400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және танымын тереңдету,оларды бір-бірінен ажырата білуге,қамқорлық жасауға,үй жануарларына байланысты өлең-тақпақтар айтқыза отырып тіл байлықтарын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Тақырбы: «Үй жануарлары».

Мақсаты:балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және танымын тереңдету,оларды бір-бірінен ажырата білуге,қамқорлық жасауға,үй жануарларына байланысты өлең-тақпақтар айтқыза отырып тіл байлықтарын дамыту.

Қолданылатын көрнекі-құралдар:суреттер,төлдердің үлгілері.

Алдын ала орындалатын жұмыс:сұрақ-жауап,естірту,көрсету.

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Армысың мейірімді Аспан-ата,

Армысың мейірімді Жер-Ана,

Армысың балабақша достарым,

Жаңа күнді бастадым,

Армысздар қонақтар.

Балалар бүгін біз сендермен үй жануарлары туралы әңгімелейтін боламыз.

Үй жануарларының даусын үнтаспадан балаларға естірту.

Айта қойыңдаршы неліктен үй жануарлары деп айтамыз?

Мына жайлау көрінісіне қараңдаршы.Үй жануарлары көкорай шалғында жайылып жүр екен.Ал олай болса осы жануарлардың аттарын айтып көрейікші.

Ал енді осы үй жануарларының төлдерін қасына апарайық.

Д/о «Төлін тап».

Балалар сурет бойынша төлдерін енесінің қасына апарып қояды.

Түйенің төлі Бота

Қойдың төлі Қозы

Ешкінің төлі Лақ
Жылқының төлі Құлын

Сиырдың төлі Бұзау

Жарайсыңдар балалар сендер төлдерді дұрыс тауып,енесінің жанына апарып қоя алдыңдар.Олай болса,бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

«Төлдер» әні

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың,

Бұлтиып тұр бүйірі,

Қай өрістен тойдың.



Секең-секең ей лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ,

Тыным тапсаң болмайма,

Секірмей-ақ кей уақ.



Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың,

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

Ал енді балалар үйге берілген тақпақтарға кезек берейік

Айсұлтан

Шөре-шөре лағым,

Салпыйып-ап құлағың,

Секеңдемей деміңді ал,

Тентек болма шырағым.

Сабыр

Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным,

Шопан-ата түлегі

Қошақаным қайдасың?

Айша

Жолға шықса көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар-ата өсірген,

Құлыным менің қайдасың?

Ислам

Тілі мұрын жалаған,

Тілі бойын тараған,

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Батыр

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Ойсыл қара бабасы,

Ботақаным қайдасың?

Көс-көс.



Д/о «Қандай пайдасы бар?»



Ғажайып сәт:

Сырттан әжей есік қағыпішке кіреді,ол өзінің балаларға арнапүй жануарларының сүтінен жасалған құрт әкелгенін айтады.Әжей құртты беріп сыртқа шығып кетеді.Балаларға құртты көрсетіп оның неден жасалатыны айту.Балаларға сабақ соңында әжейдің құртынан дәм татқызу.

Қорытынды:Балалар бүгін сендердің үй жануарлары туралы өлең-тақпақтарың өте тамаша болды және олардың төлдерін де ажыратып айтып бере алдыңдар,тіпті оларлың қандай пайдасы бар олардың адам баласы үшін маңыздылығын айтып бере алдыңдар.Әр уақытта осындай белсенді болуларыңа тілектеспін.Балаларды мақтап мадақтау.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.12.2018
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі