400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Үй жануарлары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін бекіту. Төрт түліктің адамға пайдалы екенін ұғындыру. Төрт түлік мал үй жануарлары олардың әр қайсысының орны , пайдасы, төлі, ерекшеліктері жөніндегі білімдерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу іс- көрсетілім

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін бекіту. Төрт түліктің адамға пайдалы екенін ұғындыру. Төрт түлік мал үй жануарлары олардың әр қайсысының орны , пайдасы, төлі, ерекшеліктері жөніндегі білімдерін дамыту

Көрнекіліктер: Ауыл, қора, үй жануарларының суреттері

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ жасыру

Билингвизм: үй жануарлары – домашные животные


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық






Ұйымдастырушы-ізденістік

















































































Рефлексиялық - түзетушілік





Шаттық шеңбері

Атам мені «құлыным» дейді,

Әжем мені «ботақаным» дейді.

Әкем мені «шырағым» дейді,

Шешем мені «қозым» дейді.

Ал, шынында мен кіммін?

Мен кәдімгі баламын.

Тәрбиеші балаларға үй жануарлары туралы сұрақтар қояды, әңгіме жүргізеді.

1 ойын: «Асық» ойыны

Шарты: 4 ұл асықты түсімен таңдайды. 4 қыздың қолында 4 түрлі ыдыс. Асықты таңдап алған бала асықтың түсін айтып сол түстес қорапқа салады.

2 жұмбақ жасыру

  • Қамыс құлақ

Тостаған тұяқ.

Мінсең қанат,

Сүті дәрі, еті тамақ.

  • Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

  • Секең-секең етеді,

Таумен тасқа жетеді.

  • Үстінде екі тауы бар,

Қызық бір жануар.

  • Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар.



3 ойын: Дидактикалық ойын. «Төлдерін тап»

4 . Білімді өзектендіру

Тәрбиеші тақырыпқа сай әңгімелейді, қорамен таныстырады.


Сергіту сәті:

  • Қас жүйрікке балаймын,

Құйрық жалын тараймын.

Қарғып мініп мен атқа,

Барам сосын қонаққа.


5. Ойын: Дидактикалық ойын «Не қалай дыбыстайды?»

Тәрбиеші үй жануарларының суретін көрсетеді, ал балалар сол жануарларды дыбыстайды.

6. Сұрақ-жауап ойыны.


1. Балалар далада ойнап жұр, қорада қойлар шулай кетті. Не істейміз ?


2. Далада жауын жауған. Дала су, не істейміз ?


3. Балалар бақта өрік, шие жеп отыр. Кенеттен бұзаудың аяғы жіпке оралды, не істейміз ? Қамқор боламыз ба, әлде ұрамыз ба ?


Төрт түлік туралы кім тақпақ айтып береді.

  • Айналайын қозым,

Ұзап шықпа үйден.

Көтерілсең бетке

Тойынарсың көкке.

  • Секең, секең, ей лақ

Жүрмін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай ма?

Секеңдемей кей уақ.

  • Түйе - малдың үлкені

Жылқы – малдың үркегі.

Сиыр малдың сүттісі

Қой түліктің құттысы.


  • Құлыншағым құндызым

Құлдырайды, шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.


  • Шөре, шөре лағым

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал

Селтеңдеме құлағым.


Шығармашылық жұмыс


1 топ: Балалар үй жануарларының суретін құрастырады

2 топ: Үй жануарларының суретін жіппен жапсырады


Қорытынды:

Сұрақтар қою

  • Үй жануарлары бізге не береді ?


Мақал жаттау:

Құтты қонақ келсе қой егіз табады.


  • Қораларыңыз қойға толсын, мал жанымыз аман болсын!

Қонақтармен қоштасу, балаларды мақтау қағаздармен марапаттау



Балалар шеңбер жасап өлең жолдарын айтады.





Балалар үй жануарлары туралы әңгімелеп береді.









  • Жылқы


  • Қой


  • Ешкі


  • Түйе


  • Сиыр











Балалар іс-қимылмен орындайды









  • Су,жем, шөп беріп, қамқор боламыз.

  • Қораға кіргіземіз



  • Үлкендерді көмекке шақырамыз.





Жұматай Нұрсаян




Абдуважит Бақыт




Абсадық Аружан





Султанбай Муслимбек




Рахимжан Акбар







Балалар шығармашылық жұмысты орындайды




Ет, сүт, жүн береді



Балалар қайталайды



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар үй жануарлары және олардың пайдасы туралы біледі, төлдерін ажыратады, дыбыстай алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі