400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
үй жануарларын айыра алуга уйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үй жануарлары

Білім саласының мазмұны: «Қатынас», «Шығармашылық»

Білім бөлімдері: Тіл дамыту

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету. Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру.

Көрнекіліктері: Үн таспа, үлгі суреттер.

1.Сәлемдесу: Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайла


2.Жыл мезгілі: 1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

2.Көктемде ауа-райы қандай болады?

3.Көктем туралы кім тақпақ біледі?

4.Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?


Тәрбиеші: Балалар көктемде ауа-райы жылы болады, ағаштарымыз жасыл көйлек кигендей жайнай түседі.


Тәрбиеші балаларға үй жануарлары туралы жұмбақ жасырады. Үй жануарларының суретін көрсете отырып, үй жануарлары және олардың төлдерімен танытырады.


1.Суретпен жұмыс.

1. Сұрақ жануарлардың атын ата!

2. Төлдерін ата.


Ойын: Енесін тап!

Сергіту: Шөре,шөре.

Көрініс: Мақта қыз бен мысық .


Ал балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап қайтайық .


Сюрпризный момент: Есік тоқылдайды.

Ауылдан әжесі келеді.

  1. Әжесінің сөзі: Саламатсыңдарма балалар?

Тәрбиеші: Балалар әжеміз ауылдан қонаққа келіпті. Амандасу. Демалыңыз.


Балалар сізге тақпақ айтып береді.


  1. Абылай Құлыншағым- құндызым

Құлдырайды, шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады


  1. Шұғыла Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам, көз тоймайды.


  1. Нұрсұлтан Шөре-шөре, лағым

Тентек болма,шырағым

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың


  1. Мейірім Момақаным менің,

Маңырама, төлім.

Тойғызады кешке

Енең келіп сенің.

Әже: Рахмет балалар үй жануарлары туралы тақпақ біледі екенсіңдер, ал осы жануарлардың қалай дыбыстайтынын танып білесіңдер ма?


Тәрбиеші: Балалар бәрін біледі. Мадақтау.


Әже: Ой жарайсыңдар , ауылдан сыйлық әкелдім. Сабақ біткен соң таратып береді. Қоштасу.


Тәрбиеші: Санамақ . Кел санайық санамақ

Саусақтарды даралап

Басбармағым алғашқы

Бал үйрек жалғасы

Ортан терек кезекші

Шылдыр щүмек көмекші

Шынышағым балапан

Бәріне ортақ алақан.


Ән-күй сабағы. Сәлемдесу. Қошақан әні.

Қорытынды: 1) Балалар қандай жануарлармен таныстық?

2) Төлдерін білеміз ба?

3)Балалар сиырдың төлін қалай атаймыз?Бұзау.

Бұзау қалай дыбыстайды? Мө-мө. Оларды қалай шақырамыз? Ауқал. Сиырдан біз не аламыз? Қатық,ірімшік,сүт аламыз.


Сұрақ – жауап әдісі арқылы іс - әрекетті қорытындылаймыз.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарлрының аттарын, төлдер аттарын атайды.

Қалыптасқан түсініктер: Жұмбақ,тақпақтар, мақал – мәтелдер туралы мәлімет алуға болатынын, үй жануарларының пайдасы барын түсінеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі