400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Тексерген: ............... Жалғасбаев.Е.Б.

Тәрбиеші: Габдуалиева.А.Б.

Өтетін күні: 17.11.2017 жыл

Өтетін тобы: «Гауһар II кіші»

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: балалардың үй жануарлары, оларға күтім жасау туралы түсінігін байыту.

Жанды табиғатқа деген қызығушылығын дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау, оларға

мейірімді болуға тəрбиелеу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:үй жануарлары туралы шығармалар оқу. Жануарлар

туралы əңгімелесу, тақпақтар оқу. Иллюстрациялармен, үй жануарларының суреттерімен

танысу.

Құралдар мен материалдар:тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материал,

үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен

жасалған киімдер, «Мал қора» ойыншықтар жиынтығы.

Сөздік жұмыс:үй жануарлары, сиыр, жылқы, ешкі, ит, мысық.

Билингвалды компонент:мысық – кошка

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі (Əдіс, тəсілдер)

Балалардың іс-əрекеті

Ынталан дыру қызығу шылық -тарын ояту кезеңі

Педагог жұмбақтың көмегімен

ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй

орнатады.



Балалардан қиынды суреттерді

жинап құрастыруды жəне

құрастырған суреттегі жануардың

атауын атап беруді сұрайды.

Осы жануарлардың бəрін бір

сөзбен қалай атауға болады? «Үй

жануарлары». Оларды неге үй

жануарлары деп атаймыз?

Балалардың танып-білуге деген

құштарлығын оятады.

Балаларды алдағы жұмысқа

дайындайды.

Жұмбақтарды шешеді:

1. Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,

Шайнаңдағаны сағыз, (Сиыр)

2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дəрі, еті тамақ.(Жылқы)

3. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(Қой)

4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,Болса дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды. (Ешкі)

5. Кездесті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (Түйе)

6. Əртүрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

7. Лағымның құлағы мелтиіп тұрады, Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (Ит)

8. Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (Мысық)

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

– Өйткені олар адамдардың қасында тіршілік етеді жəне пайдасын тигізеді. Ал адамдар оларға қамқорлық жасайды.

Ізденістік-ұйымдас тыру шылық


Балаларға үй жануарлары

бейнеленген сюжеттік суреттерді

(слайдтарды) қарап шығуды

ұсынады.

Үй жануарларының дене

мүшелеріне назар аударады.

Үй жануарларының қалай

дыбыстайтындарын еске

түсірулерін сұрайды.

Жануарлар өздерінің төлдеріне

қалай қамқорлық жасайтынын

сұрайды.









Өзекті мəселе: Адамға үй

жануарлары не үшін қажет?

Сергіту сəті

«Бұл қандай жануар?»

дидактикалық ойынын

ұйымдастырады.

Үлестірмелі материалдармен

жұмыс істеу

Тағы бір нұсқа

Педагог «Ол не істейді?» ойынын

ұйымдастырады: нысанның

атауын атайды(иллюстрациялар

мен жұмбақтарды пайдалануға

болады).























П: Ит не істей алады?


П: Мысық не істей алады?


П: Сиыр не істейді?



П: Жылқы не істейді?

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы əңгімелеседі.

Мысықтың кішкентай марғауы бар. Иттің кішкентай күшігі бар. Сиырдың бұзауы, жылқының құлыны бар.

Көлемдерін анықтайды: ит – үлкен, күшік –кішкентай; мысық – үлкен, марғау –кішкентай жəне т.б. Олардың денесін, құйрығын, басын, аяқтарын, тұмсығы мен құлақтарын т.б. көрсетеді. Балалар үй жануарларының дыбысын қызығушылықпен салады:

Ит үрді – (əуп-əуп).

Сиыр мөңіреді – (мө-мө).

Жылқы кісінеді – (ио-ио).

Ешкі маңырайды – (ме-ме).

Қой маңырайды – (мə-ə-ə).

Ал мысық оларға қарап мияулады – (мяу-мяу). Ойларын ортаға салады: оларға сүтімен қоректендіреді, жүнін тілімен жалап тазартады, қорғайды, жылытады. Жылқыны арбаға жегеді, мінеді, ол –көлік. Еті мен қымызы – тамақ. Сиыр мен ешкінің сүті – тамақ. Одан біз сүйіп жейтін йогурт, сүзбе, қаймақ жасалады.

Ит біздің үйімізді күзетеді. Ит –адамның досы. Үйде мысық болса, тышқан болмайды.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Секең-секең, ей, лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай ма,

Секірмей-ақ кей уақ.

Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

Етістіктерге тиісті зат есімдерді тауып қосады.

Күзетеді, үреді, мүжиді. Ол не? (Ит).

Мияулайды, еркелейді, тырнайды. Ол не? (Мысық).

Кісінейді, жүгіреді, шабады. (Жылқы).

Маңырайды, сүзеді. (Ешкі).

Мөңірейді, шайнаңдайды, жүреді, сүт береді. (Сиыр).

Сиырдың қандай пайдасы бар? Суретті қоршап сыз.

Балалар аталған нысанның не істейтінін, оның көмегімен не істеуге болатынын анықтайды.

Б: Үреді, үй күзетеді, тістейді, құйрығын бұлғаңдатады, секіреді…

Б: Пысылдайды, керіледі, шүйке жіппен ойнайды…

Б: Жүреді, шөп жейді, мөңірейді, сүт береді…

Б: Жүк, адам тасиды, дыбыстар шығарады, шабады, шөп жейді…

Рефлек сивтік-түзетуші лік кезеңі

Қорытады.

– Балалар, біз бүгін не жайлы

əңгімелестік? Оларды бір сөзбен

қалай атаймыз?

Балаларға жануарлар мен олардың

төлдерінің атауларын атап беруді

сұрайды.Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл

күйін білдіруге шақырады.

– Жануарлар туралы.

– Үй жануарлары.

Балалар смайлды (күліп немесе

мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап,

нені орындау қиынға соққанын

анықтайды.

Күтілетін нəтиже:

айтады:үй жануарларының атауларын; олардың дене мүшелерінің атауларын

біледі;

түсінеді:жануарлардың өмірі адаммен тығыз байланысты: ол жануарлардың

тіршілік етуіне қолайлы жағдай тудырады (тамақ береді, күтім жасайды);

қолданады: жануарларды бір-бірімен салыстырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі