Үй жануарлары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары ересек топтарына арналған ұйымдастырылған іс әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

КЕЛІ БЕКІТЕМІН «Бала бақша – бөбек жай «Бала бақша – бөбек жай «Айым»» ЖШС әдіскері «Айым»» ЖШС меңгерушісі _________ Г.И.Шакенова __________А.Т.Жумадилова

«_____» __________2025ж «______»__________2025ж










Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Тақырыбы : «Үй жануарлары»

"Ботақан" ересек тобы

2025-2026 оқу жылы


















Тәрбиеші: Сембинова

Кулмира

Коныртаевна










Білім беру дағдысы: Коммуникативтік дағдысы

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту. Бекіту

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға баулу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, көрнекілік, планшет


Көрнекілігі: Үй жануарларының дыбыстары аудио арқылы, ауыл бейнесі, жануарлардың суреттері, жануарлардан алынатын өнімдер.


Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер.

Біз қазақтың баласы, сәлем – сөздің анасы,

Бәріміз де ізетпен, иіліп сәлем береміз.

Алақанды ашайық, күннің нұрын шашайық,

Таза ауаны алайық, жүрек жылуын салайық.

Осы жиналған лебізді бір-бірімізге сыйлайық!


Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз үй жануарлары туралы айтамыз. Ол үшін біз автобуспен ауылға саяхатқа барайық. (әуенмен автобусқа саяхатқа шығады)

Тәрбиеші: Міне, бәріміз көзімізді ашып-жұмғанша ауылға келдік. Ауылдың табиғаты, ауасы қандай керемет, иә, балалар? (таспада жануарлардың дауыстары естіледі).

Әже: Әй, балам, қарашы, автобус келіп тоқтады ғой, қонақтар келген сияқты.

Бала: Иә, апа, балалар автобустан түсіп жатыр. Барып қарсы алайын.

Бала: Амансыздар ма!

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе!

Бала: Қош келдіңіздер ауылға.

Тәрбиеші: Рахмет. Балалар ауылға саяхаттап келіп қалды. Ауылдың тіршілігімен таныстырсам.

Бала: Жүріңдер, онда мен сендерге жол көрсетейін. Мынау ауылымыздың байлығы.

Тәрбиеші: Үй жануарлары. (Қой, сиыр, жылқы, түйе). Балалар, бұл қандай жануарлар?

Дұрыс айтасыңдар.


Тәрбиеші:

Сиыр бізге не береді? – сүт, айран, құрт, май береді.

Қой не береді? – жүн, ет береді.

Түйе не береді? – шөлге төзімді, жүк тасиды, шұбат береді.

Ешкі не береді? – сүт пен ет береді.


Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Ендеше, балалар, жануарларға жем-шөптерін, суын беріп, тамақтандырайық.

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!


Біз ауылға саяхаттап келдік қой, ендеше Зере апамыздың үйіне барып, апамызбен амандасайық. Жүріңдер!


Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, амансыз ба, апа?

Зере апа: Амансың ба? Қош келдіңдер, балалар! Келіңдер, төрлетіңдер.

Тәрбиеші: Рахмет. Біз ауылға саяхаттап келіп едік. Ауылды көрдік. Жануарлармен танысып, жем-шөптерін салып, суларын ауыстырып беріп келе жатырмыз. Сізге амандасайық деп келдік.

Зере апа: Жақсы болған екен. Қамқорлық жасап жүргендерің дұрыс.

Мен сиыр сауып, сүтті тартып, енді қатықтан құрт жасайын деп жатыр едім.

Тәрбиеші: Ауылдың құрты, шіркін, дәмі ерекше ғой.

Біздің балаларға көрсетсеңізші, ауылға келіп үйреніп қайтсын. Құрттың қалай, неден жасалатынын өз қолдарымен жасап көрсін. Сиырдың сүтінен тағы да басқа қандай өнімдер алуға болатынын айтсаңыз, балалар білетін болады.

Зере апа: Әрине, үйретемін, көрсетемін. Үстел басына жайғасыңдар, балалар.


Ойын: «Әжеге көмектес»


Тәрбиеші: 1. Төрт бала әженің қасына қалып, құрт жасауға көмектесейік.

Ал қалғанымыз мына көрпешенің маңайына жайғасайық. Біз бұл жерде, балалар, қой жүнінен әр түрлі бұйымдар жасауға болатынымен танысамыз (шұлық, қолғап, жейде т.б.). Ал біз қазір бірінші қойдың жүнін алып, оны қолмен түтіп, содан соң ұршықпен жүнді иіріп, жіп жасаймыз. Мынадай тоқыма жіп дайын болады. Инеге жаңағы тоқыма жіпті сабақтап алып, оюдың шетін әдемілеп тоқимыз. Ал ендеше кірісейік.


2-тапсырма: Түйе жүнінен текемет жасайық. Ол үшін түйенің жүнін алып, оның үстіне дайындап қойған оюымызды қойып, бетіне ақ мата жауып, сабын қосылған суды сеуіп, бастырамыз. Ораймыз қаттырақ, содан соң қатты басамыз үстінен бірнеше рет. Аз уақыттан соң бастырған текеметімізді жаямыз. Қазақтың әдемі, бір керемет оюлы текеметі мен көрпешесі шықты.


Тәрбиеші: Осы жасаған текеметіміз бен оюлы көрпешемізді әжеге сыйға апарып берейік. Зере апамыз қуанып қалсын, иә, балалар.

Тәрбиеші: Апа, балалар сізге өз қолдарымен жасаған мына әдемі текемет пен оюлы көрпешені сыйлағылары келіп тұр.

Апа: Рахмет, құлындарым, мен сендерге ауылдың дәмі – өздерің жасаған құртты салып берейін.

Тәрбиеші: Ой, рахмет, керемет болды. Жарайсыңдар, шаршадыңдар ма? Ендеше бойымызды бір сергітіп алайық.


3-тапсырма: Сергіту сәті: «Асық әні» (әуен қосылады).


4-тапсырма: Қазақтың ұлттық ойынын ойнайық. Ол үшін сандықта тұрған түрлі-түсті асық түстері арқылы топқа бөлінеміз.


Асық жарысы (қызыл асық).


Асық ату (сары).


Ақ отау (жасыл).


Рахмет, балалар, қандай жақсы, керемет орындадыңдар. Балалар, енді тобымызға қайтайық. Ол үшін автобусымызға отырайық. Ал кеттік.

Тәрбиеші: Міне, тобымызға да келдік. (орындарына отыру)


Қорытынды:

Бүгін қайда бардық? Ауылға бардық!

Ауылда қайда бардық? Апаға бардық! Жануарларды көрдік.

Оларға қалай қамқор боламыз? Жем, су, шөптерін береміз. Орындарын тазалау керек екенін байқадық.


Тәрбиеші: Иә, балалар, мына кішкентай жүректеріңмен үлкен мейірімдеріңді көрсетіңдер.


Рефлексия: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізді планшеттегі бағдаршаммен бағалау әдісімен қорытындылайық.

Тәрбиеші: Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. (марапаттау)


Төрт түлік – қазақ халқының байлығы, тіршіліктің тірегі. Оларды қорғап, күтіп-баптау – бәріміздің міндетіміз!


Мадақтау: Сендер ақылды, қамқор балалар екенсіңдер! Төрт түлік те сендерге риза!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі