Материалдар / ҰБТ папкасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰБТ папкасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге ҰБТ папкасы, математика, математикалық сауаттылық бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2024
165
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





















Shape1

ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ ЖИНАҚ ПАПКАСЫ







Қызыл-Әскер орта мектебі

























Математика пәнінің мұғалімі: Акипова Жанар Алтынбекқызы





2021-2022 оқу жылы

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында тақырыптарды оңай әдістермен түсінікті жеткізе отырып оқулықпен өз бетінше дайындалуға үйрету.

Міндеті:

  1. Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде ақпарат, мәліметтерді өз бетімен қолдануын ұйымдастыру;

  2. ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін Қазақстан тарихы пәнінен білім деңгейін анықтау;

  3. Уақытты тиімді пайдалана білуге мүмкіндік беру;

  4. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  5. Оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, белсенділігін арттыру;

  6. Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау;

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша тестті сәтті тапсырады, берілген тапсырманың мазмұнын түсіне алады, өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді


ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?

  • Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

  • Интерактивті технологияларды қолдану;

  • Жеке тұлғаның даралығын дамыту;

  • Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік). Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)


Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық

15

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Оқу сауаттылығы

20 (4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Қазақстан тарихы

15

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

2 блок

1 бейінді пән

25

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 бейінді пән

25

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Барысы: Дайындық 3 бөлімнен тұрады

  1. Психологиялық

  2. Теориялық

  3. Практикалық







Пән мұғалімінің жұмыс бағыттары




Диагностикалық бағыт

Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау

Тестілеу

Сұхбаттасу

Бақылау үзігі

Практикалық бағыт

Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру

Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, факультативтік сабақтар

Қадағалау бағыты

Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау

Бақылау

Тест тақырыбы
































І. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Shape2

















ІІ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Shape3

Теориялық дайындық





Shape5 Shape4

Shape6 Shape7

Тірексызбалармен түсіндіру

Видеосабақтар









Тірексызбалармен түсіндіру сабағы







ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ



Shape8

Тесттермен жұмыс





Shape9 Shape10

Формуламен жұмыс

Кестемен жұмыс





Shape11

Shape15 Shape14 Shape13 Shape16 Shape17 Shape18 Shape19 Shape20 Shape21 Shape12

Математикалық терминдер терминдермен жұмыс

Қатемен жұмыс

Қайталау жұмысы

Әдіс-тәсілдері



Shape22

Сызба-нұсқа кестемен жұмыс







Shape23



Shape24

Электронды тест





Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не?


Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде бес жыл бойына талапкерлердің білімін бағалауда тапсырмаларды шешуге барынша әділдікті және мемлекеттік білім грантын беру мен мемлекеттік білім кредиттерін ұсыну мәселелерінде әлеуметтік әділдікті шешуге мүмкіндік беретін кешендік тестілеу технологиясы қолданылып келеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не? Ол республикада қандай мақсатпен енгізілуде? Жоғары сапалы білім алуды қамтамасыз ететін білім жетістіктерін сырттай бақылау жүйесін жасау мақсатында 2004 жылы республикада ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) еңгізілген – ол білім ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасын бағалайтын жаңа технологияларға негізделген мектеп бітірушілерін мемлекеттік аттестаттауды және колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін мемлекеттік жүйе. ҰБТ-ның негізгі міндеттері бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасына мемлекеттік бағылау мен басқару жүйесін қамтамасын ету, білім сапасын бағалаудың әділдігін дұрыстығын арттыру болады. ҰБТ-ны енгізу білім беру ұйымдарының қызметін әділ бағалауға, олардың нақты рейтингісін анықтауға, мұғалімдер мен оқушылардың оқуда жақсы нәтижелерге жетсем деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. ҰБТ- ның басты міндеттері - бірыңғай өлшеуіш материалдардың көмегімен мемлекеттік бақылауды және білім беру сапасын басқаруды, білім беру сапасын бағалаудың әділдігін сенімділігін арттыру мониторингісі болып табылады. ҰБТ – ны жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері ерікті түрде тапсыратын болады. ҰБТ – ны ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына колледждеріне түсем деп ниет білдірген бітірушілер тапсырады. Ерекше үлгідегі аттестат және «Алтын белгі» белгісін үздік аттестатты алуға үміткер бітірушілер үшін ҰБТ тапсыру міндеті.

ҰБТ оқушылар білімін тез әрі жан - жақты бақылау мен бағалауда тиімді әдіс болып табылуда. Сондықтан бүгінгі таңда осы әдіс жаппай қолданылуда.

ҰБТ-ға дайындық (оқушыға кеңес)


  • Сабаққа орын дайында; үстелдің үстінен керек емес заттарды алып таста, керек оқулықтарды, құралдарды, дәптерлерді, қағаздарды, қарындаштарды ыңғайлы орынға қой.

  • Бөлменің интерьеріне сары және күлгін түстерді енгізіп қойыңдар (олар интеллектуалдык белсенділікті жоғарлатады). Осы үшін сурет немесе эстампа қажет.

  • ҰБТ-ға дайындық жоспарын жасаңдар. Біріншіден:

Кімсіз – «үкі» немесе «бозторғай», осыған орай таңертеңгі немесе кешкі сағаттарын пайдаланып, әр күнге дайындық жоспарын жасағанда, бүгін не оқу қажет екенін анықтау керек

  • Білмейтін материалдан, қиын саласынан бастаңдар. Егер сендерге бастауға қиын болса, қызықты және ұнайтын материалдан бастаңдар. Оқу мен демалысты кезектеңдер: 40 минут сабақ, 10 минут – үзіліс. Үзіліс кезінде гүлдерге су құюға, ыдыс-аяқты жууға, дене шынықтыру жаттығуларын жасауға, душ қабылдауға болады.

