400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

ҰБТ тест Қазақстан тарихы 20 сұрақ 5-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-ға дайындауға арналған тесттер жаңартылған бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-нұсқа

1.Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағына таралған сақ мәдениеті:

A) Беғазы-Дәндібай

B) Андрон

C) Тасмола+

D) Алакөл


2. Көп нүктенің орнына тиісті жауапты қойыңыз: «Тарих-и Рашиди» еңбегінде: «Қазақ хандығында Мамаш хан өлгеннен кейін үлкен келіспеушілік басталды, Дешті Қыпшақ сұлтандары бір-бірімен ұзақ соғысты. Ең соңында ................. хан болып жарияланды», - деп жазды.

A) Бұйдаш сұлтан

B) Мамаш сұлтан

C) Қасым сұлтан

D) Тахир сұлтан+


3. Шығыс Қазақстаннан табылған сақ қорғандары:

A) Аралтөбе мен Тасмола

B )Бесшатыр мен Есік

C) Бесоба мен Сынтас

D) Майемер мен Шілікті +


4. Орта ғасырдағы діни сәулет құрылысы:

A) Моншалар.

B) Сарайлар.

C) Мешіттер. +

D) Махаллалар.


5. Моғолстандағы жоғарғы қызмет, ханнан кейінгі екінші адам:

A) Сұлтан

B) Жабғу

C) Беклербек

D) Ұлысбек+


6. Исламды тарату мақсатында қыпшақтарға қарсы жорыққа шыққан мемлекет:

A) Хорезм+

B) Қимақ

C) Соғды

D) Оғыз

7. Қазақ елінің маңызды әлеуметтік мәселелерін қозғаған Міржақып Дулатовтың еңбегі:

A) «Қамар сұлу»

B) «Терме»+

C) «Маса»

D) «Қырық мысал»

8. 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басшыларының бірі:

A) Ж.Тіленшіұлы

B) С.Датұлы

C) И.Тайманұлы+

D) К.Қасымұлы


9. Омбы мен Орынбор:

A) ХІХ ғ. әскери училище ашылған қалалар+

B) Қазақ АКСР-ның астаналары

C) Түркістан АКСР-і құрамындағы облыстар

D) І және ІІ Бүкілқазақтық съезд өткен қалалар


10. Тарихи оқиғаларды хронологиялық реттілікпен орналастырыңыз:

1. Ордабасы құрылтайы

2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

3. Ақбұлақ шайқасы

4. Торғай және Орал облысындағы көтеріліс

5. Аңырақай шайқасы


A) 1, 2, 3, 4, 5

B) 5, 2, 1, 3, 4

C) 2, 1, 5, 3, 4+

D) 2, 4, 1, 5, 3


11. Алтын Орданың Таяу Шығыс мемлекеттерімен қатынастары Алтын Орда Риммен, Византиямен және Мысырмен дипломатиялық қатынастар орнатты. 1245 жылы IV Иннокентий папа Алтын Ордаға франциск монахы Плано Карпиниді жіберді. Кресшілер оларды өздеріне Мысырдағы мамлюктер мемлекетіне қарсы одақтас жасауға әрекеттенді. Византия да Алтын Орданы тиімді одақтас ретінде есептеді. Берке мен мамлюктердің қолдауымен Византия императоры VIII Михаил Палеолгқа латындықтарды Константинопольден қуып шығудың және Византия империясын қалпына келтірудің сәті түсті. Алтын Орданың Мысырмен қарым-қатынастары ерекше назар аударуға тұрарлық. 1258 жылы Хулагу хан Бағдадты басып алып, Аббастар халифатын күйретті. Кейін Хулагу әскері Сирияға баса-көктеп кірді. Тек ұлы хан Мөңкенің өлімі туралы хабар ғана Хулагуды Мысырға жорық жасаудан бас тартуға мәжбүр етті. Хулагудан қорыққан Мысыр сұлтаны Бейбарыс Беркемен одақтасуды қарастыра бастады. Сондай-ақ ол Оңтүстік Кавказ үшін моңғолдық мемлекеттердің өзара соғысуына мүдделі болды; өйткені бұл Хулагудың назарын Мысыр бағытындағы басқыншылығынан басқа жаққа аударған болар еді. Бейбарыс сұлтанның Беркеге жазған хаты Алтын Орда мен Мысырдың арасындағы дипломатиялық хат алмасудың бастамасы болды және онда Беркеге исламды қабылдауға ұсыныс жасалды. Бұған қоса, Алтын Орда мамлюктердің әскери тобын нығайтуға мүмкіндік жасап, Мысырға құлдарды көптеп жіберіп отырды. Алтын Орданың бұдан кейінгі билеушілері кезінде де Мысырмен достық қарым-қатынастар сақталды. Тек 1320 жылы ғана Алтын Орда мен Мысыр арасындағы қатынастарда салқындық басталды.


Таяу Шығыс мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатқан Алтын Орда билеушісі:

A) Хулагу

B) Берке+

C) Бату

D) Мөңке


12. Алтын Орда мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына себеп болған оқиғалардың бірі:

A) Ұлы хан Мөңкенің қаза болуы

B) Мамлюктердің кресшілерді талқандауы

C) Хулагу ханның Бағдадты басып алуы

D) Беркенің исламды қабылдауы+


13. Оңтүстік Кавказдағы үстемдік үшін өзара күрес жүргізген билеушілер:

A Хулагу мен Берке+

B Бейбарыс пен Хулагу

C Берке мен Мөңке

D Михаил Палеолг пен Бейбарыс


14. Алтын Орда мен Египет арасындағы байланыс нашарлай бастады:

A) XIII ғасырдың 20-жылы

B) XIV ғасырдың басында +

C) XIII ғасырдың басында

D) XIII ғасырдың 40-жылы


15. Хулагу ханның жорығынан қауіптенген Бейбарыс сұлтанның жасаған әрекеті:

A) Мамлюктердің әскери тобын нығайту үшін құлдар санын көбейтті

B) Хулагу ханға алтын, бағалы сыйлықтар жіберді

C) Алтын Ордамен дипломатиялық байланыс орната бастады+

D) Ұлы хан Мөңкені өлтіруге тапсырма берді


16. XIV ғасырдың екінші жартысында Жошы ұлысында аласапыран басталып, ол жиырма жылға созылды («Ұлы ылаң»). Аласапыран кезеңі ішінде жиырмадан астам билеуші алмасты. Кейбір түркі көсемдері өздерін тәуелсіз билеушілер деп жариялады. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Ордадан Орда Еженнің ұрпақтары бөлініп, өз ұлысын құрды. Батудың бірнеше ұрпағының беклербегі (бас қолбасшысы) болған түменбасы Мамай Еділден батысқа қарайғы бүкіл даланы өз бақылауында ұстады. Еділ бойындағы алтынордалық қалаларды Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Орыс хан жаулап алды. Осылайша Жошы ұлысын Мамай мен Орыс хан өзара бөліседі. 1370 жылдың соңында ұлысты билеуге Тоқай Темірдің ұрпағы Тоқтамыс келді. Ол Жошы ұлысының бүкіл аумағын біріктірген соңғы хан болды. 1391 және 1395 жылдары әмір Темір Тоқтамысты екі рет жеңді. Нәтижесінде Жошы ұлысы алапат тонаушылыққа ұшырады.


Тоқай Темірдің ұрпағы Тоқтамыс хан билікке келді:

A) XIV ғасырдың II жартысы+

B) XIII ғасырдың 70 жылдары

C) XV ғасырдың 70 жылдары

D) XIV ғасырдың I жартысы


17. XIV ғасырдың екінші жартысында Орда Еженнің ұрпақтары құрған мемлекет:

A) Моғолстан

B) Ақ Орда+

C) Әбілқайыр хандығы

D) Ноғай Ордасы


18. XIV ғасырдың 90-жылдары Алтын Орда құлдырау кезеңін бастан кешірді:

A) Орыс ханның шапқыншылығынан кейін

B) Әмір Темір шапқыншылығынан кейін+

C) Ішкі алауыздықтардан соң

D) Тоқтамыс ханның өлімінен кейін


19. Мәтінді оқып, «Дүрбелең жылдардан» кейін Жошы ұлысында орын алған өзгерісті анықтаңыз:

A) Әмір Темір Ұлы Дала билігінен айырылды

B) Бату хан Жошы ұлысының тағына отырды

C) Қалалар саны өсіп, сауда-саттық дамыды

D) Бірқатар тәуелсіз иеліктер құрыла бастады+


20. Мәтінді оқып, «Дүрбелең жылдардың» салдарын көрсетіңіз:

A) Жошы ұлысының жері талан-таражға түсті+

B) Аласапыран елдің бірігуіне себепкер болды

C) Көшпенділік мәдениеттің дамуын күшейітті

D) Қазақ халқының бірігуін кешеуілдетті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
21.11.2024
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі