Білім
беру саласы:
Әлеуметтік
орта
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Қоршаған
ортамен таныстыру
Тақырыбы:
Үй
жануарлары
Мақсаты:
Балаларды
үй жануарларымен таныстырып, олардың
аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын
ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына
қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Үй
жануарларының аттарын дұрыс атай білуге
және қалай дыбыстайтынын, қай жануардың
дыбысы екенін танып білуге үйрету.
Сөздік
жұмыс: Түйе,
жылқы, сиыр, қой, ешкі, бота, құлыншақ,
қозы, бұзау, лақ.
Көрнекіліктер:
Үй
жануарларының суреттері, слайд.
М/әдіс
– тәсілдер: Көрсету,
түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Мотивациялық
- қозғаушылық:
Тәрбиеші:Балалар,
«Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің
баспалдағы»
сондықтан
да, алдымен қонақтармен амандасып
алайық.
Бала
бала баламыз
Бақшамызға
барамыз
Күні
бойы қызыққа батамызда саламыз-деп
амандасады.
-
Балалар бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміздің
тақырыбы:”Үй жануарлары”
-
Балалар оқу іс - әрекетіміз аралас -
саяхат сабақ.
Ұйымдастырушылық-ізденістік:
-
Балалар бүгін ауылға саяхатқа барамыз.
Ауылдағы үй жануарларымен танысып,
төлдерін тамашалап қайтайық.
-
Олай болса, балалар жан - жағымызға
қарап, табиғатты бақылайық.
Балалар
тақтадағы суретпен жұмыс:
-
Балалар қазір қай мезгіл?
-
Қыс мезгілі.
-
Қыста ауа - райы қандай болады?
-
Суық, салқын болады.
-
Қыста не жауады?
-
Қар жауады.
-
Қыста қалай киінеміз?
-
Жылы, қалың киінеміз.
-
Дұрыс - ақ балалар, жарайсыңдар.
-Бүгін
ақпан айының 15 жұлдызы
-Біз
бара жатқан ауылда үй жануарлары тіршілік
етеді.
-
Қандай үй жануарларын білесіңдер.
Балалар
жауап береді:
-Жылқы,түйе,
сиыр, қой, ешкі, ит, мысық
Тәрбиеші:
-
Балалар, міне ауылға да жетіп калыппыз
ғой де келіп қалыппыз ғой.
-
Үйдің есігінің алдында не жатыр?
-
Ит жатыр.
Тәрбиеші:
-
Балалар, ит не істейді?
-
Үйді күзетеді, қорғайды.
Тәрбиеші:
-
Дұрыс – ақ
-
Дұрыс айтасыңдар. Үй жануарларына ит
пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады.
Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады.
Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның
бірі.
Жұмбақ
жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.
1.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып
киген тоны бар. (қой)
2.
Кезікті бір жануар,
Үстінде
екі тауы бар.(Түйе)
3.Басында
екі таяғы бар,
Төрт
аяғы,сақалы бар. (ешкі)
4.Өріске
ерте өреді,
Біздерге
сүт береді. (сиыр)
Тәрбиеші:
Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт
түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр,
қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың
баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы,
ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы -
құлыншақ. Халқымыздың байлығы да,
берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы
өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім
қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен
май,құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар
да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады,
шөп, жем, су береді, сауады, көптеген
күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн
көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан
қасиетті жануарларды өте жақсы көрген,
күтіп, қасиеттеп қараған. Әр
төрт түліктің өз атасы бар. Олар атап
айтсақ:
Жылқы
атасы — Қамбар ата,
Сиыр
атасы — Зеңгі баба,
Түйе
атасы — Ойсыл қара,
Қой
атасы — Шопан ата,
Ешкінің
иесі — Сексек ата.
-
Төрт түліктер деөздеріне тән дыбыс
шығарады.
Жылқы
- кісінейді
Сиыр
- мөңірейді
Қой,
ешкі - маңырайды
Түйе
- боздайды.
Балалар
біз осы төрт түлік беретін өнімдерге
байланысты ойын ойнаймыз. Ойынның аты
«Дәмін
татып, атын айт»
Балалар
үйде ата-әжелерімізден естіген осы төрт
түлік малға байланысты қандай мақал –
мәтел есімізде қалған, кім айтады?
Балалар:
Ат
тұяғын тай басар
Қой
егіз тапсашөптің басы айыр шығады
Таңбасыз
тай,енсіз қой болмайды
Жылқыда
өт жоқ, өсер малда өлім жоқ
Тәрбиеші:Қазір
біз дидактикалық «Төлдерін
анасына апар»
ойынын ойнаймыз.
Ол
үшін төлдерді сызықтар арқылы анасына
жалғаймыз, сонда олар аналарына қауышады.
Балалар
ойынға белсене қатысады
Тәрбиеші:
Енді төлдерді анасына дұрыс апардық па
жоқ па қарайықшы экранға, жарайсыңдар
балалар сендер аздап шаршаған боларсыңдар,
олай болса бір серігіп алайық
Сергіту
сәті:
«Қызыл өрік»
Тәрбиеші:
балалар қазір біз осы төрт түлікке
қамқор болатын адамдардың есімдерін
тақтаға шығып жазайықшы.
Балалар
тақтаға біртіндеп шығып – ата- апа –
деп жазады.
Рефлексивтік
- түзетушілік:
Қазір
біз «Дауысынан
таны»
ойынын ойнаймыз
Шарты:
Теледидардан дауыс естіледі, балалар
дауысын естіп болған соң, оның қандай
төрт түлік екенін айту керек. Соңынан
балалардың жауабы дұрыс екенін білу
үшін суреті шығады.
-
Қане, балалар ауылдан шығып, балабақшамызға
барайық. Шеңбер бойымен жүріп,сұрақтар
қояды.
-Біз
бүгін қандай жаунарлармен таныстық?
-Үй
жануарлары
-
Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
Сиыр
- бұзау
Жылқы-құлын
Түйе-ботақан
Қой-қошақан
Ешкі-лақ
Қане,
балалар орнымыздан тұрып келген
қонақтармен қоштасайық
Біз
ақылды баламыз
Айтқан
тілді аламыз
Бүгінгі
келген қонаққа
Сау
болыңыз деп, айтамыз.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі
тиіс: Үй
жануарлрының аттарын, төлдерін білу.
Меңгеруі
тиіс: Әр
жануардың өзіне тән ерекшелігі мен
берер пайдасын;
Үйренуі
тиіс: Тақырыпқа
сай жұмбақтар, әндер.