жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҰБТ кезіндегі депрессия мен стреске ата-ана мен баланың қарсы ықпалдарын нығайту.
«№17 орта мектебі» КММ |
ҰБТ кезіндегі депрессия мен стреске ата-ана мен баланың қарсы ықпалдарын нығайту. |
Тренинг |
|
Психолог Несипова М.А. |
2018-2019 оқу жылы |
Сабақтың мақсаты:
Ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық пен түсіністікті, бір-біріне деген мейірімділікті нығайту, бір-бірін тыңдауға, баланың өз ойын ата-анаға айта алуына, өз ойымен бөлісе алуына ықпал тигізу.
Балаға ата-ананың ақыл-кеңестерін тыңдап, оны орындауға және баланың міндет, парызын орындауға тәрбиелеу.
Депрессия мен стреске қарсы тұру жолдарымен таныстыру.
Сабақтың типі: тренинг.
Сабақтың әдісі: психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: сабаққа арналған слайд, сурет салуға арналған А4 формат, түсті қарындаштар, сергіту сәтіне музыка, суретті тест бланкісі «Құз» әдістемесі, ақ қағаздар (қар лақтыру), балапандар мен гүлдер қиындылары, ата-анаға арналған таратылым кітапшалары.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Қалай жақсы көремін?» қауышу ойыны.
Екі қатарға тізіліп тұрады, ата-ана – балаға, баласы – ата-анасына. Олар бір-бірін қалай жақсы көреді, қалай еркелететіндіктерін ортаға салу. Бірінші баласы қадамдар жасай отыра ата-анасына қарай жүре бастайды. Мыс: анашым, маматайым, ақылшым, т.б. Анасы баласымен, баласы анасымен қауышады.
Екі топқа бөлініп отырады, ата-ана бір топ, балалар екінші топ.
ІІІ. Кіріспе. Слайдпен жұмыс.
А) Ата-ана деген кім?.. Ол - сенің тәрбиешің, демеушің, асыраушың, көмекшің, ақылшың, сырласың, досың, туысқаның, қамқоршың, сені қоршаған табиғатың, суың, сен тыныс алатын ауаң, сендегі жұдырықтай ғана жүрегің! Оларсыз сен көмекке мұқтаж адам қатарындағы жансың!
Ә) Бала деген кім?.. Ол – сенің жайқалған жапырағың, ұрпағың, қызығың, мақтанышың, үкілеген үмітің, аманатың, арманың, сүйенішің, қырдағы гүлің, сәулелі айың, шуақты күнің, екі аяғың мен қолың, көз қарашығың, бойыңдағы кішкене кесек бауыр етің! Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар!
Талдау- сұрақ: 1)Ата-ана мен баладан не құрылады?
ІҮ.Тақтамен жұмыс:1)Отбасы деген не? (Түсініктерін, ойларын ортаға салу, тақтаға жазу)
Отбасы
2) Отбасында қандай қиын жағдайлар кездеседі? Сұрақ-жауап. Мыс: түсініспеушілік, ұрыс-керіс, бірін-бірі сыйламаушылық, т.б.
3) ҰБТ кезіндегі отбасы жайында түсінік беру.
Ү. ҰБТ-ға түсінік. Слайд.
ӨМІР шексіз жомарт. Біз бұл өмірде бір нәрсені табамыз, бірдеңені жоғалтамыз, бірақ әлі де көрер қызығымыз мол. ҰБТ – бұл кезең, ал Өмір қымбат!
Емтихан – бітіруші немесе абитуриент комиссиямен жалғыз қалатын жекелей іс. Ал ата-аналар өз балалары үшін алаңдауына тура келеді, ара қашықтықтан демеу беруге тырысады. Баласы тапсырып шыққанша тағат таппай алаңдап, өз денсаулықтарына күш салады. Соның салдарынан екі жақта да депрессия мен стресс қатар жүріп, адам ағзасындағы аурулар саны көбірек орын алатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жағдайларды болдырмау біріншіден бітіруші түлектердің өз қолдарында.
ҮІ. Тест. «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.
Иә / Кейде / Жоқ
1.Мен өзімді бақытты сезінемін
1 2
2.Мен өзімді бақытты ете аламын
0 1 2
3.Мені шарасыздық сезімі мазалайды
2 1 0
4.Мен стрестік ситуацияларда дәрі-дәрмек пен алкогольдің көмегінсіз өз-өзіме келе аламын
0 1 2
5.Егер мен өте қатты стресс алсам, міндетті түрде маманның көмегіне жүгінер едім
0 1 2
6.Мен қайғыруға бейіммін
2 1 0
7.Менің кейде басқа біреу болғым келеді
2 1 0
8.Мен кейде басқа жерде болғым келеді
2 1 0
9.Менің көңіл-күйім тез түседі
2 1 0
Тест кілті
0 – 3 ұпай.Сіз өзіңізді ұстай аласыз және сіз бақытты адамсыз
4 – 7 ұпай. Сіз стреспен орташа деңгейде күресе аласыз. Сіздің стрестік жағдайда көмектесетін әдістерді пайдаланғаныңыз жөн.
8 және одан жоғары. Сізге әзірге өмірдің қиындықтарымен күресу оңай болмайын деп тұр. Егер сіз өзіңіздің рухани қуатыңыз бен дене қуатыңызды сақтағыңыз келсе, онда сізге стресс жағдайында көмектесетін әдістерді тиімді пайдалануды үйрену қажет.
ҮІІ. Ереже. Слайд
Мазасыздықтан арылудың 5 ережесі:
Бойыңызды билеген мазасыздықтан құтылу үшін бос жүрмей, өзіңізді өзіңіз жұмысқа жегіңіз. Бұл – мазасыздықтан, алаңдаушылықтан арылудың бірден-бір жолы.
Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз.
Айналаңыздағы болып жатқанды сол күйінде қабылдаңыз. Егер оны өзгерту қолыңыздан келмесе, «Бұдан басқа жолы жоқ, бұл осы күйінде қалуы керек»,- деп сендіріңіз.
Мазасызданудың да шегі бар деп белгілеңіз. Болып жатқан оқиға қаншалықты мазаңызды ала алатынын шамалаңыз да, одан әрі оны ойламауға тырысыңыз.
Өткен күн туралы ойламаңыз. Ағаш жоңқасын қайта жонудың қажеті жоқтығын есте сақтаңыз.
ҮІІІ. Қарсы әрекет. Слайд.
Жалпы мазасыздық адамға депрессия мен стресс әкеледі. Бойға білінбей еніп, ми мен денені бірдей алқымға алатын бұл аурулар – жетістікті қақпайлайтын бірден бір зиянды нәрселер. Олардың қалай басталатынын біліп және оларға қарсы әрекет етейік. (Төмендегі слайдтар)
1.Бәрі де «Шіркін - айдан» басталады.
Әбден қиналған кезіңде «Шіркін - ай» деген аңсау саған көмек те, жұбаныш та емес. Керісінше сені стресс пен депрессияға ұрындырады. Сәті түспеді ме, келесі сәтті күт. Ыңғайлы болмады ма, ыңғайластыр. Реті келмеді ме, келістір. Жөні табылмады ма, жөнге келтір. Бәрі сенің қолыңда екенін біл. Еш қайғыға салынба, сергек бол.
2.Үмітсіз тек шайтан ғана.
Адам өмірі үміттен тұратынын ұмытпа. Әркім келешегіне үміттене қарайды. Алда сені нелер күтіп тұрғанын білмейсің, мүмкін жарқын таңдарың енді ататын шығар, сондықтан үмітсіз болма.
3.Өзіңді төмендетпе.
Сен бәріненде биік, сұлу, адамгершіл, сыйлы, білімді, қоршаған ортаға ерекше керек жан екеніңді біліп жүр.
4.Өткенді ұмытқаның мақұл.
«Болған іске болаттай бол»,-дейді халқымыз. Болары болып, бояуы сіңген нәрсені уайымдай бергеннен еш нәрсе өзгермейді. Жақсылық пен жамандық, қуаныш пен реніш, ақ пен қара бірге жұретінін ұмытпа.
5.Денсаулығыңды ойла.
Дені сау адамның төрт дүниесі түгел болады. Ал денсаулығы жоқ адамдар оны жөндеу үшін өмір бойы тек жанталасумен өтеді. Адамдардың ең көп ауыратыны жүйке ауруы. Өйткені адам стреске кіргенде, депрессияға түскенде жүйке тамырлары жұқарады, содан кейін ашуланшақ, тырысқақ, ұрысқақ болады. Ал әрбір ашуланған кез адамның өмірін азайта түседі. Бетіңді әжім басып, тез қартайып қалма.
ІХ. Жылжымалы сурет. Қағазбен жұмыс. Сурет салу.
А) Әр топқа А4 қағазы, қарындаш беріледі. Оған «отбасы қандай болу керек, отбасына не керек?» әр адам бір затты бейнелеп, келесі адамға жылжыту арқылы суретпен толықтыра салады.
Ә) Әр топ салған суреттерін қорғайды.
Х. Сергіту сәті. Би.
ХІ.Суретті тест. «Құз» әдістемесі.
Берілген құздың суретіне адам мен көпірдің
Тек біреуін ғана бейнелейді.
Кілті: көпір салса – қиын жағдайдан шыға алады. Адам салса (ішіне) - депрессивті көңіл-күйде.
ХІІ. «Қар лақтыру» ойыны.
Бір парақ таратылып, ол қағазға ешкімге көрсетпей, атын атамай, бір адамды көзіне елестетіп, оның атын және сезімні білдіретін бірер сөз жазады. Екі топ қарама-қарсы тұрып қағазды қар секілді жұмарлап бір-біріне лақтыра береді. Әркім өз алдына түскен қарды алып ішіндеі жазылғанды дауыстап оқиды.
ХІІІ. «Балапандар мен гүлдер тілегі»
Ата-ана балапан қиындысын алып, баласынаҰБТ-ға тілек жазып, оқып, тақтаға іледі, ал, балалар бір-бір гүл қиындыларын алып ата-анасына тілектерін жазып, оқып, ата-анасына сыйлайды.
ХІҮ. Есіңе сақта! Слайд.
Құрметті, Түлек! Жетістікке жету үшін теріңді төк, аянба, шабыттан! Өзіңнің ішкі түйсігіңе сен, тек жақсылықты ғана ойла. Рухани байлығыңды жоғалтпа, ашыл, жадыра. Біліміңді ұшта, тереңнен ойлан. Өз беделің мен қоса ата-ананың, ұстаздың қадірін құрметте, атына кір келтірме. Алтын уақытты қадірле, себебі сен әр сағат, минут, секунд сайын есейіп жатырсың. Абыройлы бол, сенің ар, намысың бар. Болашағыңды ойла, ол тек қана сенің өзіңнің қолыңда.Сынақтан сүрінбе, себебі сені қолдайтын тілеулес халқың бар, ортаң бар, туғаның бар, бауырларың бар. Олар сені мақтан етеді!
ХҮ. Қорытынды.
1)Ата-анаға арналған кітапша тарату.
2) Бүгін не білдік? Талдау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген