Білім беру саласы: Сөйлеуді
дамыу
Ұймдастырылған
оқуқызметі:
Тақырыбы: «Үй
жануарлары»
Мақсаты:
Дамытушылық: Жануарлар туралы
білімдерін кеңейту. Үй және жабайы
жануарларының атын дұрыс айта білуге,
ажыратуға үйрету.
Білімділік: Үй жануарлары мен жабайы
жануарлар туралы білімдерін толықтыру . Жануарлардың табиғаттағы
ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және жабайы
жануарлар деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Жабайы жануарлардың
тіршілігі туралы , үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа
қажеттілігін түсіндіру. Тілін,сөздік қорын
дамыту.
Тәрбиелік: Жан- жануарларға деген
сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, құрал
жабдықтар : Үй және жабайы жануарлардың
суреттері, таратпалы (үлестірмелі) суреттер, сиқырлы сандық,
Интерактивті тақта, слайд
Әдіс-
тәсілдер: Сұрақ –жауап, ойын,
тақпақтар
Билингвальды
компонент: жануарлар- животные, жабайы жануарлар-дикие
животные, үй жануарлары-домашныей животные
Оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
шаттық шеңбері.
Күніміз ашық болсын,
Заманымыз тыныш болсын.
Ауамыз таза болсын,
Жан-жануар,адамзат аман
болсын.
Қонақтармен амандасайық.
Сәлеметсізбе!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күніміз
өте жақсы күн болып басталды, себебі біздің тобымызға қонақтар
келіп отыр. Қанекей балалар мына суреттерді қарайықшы, бұл жерде үй
жануарарының суреттері бар екен. Осы жердегі өзімізге ұнаған үй
жануарларын алыңдар, содан кейін осы жануарлырдың төлдерін тауып
орындарыңды табыңдар.
Тәрбиеші: Шанамен зырлап
желетін,
Шаңғы, коньки
тебетін.
Аққала жасап
ойнайтын,
Қай мезгіл- деп
ойлайсың?
Ал, балалар айтыңдаршы қай жыл
мезгілінде болады? (Қыс)
-Қыста қандай ерекшеліктер
болады? (Қар жауады,күн суық болады,аяз
болады)
-Өте жақсы. Жарайсыңдар!
-Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы:
«Үй
жануарлары».
-Қандай үй жануарларын білеміз
еске түсірейікші. (Үй
жануарлар туралы слайд көрсету). Интерактивті
тақтаға назар аударайықшы нелердің суретін көріп
тұрсыңдар?
Балалар: Қой,түйе, сиыр,
жылқы, мысық, ешкі,ит,
түйе.
Тәрбиеші: -Жануарлар екіге
бөлінеді.Үй жануарлары, жабайы жануарлар. –Балалар сендер үй және
жабайы жануарларды орыс тілінде,ағылшын тілінде қалай айтатынын
білесіңдер ме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші:Онда бәріміз бірге айтайық
жануарлар- животные, жабайы жануарлар-дикие животные, үй
жануарлары-домашныей животные -Жарайсыңдар, балалар - Қолда
ұстайтын, адамдар қамқорлық жасайтын жануарлар үй жануарлары деп
аталады.
Тәрбиеші:. Үй жануарларының адамға
тигізетін қандай пайдасы бар?
Балалар: Үй жануарларының пайдасы
өте көп. Сиырдың сүтін ішеміз,қаймақ, айран жасаймыз,етін жейміз.
Жылқы мінсек көлік , сойса ет. Қойдың,ешкінің жүнінен киім
тоқиды.
Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыңдар,
олардың пайдасы өте көп,үстіміздегі киім-кешек,ішіп-жеп отырған
азығымызды, барлығын біз үй жануарларынан
аламыз. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар өте дұрыс
айтасыңдар. Балалар, бір әдемі әуен
естілетін сияқты
Ғажайып сәт:
(Ортаға әуенмен сандық
кіргізіледі)
Тәрбиеші: Балалар,бұл не болды екен? Мен ашып көрейін,
ішінде не бар екен? (сандықтың аузын ашқанда бір жағымды әуен
естіледі) Бұл
не сандық, жәй сандық емес,сиқырлы сандық болды ғой.Бұл сандық
ғажайып елден келіпті. Бүгінгі ашық оқу қызметінде
үй
жануарларлар жайында әңгімелесіп отырғанымыз-ды
біліп тапсырмалар әкеліпті. 1-тапсырманы ашып
көрейік.
1-тапсырма: Үй
жануарларының төлдерін
тап.
Шарты: Алдарыңдағы парақта үй
жануарлары мен төлдерің суретерінің орындары ауыстырылып берілген,
соны біз дұрыс тауып бағыттап көрсетуіміз
қажет.
2-тапсырма
. Дидактикалық ойын: «Дауысынан
таны»
Дидактикалық ойын : «Дауысынан
таны»
Шарты: Үнтаспадағы жануарлардың
дауысынан қай жануар екенін табады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Енді үшінші тапсырманы көрейік.
3-тапсырма: Жануарлар туралы тақпақтар
айту
Милана: Кіп – кішкене
момақан,
Қошақанды
ұнатам.
Сүйеді апам қозым
деп,
Қошақаным өзім
деп
Айсұлтан: Ақ бұзауым
ұнайды
«Мө — мө» деп сүт
сұрайды.
Келеді өсіп күн
сайын
Тұмсығын созып
қарайды,
Абылай:Айналайын
ботам
Қандай күлте
жотаң
Табандарың
жалпақ
Теріп жейсің
жантақ
Райымбек: Күшігім өсіп ит
болды
Түнде тынбай үреді
Адал досым қасымда
Қалмай бірге
жүреді
Нұрсая:Марғау көзін ашты
да
Сүтті бетін
қолымен
Кім білсін қарны ашты
ма?
Жуынды ата
жолымен
Сергіту
сәті:
Ал балалар тұрайық, Сергіп
бәріміз алайық.
Қойдың жүрісін
салайық,
Қояндарша
секіріп,
Аюша біз қорбаңдап.
Түйеше ше біз маң-маң басып,
Бір
тынығып алайық.
4-тапсырма: «Йя мен
жоқ» ойыны
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеті мен
есте сақтау қабілетін арттыру.
Шарты: Балаларға
Интерактивті тақтадан үй
жануарларының суреттері көрсетіледі. Тәрбиеші атауын атайды, егер
дұрыс болса балалар қолдарын шапалақтайды ал дұрыс емес болса
аяқтарын тарсылдатады.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, біз барлық
тапсырманы дұрыс орындап шықтық.
Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі оқу
қызметіміз сендерге ұнады ма?
-Қандай үй жануарларымен
таныстық?
-Неге үй жануары деп
аталады?
-Үй жануарларының қандай
пайдасы бар? –
-Үй жануарларының төлдерін және
жабайы жануарлардың балаларын қалай
атаймыз?
-Балалар ,бүгінгі оқу қызметіне
бәрлерің өте жақсы қатыстыңдар.Ғажайып сандықтың барлық
тапсырмаларын орындадыңдар. Жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа
смайлк .
Балалар: Біз ақылды
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа
,
Сау болыңыз деп
айтамыз.