Байділда Гүлзада
Құлшыққызы
«Аққайың» бөбекжайының
тәрбиешісі
Ырғыз
ауданы
Ақтөбе
облысы
Үй
жануарлары
Білім беру аймағы:
Таным
Бөлім: Қоршаған ортамен
таныстыру
Апталық тақырыбы: Үй
жануарлары.
Мақсаты: Балаларға үй
жануарларының неліктен үй жануарлары деп атауын түсіндіру, олардың
аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге
үйрету. Жануарлар жөнінде өлеңдер,
тақпақтар, жұмбақтарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін
дамыту.
Көрнекілік: Төлдердің суреттері және
бетперделері
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру. Жануарлар туралы өлең, тақпақ,
мақал - мәтел айту, жаттау, жұмбақ
шешу
Тәрбиешінің іс -
әрекеті:
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып бір бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең, секең ей лақ,
Жүрмін саған кейіп - ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секеңдемей бір уақ.
Ботақаны нардың ,
Жарға неге
бардың.
Тілерсегің
дірілдеп,
Секіре алмай қалдың, -деп
тәрбиеші айтқан кезде балалар қимыл - қозғалыстарымен
көрсетеді.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі
сабақта үй жануарлары туралы әңгімелесеміз, қане тақтаға қараңдаршы
ненің суретін көріп отырсыңдар, бұл төрт түлік малдардың суреттері.
Мынау ненің суреті?
Балалар: Мынау сиырдың суреті.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал сиырдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Сиырдың төлі бұзау.
Тәрбиеші: Дұрыс бұлар қалай дыбыс шығарады?
Балалар: Мө - мө - мө деген дыбысы бар. Ол мөңірейді.
Тәрбиеші: Сиыр бізге не береді?
Балалар: Сиыр сүт береді.
Тәрбиеші: Сүттен не
жасаймыз?
Балалар: Айран, құрт жасаймыз.
Тәрбиеші: Сиыр не жейді?
Балалар: Сиыр шөп, жем жейді, су ішеді.
Тәрбиеші: Сиырды қалай шақырамыз?
Балалар: Аухау, аухау деп шақырады (хормен айтады).
Тәрбиеші: Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қойдың суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Қой қалай дыбыстайды?
Балалар: Қой маңырайды, мә, мә, мә, мә деді.
Тәрбиеші: Ал қойдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Қозы, қошақан, деп атаймыз.
Тәрбиеші: Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Ешкінің суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, басында несі бар?
Тәрбиеші:
- Олар қайда тұрады?
Балалар:
- Қорада, үйде, фермада.
Оларды неге үй жануарлары
дейді?
- Дұрыс, өйткені олар адамдардың маңайында, аулада тіршілік етеді
екен.
Жақсы, балалар ендеше осы үй
жануарлары туралы қандай тақпақтар
білесіңдер?
Аяна: Түйе сүйеді
баласын
«Боташым» -
деп.
«Жаудыраған
көзіңнен
Тоташым» -
деп.
Аяна: Түйе сүйеді
баласын
«Боташым» -
деп.
«Жаудыраған
көзіңнен
Тоташым» - деп.
Нұрдана Н :Ешкі сүйеді баласын
«Лағым» -
деп.
«Тастан-тасқа
секірген
Шұнағым» -
деп.
Нұрасыл:Жылқы сүйеді
баласын
«Құлыным» -
деп.
«Тұлпар болып
жүгірер
Жұлыным» - деп.
Аружан: Сиыр сүйеді баласын
«Торпағым» -
деп.
«Қараңғыға
баспаған
Қорқағым» -
деп.
Нұрдана С : Қой сүйеді
баласын
«Қоңырым» -
деп.
«Ештеңені
білмейтін
Момыным» -
деп.
Даян: Салбыраған
әукесі,
Мұңды жердің
еркесі.
Зеңгі баба
баласы,
Сиыр деген – мен
болам.
Бекарыс: Мал өсірсең ,қой
өсір,
Өнімі оның
көл-көсір.
Асылжан: Сиырды
теппейді,
Сүтті
төкпейді.
Ерасыл: Құнан атқа
жеткізер.
Ат мұратқа
жеткізер.
Айша: Кішкене ғана бойы
бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(қой)
Нұрила: Таптым, таптым, тап
жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
(түйе)
Тәрбиеші:
- Өте жақсы балалар онда біз бүгін ойын ойнап көрейік. Ойынның аты
«Төлдерін тап» деп аталады (бейне ролик
көрсетіледі).
Сергіту жаттығуы:
Қошақаным.
«Үлкен - кіші» дамытушы
ойыны:
Сиыр қандай?
Бұзау қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Жылқы қандай?
Құлын қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Рефлексивті – қорытындылау:
- Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
- Неге оларды үй жануарлары деп атайды екенбіз?
- Үй жануарлардың төлдерін қалай атайды?
- Үй жануарлары қалай дауыстайды?
- Адамдарға қандай пайдасы, беретін өнімі бар?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. Мақтап - мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларын ажыратып, төлдерін білу керек. Қойылған
сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білу керек.
Болу керек: Қызығушылықтары, ынталары болу керек.
Істей білу керек: Үй жануарларын дала жануарларынан ажыратып, бөлек
жинай білу керек.