400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, әр қайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің техналогиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Бағдарламалық міндеттері:

Мақсаты: Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, әр қайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Білімділігі: Үй жануарының адамға беретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Үй жануарларының өзгешеліктеріне қарай бір бірімен салыстыра білуқабілеттерін сұрақ - жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелігі: Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сиыр-корова, түйе-верблюд, жылқы-лошадь,

Қолданылатын көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері.

Қажетті құрал жабдықтар: сандық, дорба, сүт, ірімшік, құрт.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар қараңдаршы, бүгін бізде ерекше күн өйткені бізге көп қонақтар келіпті. Қане барлығымыз шаттық шеңбер бойына жиналып, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрек жылуымызды Қонақтарға шашайық.







Шаттық шеңберін іс-қимылмен жасайды.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Ал енді балалар көзімізді жұмып, ата-әжемізді олардың ауласында жайылып жүрген үй жануарларын көз алдымызға елестетейікші.

-Кәне көзімізді ашамыз.

Балалар қандай үй жануарларын көрдіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымызды осы үй жануарларымен танысамыз.

Балалар қарандаршы, мынау тұрған не?

-Ия, балалар дұрыс айтасындар бұл сандықты ауылдан Сырым ата беріп жіберіпті. Ішінде не бар екенін білгілерің келеме?

Сандықтын ішінде тапсырмалар бар екен. Соны орындауға дайынсыңдарма?

Бірінші тапсырмада Сырым атаның үй жануарларының төлдері бір-бірімен араласып кетіпті. Соны тауып беру керек.

Бұл тапсырманы сендер өте жақсы орындадындар, жарайсындар.

Ал сандықта тағы не бар екен?

Ал екінші тапсырмада жұмбақ бар екен, бұл жай жұмбақ емес бұл мнемо жол жұмбағы.

Екі мүйізі бар төрт тұяғы бар, ұзын құйрығы бар.

Ол не?

Тамаша балалар Сырым атаның тапсырмасын дұрыс орындап жатырмыз.

Сиырдан қандай өнімдер аламыз?

Олай болса тәжірибежасайық.

Мақсаты:Сүттің, ірімшіктің, құрттың дәмін ажырату.

Тапсырманы жақсы орындап жатырмыз, енді шаршаған шығармыз.Денемізді бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Оңға солға бұрылдық,

Алға артқа иілдік,

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

Аяқпенен топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Денемізді сергітіп алдық, ал енді балалар сандықта тағы не бар екенін қарайықшы.

Тағыда үшінші тапсырма шықты. Бұл тапсырмада үй жануарымен жабайы жануарларды бір-бірінен айыра білу.

Бұл тапсырмаға тақпақ айту керек.

Айлин ортаға шығып тақпағын айтады.

Сырым атаның сандығында тағы тапсырма бар екен, алып қарайын.

Бұл сыйлық екен.

Балалар сендер сабаққа өте жақсы қатысқандарын үшін сендерге сыйлықтар беріп жіберіпті.

Балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сендерге сабақ ұнады ма? Ал несімен сендерге ұнады?

Баяу әуенге балалар қиялдайды.








Сиыр, қой, ешкі, жылқы түйе.






Сандық.







Ия, білгіміз келеді.




Ия, дайынбыз.




Балалар төлдерді аналарына бір-біріне тірек сызба арқылы қосып береді.











Балалар жұмбақты шешеді жауабы сиыр.






Қаймақ, май, ірімшік, құрт, сүт.



Балалар кезекпен шығып өнімдердің дәмін ажырата алды.






Сергіту сәтін іс –қимылмен істеді.









Балалар тапсырманы мұқият орындап берді.












Балалар сыйлыққа риза болып қуанады.



Ия, ұнады.

Сырым атаның сандығы, жұмбақ шешкен, сүт өнімдерінің дәмдерін ажыратқан.

Рефлексивті- түзетушілік

Балалардың белсенділік танытқандары үшін мақтап, мадақтау.



Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: Үй жануарлардың пайдасы, төрт-түлік малдың қалай аталу керектігін біледі.

Түсінеді: Үй жануарларын жабайы аңдардан айырады.

Қолданады: Мнемо жұмбақты шеше біледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі