Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбер:
Қуан,
шаттан, алақай,
Қуанатын күн
бүгін!
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы
таң достарым.
Жұмбақтар
Кішкене
ғана бойы бар,
Айналдырып
киген тоны бар. (қой)
Екі
айнасы бар,
Екі
найзасы бар,
Төрт
жылтырмағы бар,
Бір
шыбыртқысы бар.
(сиыр)
Кезікті
бір жануар,
Үстінде
екі тауы бар.
(түйе)
|
Ұйымдастыру-
Іздестіру
|
Суретпен
жұмыс.
Тақтаға
жайлаудың суретін ілу.
--Балалар бұл не? Бұл
- жайлау.
Жайлау өсімдік, шөп өсетін жазық
дала. Жайлауға малды көктемде шығарады,
күзге дейін үй жануарлары осы жайлауда
жайылады, шөп жейді, қоректенеді, су
ішеді.
Бұл сиыр. Сиыр - өте пайдалы.
Сиыр бізге ет, сүт, құрт, ірімшік, май
береді. Сүттен май, қаймақ, құрт, ірімшік
жасаймыз.
Жылқы - жеті қазынаның
бірі. Жылқы - мінсе көлік. Сүтінің емдік
қасиеті бар. Жылқы еті де пайдалы, одан
қазы - қарта жасайды.
Қой - үй жануары.
Қой ұсақ жануар. Қой сүті қорғасын.
Қой жүнінен киіз көрпе жасайды, жылы
киімдер тоқылады. Қой етін, сүтін
пайдаланамыз.
Адамдар да оларға көп
қамқорлық көрсетеді. Бағады, жем,
шөп, су береді. Сауады, күтім жасайды.
Қазақ халқы төрт - түлікті өте
жақсы көрген, күтіп баққан. Сондай -
ақ үй жануарларының төлдері болады.
Осы төрт - түлікке байланысты
«Қай
жануардың төлі?»
ойынын ойнаймыз, сізде тамашалаңыз.
Ал қане кім айтады?
Сиырдың төлі
не?
Жылқының төлі не?
Қойдың төлі
не?
Қой
қалай дыбыстайды?
Ешкінің төлі не?
Балалар,
бәріміз бірге осы төлдерге арнап,
«Төлдер» әнін орындап берейік. Балалар
сабағымызды қорытындылай отырып,
біздер үй жануарларының пайдасы одан
алынатын өнімдер туралы әңгімеледік.
Бірақ оның пайдасын көру үшін, көп
еңбек ету керек. Оларды күтіп баптауымыз
керек.
Сергіту
сәті.
Шөре -шөре лағым,
Тентек
болма шырағым.
Секектемей деміңді
ал,
Селтеңдемей құлағың.
Д.О.:
«Кім қалай дыбыстайды?»
Тақпақтар.
1.Шөре-шөре,
лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме демінді ал
Селтеңдемей
кұлағың.
2.Әукім-әукім, әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең әне
келеді,
Ақ мамасын береді.
3. Қара
көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды,
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам
көз тоймайды
4.Кіп-кішкене
момақан
Қошақанды ұнатам
Сүеді
анам «қозы» деп
«Қошақаным» өзін
деп
5.Құлын
– құлын, құлыншақ
Желкілдейді
тұлымшақ
Маңдайында жұлдызы
Құйрығында
құндызы
Бүгінгі
сабаққа барлықтарыңызда жақсы
қатыстыңыздар.
|