«Аққайын»
ІІ кіші топ
Тәрбиеші:
Бальдяева
А.М
Күні:
05.12.2019
Б.б.с:
«Таным»
Ұ.о.қ:
Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Үй жануарлары»
Мақсаты:
Балалардың үй жануарлары туралы
білімдерін толықтыру, олардың төлдерімен
таныстыру. Неліктен олар үй жануарлары
деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Үй
жануарларының адам өміріне пайдасын,
тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру.
Жануарларға қамқорлық жасау, оларға
мейірімді болуға тәрбиелеу.
Билингвады
компонент:
үй жануарлары-домашние животные,
мысық-кошка, ит-собака, сиыр –корова,
жылқы-лошадь т.б
Сөздік
жұмыс:
үй жануарлары
Көрнекіліктер:
үлестірмелі материалдар.
Кіріспе
бөлім
Шаттық
шеңбері
Қуан,
шаттан, алақай!
Қуанатын
күн келді.
Қайырлы
таң!
Қайырлы
күн!
Қүліп
шықты күн бүгін.
Негізгі
бөлім
-Ал,
балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекеше
болмақ. Себебі, мен сендерге жұмбақ
жасырамын, ал сендер қандай тақырыпта
әңгімелейтінімізді табатын боласыңдар.
Жұмбақ
жасыру:
1.Кішкене
ғана бойы бар,
Айналдыра
киген тоны бар
(қой)
2.Кезікті бір
жануар.
Үстінде
екі тауы бар,
(Түйе)
3.
Секең- секең етеді,
Таумен
тасқа жетеді.
(Ешкі)
Дұрыс
таптыңдар.
Дұрыс
айтасыңдар, балалар, осы түйе, қой, ешкіні
үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына
сонымен бірге жылқы, сиыр, ит, мысық та
жатады.
Бұл
жануарлар орманда өмір сүре ме, әлде
үйде ме?
Дұрыс
айтасыңдар.
Балалар,
бүгінгі оқу қызметіміз «Үй жануарлары»
туралы болмақ.
Оларды
неге үй жануарлары деп атаймыз?
Өйткені
олар адамдардың қасында тіршілік етеді
және пайдасын тигізеді. Ал адамдар
оларға қамқорлық жасайды.
Үй
жануарларының тұратын жерін не деп
атаймыз? (қора)
Үй
жануарлары немен қоректенеді екен?
(жем,шөп)
Дұрыс
айтасыңдар.
Мынау-
сиыр, ол бізге не береді?
Ал, мынау
жылқы, жылқының бізге қандай пайдасы
бар, бізге не береді?
Мынау- қой, ол
бізге не береді?
Дұрыс
айтасындар.
Үй
жануарлары өте пайдалы екен.
Үй
жануарлары мен олардың төлдері туралы
әңгімелеу.
(
үй жануарларының дыбыстауларын еске
түсіру.)
1.
Мысықтың кішкентай марғауы бар (мяу-мяу)
2.
Иттің кішкенай күшігі бар (әуп-әуп)
3.
Сиырдың бұзауы, (мө-мө) жылқының құлыны
бар.(ио-ио)
4.
Қойдың қозысы, ешкінің лағы бар.(мә-ә-ә)
5.
Түйенің ботасы бар екен.
Билингвальды
компонент:
Мысық-кошка, ит-собака, сиыр-корова,
түйе-верблюд, жылқы-лошадь.
Сергіту
сәті.
Бір
, екі , үш .
Бойға
жинап күш.
Жаттығу
жасап алайық,
Бір
дем алып қалайық.
Ойын
«Төлін тап»
Қорытындылау:
Сұрақ-жауап
арқылы оқу қызметімізді қорытындылау.
Балалар,біз
бүгін қандай жануарлармен таныстық?
Қане
біртіндеп үй жануарларын атайықшы?
Рахмет
балалар бүгінгі оқу іс-әрекетке өте
жақсы қатыстыңдар.