400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үй жануарлары

Мақсаты :Балаларды үй жануарларымен таныстыру.Олар бір-бірімен салыстыра білуге ,төлдерді атай білуге ,күтіп баптауға үйрету.

Білім беру бөлімі: Тіл дамыту

Көрнекілік: Үй жануарлары,дидактикалық ойындар.

Билингвилизм : Лақ-козленок,құлын-жеребенок,қозы-ягненок.

Ұйымдастыру.Шаттық шеңбері.

-Жүрегім кім менің?-Мен

-Тірегім кім менің?-Мен

-Жаным кім менің?-Мен

-Ботақаным,бағылан қозым,

Не деген тәтті балаларсыңдар өздерің!

Сұрақ- жауап.

-Күн суытады,қар жауады.

-Қыс айында қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар :- Қар атысып,аққала жасап ойнаймыз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар,ал қанеки Айсұлтан бізге қыс туралы тақпақ айтып берші.

Айсұлтан :- Қандай суық қыс деген

Қалтырайды құс деген

Құлақшынды кимесең

Құлағыңды тістеген

-Жарайсың,Айсұлтан отыра ғой.Балалар ,бүгін біз үй жануарлар және олардың төлдері туралы әңгімелейміз.Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалар:-Сиыр,қой,жылқы ,ешкі,түйе.

Дұрыс айтасыңдар ,ал енді толық білу үшін бүгін біз Гүлнұр әжейдің ауылына саяхатқа барамыз.Гүлнұр әжей өзінің ауылындағы үй жануарларымен таныстырады.Ал ,канекей балалар көзімізді жұмып саяхатқа шығайық.

Музыка әуені ойнайды.

-Амансыз ба,әжей? Біз алыстағы ауданнан «Балбөбек балабақшасынан»-немерелеріңізді алып келдім.

-Ой, балапандарым амансыңдар ма?

Гүлнұр әжей балалармен амандасып ,үй жануарларымен таныстыра бастайды.

-Мынау-сиыр ,қасында тұрған –бұзауы.ал мынау –жылқы ,қасындағы-құлыны.Мынау-ешкі,қой,сиыр, жылқы.Сиыр бізге өзінің сүтін ,айранын,құртын,етін береді.Біз оны жейміз,ішеміз.

-Ал,балалар ,Гүлнұр әжейге алғыс ретінде тақпақтарымызды айтып берейік.


Жансая:

-Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жалт –жұлт еткен жұлдызым

Құстай қанат қағады




Бейбарыс

-Асау тайлақ ақ тайлақ

Қуып келем қақпайлап

Тайлақ үркіп тулайды

Үй –маңынан шықпайды.

Жаншуақ

Ботақаны нардың

Жарға неге бардың

Тілерсегің дірілдеп

Секіре алмай қалдым

Айсұлтан

Шөре –шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секектеме деміңді ал

Селтеңдемей құлағың

-Балалар ,біз Гүлнұр әжейге ақылымызды айтып қоштасайық .Ал,балалар көзімізді жұмып оз ауылымызға оралайық.



Сергіту сәті

Қуыр –қуыр қуырмаш.

Балапанға бидай шаш

Бас бармақ

Балан үйрек

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкентай бөбек

Сен тұр ,қозыңа бар

Сен тұр ,лағыңа бар

Сен тұр ,жылқыңа бар

Сен тұр ,бұзауыңа бар

Ал сен алаңдамай үйде отыр.


Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»

Қой маңырайды,мә-мә

Сиыр мөңірейді,мө-мө,

Жылқы кісінейді,ио-ио,

Түйе боздайды,бө-бө,

Ешкі бақырады,бе-бе,


Жұмбақ шешеміз.

Балалар –ау,балалар.

Мен бір жұмбақ айтайық

Жауабын кім табар

Зерегіңді байқайық

Ертеменен айқайлап

Қайда екен деп ақылдым

Ауқау ,ауқау- ауқаулап

Қай төлді мен шақырдым. (Бұзау)


Дидактикалық ойын «Төлін тап»

Жылқының баласы-құлыншақ

Сиырдың баласы-бұзау

Қойдың баласы-қозы

Түйенің баласы-бота

Ешкінің баласы-лақ

Енесінің жанына төлдерін жанына қосады.


Қорытынды .

-Балалар ,біз бүгін қайда саяхат жасадық?

-Әжейдің ауылында қандай үй жануарларымен таныстық?

-Қандай төлдермен таныстық?

Балалар мадақталып ,бағаланады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі