тағы да босаңсыт та, өз сезімдеріңді есте сақта.Енді жаттығуды екі қолыңмен бірдей жаса. Босаңсыт.Тыныштықта отыру рахатын сезін.

3.      «Биіктік»  жаттығуы .

Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .

Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .

Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:

-          Белгі  қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?

-          Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?

-          Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?

-          Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?

Қорытынды : Оқушылар өтілген жаттығулардан , түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып , «Тілек ағашына» апарып жапсырады .

5 сабақ

Мақсаты: Оқушыларға жағымды көңіл-күй орнату.Оқушылардың арақатынасын жақсарту.

  1. «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.



  1. «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

  • Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

  • Өзіңді қандай күйде бейнеледің?

  • Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?

Құқықтары қаралады:

Өмір сүруге құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.

Оқуға құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.

Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.

«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.

Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары бар.

«Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)

Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші (психолог): «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің «бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет қолды шапалақтап белгі беріңіз.Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы ойламаймыз. «Бастаймыз».

Талқылау:

  1. Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?

  2. Қандай әсер алдыңыз?

  3. Ойды игеру мүмкін ба екен?



  1. «Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

  3. Не себепті айырмашылықтар болады?

  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

«Үш жыл» жаттығуы (15 минут)

  1. Бәріміз емін - еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық.

  2. Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.

  3. Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.

  4. Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.

  5. Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?

Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» - тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз.

«Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.

Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?

Сабақтың рефлексиясы:

Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...

Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны ...

6 сабақ

Тақырыбы: Стресс  және одан арылу жолдары.

Мақсаты:

  •  Стресс туралы түсінік беру.

  • Стресстің адам денсаулығына  кері әсерін түсіндіру.

  • Тренинг - жаттығулар арқылы стресстен арылту.

Міндеттері:

  •  Позитивті   ойды дамыту.

  • Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.

Көрнекіліктер: Видеоролик, слайд,  түрлі  түсті қағаздар, тренинг-жаттығулар.

Стресс – адамның  мазасыздығынан  туындайтын  көбіне   өзі  бейімделмеген  жұмыстардың  шамадан  тыс  болуына  байланысты бейімделген  психикамен  организмнің  өзгерістерге  ұшырауына әкелетін  процесс  ретінде  саналады.  «Стресс»  ағылшын  сөзі,  аудармасы «қысым, тартылыс, қысым  келтіру»  деген  мағынаны  білдіреді. Ең  алғашқы  рет  стресс  сөзіне  анықтама  берген  канадалық физиолог  Ганс  Селье.

Ұжым арасындағы стресстік жағдайын анықтау  (Слайд)
Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтауға арналған әдістеме .
М.Е. Литвак әдістемесі

 Стресстің пайда болу себептері (слайд)

  • Физиологиялық;

  • Уақытты жетіспеушілігіне байланысты  жұмыс;

  • Ақпараттың  шамадан  тыстығы;

  • Тұлғаға ұжымдық  қысым;

  • Өзіне   және  қоршаған  ортаның  өміріне  қауіп  төндіретін  жұмыс ;

  • Міндетті  түрде шектелу;

  • Өмірде  мақсаттың  болмауы;

  • Болып  жатқан  жағдаяттарды  қалыпқа  келтіре  алмау;

Стресстің адам психологиясына кері әсері, стресс формуласы (слайд)

Стресстің пайда  болуының тағы бір себептері:
 - уақыт жетіспеушілігі,
- жұмыстың шамадан тыс көптігі.

Тайм менеджмент туралы пайдалы кеңес , жаттығулар  (слайд)

 Стресс белгілері
Психофизиологиялық топ:
- Үнемі  шаршаңқылық  сезімі;
- Эмоционалды ден саулығының   азғыруы (истощения);
- Сыртқы  ортадағы  өзгерістерге  байланысты қабылдауы  мен  белсенділіктегі  өзгерістер;
- Себепсіз   бастың ауруы  мен қан  қысымының  көтерілуі;
- асқазан-ішек   ауруларының  трактаттарының  қозуы;
- Жыныс  қызметіндегі  бұзылыстар;
- Дене  массасының  күрт  азаю  немесе  ұлғаюы;
- Толығымен  немесе  сирек  ұйқының  бұзылуы;
- Ұйқылы  ояу  жүру;
- Физикалық  және  эмоционалды  жағдайлардағы  тыныс  алудың  қиындауы

Стресске қарсы тұру факторлары:

  1. Өз  денсаулығын  күту;

  2. Өз-өзін  жоғары  бағалау;

  3. Өзіне  және  өз  қабілеттеріне  деген  сенімділік;

  4. Стресске   қарсы  тұра  алу;

  5. Ашық  қарым- қатынасқа  түсе  білу;

  6. Өз-өзін басқару;

  7. Оптимизм;

Стресстен арылуға арналған психологиялық тренинг-жаттығулар. (слайд)

  1. «Өкпені еріту»  релаксация

  2. «Аквариум»  жаттығуы

  3. «Өмір шеңбері»  тренингі.

  4. «ХА  және Кеспе» жаттығулары 

Жалпы әйел адам мен ер адам психологиясының айырмашылығы.
Зерттеу бойынша әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге жақын, жылауға дайын тұрады. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісіу арқылы сыртқа шығарып отырады.  Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты өсек әңгімеге де  жақын емес. Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында жылап алғандарыныз  дұрыс. 

  • Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – стресске ұшырайды,

  • Стресс уақытында шешілмесе, оның арты  депрессияға ұшырайды,

  • Депррессия – неврозға,

  • Невроз – соматикалық ауруларға ұшыратады (эпелепция, олигофрения және т.б. )

  • Сондықтан стресстің алдын алу үшін, мәселені өз уақытында шешкен дұрыс.

7 сабақ

Мақсаты: ҰБТ-ға психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Қатысушылар: 11-сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар

Көрнекілігі: ақ парақ, қаламсап, интерактивті тақта, «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат, кеме макеті, жапсырма қағаздар, үнтаспа.

Психолог:

Адам баласы өмірінде түрлі сипаттағы талай сынақ тапсырады. Әр жас кезеңнің, әр даму шақтың өзіне тән ауыртпалығы болатын тіршіліктегі сынақтан ешкім құтыла алмайды. Топтың алдына шығып, сәби шақта алғаш рет тақпақ айту да – сынақ. Үйге келген қонақты күтіп, разы етіп шығарып салу да – сынақ.

Ал енді қазір біздің республикадағы мектеп бітірушілердің ҰБТ тапсыруына қоғамда тіпті аса маңыз беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың психологиялық дайындығы өзекті мәселенің бірі. Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді.

«Шілдір» жаттығуы.

Нұсқау: Топқа тоқыма жіптің түйіні беріледі. Тоқыма жіп топтың кез-келген қатысушысына беріледі, жіпті алған қатысушы қазіргі уақыттағы көңіл-күйін, алдағы уақыттағы армандарын, топтағы қатысушыларға тілектерін айтып жіптің ұшын өзінде алып қалып, тоқыма жіпті қалаған адамына береді. Сөйтіп, жаттығудың аяғында шілдір пайда болады.

«Қар қиыршықтары» жаттығуы

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау: – Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?

— Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

— Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы – бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар – ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

«Сәлемхат».

«Мен сендерге өздеріңнің сәлемдеріңді бір қағазға жазып, мына қорапшаға салуларыңды ұсынамын. Қорапшадағы сәлемхаттарыңды ауыстырамын, сендер кезекпен біртіндеп сәлемхатты алып топқа дауыстап оқисыңдар. Сәлемхат өздеріңде бүгінгі күннен естелік болып қалады.

Талқылау:

  • Сәлемхатты жазу қиын болды ма?

  • Топтың алдында сіздің жазған сәлемхатты оқығанда,қандай сезімде болдың?

  • Сабағымызды әрі қарай жалғастыруға дайынбыз ба?

Негізгі бөлімі:

Психолог:

1-тапсырма: «Менің пікірім…»

Әр топқа сұрақтар таратылып беріледі. Сол сұрақтар бойынша ұстаздар мен оқушылар өз ойларын ортаға салады.

1-топқа тапсырма: (оқушылар) Емтихан кезіндегі іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтары.

2-топқа тапсырма: (мұғалімдер) Емтихан кезінде қалай өз-өзіне келуге болады.

2-тапсырма.

А) Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

Мұғалімдер: «Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді.»

Б) Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.

Оқушылар: «Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»

2. «Шынымды айтқанда» жаттығуы
Материал: Аяқталмаған сөйлемдер үлестірмесі.
Ережесі: Сіздердін алдарыңызда үлестірмелер тұр. Қазір біртіндеп шығып бір үлестірмеден аласыздар. Үлестірмедегі аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек. Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.
Талдау:

Сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Осы сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?

Топтық жоба «Мен үшін ҰБТ …»

Нұсқау: ҰБТ-ның қиындықтары мен жетістіктері, оның маңызы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар көзімен айтылып, жоба қорғалады.

Қорытынды: Ұлттық бірыңғай тесті /ҰБТ/ – заман талабы бола тұра, ол оқушыларға оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі. Ендеше сол мүмкіндікті жібермеу әркімнің өз қолында. Өз білімі мен еңбегіне сенген адам ғана өз өмірінің қожасы бола алады.

«Ерікті тыныс» жаттығуы

Қатысушылырға: Түрегеліп тұрамыз, денеміздің бәрін бос ұстаймыз, денемізді барлық қысымдардан босатамыз, терең бірқалыпты демаламыз. Сосын, бір мезетте демімізді ішке алып жатқанда,алақанымыз жоғары қараған күйінде қолымызды кеудеміздің тұсына дейін көтереміз, қолымызды шынтаққа дейін бүгіп артқа қарай апарамыз. Сосын, бір мезетте демімізді сыртқа шығарып жатқанда алақанымызды төмен қаратып қолымызды төмен түсіреміз. Демді шығару кезінде қол, иық, ішіміз және аяқтарымыздың бұлшықеттеріне күш түсіреміз. Қол төменге түсу кезінде, өкпедегі ауа қысыммен төменге (жерге) қарай бағыттайтынын елестетуге болады. Тыныс алып болғаннан кейін бұлшықеттерді босаңсытамыз. Жаттығуды бойыңда сенімділік пайда болғанға дейін және ағзаның дайындығына дейін бар ынтамен қайталау керек.

Медитациялық жаттығу

  • «Мәселеге жоғарыдан қарай», «Өз мәселеңіз жайында ойлаңыз. Өзіңіздің уайым-сезімдеріңізді елестетіңіз…

  • Ал енді бір уақытта мәселеңіз және үйіңіз туралы, үйіңізде тұратын адамдар туралы ойлаңыз.

  • Бұл елеске өзіңіздің жақындарыңыз бен туыстарыңызды, көршілеріңізді қосыңыз. Маңайыңызда  тұрған адамдар, олардың үйлері туралы ойлаңыз.

  • Енді өз мөлтек ауданыңыз туралы ойлаңыз, онда тұратын адамдар туралы ойлаңыз.

  • Ал енді өзіңіздің мемлекетіңіз туралы, ондағы мыңдаған тұрғындар туралы ойлаңыз.

  • Бүкіл Жер шарын елестетіңіз. Енді бүкіл планета жүйесін елестетіңіз.

  • Галактиканы елестетіңіз. Енді бүкіл әлемді елестетіңіз. Өзіңіздің жұлдыздар арасында самғап жүргеніңізді көріңіз. Сол ұшып жүрген жоғарыдан, өзіңіздің мәселеңізге төмен қарай қараңыз…».

Талқылау сұрақтары:

  • Өзіңіздің мәселеңізге сырт көзбен қарай алдыңыз ба?

  • Мәселеңізге қатынасыңыз өзгерді ме?

Талдау:

  • Оқушылар, сендерде қандай сезім пайда болды?

  • Жағымсыз күштен арылудың әсері болды ма?

  • Мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан қолдау көру қаншалықты әсер берді?

Үй тапсырмасы: «Еңбек ағашы»

  • Бұталарға – мұғалім қандай болу керек?

  • Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты

  • Гүлдер – мұғалім еңбегінің нәтижесі.

  • Жемістер – шәкірт қандай болу керек?

Міне сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емеес пе?

«Кеменің бағыты»

  • Теңіз толқыны – оқушы қандай болу керек?

  • Кеме – оқушының түпкі мақсат, мұраты

  • Желкендер – оқушы еңбегінің нәтижесі.

  • Бағыты – шәкірт қандай болу керек?

Міне сіздер «Кеменің бағытын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің қадамдарыңыз нық болуы керек.

«Жаңғырық туралы аңыз» әпсана әңгіме

Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатып аяғын тасқа ұрып алған ұлы:

—  АААААААА! – деп айқай салады.

—  АААААААА! – деген жауапты естіп таң қалады.

—  Сен кімсің?- деп сұрайды ұлы.

Ал оған:

—  Сен кімсің? – деген жауап келеді.

Мұндай жауапқа ашуы келген бала:

—  Қорқақ! – дейді.

Ол оған:

—  Қорқақ!- деп жауап береді.

Бала әкесінен:

— Не болып жатыр? – деп сұрайды.

Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді: «Мені мұқият тыңда»

Әкесі тауға:

— Мен сені сыйлаймын! – деп айқайлады.

Ол оған:

— Мен сені сыйлаймын!

— Сен кереметсің!

Ол оған:

— Сен кереметсің!

Бала сонда да таңдануын қоя алмады, содан оған әкесі түсіндіріп берді. «Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды. Шындығында бұл өмір деп аталады. Ол сен не айтсаң да, не істесең де, соның бәрін өзіңе қайтарады».

Қорытынды.

8 сабақ

Мақсаты: 11 сынып оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
Тренинг: “Сәлемдесу”
Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру.
Нұсқау: Үш топқа бөлінеміз.
Бір топ «европалықтар», екінші топ «африкандықтар», соңғы топ «жапондықтар» болып бөлінеді. Европалықтар қол ұстап, жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп, басын иеді, ал африкандықтар орнында секіріп, «уу» деп айғайлайды.
Талдау: жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіз? Аутотренинг
«Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау»
Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру.

Аутотренинг:
Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.
Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін. Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөлмеде ҰБТ-ға байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.Сіздер көңілді қайратты, қажырлысыздар. Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар! Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.! Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз. Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз. Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады! Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.
«Интуицияңды тексер» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын диогностикалау.
Барысы: Экрандағы ұяшықтардың номерін көрсету арқылы ондағы жасырылған заттарды табу керек. Әр қатысушыға 1-ден 4-ке дейін сандар жазылған парақшалар таратылып, балалар өздері дұрыс деп ойлайтын ұяшықтың нөмерін көрсету арқылы интуициясының қаншалықты дамығандығын тапқан дұрыс жауаптарының көмегімен анықтаймыз.
Тапсырма: 1) Қалай ойлайсыңдар, жүрек қай ұяшықта жасырылған?
2) 5-деген баға қай ұяшықта жасырылған?
2) Сендердің ойларыңызша жұлдызша қай ұяшықта жасырылған?
4) «Тесттен 125 балл жинады» деген сертификат қай ұяшықта? Соны тапқан оқушы расында да тесттен жоғарғы балл жинайды, оған толық сенімді болыңдар.
Рөлдік ойын: «Кездесу»
Мақсаты:өзгенің орнында болып, тығырықтан шығу жолын табуға тырысу.

Барысы: Бұл ойынға өз еркімен қатысатын маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі- сақау, бірі- соқыр, енді бірі- саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек. ..

Талдау: 1) Рөлді ойнау барысында өздеріңді қалай сезіндіңдер?
2) Тығырықтан шығу қиын болды ма?
Жаттығу: «Мен хирургпін».
Мақсаты: оқушылардың ой-пікірін ортаға салу, адамгершілік қасиетін
анықтау.
Әркім өз ойын дәлелдеп айту керек.
Нұсқау: ауруханада бес емделуші бар:
1. Алты жасар дарынды бала;
2. 5 айлық қыз бала;
3. Көп балалы ана (10 баласы бар жетпіс жастағы ана);
4. Қаңғыбас;
5. Құрылысшы.
Осылардың қайсысына операция жасар едіңіз. Жүрек біреу. Бір адамды ғана құтқару керек
«Гүлге қонған көбелек» тренингі
Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек.
Менің болашақтағы арманым...
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.

«Мен қазір» «Мен 6 айдан кейін»

«Мен 5 жылдан кейін» «Мен 10 жылдан кейін»

«Әрқашан күн сөнбесін»
Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез-құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету. Оқушыларға ҰБТ-ге дайындық кезінде қандай көмек көрсету әдістері, кеңестері туралы кеңес беру.
1. Стресс деген не?
Стресс- қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
2. Стресс үш кезеңнен тұрады:
1.Үрейлену-жағымсызтітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2.Төзімділік- жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді.Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3.Әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда бейімделудің нашарлап жойылуы пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
3. Стресті жою үшін не істеу керек?
Біріншіден, стрестік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес береді.
Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бару, жаттығу жасау, билеу, ән салу, бассейн, монша, қыдыру.
Үшіншіден, үйлесімді өмір, жанұя достарының қолдауы.
Төртіншіден, психикалық және дене релаксациясы қажет.
4. Оқушыларға психологиялық кеңес таратылады.
Құрметті түлектер! ҰБТ-ні өте жақсы нәтижемен тапсырып, мектептеріңнің мәртебесін асқақтатып азаматтары болыңдар! Сендерге сәттілік тілеймін! Сау болыңыздар!

9 сабақ
Мақсаты: ҰБТ - ге дайындау кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.
Қажетті құралдар: видеопроектор, тоқыма жіп, А4 парағы.

1. «Достық торы» жаттығуы
Мақсаты: жағымды қарым - қатынас, достық сезім қалыптастыру.
Нұсқау:
Жаттығуды бастайтын оқушы жіптің бір ұшын саусағына іліп алып, өз есім және есімінің басты әрпінен басталатын бір сын есім айтып жіпті кез – келген оқушыға лақтырады. Осылайша барлық бала тапсырманы орындап шығады. Жаттығу соңында «достық торы» пайда болады.

2. «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: мейірімді қарым - қатынас қалыптастыру
Нұсқау:
Қазір мен сіздерге түрлі тәсілдермен амандасуды ұсынамын. Сіздер оң және сол жақ көршілеріңізбен дәл солай амандасуларыңыз керек. Амандасу кезінде бір - бірлеріңізден қал - жағдайларыңызды сұрауды ұмытпаңыздар.
(қолмен, тіземен, иықпен, арқамен, баспен, т. б)

3. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек»
Мақсаты: Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру.
Оқушыларға “ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек” тақырыбында кітапша таратып, талқылау
4. «Менің жарқын үміттерім, қауіп - қатерлерім» жаттығуы
Нұсқау:
Алдарыңыздағы парақтың оң жағына “менің жарқын жақтарым”, сол жағына “Менің қауіп - қатерлерім” деп жазыңыз. Енді осы екі бағанға ҰТБ - ға байланысты өз ішкі сезімдеріңізді жазыңыздар. “Менің жарқын жақтарым”бағанына жағымды, алдағы армандарыңызды, ал “қауіп - қатерлерім” бағанына неден қауіптенесіз соны жазасыздар.
(кімде қандай жарқын жақтар бар, қандай қауіп - қатерлер бар талқылау)
5. «Өмір күрес» бейнеролигін тамашалау
6. «Суретті тест»
Нұсқау: Қатысушылар ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың суретін салып бүгінгі тренингтен алған әсерлерін жазады.
1. Күннің суреті – тренингке қатысушылардың толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
2. Бұлттың суреті – алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмаған

  1. Қорытынды:

10сабақ

Мақсаты: Оқушылардың бойына сенімділік ұялату, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату.
Жаттығу 1. «Сәлемдесу»

Мақсаты:

Нұсқау: А 4 қағазына атын жазып , өзін сипаттайтын бір қасиетін жазады.

Жаттығу2. «5 қасиет»

Мақсаты: адамдарды біріктіру.

нұсқау: топқа бөліну. 5 минуттың ішінде барлығын біріктіретін 5 ортақ қасиетті табу.

Жаттығу3. «Сиқырлы жіп»

Нұсқау: «Ерте-ерте ертеде жер бетінде бір данышпан адам болған екен. Ешкім оны жақсы білмейді екен. Ұрпақтан-ұрпаққа ол адам басқа адамдардың арасында ғұмыр кешіпті.

Данышпан барлық жерлерді аралап , әртүрлі адамдарды көріп аң-таң болыпты . Қаншалықты олар әртүрлі бір-бірлеріне ұқсамайтын,өздерінің мінездері, мақсаттары бар. Оларға бір-бірлерімен өмір сүру де оңай емес деп ойлапты. Ол адамдарды біріктіру үшін не істесем екен деп басы қатады. Сонда данышпан адам ұзын,жіңішке жіп тоқиды және сол жіппен аралап жүріп жер бетіндегі барлық жүректерінде мейірімі бар адамдарды бір біріне байлапты.

Нұсқау: көздеріңізді жұмыңыздар және қолдарыңызда жіптің пайда болғанын байқайсыздар. Расындада ол жіптің бір сиқыры бар болған екен . Кімнің қолына сол жіп тисе жүрегі мейірімге толып,бір-бірлеріңе деген қамқорлық, бір-бірлерін түсінуге тырысады екен. Кей-кезде олар дауласады , ренжіседі бірақ жіп тартылады екен бірақ жыртылмайды.Кей-кезде ұрсысады екен сонда олардың арақатынасы бұзылып жіпте үзіледі екен ,бірақ олар қайта татуласқанда жіп қайта жалғанады екен ,бірақ сол ұрсыстан кейін түйін қалып қояды екен.Солай адамдар өздеріне дос, серіктес, туыс дегендерге сол жіп арқылы байланған екен.

Сол қазір сіздердің қолдарыңызда ...

Тексеріп көрейік



Жаттығу 4 :Тренинг « Дүкенде»

Мақсаты: Оқушыларды сабырлыққа тәрбиелейді.

Барысы: Шеңбер жасап тұрамыз және бәріміз дүкеннен бір зат сатып алуға барамыз. Кайда болдың?Дукенде. Не сатып алдын? Қолшатыр. Қайда болдың? -Дүкенде .Не сатып алдың? Балмұздақ. Қайда болдың ? Дүкенде .Не сатып алдың? Сағыз. Кайда болдың? Дүкенде. Не сатып алдың? Ролики.

Кандай сезімде болдыңыздар?

Жаттығу 5 « Сезім»

Мақсаты: Тұйықтықтық коррекциясы.

Кішкентай қағаздарға группа эмоцияны жазады. Содан кейін бір таныс тақпақты оқып сол эмоцияны корсету керек.

Жаттығу 6

Мақсаты: зейіні, ақпаратты қабылдауы.

Екі қасқыр (аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.



Рефлексия:











Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектептегі психология» журналы.

  2. Интернет-ресурстар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
3393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі