Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы жалпы түсінік беру. Үй жануарларының төлдерін ажыратып атай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасы» КМҚК










«Ботақан» I-кіші тобының ашық ұйымдастырылған

оқу қызметінің қысқа мерзімді жоспары








Тәрбиеші: Хурметхан Б























2018-2019 оқу жылы

КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН

«Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының Курчатов қаласының

«Күншуақ» балабақшасы» «Күншуақ» балабақшасы»

КМҚК әдіскері КМҚК меңгерушісі

______________Тілеухан А.Н ______________ А. Кенес


«Ботақан» I-кіші тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің қысқа мерзімді жоспары


Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: Дені саудың жаны сау

Апталық тақырып: Біз күштіміз, ептіміз

Мақсаты: Үй жануарлары туралы жалпы түсінік беру. Үй жануарларының төлдерін ажыратып атай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Үй жануарларының суреттері мен макеттері,төлдердің суреттері.

Әдіс-тәсілі: қол маторикасы, сұрақ-жауап әдісі, сергіту сәті, дидактикалық ойын,мнемотехника әдісі.

Кіріспе бөлім:

-Балалар ең алдымен«Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» деп, келген қонақтарымызбен амандасайық.

-Салеметсіздерме

-Здраствуйте

-Hello

Шаттық шеңбері.

Атам мені құлыным дейді,

Әжем мені ботам дейді,

Әкем мені шырағым дейді,

Анам мені қозым дейді,

Ал шынында мен кіммін?

Мен – ақылды баламын!

-қандай тамаша! Сендердің ата-аналарың, ата әжелерің еркелетіп жануарлардың төлдерімен айтады екен!

Тәрбиеші: Балалар жан жақтарыңа қараңдаршы біз бүгін жайлауға саяхат жасауға келдік. Бүгін біз үй жануарларымен танысатын боламыз. Оларға- түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады. Түйенің төлі — бота, сиырдың төлі — бұзау, қойдың төлі — қозы, жылқының төлі — құлыншақ.

Дыбыстық жаттығу:

Түйе боздайды: Бө-бө-бө, бө.

Қой-ешкі маңырайды: м-ә-ә-ә, м-ә-ә-

Жылқы кісінейді. И-и-и-о-о-о.

Сиыр мөңірейді. Мө-мө-мө.

Неліктен “үй жануары” деп атаймыз?

Өйткен олардың үйде бағып өсіреміз. Олардың адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Осы үй жануарларын бағатын адамды бір сөзбен бағбаншы деп те атайды.Бағбаншынын жұмысы өте ауыр.

(Осы кезде есік ашылып бағбаншы келеді).

Ата: Салеметсіңдерме балалар! Менің жайлауыма қош келдіңдер! Менің айналып кеткен себебім, менің тентек қозыларым өрістен алыстап кетіпті, мен соларды іздеп таба алмай келдім. Балалар мен келгенше, мына жануарларымның қарындары ашып калыпты. Менің жануарларыма шөп акеп бересіңдер ма?

Тәрбиеші:  Ата бүгін біз сіздердің жайлауларыңызға келіп, балалармен үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.

-Кәне балалар, Бағбаншы атамызға көмектесейік. Барлығымыз қағаз майлықтарды бумаждап төлдерге шөп жасайық.Шөпті барлығымыз төлдердің астауына саламыз.

(Балалар қағаз майлықтарын бумаждап төлдерге шөп жасап, астауға салады).

Ата: Жарайсыңдар балалар , сендерге көп рахмет. Көңілім көтеріліп қалды. Енді менің жануарларым шөпті тойып жейтін болды. Енді менің сендерге арналған жұмбағым бар.

1.Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

2.Кішкене ғана бойы бар

айландырып киген тоны бар. (қой)

Ата: Бәрекелді балалар!Сендер сабаққа жаксы қатыстындар.Сендерге арналған сыйлығымда бар оны апайларыңа тастап кетейін.Сендер сабақтарыңды жақсы аяқтаңдар. Ал менің қайтуым керек өрістен алыстап кеткен қошақандарымды іздеп келейін.Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Шаршадыңдарма балалар қанеки барлығымыз бірге орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті: 

Тіктеп титтей құлағың

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын

Ойнақтайды ботақан

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді бұзауқан.

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап».

Тәрбиеші: Қане, балалар бәріміз бірге «Төлдерін тап»
ойынын ойнайық.

(Тәрбиеші ойынның шартын түсіндіріп, балалар ойынды қызыға ойнайды).
Қорытынды:мнемотехника арқылы қорытындылау.

Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
— Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?


































Picture 1







Picture 3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12