  • Осы пән бойынша әр түрлі жарияланған тесттерді көп орындаңдар. Осы жаттығулар сізді тест тапсырмаларының құрылысымен таныстырады.

  • Секундамер арқылы жаттығу жасаңдар, тест орындалудың уақытын белгілендер (1 тапсырмаға ең көбі – 1,5 мин кетсін).

  • Емтиханға дайындалу барысында зор жеңістің суретін ойыңызға салып отырыңыздар. Ешқашанда тапсырманы орындай алмаймын деп, ойламаңдар.

  • Қиын мәселелерді қайталауға емтихан алдында бір күнді қалдырыңдар.


ЕМТИХАН АЛДЫНДА.

Көбісі - емтиханға толық дайындалу үшін соңғы, бір түн жетпейді деп, ойлайды. Бұл дұрыс емес. Сіз шаршадыңыз, өзіңізді қажыту керек емес. Керісінше: кешкі серуенді жасап, ұйықтау алдында душ қабылдаңыздар. «Тұлпар» сезіммен ояну үшін, рақаттанып ұйықтаңыздар.

Оқушылардың білімін жетілдіру үшін ұсынылатын жұмыстар:


  1. Өткен тақырыптарды жүйелі түрде қайталау;

  2. Әр оқушыда жеке дәптер болу керек;

  3. Апта сайын консультация жүргізу;

  4. Оқушылар үшін қиын тақырыптарды қайтадан өту;

  5. Тестілеуден кейін жіберілген қателермен жұмыс жүргізу;

  6. Сынып жетекшімен бірігіп жұмыс жүргізу, әр оқушының консультацияға келуін бақылау;

  7. Апта сайын мектепаралық тестілеу жүргізу;

  8. Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеп отыру.



Мұғалімдердің ұлттық тестілеу алдында жүргізілетін

дайындық жұмыстары

  • Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне бақылау жұмыстарын жүргізу керек. Өз пәнін жетік білмейтін мұғалім балаға үйрете де алмайды. Бақылау барысында төмен нәтиже көрсеткендерге қатаң талап қойып, қайта сынақтан өткізген жөн. Мұғалімдердің де дайындығына уақыт беріледі.

  • Мұғалімдердің оқушылар үшін дайындаған тест тапсырмаларын бірлестік отырысында қарап талдау керек.

  • «Айлық нәтиже» қабырға газеті ай сайын шығарылып, оған ай сайын алынып отырған тест нәтижесі ілініп отырады.

  • Мұғалім оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтарды біліп, іле қосымша түсіндіріп отырған жөн.

  • Мектеп әкімшілігі сабақтарға жиі кіріп, мұғалімнің жаңа сабақты қалай игеретініне назар аудару керек. Әр сабақ жақсы игерілсе, оқушының жаңылыс басуы мүмкін емес. Мұғалім шеберлігі қажет. Шеберлік жетіспеген жағдайда ол мұғалімнің өзіне көп ізденіс керек.

  • Мектеп әкімшілігі оқушылардың білімін өздері тексеріп, тоқсандық бағамен салыстыру керек. Кей мұғалім бағаны көтермелеп қояды да, осыдан кейін оқушы аз дайындыққа қанағат тұтады. Онсыз да жақсы баға алғандықтан, терең оқуға ұмтылмайды. Әкімшілік тестілеуде алған баға мен журналдағы бағаны салыстырып, көтермелеген бағаның алдағы уақытта төмендейтіндігін ескерсе, оқушы да тырысуы мүмкін. Әділетсіз қойған баға өзгелерге де ықпалын тигізеді. Кейбірі «Оған 5,маған бәрібір 3» деп ойлап, сабаққа мән бермейді.

  • Мұғалім тест сұрақтарын ата - аналарға да беріп, олар үйде тексерсе, нәтижесін мұғалімге көрсетсе және ата - аналарға жиналысында есеп беріп отырса.

  • Оқушылар арасында (әсіресе 9-11 сыныптар) қызықты іс шаралар ұйымдастырылып, оған тестке қатысты сұрақтар енсе.

  • Сыныпты 4 топқа (басқа да) бөліп, өзара бәсекелестік жүргізсе, (білім деңгейлеріне қарай ең жақсы оқитындар арасында, жақсы оқитындар, орташа оқитындар, үлгірімі төмендер арасында).

  • Барлық мектепте компьютер жақсы жолға қойылып, оқушы тестілеуде берген жауаптарын компьютердегі жауаптармен салыстырса. Кемшіліктерін өздері түзеп, жазып отырса. Тіпті болмаған жағдайда мұғалімнің жауап қағазымен салыстырса.

  • Әр жаңа сабақты өткен сайын сол тақырып бойынша соңында 1-2 минуттық тест алынып отырса.

  • Қай мектепте, қай пәнінен тест бойынша нәтиже жақсы болса, сол пән мұғалімінің санатын көтерсе, ақшалай сыйлық берілсе.

  • Қысқа аудандық тестілеу өтіп, әдіскерлер мектептердегі оқушыларды (9-10 сыныптар) бақылаудан өткізсе.

  • Тестілеуге дайындық барысында бір қосымша сабақ бөлініп, ол ақылы болса, мұғалімдердің де қызығушылығы туар еді.

  • 700 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!