«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 бөбекжай бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2013 оқу жылының
ашық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы:«ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ»
«Қошақан» екінші кіші топ
Тәрбиеші: Ниязова А.Б.
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Мақсаты: төрт түлік малдың әрқайсының пайдасы, төлі, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету, дыбыстарды дұрыс және анық айтуға үйрету. Балалардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру, оны бағып, күту қажеттілігін сезіндіру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, жаттықтыру, ой қозғау, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар, суреттер.
Биллингвальды сыңары: қой-овен, ешкі-коза жылқы-лощадь, сиыр-корова.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, қараңдаршы, бізг қаншама қонақтар келді. Қане, қонақтарымызбен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме!
Жолға шықсам көйлегім,
Жапада жүрсем серігім.
Қамбар ата өсірген,
Атым менің қайдасың.
Балалар, сүт, айран, қымыз, май, құрт сияқты тағамдар төрт түлік малдан алынады.
- Балалар ежелден қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан. Малды көлік ретінде пйдаланамыз, сүтін ішеміз, етін жейміз, терісінен киім тігеміз. Сондықтан қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп-бағуды, көбейтіп өсіруді үйренген. Халқымыз өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған.
- Балалар айтыңдаршы жануарлар нешеге бөлінеді?
- Жабайы және үй жануарлары болып бөлінеді.
- дұрыс айтасыңдар балалар. Енді біз үй жануарларымен танысамыз. Барлығымыз мына суретке қарайықшы. Бұл суреттегі не?
Мүйізі айдай иілген
Сауғанда жаның сүйсінген
Ірімшік пен құрт-майы,
Жегенде тілді үйірген. (сиыр)
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келді?
- Дұрыс, сиыр келді. Сиыр бізге өзін таныстырғысы келген екен. Қане, сиырды тыңдайық.
Сиыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе!
Сиыр: Балалар мен сиырмын. Менің адамға пайдам өте көп, менің сүтімді ішесіңдер, өте ақылды балалар болып өсесіңдер. Менің етімді жеп, терімен киім тігіп киесіңдер. Сондықтан да мені күтіп бағыңдар.
- Балалар сиыр дұрыс айтады. Ал енді сиырдың төлін қалай атаймыз, айтыңдаршы?
- Бұзау.
- Балалар сиыр мен бұзау қалай дыбыстайды?
- Мө-мө-мө-мө-мө-мө-мө
- Сиырға жем-шөп берерде, суарарда оны қалай шақыратынын білесіңдер ме?
- Аухау-аухау деп
- Балалар қане бұзау мен сиырға кім тақпақ айтып береді?
Арсен:
Әукім, әукім сиырым,
Шығып қалыпты бүйірің
Шөбіңді атам шабады
Бұзауыңды мен бағам.
Сиыр: Жарайсыңдар балалар, мен қайттым, мен жайлы білдіңдер, енді мен өріске барып жайылайын.
- Балалар бұл не?
- Қой!
- Жарайсыңдар балалар.
Қой: мен өте жуас, момын жануармын. Менің ешкімге зияным жоқ, менің жүнім сендерге өте жылы киім болады, етім тәтті тағам болады. Сүтім күшті ас болады. Мен шөп жегенді, су ішкенді ұнатамын.
- Балалар қойдың төлін қалай атайды?
- Қозы, қошақан.
- Қозы мен қой қалай дыбыстайды?
- Мә-мә-мә-мә-мә-мә деп дыбыстайды.
- Ал қалай шақырамыз?
- Пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.
- Қозы мен қойға арналған тақпақтарыңды айтып беріңдерші.
Диас:
Кіп-кішкентай момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзім деп.
- Жарайсың, өзің бір менің қошақаным сияқты екенсің, рахмет саған, ал балалар сау болыңдар.
- Балалар бұл не?
- Ешкі
- Балалар ешкінің басында не бар?
- Мүйізі бар
- Иегінде несі бар?
- Сақалы бар.
Ешкі: Мен өте жылдам, шапшаң жүретін жануармын, менің етім, сүтім бар. Етім өте тәтті, сүтім де өте керемет, сүтті күніге ішіп тұрсаңдар, өте пайдалы дәруменнің бірі. Менің де жүнімнен киім тоқуға болады.
- Балалар ешкінің төлін қалай атаймыз?
- Лақ
- Дұрыс айтасыңдар. Лақ пен ешкіні қалай шақырады?
- Шөре-шөре-шөре лағым деп!
-Ал балалар кім ешкі мен лаққа арнап тақпақ айтып береді?
Бексұлтан:
Секең-секең ей лақ,
Жүрмін саған келіп ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секірмей ақ кей уақ.
-Сау болыңдар балалар, мен қайттым.
-Мінсең желдей шабады,
Бәйгеден орын алады.
Балалар бұл қай жануар?
- Жылқы, ат.
- Қараңдаршы балалар, бізге қонаққа жылқы да келіп, өзін таныстырғысы келеді екен.
Жылқы: Балалар қалайсыңдар? Мен-жылқымын, мен өте күшті, мықты жануармын. Менің күшім өте көп. Менің қымызымды ішсеңдер, өте дәмді сусын. Мені көбіне халқымыз көлік ретінде пайдаланады. Мен жүйрік атпын.
- Балалар жылқы төлі қалай аталады?
- Құлын.
- Жылқы мен құлын қалай дыбыстайды?
- Кісінейді екен. Қане балалар жылқы мен құлынға арналған тақпақты бізге Ерзада айта қойшы.
Ерзада:
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағамын.
- Жарайсың рахмет. Сен де өте күшті, ақылды ұл болып өс. Ал балалар мен өз жайлауыма қайттым. Сау болыңдар!
- Сау болыңыз!
Ал балалар, біз үйж ануарларымен таныстық. Енді осы үй жануарларымен ойын ойнайық.
Ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап та ата»
Шарты: мына ілініп тұрған жануарлардың төлдерін тауып, астына іліп қою. Кім дұрыс тауып, дұрыс ілсе бізге арнап тақпақ та айтып береді.
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
Ал балалар тақтаға шығып, ойын ойнайық. Ойынға Кәусар, Арсен, Сезім, Еркебұлан қатысады.
Қане балалар осы жануарларға арнап тағы қандай тақпақтар айтып бересіңдер?
Каусар:
Он бесіне ай туды,
Оны толған ай дейді.
Екі жасар жылқыны,
Еркешім-ау, тай дейді.
Арсен:
Әукім, әукім сиырым,
Шығып қалыпты бүйірің
Шөбіңді атам шабады
Бұзауыңды мен бағам.
Еркебұлан:
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуін қоймайды.
Сезім:
Ауылдардың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
Сауса тәтті сүті бар,
Сойса тәтті еті бар.
Сергіту сәті: Балалар сергіту сәтіне біз тілімізге арналған жаттығулар жасайық: ине, ат шауып келеді, піл, бақа, төмен-жоғары көтереміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Үй жануарлары"

шағым қалдыра аласыз