Үй жануарлары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға үй жануарлары туралы түсінік берік жан жақты дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған қызметінің конспектісі

Топ: ересек

Білім беру дағды: Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.

Түрі: кіріктірілген (Физикалық қасиеттерді дамыту)

Тақырыбы: Үй жануарлары мен төлдері.

Мақсаты: Үй жануарлары және оның төлдерімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: балалардың үй жануарлары туралы, оларға күтім жасау туралы, жануарлардың пайдасы туралы түсініктерін байыту, зат есімнің көпше түрінде қолдана білуге , тірек-суреттер арқылы сөйлем құрастыруға үйрету.

Дамытушылық:

Балалардың есте сақтау қабілеттерін, сөйлеуді, зейінді, қабылдауды, шығармашылықты, эстетикалық қабылдауды, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:

Балаларды қоршаған әлемге танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу, Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары мен олардың төлдері бейнеленген суреттер, карточкалар.

Алдын ала жұмыс: Үй жануарлары мен олардың балалары бейнеленген суреттерді қарау, ит пен мысықты бақылау. Жануарлар туралы жұмбақтар, әңгімелер.

Барысы:

Шаттық шеңбері


Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн!

(Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам!

(Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!


Тәрбиеші: Балалар, бізге аудиохабарлама келіпті. Тыңдап көрейікші.

Тәрбиеші Зере әженің аудиохабарламасын естіртеді.

Балаларым, құлындарым! Мен Зере әжелеріңмін. Көптен бері сендерді көрген жоқпым. Сағынып қалыппым. Сендерге қысқа май сақтап, айран ұйтып қойдым. Келіп кетсеңдер, риза болар едім.

Сағынышпен, Зере әжелерің.

Тәрбиеші: Балалар, Зере әжелеріңе барғыларың келе ме?

Балалар: Иә, барғымыз келеді.

Тәрбиеші:Жақсы, балалар. Зере Әженің ауылына жету үшін біраз кедергілерден өтуіміз керек.

(Физикалық қасиеттерді дамыту)

1-кедергі «Жылан ізімен жүріп өт»

Текшелер арасынан жыланша жүреді.

2-кедергі Ұлдар: Доғал арасынан өрмелеп өтеді.

Қыздар: Гимнастикалық орындық үстімен жүріп өтеді.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар кедергілерден өттіңдер. Зере әженің де ауылына жетіп қалдық.


Әже шығады.

(Коммуникативтік дағдыларды дамыту)

Әже: Амансыңдар ма, құлындарым! Көптен бері сендерді көрмедім. Ауылыма қош келдіңдер. Сендерге дайындап қойған қысқы майым бар. Сендерге деп айран ұйтып қойдым. Балалар, айран ішіп жайғасқанға дейін сендермен «Кім тапқыр?» ойынын ойнағым келіп тұр. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабың айтып қана қоймай, құрастыруларың керек. Дайынсыңдар ма, балаларым?

Балалар: ия, дайынбыз

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (Қой)


Тақтада үй жануарларының суреттері ілінеді.


Тәрбиеші:Жарайсыңдар. Ал қойдың төлін қалай атаймыз?

Балалар: қозы деп атаймыз.

Әже:

Төрт бұлағы сүт
Баққанға ол құт (Жылқы)

Тәрбиеші: Балалар, ал жылқының төлін қалай атаймыз?

Балалар: құлын деп атаймыз.


Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар (ешкі)


Тәрбиеші: Ал ешкінің төлін қалай аталады?

Балалар: лақ деп атаймыз.

Әже:

Үстінде қос қорабы,
Мінсең көлік болады,
Жақындасаң қасына,
Қорқытады баланы (Түйе)

Тәрбиеші: Ал түйенің төлін қалай аталады?

Балалар: ботақан деп атаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Үйц жануарларын және оның төлдерін білесіңдер.


Балалар 3 топқа бөлінеді.

1-топ: Қошақандар

2-топ: Құлыншақтар

3-топ: Ботақандар

«Құрастыр және ата» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Үй жануарларын құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру. Бөлікті бүтінге құрастыру қабілеттерін жетілдіру. Тапсырманы ұқыпты, мұқият орындауға тәрбиелеу.

Үстел үстіне үй жануарларының қиынды бөліктері орналасқан. Балалар үш топ болып суреттерді құрастырады.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар үй жануарлары қайда мекендейді?

Балалар: қорада, оларды адамдар күтіп-баптайды.

Әже: Балалар, жарайсыңдар. Үй жануарларының адам баласына пайдасының зор екенін ұмытпаңдар. Мысалы: сиырдың сүтін ішеміз, етін жейміз, құрт қайнатамыз, май шайқаймыз, Терісінен де пайдаланады. Жылқының қымызын ішеміз, етін жейміз. Қызы-қарта, жал-жаясын жейміз. Жылқы төзімді, біздің ауыр заттарымызды көтереді.Жылқы-қасиетті жануар. Даладағы жаман шөпті жемецйді, лас суды ішпейді. Түйе де төзімді, шөлге шыдамды жаунуар. Түйенің сүтінен шұбат ішеді. Жүнінен қолғап, т.б киімдер тоқиды. Терісінен де әртүрлі заттар жасайды. Ал қой болса, бізге етін береді. Қой жүнінен шұлық, шәпке, т.б киімдерді тоқуға болады. Терісін де адамдар пайдаланады. «Қой өсірсең, мал өсір, пайдасы оның көл-көсір», деп таларымыз тегін айтпаған. Сондықтан балалар, үй жануарларына үнемі қамқорлық танытыңдар. Күтіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, үй жануарлары туралы көп мағлұмат алдыңдар. Ендігі кезекте үй жануарларын қатыстырып, тірек-суреттердің көмегімен сөйлем құрастырайық.

Мнемокарточкалармен жұмыс


Балаларға мнемокарточкалар таратылады. Балалар тірек-суреттермен сөйлем құрастырады, оқиды.

Доппен сергіту сәтін жасау.

Әже: Балалар, жарайсыңдар. Үй жануарлары көп болса қалай атаймыз? Білеміз бе?

Тәрбиеші: Балалар, әжемізге білетінімізді дәлелдеу үшін «Не, нелер» атты дидактикалық ойын ойнайық.


«Мынау не? Мынау нелер?» дидактикалық ойыны.


Мақсаты: Балаларды зат есімнің жекеше, көпше түрін қолдануды үйрету. Танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорды толықтыру, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Тиянақтылыққа және ұқыптыллыққа тәрбиелеу.
Шарты: Балаларға карточкалар таратылады. Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, «Мынау не?» деп жекеше түріндегі зат бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар: мынау «жылқы», ал мынау «жылқылар» деп карточканы орналастыру керек.

Әже: Балалар, жарайсыңдар. Үй жануарлары туралы білесіңдер. Ақылды, алғыр баласыңдар. Мен сендерге құрт қайнатып қойғам.

Әже балаларға құрт таратады.

Тәрбиеші: Әже, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді. Сізге рахмет. Балаларға үй жануарлары туралы көп мағлұмат бердіңіз.



Тәрбиеші балалармен топқа оралады.


Тәрбиеші: Балалар, әженің ауылында қызықты болды ма?

Балалар: ия, қызықты болды.

Ендеше, ұйымдастырылған қызметімізді қорытындылау үшін үстелде орналасқан ою түрлерін түске сәйкес алуларың керек. Не себептен сол түсті таңдағандарыңды айту керексіңдер.

Егер ҰҚ өте көңілді, қызықты мағлұмат алдым десеңдер, 1 қызыл оюды алыңдар. Ал егерҰҚ тағы білгім келеді дегендерің жасыл оюды таңдайсыңдарАл егер ҰҚ көңілсіз өтті дегендерің көк оюды таңдаңдар.


Балалар оюларды бір-бірден таңдап болған соң, барлық балалар неліктен сол түсті оюды таңдағанын айтады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2023
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі