Материалдар / үй жануарлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
үй жануарлары туралы мәлімет
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Үй жануарларының

Мақсаты: балалардың үй жануарлары түйе.сиыр,жылқы,қой ,ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, таныстыру.

Дамытушылық: төрт түлік малға не жататынын,өзара ерекшеліктерін,адам өміріне пайдасын ажырата білуін дамыту.

Тәрбиелік: төрт түлік малды күтіп-баптауға тәрбиелеу,оларға қызығушылығын арттыру.

Сөздік жұмыс:Шаттық шеңбері,сұрақ-жауап,ойындар,сергіту сәті

Көрнекі құралдар:Үй жануарларының суреті,слайд

Билингвальді компонент:Үй жануарлары-домашние животные.

Жылқы – лошадь,сиыр – корова,қой – овца,ешкі – коза,түйе – верблюд.



Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғалыс







-Сәлеметсіздерме балалар!

Ал,енді біз қонақтармен сәлемдесейік:

Жылулық шеңбері:

Армысың алтын күн!

Көгілдір көк аспан!

Бармысың құстарым

Қанатты достарым!

Бармысың төрт түлік,

Сыйлаған тоқшылық!

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,қанеки бәріміз,

Сәлемдейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар!


Іздену- ұйымдастыру








Балалар,жыл мезгілдерін атайық:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінің айлары қандай?


Өткен сабақты қайталау.

Жабайы жануарларды ерекшелігін атау..

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы үй жануарлары.Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Үй жануарларын көрсете отырып сұрақ қою.

Мынау не?

Мынау не?

Мынау не?

Мынау не?

Мынау не?

Үй жануарлары немен қоректенеді?Төрт түлікті таныстыру.

Балалар мынау қандай жануар?

Қойдың төлін не дейміз?

Ешкінің төлін не дейміз?

Түйенің төлін не дейміз?

Жылқының төлін не дейміз?

Сиырдың төлін не дейміз?

-Ал,олар немен қоректенеді?

-Шөп,су,жеммен қоректенеді.Біз оларға қамқорлық жасап,оларды күтіп баптауымыз керек.Соның ішінде қой мен ешкі малы өте өсімтал екен.

Төрт түлік малға түйе,сиыр,қой,ешкі,жылқы жатады.Төрт түлік малдың адам өміріне пайдасы орасан зор.Олардың етін жейміз,сүтін ішеміз,құрт,майын,ірімшігін жейміз.Жылқының етін,қазы-қартасын,қымызын ішеміз,жейміз.Қойдың жүнінен көрпе жасаймыз,тоқыма бұйымдар киеміз.Түйенің шұбатын ішіп,шудасын пайдаланамыз.Ешкінің сүті емдік үшін де қолданылады.Міне,адам өміріне пайдасы осылай тиеді.Сондықтан малды қастерлеу керек.

Түйе – малдың үлкені,

Жылқы – малдың үркегі.

Сиыр - малдың сүттісі,

Қой – түліктің құттысы.

Түйенің пайдасы қандай?




Жылқының адамға пайдасы қандай?




Сиырдың пайдасы қандай?





Қойдың адамға пайдасы қандай?




Ешкінің адамға пайдасы қандай?



Олардың төлдерін атайық:

Сергіту сәті:

Жазда атамның аулына,

Барып едим қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнап жүгіріп.

Ақмайдайлы аймекен,

Шекер мекен бал мекен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.

Дәптермен жұмыс:

Балалар берілген тапсырма бойынша үй жануарларын төлдерімен байланыстырады.


Ойын:Төлін тап.


Үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер айтқызу:



Қыс,жаз,күз,көктем



-көктем мезгілі


-наурыз,сәуір,мамыр



Балалар сұрақтарға жауап береді.







Мынау-қой

Мынау –ешкі

Мынау –жылқы

Мынау-сиыр

Мынау –түйе


Үй жануарлары шөп жейді,су ішеді.




-қозы


-лақ


-бота


-құлын


-бұзау


























етін жейміз,сүтін ішеміз,шұбат ішеміз,жүнінен көрпе жасаймыз,киім тоқып киеміз.

Сүтінен қымыз ішеміз,баратын жерімізге көлік ретінде мінеміз,жылқының қылынан арқан жасаймыз.

Сүтінен май,айран,қаймақ,құрт,ірімшік аламыз.Сиырдың берген берекесі мол болған.


Етін жейміз,жүнінен киім,шұлық тоқимыз,сүті майлы, өте дәмді болады.Оны ата-бабаларымыз ерекше қастерлеген.

Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді,сүті өте құнарлы,ешкінің сүтін бөрелерге де беруге болады.





Түйе-бота,жылқы-құлын,ешкі-лақ,қой-қозы,сиыр-бұзау.




Балалар өлең жолдарын қайталап,қимыл – қозғалыспен қайталайды.



-аттарын атап төлдерін орындарына қояды.


Балалар тапсырманы тәрбиеші көмегімен орындайды.




Даланың көркі-мал.

Малды теппе,

Ақты төкпе.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау.

1.Үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы қандай?

Ойын шарты: төлдердің дыбысын салу.

Қой маңырайды,

Сиыр мөңірейді,

Жылқы кісінейді,

Түйе боздайды,

Ешкі маңырайды.


Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды марапаттау.



-үй жануарлары бізге сүт,ет,жүн,тері береді.

-оларды үйде қорада ұстаймыз.

-сүтінен айран,май алып,терісінен тон,бас киім тігеді.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!