Материалдар / ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы. 11 сынып оқушыларын ҰБТ ға дайындау кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету, қобалжуларын басуға арналған тренинг сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Панфилов ауданы «Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагог-психолог Ахметова Сымбат Кабыловна

Сынып 11

ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының жүйке жүйесінің тозу, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау;

2. Жүйке қысымын төмендетуге арналған жаттығуларды ұсыну арқылы ширығу күйлерін босаңсыту;

3. Психикалық реттелу, психологиялық кеңестер беру.

     Сабақтың типі: тренинг сабақ

     Сабақтың әдісі: психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар, тест.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тест және әдістемеге арналған бланкілер, А4 форматты ақ қағаз, сурет салуға арналған бояу қаламдар, тілек ағашы.

     1.Жаттығу «Жүректен-жүрекке»

Оқушылар  қолдарындағы жүрекшелерге қатысушыларға жақсы тілектер жазады. Сосын шеңбер бойына тұрып, өз жылуын сездіріп тілектерін оқиды.

    

     2. «Суретті аяқтау»

     Нұсқау: бір-бір ақ қағаз алып, өзіңе ең ұнамды қарындаш түрін таңдаңдар. Мен қолымды соққанымда ойыңа алғаш келген суретті салыңдар. Қол соғылысымен қарындашыңмен қоса қағазыңды көршіңе бересің. Ал, ол суретті аяқтайды. Қол келесі рет соғылғанда суреттерің келесі оқушыға қарай иесіне қайта айналып келгенше жылжи беруі қажет.

     Мүмкін кейбіреуің өз суретіне тағы бір нәрсе қосқысы немесе бір жерін өзгерткісі келетін шығар?

    Талқылау: 

Суреттеріңіз өздеріңізге  ұнады ма?

Өзге адамның тақырыбын жалғастыру қиын ба?

   

    3. Тест “Өзіңізді бақылай аласыз ба?”

    Мақсаты: Қатысушыларға олардың қандай коммуникативтік бақылауы бар екені ситуация өзгергенде қалай қабылдайтынын көрсету, алдын болжай біледі ме, айналадағыларға қандай әсер қалдыратынын байқату.

Нұсқау: Пікірлерді оқып, “иә” немесе “жоқ” деп жауап беріңіздер.

    Уақыты: 15 минут

1. Маған басқа адамға еліктеу қиын сияқты.

2. Мен кейбір жағдайларда айналадағылардың назарын аудару үшін ақымақтық жасай аламын.

3. Менен жап-жақсы актер шығар еді. 

4. Мен басқа адамдарға шын мәніндегіге қарағанда, бір нәрсені терең уайымдайтын сияқты көрінемін.

5. Мен өз ортамның көңілінің назарында кейде ғана боламын.

6. Түрлі ситуацияларда және әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өзімді әр түрлі ұстаймын.

7. Мен шынымен көзім жеткен нәрсені ғана дәлелдей аламын.

8. Өз ісімді алға тарту үшін адамдармен қатынаста адамдар мені қандай етіп көргісі келсе, солай ұстауға тырысамын.

9. Мен жек көретін адамдарыммен де жақсы қарым-қатынаста бола аламын.

10. Мен әрқашанда қандай болып көрінсем, мен сондаймын.

    

      Нәтижесін өңдеу:

Жоқ” жауабына 1,5,7 сұрақтарға және қалғандарына “иә” деп жауап берсеңіз, 1 баллдан қойыңыз. Баллды есептеңіз. 

Егер сұраққа әділ жауап берсеңіз, онда сіз туралы төмендегідей айтуға болады.

0-3 балл. Сіздің коммуникативтік бақылауыңыз төмен. Сіз оны ситуацияға байланысты өзгерту керек деп санамайсыз, қарым-қатынаста өзіңізді шынайы көрсетуге қабілеттісіз. Кейбіреулер сіздің мінезіңіздің тіктігіне байланысты сөйлесу ыңғайсыз деп санайды.

4-6 балл. Сізде орташа коммуникативтік бақылау. Сіз шынайысыз, бірақ эмоцияңызды көрсете бермейсіз. Сізге айналадағы адамдармен өз мінез-құлқыңызды көбірек ұштастыру керек.

7-10 балл. Сізде жоғары коммуникативтік бақылау. Сіз кез-келген рольге еркін кіріп, ситуация өзгерісіне тез икемделесіз.

 

4. «Эксперимент» жаттығуы

    Мақсаты: стресс жағдайында өзін ұстауға үйрету

    Уақыты: 10 минут

    Өткізу техникасы: әрбір қатысушыға бейтарап түрде жазылған әріптерден құралған мәтіні бар топтама таратылады. Сол мәтінді оқуға тапсырма беріледі.

     Нұсқау: Сізге 30 секундтың ішінде 3 үзіндіні оқу қажет:

 

     Тапсырмалар:

 МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМ

АсЫқпАтүспеДідепҚОлымаТЕзДамЫЛСЫзіздЕУІнеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДебоЛАдыКез

ЗерТТЕУдеАРнаЙыБЕлгІРетІнДЕҚазаҚертЕГіСінқОЛдаНдЫқҚаЗақЕрТегІЛерІарҚЫЛыБалаЛаРдЫҢжАсеРЕкшЕЛікТЕріНЕқАРАйқИЯлДЫқШығАРмАШылдЫҚкөРсетКІшІнАНықтАУкЕрЕк

     Талдау:

Тапсырманы бірден орындадыңыз ба?

Жылдам орындау үшін сізге не қажет болды?

Сіздің көзқарасыңызша өзін ұстау деген не?

Өзін ұстауды қалай дамытуға болады?

 



5. «Өзін-өзі жарнамалау»

      Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану, өзінің психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

     Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30минут ішінде өзінің көрсететін қызметін, психологиялық ерекшеліктерін, икемділігін, жетістігін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң, жүргізуші авторлардың есімін оқымай тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойында хатты талдау жүргізіледі. Хаттың авторын табу керек.

Психолог: Стрессті жеңбесе, ол жинала берсе денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ-ге дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.

Рефлексия: 

-Қазір қандай күйдесіздер?

-Тренингтен алған әсерлеріңіз?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!