400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
жануарлар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметінің жоспары

Тақырыбы: «Қызыл,сары,жасыл».

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:Ойын,тренинг

Міндеті:Жол және адам қауіпсіздігін балалар5а түсіндіру.

1.Мақсаты:Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын алу.

2.Тәрбиелік мақсаты:

3.Дамытушылық мақсаты:Өмірін сақтау үшін жол қауіпсіздігінің ережелерін орындауды дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер:Бүктемелер.бағдаршам

ҰОҚ барысы:ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен сәлемдесу,назарларын сабаққа аудару.

Тәрбиеші:Сәлеметсіздерма балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар!Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Қызыл,сары,жасыл»

Балалар қане жылы лебізімізді білдірейікші.

Шаттық шеңбері

Күндей жадырап,айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,судай көңілмее бүгінгі күнімізді бастайық.Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз.Жолда жүрудің адамдардың да,көліктердің де өз тәртібі бар.

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз.Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу баршамызға ортақ.Олай болса балалар бізге «Бағдаршам» қонаққа келіпті.

Бағдаршам:Сәлеметсіңдерме балалар!Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі.Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.

Тәрбиеші:Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ.Сондықтан да бізбен бірге бол.

Бағдаршам:

Күндіз түні жанамын

Дабыл беріп бәріне.

Үш түрлі түсім бар

Белгілі жаспен кәріге

Мен бағдаршам боламын.

Тәрбиеші:Бағдаршам біздің балалар өте ақылды.бағдаршам туралы көп тақпақтарды да біледі.

Амина

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус,трамвай

Автобуспен жүреміз.

Аңсар

Көлік,көлік,көлік

Көліктерге мінеміз

Көшелермеен,көшелерме

Күнде тынбай жүреміз.

Аяна

Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз,

Май қызметкерлерінен,

Сан кешірім сұраймыз.

Айсұлтан

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.

Бағдаршам:-Иә,расында да балалар өте әдемі екен.Балалардың тапқырлығын тексеріп көрейікші!Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.

Бағаршамның неше көзі бар?

Балалардың жауаптары

Бағдаршамның көздерінің түстері қандай?

Балалардың жауаптары

Оның түстері нені білдіреді?

Балалардың жауаптары.

Бағдаршам болып киінген үш қыз тақпақтарын айтып береді.

Қызыл-Сабыр

Қызыл көзі жанғанда

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары-Ислам

Сары көзі жанғанда

Сақ абай бол барынша.

Жасыл-Расул

Жасыл жарық жол ашық,

Жүгіре бер бел асып.

Үшеуі бірге:Бас-аяқты ойлап,бол ұқыпты жолда.

Сергіту сәті:

1.Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.

Балалар орындарынан тұрады.

2.Бағдаршамның сары түсін көрсету.

Балалар екі жаққа кезек-кезек дайындалады.

3.Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.

Аяқтарын топ-топ басады.

Өте тамаша балалар бүгін сендер керемет жақсы жауап бердіңдер.

Қорытынды:

Тәрбиеші:Рахмет балалар бүгін сендер өздеріңнің жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап,басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.









































Оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Көңілді аула»

Мақсаты:Балаларды аулада ойнатылатын ойыншық түрлерімен таныстыруды жалғастыру,қалақ туралы түсінік беру:қалақтың қажеттілігін ұғындырып,мүсіндеуге үйрету,саусақ бұлшық еттерін дамыту:балаларды ойыншықтарды күтіп ұстауға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:балалардың санына қарай үлестірмелі материялдар,суреттер,ойыншық қалақ,үлгі тақтайша,ермексаз,сулық.

Сөздік жұмыс:аула,қала.

Билингвальды компонент:аула-двор,құм-песок,қалақ-совок.

Тәрбиеші:Үлестірмелі материялдағы сурет бойынша әңгіме құрастырады. Қыздар қайда ойнап отыр? -Қыздар аулада ойнап отыр.

Олар аулада немен ойнап отыр? -Құммен

Құммен ойнау үшін қандай құралдар керк? Балалардың жауабы.

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.Құммен ойнайтын ойыншықтарды айтады.Қалақ сөзін қайталайды.

Сөздік жұмыс:қалақ.

Суретті қарайды.

Құмға арналған жиынтықты балаларға көрсету.Балалар мына шелектің ішінде нелер бар екен?

Дұрыс айтасыңдар қалақ,елеуіш,тырма,әртүрлі ойыншық пішін жасайтын ойыншықтар.

Бұл ойыншықтармен қалай ойнайсыңдар?

Сендер қыздарға құммен ойнайтын қалақ жасап бергілерің келе ме?

Олай болса балалар,ауладағы ойынымызды көңілдірек болу үшін көптеген қалақтарды жасайық.

-Құмға арналған жиынтықты тамашалайды.

Педпгогтын сұрақтарына жауап береді:

-Қалақ,елеуіш,тырма.

-Ауладағы құмда ойнаймыз.

-Иә.

Қыздарға қалақ мүсіндеп беруге келіседі.

-Балалар жұмысқа қызу кірісіп кетеді.

Билингвальды компонент:аула-двор,қалақ-совок,құм-песок.

«Аула-двор,қалақ-совок,құм-песок»сөздерін қайталайды.

Сергіту сәті:

Алақай-ау,алақай,

Ән шырқайық балақай.

Қызарғанша алақай,

Қол созайық балақай

Балалар сергіту жаттығуларын жасайды.

Педагог өзі жасаған үлгіні балаларға көрсетеді.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру:

-ермексазды жұмсартып,екі бөлікке бөлеміз:

-үлкен бөлікті домалақтап,содан кейін оны жалпақтап,қалақ пішініне келтіреміз:

-екінші бөлікті «шұжықша»етіп есеміз.

-екі бөлікті біріктіріп,тегістейміз.

үлгіні тамашалайды.

Жұмыстың орындалу тәсілімен танысады,

Балалардың барлығы бір-бір қалақтан мүсіндейді.

Балалардың өз бетінше жұмыс.

Қортынды:

Балалардың жасаған жұмысын үлестірмелідегі мазмұнды суретке қойып,ойнауды ұсыну.

Балалар мүсіндеген қалақты суреттегі қыздарға береді.













































Оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер».

Мақсаты:балаларға көкеністер мен жжемістерді ажырата білуге,табиғатты сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу,өлең-тақпақтар айтқызу,қойылған сұрақтарға жауап беруге төсілдіріп,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Әдіс-тәслдері:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауаптар.

Қажетті көрнекі-құралдар:жемістер мен көкеністер муляждары.

Билингвальды компонент:жемістер-фрукты,көкеністер-оващи.

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Сәлем саған алтын күн, Балалар шаттық шеңберінде

Сәлем саған Жер-Ана, өлең жолдарына сәйкес

Сәлем сған достарым, қимылдар жасайды.

Жаңа күнді бастадым,

Қайырлы күн қонақтар!

-Балалар бүгін бізге қуыршақ Қарақат қонаққа келіпті.Қуыршақ Қарақатпен балалар амандасады.Бірақ балалар Қарақаттың көңіл-күйі жоқ екен,себебі ол ауырып қалыпты.Ол сендерден қалай жазылуға болады деп көмек сұрай келген екен.Айта қойыңдаршы ауырмау үшін не істеу керек?

Ең алдымен дұрыстап тамақтану керек,одан кейін дәрумендерді көбірек жеген пайдалы екен.

Ал осы дәрумендерді қайдан аламыз? Баллардың жауаптары

Иә,дұрыс айтасыңдар,

Балалар сендер қандай көкенітер мен жемістерді білесіңдер? Б.ж

Көкеністер мен жемістердің қандай пайдасы бар? Б.ж

Көкеністер мен жемістердің қандай болатынын көрейік.

Олай болса барлығымыз экранға назар аударайық.

«Жемістер мен көкеністер» слайд.

Балалар айта қойыңдаршы қыста көкеністер мен жемістер бақшада өсе ме?

Бірақ балалар қыста да көкеністер мен жемістерді өсіретін жер бар екен.Ол жер «Жылыжай» деп аталады екен.

Ендеше біз бүгін сендермен жылыжайға барамыз.Саяхатқа балалар біз пойызбен барамыз.

Қимылды ойын: «Пойыз».

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық,

Пш-пш-пш-пш баста алға

Қарап қалма аспанға,

Гу-гу-гу-гу гуілде

Қалып қойма бірінде

Қане балалар тоқтайық пш-ш-ш-ш.

Балалар біз міне жылыжайға да келіп қалдық.Қане пойыздан түсейік.Балалар қараңдаршы жылжай қандай әдемі.Айналаның барлығы қызы-сары көкеністер мен жемістерге толы екен.

Таңғажайып сәт:

Жеміс ағашының артынан бағбан ата шығады.

Бағбан ата:

Сәлеметсіңдерме балаларым,сендердің келгендерің қандай жақсы болған.

Сендер маған көкеністер мен жемістерді топтап жинауға көмектесесіңдер ме?

Д/о «Топтап жина».

Ойын шарты:Жемістерді көкеністерден ажыратып топтап жинауға үйрету.

Бағбан ата: Рахмет балаларым сендер маған үлкен көмек бердіңдер.

Балалар сендердің қандай өнелерің бар. Қане тақпақ білесіңдер ме?

Мен шаршадым мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалап тынығайын.

Қане балалар бағбан атаға жеміс-жидектер туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.

Амина

Алма пісіп,алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды,

Құстар қайтып қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

Амир

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық,

Ең үлкенін дәмдісін,

Анамызға сыйлайық.

Міне бағбан ата бізідің балаларымыз шеттерінен ақылды.

Бағбан ата:ой жарайсыңдар, неткен дарынды балаларсыңдар,өркендерің өссін.Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлерің үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынадай сый дайындап қойдым.Оны тәрбиешілеріңе берейін.Ол сендерге топтарыңа барғанда таратып береді.

Бағбан ата:балаларға сыйын береді (себеттегі жемістер).

Бағбан атаға мына берген сыйы үшін рахмет айтайық.Балалар ал енді балабақшамызға оралайық.пойызға отырып қайтамыз.

Сергіту сәті: «Топ-топ-топ» басамыз.

Д/о «Жемістер мен көкеністердің өсетін жерін анықта».

Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма? Б.ж

Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстай білдіңдер.Жемістер мен көкеністерді жақсы тердіңдер.ендеше мен сендерге бағбан атаның сыйын таратып берейін.

Қорытынды: Жемістер мен көкенітер жайында пайдалы кеңестер айтып бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.













































Оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Тақырбы: «Үй жануарлары».

Мақсаты:балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және танымын тереңдету,оларды бір-бірінен ажырата білуге,қамқорлық жасауға,үй жануарларына байланысты өлең-тақпақтар айтқыза отырып тіл байлықтарын дамыту.

Қолданылатын көрнекі-құралдар:суреттер,төлдердің үлгілері.

Алдын ала орындалатын жұмыс:сұрақ-жауап,естірту,көрсету.

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Армысың мейірімді Аспан-ата,

Армысың мейірімді Жер-Ана,

Армысың балабақша достарым,

Жаңа күнді бастадым,

Армысздар қонақтар.

Балалар бүгін біз сендермен үй жануарлары туралы әңгімелейтін боламыз.

Үй жануарларының даусын үнтаспадан балаларға естірту.

Айта қойыңдаршы неліктен үй жануарлары деп айтамыз?

Мына жайлау көрінісіне қараңдаршы.Үй жануарлары көкорай шалғында жайылып жүр екен.Ал олай болса осы жануарлардың аттарын айтып көрейікші.

Ал енді осы үй жануарларының төлдерін қасына апарайық.

Д/о «Төлін тап».

Балалар сурет бойынша төлдерін енесінің қасына апарып қояды.

Түйенің төлі Бота

Қойдың төлі Қозы

Ешкінің төлі Лақ
Жылқының төлі Құлын

Сиырдың төлі Бұзау

Жарайсыңдар балалар сендер төлдерді дұрыс тауып,енесінің жанына апарып қоя алдыңдар.Олай болса,бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

«Төлдер» әні

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың,

Бұлтиып тұр бүйірі,

Қай өрістен тойдың.



Секең-секең ей лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ,

Тыным тапсаң болмайма,

Секірмей-ақ кей уақ.



Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың,

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

Ал енді балалар үйге берілген тақпақтарға кезек берейік

Айсұлтан

Шөре-шөре лағым,

Салпыйып-ап құлағың,

Секеңдемей деміңді ал,

Тентек болма шырағым.

Сабыр

Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным,

Шопан-ата түлегі

Қошақаным қайдасың?

Айша

Жолға шықса көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар-ата өсірген,

Құлыным менің қайдасың?

Ислам

Тілі мұрын жалаған,

Тілі бойын тараған,

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Батыр

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Ойсыл қара бабасы,

Ботақаным қайдасың?

Көс-көс.



Д/о «Қандай пайдасы бар?»



Ғажайып сәт:

Сырттан әжей есік қағыпішке кіреді,ол өзінің балаларға арнапүй жануарларының сүтінен жасалған құрт әкелгенін айтады.Әжей құртты беріп сыртқа шығып кетеді.Балаларға құртты көрсетіп оның неден жасалатыны айту.Балаларға сабақ соңында әжейдің құртынан дәм татқызу.

Қорытынды:Балалар бүгін сендердің үй жануарлары туралы өлең-тақпақтарың өте тамаша болды және олардың төлдерін де ажыратып айтып бере алдыңдар,тіпті оларлың қандай пайдасы бар олардың адам баласы үшін маңыздылығын айтып бере алдыңдар.Әр уақытта осындай белсенді болуларыңа тілектеспін.Балаларды мақтап мадақтау.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі