Материалдар / Үй жануарлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қошқар мен теке мультик желісі арқылы үй жануарлар тақырыбын қайталау.түрлі әдіс -тәсілдер арқылы тақырыпты түсіну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2024
148
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы:«Үй жануарлары»



Тәрбиеші:Сулейменова Енлик Ермаханбетовна























2024жыл





Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Жас ерекшелігі:Ересектер тобы (4жас)

Бағыттары:коммуникативтік дағдыларды дамыту, шығармашылық дағдыларының, зерттеу іс-әрекетінің дамуы ,әлеуметтік -эмоцияналдық дағдыларды дамыту,танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.

Бөлімі:,сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет,жапсыру,қоршаған ортамен таныстыру,қарапайым математикалық ұғымдарды таныстыру.

Мақсаты:үй жануарлары мен олардың төлдерін тануға,олардың даусын ,төлін ажыратуға үйрету.Топтық жұмыс арқылы бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, берілген тапсырманы дұрыс орындауға бейімделу.Шығармашылыққа пен ізденпаздылыққа баулу.

Міндеттері:

Білім берушілік: Балалардың сөйлеу қабілетін арттыру,есту,жаттау қабілеттерін дамыту.Үй жануарлар тақырыбын қайталаудағы білімін нығайту. Дамытушылық :Желіммен жұмыс істегенде қауіпсіз ережесін сақтау.Сұрақтарға толық жауап беру, суретті әңгімелеу,дидактикалық ойындарды ережемен ойнау Тәрбиелік:. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту.

Заттық дамытушы орта(көрнекіліктер):

Демонстрациялық:Панельді тақтадан презентация арқылы жасалған тапсырмалар,видео ролик,үй жануарар суреті,мүсіні Үлестірмелі:танграм суреттері, төсеніш,қошақан суреті,мақта,желім,қылқалам.

Қолданылған әдіс тәсілдер:АКТ технология ,сұрақ-жауап әдісі, ритмопластикалық жаттығулары,топтастыру.смайлик әдісі,танграм әдісі

Күтілетін нәтиже:

Балалар үй жануарлары туралы түсініктерін кеңінен ашып,түсінеді,үй жануарлар туралы түсінік айтады,түрлерін ажыратады.Өз бетінше жапсырады,танграм әдісі арқылы жануарларды пішіндейді.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы

Балалар топқа музыка әуенімен ритмопластикалық жаттығу арқылы кіреді.

(Екі топқа бөлініп төсеніштің үстінен көңілді әуен арқылы әр түрлі бағытта секіріп келеді)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Қалайсыңдар? - Балалар, бүгін бізге ертегі әлемінен видео жолдау келіпті. Бәріміз кімнен келгенін көрейік.

Видео жолдау

(Қошқар мен теке мультфилімі)

Теке:

-Мә-мә!, Саламатсыңдар ма, балалар!Балалар маған сендердің көмектерің керек болып тұр!Менің досым Қошқарды қасқырлар ұстап алды.Енді қасқырлар маған тапсырмаларды орындасаңдар ғана қошқарды жіберемін деп отыр!Маған тапсырма орындауға көмектесіңдерші!

Тәрбиеші;Балалар бұл видео жолдау ертегідегі Текеден екен.Біз Текеге көмектесеміз бе? (ия)Ендеше қасқырдан келген тапсырмаларды бәріміз орындайық.

1.Тапсырма.Дидактикалық ойын : «Үй жануарларын атап,дауысын тану». Шарты:Перне тақтадағы жануарларды танып,даусын дыбыстап салу.

2.Тапсырма.Дидактикалық ойын:«Үй жануарларының төлдерін ажырату»

Шарты:Адасқан үй жануарларын төлдеріне қосу.

АҚТ қолдану арқылы үй жануарларын табу

3.Тапсырма.Үй жануарларын танграм әдісі арқылы геометриялық пішіндермен құрастыру.

-Балалар сендер қандай геометриялық пішіндерді танисыңдар?

-Ендеше мына жерде жасырылған жануарларды табайықшы?

-Қандай жануар жасырынып тұр?

-Қандай пішін? (Балалар тапсырманы орындайды)

-Тамаша,ендеше келесі біздің тастырмаларымыз танграм әдісі арқылы жануарларды бейнелеу. Алдарыңдағы берілген суретті геометриялық пішіндермен бейнелеу.

4.Тапсырма.Қошақанның суретін жапсыру

-Балалар біз қойдың бейнесін дәстүрден тыс әдіс тәсіл арқылы жапсыру керекпіз.

Қошақанның суретін желімдеп мақтамен жапсырады.Мақтаның жұмсақ екенін,түсін ажыратады.

Техникалық қауіпсіздік ережесін қолдану.(желімді аузына салмау,қылқаламды дұрыс ұстау,желімді үстіне жағып алмау).

-Балалар сендер қошақан туралы ән білесіңдер ма?

-Ендеше 1 шумағын айтайықшы. «Қошақаным қайда екен ?» әні орындалады.

Тәрбиеші:Қандай тамаша балалар біз қасқырдың тапсырмаларын орындадық.Енді бір сергіп алайық

Видео слайд сергіту жатығуы

Теке:Балалар сендерге көп рахмет!қасқыр қошқарды босатты.

Қошқар :Рахмет балалар !

Теке :Біз балаларға сыйлық жасайық. Сендерге арнап қызықты видео хиқаяларымызды сыйлаймыз.

Қорытынды.Сұрақ жауап алынады.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

-Үй жануарларының төлдерін атаңдар?

-Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

-Қандай кейіпкерлерге көмек бердік?

-Жарайсыңдар балалар ,бүгін сендер өте белсенді болдыңдар! Балалар смайлик әдісі арқылы оқу қызметімізді қорытындылайық.

Рахмет!Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!