Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үй жануарлары және олардың төлдері" сөйлеуді дамыту дамыту ұйымдастырылған оқу қызметә

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, логпедтерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ботақан» ортаңғы тобында сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінің сабақ жоспары


Өтілетін күні: Турарбекова Лязат Мусатаевна

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты:

Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. 

Дамытушылық: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, интерактивті тақтадан көрсету.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, интерактивті тақта, ақ қағаз, желім, қойдың суреті.

Сөздік жұмыс: Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Өте жақсы. Жарайсыңдар!
Үнтаспаны тыңдату.

- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің дауысы?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қой,ешкі, түйе, жылқыны үй жануарлары деп атайды. Бүгінгі оқу қызметінде үй жануарларымен танысатын боламыз. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Балалар сендер дәл қазір үй жануарларын көргілерің келе ме? Онда бәріміз қазір Балжан әженің үйіне барамыз. Дайынбыз ба?

Балжан әжейдің үйіне саяхатқа бару.

Балжан әженің үйіне тез жету үшін атшанамен барамыз. Жолда көңілді болу үшін «Қошақаным» әнін айтайық. Міне балалар Балжан әжейдің үйіне де келіп қалдық.

-Балалар, мына сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады, яғни үй жануарлары деп аталады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі - бота, сиырдың төлі - бұзау, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі- лақ, жылқының төлі - құлыншақ. Үй жануарларының адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, суарады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. Төрт түлік туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған. Балалар үй жануарларымен таныстық, олай болса тобымызға оралайық.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Мақсаты: Адасып қалған төлдерді енесіне апару.

Жұмбақ жасыру:

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.

Балалар: Қой - мә - мә маңырайды

Үстінде екі тауы бар

(Түйе) Түйе - бө - бө боздайды

Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыпыртқысы бар

(Сиыр) Сиыр - мө - мө мөңірейді

Екеуі елеңдеп келеді

Төртеуі төбелесіп келеді

(Жылқы) Жылқы - е - е - е кісінейді.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып, керіліп

Беті қолын жуады

Ойыны: «Мекеніне апар»

Мақсаты: Үй жануарлары мен жабай жануарларды ажыратып қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Барысы: Қалтадағы әр түрлі үй жануарлары мен жабайы жануарлары салынған, аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың жабайы немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй маңындағы қораға апарып қояды.

-Балалар сонымен үй жануарларына нелер жатады екен?

-Олардың төлдерін қалай атайды?
-Біз қайда бардық?

Балалардың жауабы


Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін Балжан әжей сендерге сиыр сүтінен жасалған тағам беріп жіберіпті, соны сендерге табыстайын.

Балаларымыздың апайларына дайындаған сыйлықтары бар екен. Бұл сыйлық биылғы сиыр жылының күн тізбесі. Алдағы күндеріңіз сәтті, табысты болсын деген тілекпен сіздерге тарту етеміз.
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.

Балалардың жауабы


Күтілетін нәтиже:

біледі: Үй жануарлары туралы біледі

игереді: үй жануарлардың дауысын айыра біледі;

меңгереді: үй жануарлардың төлдерін ажырата біледі.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12