жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үй жануарлары
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Экология.
Тақырыбы: Үй жануарлары. Қой, ешкі
Мақсаты: үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі, жылқы, есек туралы түсініктерін кеңейте отырып, қоймен таныстыру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдары мен еттен жасалған мен жасалған тағамдардың суреттері, құрылыс материалдары, құрт жасауға дайындалған.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғалушылық |
Шаттық шеңбері: Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шақырамын. Балаларды шақырып, көп суреттер мен ойыншықтардың ішінен өздеріне таныс үй жануарларын алуды ұсынады. Мынау – қой, ал мынау – ешкі. Біз бүгін осы екі жануармен танысамыз. - Қалай ойласыңдар, қой мен ешкі үйжануарларына жата ма, әлде жабайы аңдарға жата ма? - Неге олай ойлайсыңдар? Қой мен ешкі туралы түсіндіреді. «Дұрысын тап» ойыны. Балаларды үш топқа бөліп, ойын ережесін түсіндіреді. Жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдарыдың суреттерін араластырып, үстелдің үстіне шашыратып қояды. Миға шабуыл: Бұл ненің көлеңкесі? Көлеңкелі театрды пайдаланып, үй жануарларының бейнесі көрсетеді. |
Әдемі күлуді үйренейк, Жағымсыз әдеттерін жиренейік. Ешкіммен, ешнәрседен қорықпай, Мейіріммен әрқашан күлейік. Балалар жылқы сиыр, есек т.б өздеріне таныс жануарлардың суреттерін алып, алған суреті бойынша айтып береді. Балалардан теледидардан, суреттерден көргендерін айтады. - Үй жануарына жатады. Өйткені адамдар бағып, оларға қора жасап береді. Ойын ережесі бойынша бірінші топ жүннен тоқылған киімдерді, екінші топ сүттен жасалған тамақтарды, үшінші топ еттен жасалған тағамдарды іріктеп, олардың аталуын, қолданылуын, пайдасын, қай жануардың берген өнімі екендігін айтып береді. Балалар қай жануар екенін табады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
- Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы көп ақпарат алдық. Енді ата мен әженің ауылына саяхатқа барамыз. Балаларды керекті құрал-жабдықтары алдын-ала дайындалып жасалған «Әлеуметтік» және «Таным» орталығына бөледі. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. |
Ауыл кейіпінде жасалған «Әлеуметтік» және «Таным» орталығына келеді. Ата, әже мен амандасып болғаннан кейін қыз балалар «Әлеуметтік» орталығында әжеге құрт жасап көмектеседі. Ал ұл балалар «Таным» орталығында үй жануарларына арнап қора құрастырады. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
|
Рефлекциялық-түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиынан алған әсерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлермен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.
игереді: қой мен ешкіні танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түде сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі адамға келтіретін пайдасы туралы.
меңгереді: қой мен ешкінің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген