Жануарлар
әлемі-үй
жануарлары.
Білім беру саласы:
"Қатынас"
Оқу іс-әрекеті:
Тіл дамыту.
Мақсаты: Жануарлар жайлы
түсініктерін бекіту.
ДМ:Сұрақ-жауап арқылы, ой
— өрісін, сөздік қорын,тіл байлығын дамыту, үй жануарлары мен
жабайы жанарларды сұрыптауға үйрету,оларды сиппаттайтын әңгіме
құрастыруға жаттықтыру.
ТМ: Үй жануарларына қамқорлықпен
қарауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің
көрнекіліктері: Табиғат бұрышы,жануарлар,үй жануарлары
және төлдерінің
суреттері,компьютер,проктор,
/слайд/
Әдіс –
тәсілдер: Ой қозғау,
топтастыру, түсіндіру, ойын.
Оқу іс-әрекетінің
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Шаттық
шеңбері:
Армысың қайырымды Аспан
ата!
Армысың мейірімді Жер
ана!
Армысың шұғылылы Алтын
күн!
Армысыздар
Балалар!
Армысыздар
Апайлар!
Ұйымдастыру-ізденушілік:
-Балалар
аспан,ай,күн,жұлдыз,тау,тас,өзен,көл,өсімдік,аң,құс,адам-осылардың
барлығы бізді қоршаған орта табиғатты құрайды. Табиғат екі топқа
бөлінеді.Өлі табиғат және тірі табиғат.Өсімдік,жануар және
адам-табиғаттың тірі денелері.
Жануарлар тірі
табиғаттың маңызды бір бөлігі.
Олардың бір
тобы-жабайы
аңдар. Жабайы аңдар табиғатта
өздігінен тіршілік етуге бейімделген.(слайд "жабайы аңдар" және "үй
жануарлары")
-Қане балалар суреттер
арқылы қолда бағылатын жануарларды атайықшы?
-Үй жануарлары мен
жабайы жануарлар бірге өмір сүреді ме?
-Олай
болса, мына жануарларды екіге бөліп
топтастырайық.
Міне,енді жабайы аңдар
және үй жануарлары болды.
(Слайд,"Үй жануарларының
адам баласына пайдасы")
Дидактикалық ойын: «Төлін
тап»
Ережесі: Тәрбиеші екі макеттің немесе
суреттің бір сыңарын көрсетеді, ал сыңарын шақырған бала тауып,
қатарына қояды.
Түйенің төлі - бота,пірі-Ойсыл
қара
Жылқының төлі -
құлын, пірі- Қамбар
ата.
Сиырдың төлі - бұзау,пірі-Зеңгі
баба
Қойдың төлі -
қозы,пірі-Шопан ата
Ешкінің төлі - лақ,пірі Сексек
ата
Үй жануарлары туралы
тақпақтар айту :
Құлыншағым-Дінмұхаммет
Құлыншағым-
құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған
жұлдызым,
Құстай
қанат қағады.
Ботақаным-бөбегім -Айдана
Қара көзің
мөлдіреп
Қызықтырмай
қоймайды.
Жібек жүнің
үлбіреп
Қарасам көз
тоймайды.
Бөрте
лақ-Ерасыл
Шөре-шөре
лағым
Тентек болма
шырағым
Секеңдеме,деміңді
ал
Селтеңдемей
құлағың.
Ақ
қозым-Нұрдана
Момақаным
менің,
Маңырама
төлім.
Тойғызады
кешке
Енең келіп
сенің.
Қозы-Айзере
Кіп- кішкене
момақан
Қошақанды
ұнатам.
Сүйеді
апам қозым деп,
Қошақаным өзің
деп.
Бұзауыма
-А.Аружан.
Мөө-мөө деген әні
бар
Үй маңынан
табылар
Ойқастаған
бұзауым
Ойнақтаған
жануар.
Ешкім-
Қ.Аружан.
Жарға шығып
ойнайды
Ойынға бір
тоймайды.
Болсадағы
сақалы,
Секеңдеуді
қоймайды.
Итіме-Д.Ерасыл.
Тазы түлкі
алады
Төбет үйде
қалады.
Болған соң адам
серігі
Қойды да ит
бағады.
Мысығым-Б.Азамат.
Марғау көзін ашты
да,
Сүртіп бетін
қолымен.
Кім білсін қарны
аштыма?
Жуынды ата
жолымен.
Алифа
Мал өсірсең қой
өсір,
Өнімі оның
көл-көсір.
-Жарайсыңдар
балалар!
Үй жануарлары туралы
мақал мәтелдер айту.
1.Сиырдың сүті –
тілінде.
2. Ат- адамның
қанаты.
3.Қойдың сүті
қорғасын,
4. Аттың бәрі тұлпар
емес,
Қойды ұру
болмасын.
Құстың бәрі сұңқар емес.
5.
Жалғыз
шапқан ат
жүйрік.
6. Түйе көп болса жүк
сыймас.
7. Малды бақсаң, сиыр
бақ,
8.
Сиырды
теппейді,
Сүт
кетпейді
шарадан.
Сүтті төкпейді.
9.Жақсы ат-жанға серік 10.Есек барға саналса
да, малға
Жақсы ит малға серік.
саналмайды.
Сергіту сәті:
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан жел
еседі.
Кіп-кішкентай
балалар,
Үп-үлкен боп
өседі.
Дидактикалық ойын: 1)«Қайсысын қалай
шақырады?»
2)"Жануарлар қалай
дыбыстайды?"
Балалар:
Сиырды
:-"
Аухау-аухау" ,- " Мө -
мө"
Қой ды: - "Пұшайт-пұшайт", - "Мә -
мә"
Түйені - "Көс-көс",- "Бө -
бө"
Жылқыны -"Құрау-құрау",- " Е - е -
е"
Ешкіні - "Шөре-шөре",- "Мәә -
мәә"
Итті- "Ка-ка",
-"Аф-аф"
Мысықты-"Кіс-кіс",
-"Мияу-мияу"
Тәрбиеші:
-Өте жақсы, дұрыс айттыңдар. енді мені
тыңдаңдар, малдың дыбыстағанын былай деп
айтады.
Жылқы -
кісінейді.
Сиыр -
мөңірейді
Қой, ешкі -
маңырайды
Түйе -
боздайды.
Ит-үреді.
Мысық-мияулайды.
- Бәріміз осы сөздерді қайталап ұғып жаттап
алайық.(Балалар қайталайды)
Жұмбақтардың шешімін
суреттерден табу.
Адамға серік ,Күзетке
берік. (ит)
Ұрлап ішіп үйде сүтті
қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып
ойнайды? (Мысық)
Туа сап жүріп
кеткен,
Енесін
қуып кеткен.(
құлын)
Басында таяғы
бар,
Төрт аяғы
бар.
Егіз құлағы
бар,
Иегінде
сақалы бар. (
ешкі)
Кезікті бір
жануар,
Үстінде
екі тауы бар. ( түйе
)
Кішкентай ғана бойы
бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қозы
)
Екі айнасы
бар,
Төрт
жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы
бар. ( сиыр
)
Ертегі оқу -"Ақымақ есек"
Сабақты қорытындылау.
Балаларды бағалау
,мақтап-мадақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Жануарлар жайлы,үй
жануарларының адамға пайдасы жайлы біледі.
Үйренеді:Үй жануарларының пірлерін және
үй жануарларын қалай шақыру керектігін үйренді.
Игереді:Жұмбақтарды суреттер арқылы
шешуді игерді