ұбт тест қазақстан тарихы 8 нұсқа

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ұбт тест қазақстан тарихы 8 нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама бойынша ұбт тесттері, 2 контексттік тапсырмасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.

Ресей империясының экономикасы қарқынды дамып келе жатты. Оған шикізат көздері, арзан жұмыс қолы және өндірілген өнім түрлерін өткізетін рынок қажет болды. Патша үкіметі Қазақстанда да зауыттар мен фабрикалар сала бастады. Қазба байлығы мен ауылшаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар қатары көбейді. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарының өзінде-ақ орыс фабриканттары Ресейді шығыстағы шет аймақтармен байланыстыратын теміржолдар салуды патша үкіметінен сұраған болатын. Ташкенттен шыққан түйе керуені Орынборға 100 күн дегенде әрең жететін. Мұндай жағдай сауда-саттық пен өнеркәсіптің жедел дамуына көп кедергі келтірді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына теміржол магистральдары салына бастады. Қазақстандағы шахталар мен кеніштер орыс көпестері мен кәсіпкерлердің қолында болды. Алайда ХХ ғасырдың бас кезіне қарай тау-кен кәсіпорындарының басым бөлігі шетелдік кәсіпкерлердің қолына көшті. Патша үкіметі шетелдік кәсіпкерлерге шет аймақтарды игеруіне кең жол ашып берген еді. Өйткені олар өндірілген дайын өнімді өткізуде қиындықтарға душар болды. Ал Ресей шенеуніктері шетелдік кәсіпкерлер жағында болды.

1. Патша үкіметінің Қазақстан жеріне теміржол магистральдарын салудағы мақсаты:

А) Қазақтарды жұмыспен қамтамасыз ету

B) Қазақ жерінде қоныстанған орыс шаруаларын Ресейге алып кету

C) Қазақтардың өнеркәсіптерінің жедел дамуына көмек көрсету

D) Өндірілген шикізаттарды тасып әкету+

2. Картаға қарап, ХІХ ғасырдың 40-жылдары орыс кәсіпкерлерінің қолына сатылған көмір кен орнын көрсетіңіз:

A) Атбасар +

B) Спасск-Успенск

C) Доссор

D) Қарағанды


3. ХХ ғасыр басында патша үкіметінің Қазақстандағы тау-кен кәсіпорындарының шетелдік кәсіпкерлерге сатуының себебі:

A) Орыс кәсіпкерлері үшін қазақ жерінен өндірілген шикізаттың нашар болуы

B) Кен орындарын игеруге орыс техникасының нашарлығы+

C) Қазақ жеріндегі кен орындарының бағасының өте қымбат болуы

D) Патша үкіметінің ішкі рыноктағы тауарларды орыс аумағына сатуға тыйым салуы

4. Төмендегі мәліметтердің ішінен дұрыс ақпаратты табыңыз:

I. Қазақстандағы теміржолдар желісі Ресейдің орталық аудандарымен байланыстырылды

II. Патша үкіметі теміржолдарды Қытай жерін тездетіп отарлау үшін салды

III. Қазақстандағы кеніштер мен шахталарды сатып алған шетел компаниялары тез арада байып алды

A) Тек ІІ

B) Тек ІІІ

C) І, ІІ

D) І, ІІІ+


5. Картаға қарап, ағылшындық кәсіпкерлер қолында болған мұнай өндіретін аймақты көрсетіңіз:

A) Риддер

B) Екібастұз

C) Атбасар

D) Доссор+


6. Қаңлылар алғашқы кезде оңтүстігінде тәуелді болды:

A) Сарматтарға

B) Үйсіндерге

C) Ғұндарға

D) Юэчжилерге+


7. «Қырғыздарды(қазақтарды) өздері мекендеген жақсы жерлерінен ғана емес, тұрғын үйлерінен, жылы ұяларынан қуып жатыр», - деп айтқан Мемлекеттік Дума депутаты:

A) Ә. Бөкейханов

B) А. Бірімжанов

C) С. Сәдуақасов

D) Б. Қаратаев+


8. 1856 жылы Жанқожа бастаған көтерілісшілер қоршауға алған қала:

A) Ақмешіт

B) Жаңақала

C) Қазалы +

D) Верный


9. Берілген ақпараттарды сәйкестендіріңіз:

I. Берке хан a. Билікке таласта қарсыластарын жойды

II. Өзбек хан b. Мысырмен байланыс орнатты

III. Бердібек хан c. Керуен саудасының дамуына көңіл бөлді

A) I-a, II-b, III-c

B) I-c, II-a, III-b

C) I-b, II-a, III-b

D) I-b, II-c, III-a+


10. Өзбек пен Жәнiбек хандар билiк еткен кезеңде өзiнiң дамуының шарықтау шегiне жеткен мемлекетті анықтаңыз:

A) Ақ Орда

B) Қарахан

C) Ноғай Ордасы

D) Алтын Орда+


11. Қазақ мемлекетінің «Алтын ғасыры» деп аталды:

A) Қасым хан билік еткен кезең

B) Абылай хан билік еткен кезең

C) Есім хан билік еткен кезең

D) Тәуке хан билік еткен кезең+


12. Бұл шайқас Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылдың 10 шілдесінен 1944 жылдың 10 тамызына дейін созылды. Кеңес қарулы күшінің негізгі мақсаты қазіргі Санкт-Петербургке неміс-фашист және фин әскери күштерін өткізбей, оларға соққы беру болатын.Үш жылға жуық уақытқа созылған бұл шайқас елдің бүкіл Солтүстік-Батыс бөлігін қамтыды. Қазақстандықтар да бұл шайқаста ерекше ерлікпен көзге түсті. 1941 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ақмолалық 310-атқыштар дивизиясы, ақтөбелік 312-атқыштар дивизиясы, кейінірек петропавлдық 314- атқыштар дивизиясы бұл шайқасқа белсене қатысты.

Мәтінде берілген қазіргі Санкт-Петербург қаласының соғыс жылдарындағы атауы:

A) Мәскеу

B) Сталинград

C) Ленинград +

D) Невель


13. Мәтін бойынша қазақтардың берілген шайқасқа қатысуына сай баға беріңіз:

A) Шайқасқа қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі қатысты +

B) Қазақтарға шайқас ең жақын орналасқан майдан саналды

C) Шайқасқа тек Балтық флотындағы қазақтандық кировші-теңізшілер қатысты

D) Қазақтарға шайқас майданы алыс болды


14.Мәтінде сипатталған шайқас:

A) Ленинград үшін шайқас +

B) Сталинград үшін шайқас

C) Невель түбіндегі шайқас

D) Мәскеу түбіндегі шайқас


15.Мәтінде сипатталған шайқас созылды:

A) 1500 күнге

B) 900 күнге +

C) 1200 күнге

D) 600 күнге


16.Мәтінде сипатталған шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батыры:

A) Сұлтан Баймағамбетов+

B) Әбдібай Құрмантаев

C) Мәлік Ғабдуллин

D) Төлеген Тоқтаров


17.1613 жылы Тұрсын сұлтанды Ташкент билеушісі деп жариялады:

A) Есім хан

B) Аштархани Имамкули +

C) Захир ад-Дин

D) Баба сұлтан


18. Ы. Алтынсаринге қатысты дұрыс емес дәйекті көрсетіңіз:

A) «Қырғыз хрестоматиясы» оқу құралын жазды

B) Атасы Балғожаның қамқорлығында болды

C) 1883 жылы Орынборда мектеп ашты

D) «Ахмет Риза» медресесінде білім алды+


19. Хандар мен оларға қатысты дұрыс мәліметтерді сәйкестендіріңіз:

A) 1-E,G,I; 2-B,C,D; 3-A,F,H

B) 1-B,D,H; 2-F,G,I; 3-A,C,E

C) 1-B,D,I; 2-A,F,H; 3-C,E,G

D) 1-A,C,D; 2-B,E,H; 3-F,G,I+


20. Целиноград қаласындағы Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы наразылық шеруі болды:

A) 1991 жылы

B) 1979 жылы +

C) 1989 жылы

D) 1961 жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2024
276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі