Материалдар / "Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұнайлы ауданы

«№6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ












Ғылыми жобаның тақырыбы

Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы











Орындаған: Отесин Арайлым

Ғылыми жетекшісі: Жанкулова Шинор









Мазмұны

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды

  • Әдебиеттер тізімі


























Аннотация ұлудың пайдасы өте зор. Оның құрамында теріні жасартып, жаңарту үшін нәрлі заттар бар. Ұлудың баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, қан айналымды жақсартады.


Кіріспе

Үй жануарлары адамның көптеген жақсы қасиеттерін дамытуға көмектеседі: жауапкершілік, дәлдік, басқаларға құрмет.

Үй жануарлары біздің достарымыз, олармен тәжірибе бөлісе аласыз. Кішігірім бауырластармен қарым-қатынас, әрине, адам үшін, әсіресе балалар үшін пайдалы, өйткені біз біреуге қамқорлық жасауға, жауапкершілік аламыз. Үй жануарлары болса, балалар да, ересектер де мейірімді болады.

Ахатин ұлуы - тропиктік климатты мемлекетте кең тараған. Сол себепті-бұл ұлулар көбінесе АҚШ және Африка да кең таралған. Қолда өсетін үй жануары. Оның 100 ден аса түрі бар. Бұл жануарды көбінесе-үй жануары ретінде асырайды. Ахатин ұлуы созылғанда 15-18 см болады. Ахатин ұлуының жасын сауытындағы ирегінен білуге болады.Олар 10 жыл өмір сүре алады.

Үй жағдайында ұлуды өсірудің өзектілігі, қазіргі жастар сыртқы келбеттері мен әсемдікке ерекше ден қойқандықтан қолжетімді бағаға табиғи жолмен бет күтімі мен ішкі ағзасын қалыпты жұмыс жасау үшін ұлуды пайдалану.

Зерттеу мақсаты- үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасын зерттеу

Зерттеу мақсатына байланысты келесі міндеттерді алға коямыз:

-Үй жағдайында ұлудың пайдасы

- Ұлуды үй жағдайына үйрету

-Ұлудың бойындағы қасиеттер

- Зерттеудің әдістері мен базасы





Негізгі бөлім

Сыртқы келбет пен әсемдікке ерекше ден қойған қазіргі уақытта қыздар сұлулық салондарына баруы жиіледі. Олар бет күтімі мен ішкі ағзаның қалыпты жұмыс жасауы үшін, тіпті, жәндіктердің де пайдасын іске асырып келеді.

lKwJE7tghcI.jpg z5kizJCw1Xk.jpg

Ұлулардың тамақтану кезі


Аса қатты бап жасауды қажет ете бермейтін жәндікті үй жағдайында өсіретін жандар бар. Соның бірі менің ұстазым Шынар апай. Ол үй жағдайында 2 ұлу ұстайды. Ол бұл істі алғаш жәй қызығушылықпен бастаған. Кейіннен оның емдік қасиетіне көзі жете келе бет күтімі үшін ұлуларды пайдаланған.

Ұлудың адам ағзасына пайдасы өте зор. Оның құрамында теріні жасартып, жаңарту үшін нәрлі заттар бар. Ұлудың баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, қан айналымды жақсартады. Сол арқылы денедегі бөртпе, безеу, дақ, әжім, тыртықтардың ізсіз жойылуына көмектеседі.


dw-9H4YjCXU.jpg Amaii_C7SqI.jpg Z5fkOJ-4kWE.jpg

Ұлударды күтіп- баптау кезінен


Қазіргі неше түрлі майлы кремдерден гөрі табиғи емнің нәтижесі жоғары. Мәселен, корей елінің косметикалық өнімдерінің басым көпшілігі осы ұлудың ағзасында болатын нәрлі сұйықтықтан жасалады екен. Мұның пайдасына бүгінде нәзікжандылардың көзі анық жеткен. Күтімі де аса қиын емес. Арнайы 1 үлкен пластмасса ыдыста сақтаймыз. Арасында су құйып тұрамын. Салат жапырағын, асқабақ, қияр, сәбіз ұнтақтарын жейді.

Шынар апайым ұлу терапиясы кезінде


Бетке ұлуды денесін тазартып, залалсыздандырып барып қоямыз. Бет терісі де алдын-ала тазартылуы керек. Олар ақырын жылжи отырып, бауырынан сілекей бөледі. Кейін сілекейді бетке толықтай жағамыз, ол бет терісін «пленка» сияқты жабады. Оның кебуін күтіп, 10 – 15 минуттан соң жылы сумен шайып тастаймыз. Емделуші күн астына шығар кезде бетке оның зиянды сәулесінен қорғайтын крем жағуы керек.

30qgG6P5EUA.jpg

Қолдағы тыртықтарды алады


Екінші жағынан, қыздар қауымының сұлулығын әдемі сақтап, ажарландыра түсуіне өз септігін тигізбек. Қысқасы, жұрт айтып жүрген ұлу терапиясы бізге де келіп жетті. Ұлудың бойындағы негізгі қасиеттер – ол өте нәзік, өте сұлу жәндік, адам өмірін ұзартады, балаларды мейірімділекке үйретеді.




Қортытынды

Бүгінгі таңда ұлулар ерекше сұранысқа ие болып отыр. Бұл жәндіктің адам денсаулығына айтарлықтай оң ықпалы бар. Бізде қолға алынғанына бір-екі жылдың жүзіне айналды. Осыған қарамастан, оның көмегіне жүгінушілер қатары артқан.

Мен алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын, себебі қазіргі жастар қолжетімді бағаға сапалы жасайтын мастерлерге барады. Сол себепті үй жағдайында ұлудың күтімін жақсартып баптауды одан әрі жалғастырудамын. Мен алдағы уақытта ұлу терапияларын көбейтіп, табиғи жолмен емдеу орталықтарын, сапалы сұлулық салондарын арттыруды, оларға қолдау көрсетуді ұсынамын.



















































Әдебиеттер тізімі



  1. Жас биолог энциклопедиялық сөздік

  2. Интернет-сайттар:













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!