Материалдар / "ҰБТ кемесі - 140" тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ҰБТ кемесі - 140" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың көңіл – күйлерін көтеріп, бойларындағы қорқыныш сезімдерін жеңе білуге және өз болашақтарының жарқын екеніне сенімділік туғызу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
659
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Минск орта мектебі









Өткізген: педагог – психолог Сағит Оразкүл Дүйсенбайқызы











2018 – 2019 оқу жылы

«ҰБТ – 140 кемесі» тренинг Мақсаты: Оқушылардың көңіл – күйлерін көтеріп, бойларындағы қорқыныш сезімдерін жеңе білуге және өз болашақтарының жарқын екеніне сенімділік туғызу.Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті жолаушылар! Ақмола облысы, Ақкөл ауданына саяхатқа шығатын «ҰБТ-140 кемесі » Минск жағалауына келіп тоқтады. Бортқа жолаушыларды отырғызу басталды. Құрметті жолаушылар кемеге отырар алдында «тексеруден» өтулеріңіз сұралады. Қолдарыңызда рұқсат қағаздарыңыз бен жеке басты куәландыратын құжаттарыңыз болуы тиіс. Жолаушы азаматтар! «ҰБТ-140 кемесі» жүргелі тұр. Шығарып салушылар! Каютодан шығуларыңыз сұралады. Сақ болыңыздар! «ҰБТ-140 кемесі » Ақкөл ауданына қарай жүруге бет алды. (Параход дауысы шығады). Құрметті жолаушылар! Жолымыз ұзақ, терең де таяз жерлеріміз көп. Сіздермен 10-15 минуттық саяхатта бірге болатын кеме капитаны Сағит Оразкүл Дүйсенбайқызы. Кемеге қош келдіңіздер! Құрметті жолаушылар, 10-15 минутқа созылатын бұл саяхатымызға тез жетуіміз үшін 3 аралдан өтуге тура келеді. Әр аралдың тоқтау мерзімі 2-3 минут. Сапарлас болатын жолаушылармен таныс болып отырайық. Пікірталас сәті:
  • ҰБТ деген не?
  • ҰБТ-ға (емтиханға) қалай әзірленген тиімді?
  • ҰБТ-ке әзірлену үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек?
  • Емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыру керек?
  • Емтиханды сәтті тапсыру үшін не істеу керек?
«Қар қиыршықтары» жаттығуы. Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.Талдау:
  • Кімде бірдей, бір – бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар? Не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
  • Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата – аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан – дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар – ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.
“Джунглиядағы жаңбыр” жаттығуы.Мақсаты: иық, мойын, омыртқа бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.Өту барысы: Тар шеңбер құрып, нұсқау бойынша жаттығуды орындаймыз.Өзімізді джунглияда жүрміз деп елестетеміз. Ауа райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты (алдымызда тұрған адамның арқасына қолымызбен жеңіл қимылдар жасаймыз). Содан кейін жаңбыр сіркіреді. (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртесіз)Нөсер жауын басталды. (жоғары –төмен алақан, саусақтармен сипайсыз).Жел тұрды (қаттырақ арқасын уқалайсыз). Одан кейін күн шайдай ашылды. Талдау:«Дыбыстық гимнастика» жаттығуы.Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, психологиялық атмосфера орнату.Нұсқау: Барлығымыз хормен әріптерді қайталаймыз. Ол әріптердің маңыздылығына назар аударамыз. А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады.Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді. И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады.О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді. Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі. Ха – ха – көңіл күйді көтереді.Қорытынды сөз.Психолог: Құрметті мектеп түлектері, алдарыңда үлкен сын, намысты дода, сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір – біріңнің қолдарыңды ұстап, жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар. Құрметті жолаушылар, «ҰБТ – 140 кемесі» жағаға жақындады. Бір – бірімізбен қоштасайық. Сіздерді жағада ата-ана, тума-туыс, құрбы-құрдас, ұстаздарыңыз күтіп отыр. Сапарымыз сәтті болды. Бәріміз ҰБТ-дан 140 ұпай жинадық. Келесі «Студент – 2018» кемесінің бортында кездескенше сау болыңыздар!

«ҰБТ-да жетістікке жетейік»(«Бір дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен)
  • Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,
ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз,Білім болған бастау алар тірегімізӘннен шашу шашайықҚайырмасы: Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,Орындалсын үміт толы тілегіміз,Бәріміз де дайым,Көрмей қайғы – уайымҰБТ-дан жетістікке жетейік.
  • Жанымызға сенімділік серік болсын,
Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,Асулардан асайықҚайырмасы:Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,Орындалсын үміт толы тілегіміз,Бәріміз де дайым,Көрмей қайғы – уайымҰБТ-дан жетістікке жетейік.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!