400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары тусініктерін,ажырата білуді үйрету,пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.Әңгімелеу арқылы есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру. Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілік танытуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Шығармашылық. Коммуникация. Денсаулық .Тақырыбы: Үй жануарлары.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру,жұмбақ шешу, әңгімелеу, сұрақ жауап, интерактивті тақтадан көрсету. Саяхат.

Керекті құралдар: Үй жануарларының суреттері, интерактивті тақта.

Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары тусініктерін,ажырата білуді үйрету,пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.Әңгімелеу арқылы есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру. Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілік танытуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар қане бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.

Атам мені « құлыным» дейді

Әжем мені «боташым» дейді

Әкем мені «шырағым» дейді

Анам мені «қозым» дейді

Ал, шынында мен кіммен?

Мен кәдімгі баламын.

Тәрбиеші: Балалар, осы үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

Балалар: Ауылда

Тәрбиеші: Ал біздер қайда тұрамыз?

Балалар: Қалада.

Тәрбиеші: Неліктен үй жануары деп атаймыз?

Балалар: Себебі оларды қолда бағамыз.

Тәрбиеші: Ал сендер ауылға барғыларың келе ме? Ендеше ауылға саяхатқа барамыз.

Жолда көңілді болу үшін «Қошақаным» әнін айтайық.шеңбер бойымен жүреді.

Қошақаным

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Ойнап шықты жүгіріп,

Ақ маңдайлы ай мекен,

Шекер мекен бал мекен

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен

Интерактивті тақтадан ауылдың суреті шығады ,малдардың дыбыстары естіледі.

Тәрбиеші: ал балалар ауылға да келіп жеттік. Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалар: Түйе, сиыр, қой,ешкі,жылқы, ит ,мысық. Үн таспадан жануарлардың дауысы кезектесіп шығады. Балалар қандай жануар екенін табады, сол кезде интерактивті тақтадан дұрыс тапса суреті шығады.Слайд бойынша.

Сергіту сәті

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын турады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады.

Тәрбиеші: Ал енді балалар сендерге жұмбақ жасырамын.

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар

Балалар: Қой

Тәрбиеші: Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.

Балалар: Түйе

Тәрбиеші: Өріске ерте өреді,

Біздерге сүт береді.

Балалар: Сиыр

Тәрбиеші: Ал енді балалар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі