«№26 Қарлығаш»
бөбекжайы»
Үй
жануарлары
« Ортаңғы топ
»
Тәрбиеші: Ешмұратова .Б.
Ж
Мусабаева.Ф.М
Ақтау қаласы – 2021
жылы
Білім беру
саласы: «Коммуникация», «Әлеуметтік
орта»
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру, Сөйлеуді дамыту, Қоршаған
орта.
Тақырыбы: «
Үй жануарлары»
Мақсаты: 1. Балалардың
үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін
бір-бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың
бізге тигізетін пайдасы туралы
айту.
2. Балаларға үй
жануарларына байланысты тақпақ, жұмбақтарды қайталай отырып,
сұрақ-жауап арқылы тілін дамыту.
3. Үй
жануарларын күтіп баптауға, қорғап қомқор жасауға
тәрбиелеу.
Әрекеттер
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Рефлексиялық-түзетушілік
Жылулық
шеңбері
Атам мені, «құлыным»-
дейді,
Әжем мені, «ботам»-
дейді.
Әкем мені,
«шырағым»- дейді,
Анам мені,
«қозым»- дейді.
Ал шынында мен
кіммін?
Мен дарынды
баламын!
-Жарайсыңдар
балалар!
Айдай
жарқырап,
Күндей
жадырап,
Судай мөлдір
таза көңілмен,
Бүгінгі
күнімізді бастайық.
-Балалар, ойын
ойнағыларың келе ме?
Дидактикалық
ойын:
«Ғажайып
текше»
Шарты: ойын
арқылы көктем мезгілінің
ерекшелігін айту, суреттер арқылы әңгіме
құрастыру.
-Жарайсыңдар
балалар!
-Балалар
адамдардың күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасын қалай
атаймыз?
-Үй қандай
бөліктерден тұрады?
-Осы үй
бөліктері қандай пішіндерге ұқсайды?
-Үй деп
атайды.
-Үйдің шатыры, есігі, терезесі, қабырғалары
болады.
-Шатыры- үшбұрышқа, қабырғалары-төртбұрышқа,
терезесі, есігі- шаршыға
ұқсайды
Балалар үйдің терезелерін
санайды.
-Бұл үйдің бес терезесі
бар.
-Жарайсыңдар
балалар!
-Дұрыс айтасыңдар, мына тұрған үйдің неше
терезесі бар?
-Дұрыс, осы әр терезеде жұмбақтар бар, мен
сендерге оқып берейін сендер шешімін (жауабын)
табыңдар.
Жұмбақ.
1. Қамыс
құлақ,
Тостаған
тұяқ.
Мінсең
қанат,
Сүті дәрі, еті
тамақ.
(Жылқы-лошадь)
2.Кезікті бір
жануар,
Үстінде екі
тауы бар.
(Түйе-
верблюд)
3.Кішкене ғана бойы
бар,
Айналдырып
киген тоны бар.
(Қой-овец)
4.Өзі
күшті, мүйізі мықты,
Төрт бұлағы
сүт,
Баға білсең
құт.
(Сиыр-корова)
5.
Секең-секең етеді,
Таумен тасқа
жетеді.
(Ешкі-коза)
-Міне, қызық
балалар, жұмбақтардың жауабын дұрыс таптыңдар. Үйдің әр терезесінен
шешілген жұмбақ жауаптарынан жануарлар
шықты.
-Балалар,
неліктен бұл жануарлар үй ішінен
шықты?
-Ал, жабайы
жануарлар қайда мекендейді?
Сергіту
жаттығуы
-Балалар, мен
сендерге үй жануарлары туралы кішкене мағұлмат берейін, сендер
мұқият тыңдаңдар.
1. Жылқы атасы-
Қамбар ата.
2. Сиыр атасы-
Зеңгі баба.
3. Түйе атасы-
Ойсыл қара.
4. Қой атасы-
Шопан ата.
5. Ешкі атасы-
Сексек ата.
-Үй жануарларын
төрт түлік деп атайды.
-Балалар, үй
жануарларының төлдерін атап
беріңдерші?
-Ойын
ойнағыларың келе ме?
Дидактикалық
ойын:
«Адаспай тап»
Шарты: төлдерді
өз енелеріне біріктіру, қоршау ішіне
салу.
-Балалар, осы
үй жануарлары қандай дыбыс
шығарады?
-Қой қалай
дыбыстайды?
-Қойларды
суарарды қалай шақырады?
- Дұрыс
айтасыңдар, қойдың сүті пайдалы, етін жейді, жүнін тұрмыста
пайдаланады.
-Ешкі қалай
дыбыстайды, және оны қалай
шақырады?
-Ешкі сүті
құнарлы, ем болып келеді. Ешкі жүнінен тоқымалар
тоқиды.
-Жылқы қалай
дыбыстайды және қалай шақырады?
-Жылқының сүтін
саумал деп атайды, оны ашытып қымыз жасайды. Жылқының саумалы,
қымызы, еті адам ағзасына өте
пайдалы.
-Ал, түйе қалай
дыбыстайды және оны қалай шақырады?
-Түйенің сүтін
қымыран деп атайды . қымыранды ашытып шұбат дайындайды.Түйенің етін
жейді, жүнінен тоқыма тоқиды.
-Сиыр қалай
дыбыстайды және оны қалай шақырады?
-Балалар, сиыр
сүті өте пайдалы, сүттен айран ұйытады, қаймақ, май, қатық, ірімшік
жасайды,етін жейміз.
-Сонымен
балалар, бұл үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы өте көп екен.
Сондықтан біз оларды күтіп, бағуымыз
керек.
-Балалар, осы
жануарлардың ішінен мен сендерге сиыр туралы толығырақ айтып және
тәжірибе көрсеткім келіп отыр.
-Сиыр сүтінен
одан шығатын тағамдарға тәжірибе
жасаймыз.
-Міне сүт,
сүттен қаймақ, айран аламыз. Айраннан сүзбе аламыз, сүзбе екіге
бөлінеді сүзбе (творг) және құртқа арналған
сүзбе.
- -Жарайсыңдар
балалар!
Сұрақ-жауап:
-Балалар,
сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады
ма?
-Сендер қандай
үй жануарларымен таныстыңдар?
-Сау
болыңыздар!
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: төрт
түліктің пайдасын және атауларын
біледі.
Меңгереді:
тақырыпты толық меңгерді.
Жасай алады: үй
жануарлары туралы жұмбақ, тақпақтарды
айтады.