Материалдар / үй жануарлары

үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
үй жануарлары туралы түсінік, үй жануарларының топтастырылуы. үй жануарларының классификациясы. үй жануарлары және олардың төлдері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2022
326
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді

Әлеуметтік педагог: Оспан А.А.

Өтілу мерзімі:

Баланың аты-жөні:

Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:

Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсінік беру, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. 
Дамытушылық: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, интерактивті тақтадан көрсету.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, интерактивті тақта.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар, бүгін біз үшін ерекеше күн, өйткені көктемнің алғашқы аптасы.

- Алдыменен біз бір-бірімізбен амандасып алайықшы.

«Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»- дегендей:

Қайырлы таң-көк аспан,

Қайырлы таң- алтын күн,

Қайырлы таң – жер ана,

Қайырлы таң –балалар. (Балалар өлең жолдарына қосылып, амандасады)

- Балалар, ауа райы қандай болып тұр? (күн шығып, жылы болып тұр)

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (күн жылып, қар ериді, гүлдер шығады)

Жаңа тақырып:

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары туралы.

Осы үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

- Ауылда, үй жағдайында.

- Қандай үй жануарларын білесіңдер.(балалар жауап береді).

Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді.Сол үшін үй жануарлары деп аталады.

  1. Алдымыздағы дыбыс модуліне карап, тыңдап көрейік. Тыңдап қарасақ, олардың дыбыстары естіледі.

( Жануарлардың дауыстарын тыңдап, қай жануар екенін айтады.)

Мұғалім: - Кәне, балалар қай үй жануары қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші! (Балалар қосылып айтады)

С иыр мөңірейді: мө-мө-мө.
Жылқы кісінейді:ио-ио-ио.
Түйе боздайды: бө-бө-бө.

Қой маңырайды:ма-ма-ма.

Ешкі бақылдайды: ме-ме-ме.

Ит үреді: аф-аф-аф.

Мысық мияулайды: мияу-мияу-мияу.

  • Үй жануарларының адамдарға пайдасы өте зор болып табылады:

Сиыр – сүтінен қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт жасаймыз
Жылқы – жүк тасиды, қымыз, ет, терісінен киім тігеді.
Қой – жүнінен киім тоқиды, ет.
Ешкі – түбітінен киім тоқиды, ет.

Түйе – жүк тасиды, сүті-шұбат, жүнінен киім тоқиды.
Ит – үйімізді, малымызды күзетеді.
Мысық – тышқан аулайды.

  1. Жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.   (қой)                      

2. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)

3.Басында екі таяғы бар, 

Төрт аяғы,сақалы бар.  (ешкі)                             

4.Өріске ерте өреді,

Біздерге сүт береді.  (сиыр)

- Жарайсыңдар, балалар, бұл аталған жануарлар төрт түлікке жатады, яғни үй жануарлары деп аталады.

  1. «Төлдерін ата» ойыны; 


Мұғалім: Балалар, үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады?
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Қой – қозы
Ешкі – лақ
Түйе – бота
Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
(айтылған іс-қимылдарды қайталау)

 - Енді, балалар, осы үй жануарларға айтылатын тыйым сөздер бар. Қане, тыйым сөздерді біліп алайық:

- Малды аяқпен тебуге болмайды;

- Таяқпен маңдайына ұруға болмайды;

- Малдың сүтіне түкіруге болмайды;

Бекіту: дидактикалық ойын «төлдерін тап»

-Балалар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендеріңді білу үшін қазір «Дидактикалық ойын » арқылы сабағымызды қорытамыз.


Қорытынды: Балаларды мақтап-мадақтау арқылы оқу қызметін қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Үй жануарлрының аттарын, төлдерін білу.    

Меңгеруі тиіс: Әр жануардың өзіне тән ерекшелігі мен берер пайдасын;

Үйренуі тиіс: Тақырыпқа сай жұмбақтар, Жануарларға сүйіспеншілік сезіммен және қамқорлықпен қарауды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