Топ:
І-сәбилер
тобы
Білім
беру саласы:
«Шығармашылық», «Таным»
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Құрастыру.
Тақырыбы:
Үй
және қақпа
Мақсаты:
-балаларды
құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға
үйрету; олардың түсін, пішінін, көлемін
ажырата алуға дағдыландыру,
-ұсынған
шарты бойынша құрылыс материалдарын
кеңістікте дұрыс орналастыра отырып
үй және қақпаны құрастыра білуге үйрету.
-ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:үлгі
сурет және құрылыс материалдары.
Әдіс-тәсілдер:
шаттық шеңбері,әңгіме,өлең,түсіндіру,сұрақ-жауап,
талдау,сөздік жұмыс.
Білім
салаларының байланыстылығы:
сөйлеуді дамыту,қатынас.
Сөздік
жұмыс: үй
– дом- house,
қақпа – ворота-
goal.
Әрекеттердің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық
- қозғаушылық
|
Сәлеметсіңдер
ме!
Здраствуйте!
Hello!
Шаттық
шеңбер:
Ашық
менің жүрегім
Ылғи
күліп жүремін.
Бірге
ойнапғ бір жүрер
Достарым
көп, білемін!
-Үлгі
суреттен үй мен қақпаны көрсетіп,
қанша текшеден және қандай құрылыс
материалдары пайдаланылатынын айтады.
-Үй
жасауға, қақпа жасауға арналған құрылыс
материалдарын таңдайды.
|
Үй
жасау үшін текшені және үшбұрышты
балалар таңдап алады. Қақпа жасауға
арналған ұзын кірпіштерді бөлек алып
қояды.
|
Ұйымдастырушылық
ізденістер
|
Үйді
қалай құрастыруға болатынын текшені
алып, оның үстіне үшбұрышты орналастыруды
ұсынады. Үй құрастырып болған соң оның
жанына қақпа жасайды. Ол үшін екі ұзын
кірпішті тігінен қатар қойып, оның
үстіне бір кірпішті көлденең
орналастырамыз деп, құрастырып, көрсете
отырып түсіндіреді. Үстел үстіне қалай
орналастыруға болатынын айтады, ұсақ
ойыншықтарды таратып береді. Қақпадан
машинаны жүргізеді, «Үйде кімдер бар?»
деген сауал қояды.
«Кімнің
үйі?» ойыны.
Балалардың
құрылыстарын мұқият қарап, дұрыс
орналастыруына мән беріп, бақылау мен
басшылық жасайды, қажет болғандарға
көмек көрсетеді.
|
Балалар
алдыларындағы құрылыс материалдарынан
текше мен үшбұрышты тауып алып, үй
құрастырады. Қақпаны кірпіштерді
көрсетуі бойынша орналастырып,
құрастырады. Дайын болған құрылысқа
ұсақ ойыншықтармен ойнау арқылы сабақ
жалғасады. Өздері құрастырған үйге
қандай ойыншықты кіргізетінін сұрайды.
Балалар ұсақ ойыншықтарын көтеріп
көрсетеді.
|
Рефлексиялық
– түзетушілік
|
Балалардың
өздері не жасағандары жайында сұрайды,
құрылыстарының аттарын атауды, қандай
құрылыс материалдарын пайдаланғанын
айтқызады.
|
Балалар
өздерінің жасаған құрылыстары жайында
көңіл күйлерін білдіреді. Не жасағанын
айтады.
|
Күтілетін
нәтижелер:
Біледі:
екі
түрлі құрылысты бір мезгілде жасауды
меңгереді және оны іс-әрекет барысында
көрсете алады.
Игереді:
үй
мен қақпа жасауға қандай құрылыс
материалдарын пайдаланатынын түсінеді.
Меңгереді:
құрылыс
материалдарымен жұмыс жасауда оны
көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте
дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.