Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі
ҰБТ және біз
Тренинг- сабақ
Сынып жетекші: Мукашева Ф.М.
Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне қарым-қатынасын нығайту.
Жетекші сөзі: Құрметті мектебіміздің түлектері бүгінгі тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер.Тренингімізді бастау үшін тренинг-сабағымыздың жоспары және шарттарымен танысып алайық.
І. Тренинг шарты
1. Берілген тапсырмадан тыс қалмау;
2. Бірін-бірі тыңдау және сыйлау;
3. Бір-біріне қолдау көрсету;
4.Уақытты тиімді пайдалану;
5. Жағымды эмоция тудыру
ІІ. Тренинг жоспары:
1. «Жағымды сөздер»
2. «Қар қиыршықтары»
3. «ҰБТ» -ол ...»
4. «Стрессті қалай жеңуге болады?»
5. «Ақ парақтың екі бөлігі»
6. «Жылдамдық»
7. «Эксперимент» жаттығуы
8. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы
1. «Жағымды сөздер» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші жағымды сөздер айта отырып кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?
2. «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.
Талдау:
-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
- Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар- ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір
3. «ҰБТ» -ол ...
Мақсаты: Оқушылардың әр нәрсеге соның ішінде ҰБТ –ге жан –жағынан қарай білуге, талдауға, үйрету.
Нұсқау: ҰБТ-дің 5 жағымды және 5 жағымсыз жағын атап, талқылайсыздар
4 «Стрессті қалай жеңуге болады
Мақсаты: Стресс және стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар туралы психологиялық кеңес.
Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье 1936 жылы. Стресске орай адам организмінідегі әр - түрлі өзгерістер тән болып саналады. Психологияда стресске ең басты мінездеме ретінде көбіне мазасыздықты айтады
Ойын барысы: Ортаға оқушылар шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.
6. «Ақ парақтың екі бөлігі»
Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту.
Нұсқау: алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке боліп, оң жақ бұрышына «+» белгісін, сол жағына «-» белгісін белгілеп, ҰТБ тестілеуге байланысты жағымды ,жылы, сенімді ойларыңызды «+» жазыңыздар. Ал «-» бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақты жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.
Енді осы теріс жағадайлардан арылғымымыз келеді ме? Не үшін? Не себепті?
Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қырқып, қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз.
7. «Жылдамдық»
мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2-ші әріпін жазасыздар.
Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі.
Оқушы,ой, еңбек,бес, он,қара, жүр,сана,қоян,сезімтал
8. «Эксперимент» жаттығуы
Берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада оқып шығу.
СеЗДірМей жҮРгеН,
ТеК өЗім біЛГен,
БІр сЕНім бАр
ЖОҒалМас мүЛДем.
Сол сЕНІм бАрДа,
АСЫғам аЛҒа,
Ақ тІЛегІм биІКке саМҒа!
2. сЕНбе
еШКіМге, тҰРса дА қАНша маҚТап,
ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын іШКе саҚТап.
Өзіңе сен, өзІҢді аЛЫп шЫҒар,
АҚылың мЕн еңБЕгің еКі
жаҚТаП.
3. СеНІМді аҚЫл мен еРІкке бАҒындыру қаЖет. ТаБАндыЛЫқ пЕн өЗІңді-өЗІң
бИЛеу,өР рУх
пен қаЙЫспаЙТын қаЙСарлық - еРЛік-
Тің кеПІлі. Бауыржан Момышұлы
9. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы
1. Бүгін 6 маусым, мен таңертең сағат 5.30 да тұрамын...
2. Осы тест туралы естігенде...
3. Ертеңгі күнді ойласам...
4.Соңғы уақытта көңіл-күйім...
10. Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай?
Бүгінгі тренинг-сабақ ұнады ма?
Қандай әсер алдыңыз?
Мақсаттарға жеттік пе?
Оқушылар алдарындағы жатқан эмоция бейнесін таңдап, тренингтен алған әсерлері жайлы әңгімелейді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"ҰБТ және біз" тренинг

шағым қалдыра аласыз