|
Ұйымдастыру
іздену
|
(Үнтаспа арқылы үй
жануарларының дыбыстары тыңдатылады.)
-Балалар, жайлап қана
көзімізді жұмып, көз алдымызға ауылдағы ата- әжелеріміздің
ауласындағы жайылып жүрген үй жануарларын
елестетейік.
-Ал, көзімізді ашайық, бізге
кім келіп тұр екен?
-Бұл төрт түлік малдың, яғни
осы жердің иесі Ақылман ата екен.
Ақылман
ата:
-Амансындар ма,
құлындарым?
- Сендер үй жануарларына яғни
төрт түлік малға нелер жататынын білесіңдер
ме?
- Ал, енді олардың төлдері
қалай аталады?
-Жарайды мен сендердің
қастарыңа отырып демалайын.
(Ата отырып оқу іс-әрекетіне
қатысады.)
-Балалар , біз үй жануарлары
туралы әңгімемізді жалғастырайық.
Үй жағдайында ұстайтын, оларға
адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй
жануарлары.
Ертерек заманда, көшпенділік
кезінде қазіргідей көлік болмаған, сол уақытта төрт түлік малды
көліктің орнына мініп, жүк артып, арба жеккен. Тағы осы малды ас
қылып етін жеген, сүтін ішіп, айран, қатық, майларын алып отырған.
Біздің еліміздің жері, мал өсіруге өте қолайлы. Қазақ халқын малсыз
елестету мүмкін емес.
Әр жануарларды сипаттап
өту: Сиыр -бұзаулайды, түйе-
боталайды, ат -құлындайды, қой -қоздайды, ешкі – лақтайды. Бұл
жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Төлдері енесі өріске
кеткенде, қарны ашқанда дыбыс білдіреді.
«Не қалай
дыбыстайды?» үнтаспадан жануарлардың
дыбыстарын келтіру.
Үй жануарларын қалай
шақырады?
Қой –
қозы: Пұшайт –
пұшайт
Сиыр-бұзау: Аухау –
аухау
Ешкі –
лақ: Шөре –
шөре
Жылқы
–құлын: Қырау –
қырау
Түйе –
бота: Көс-көс
Проекциялық аппараттан үй
жануарларының суретін көрсету, аттарын атату. Балаларға төрт-түлік
малдың пірлері туралы түсінік беру:
Жылқы пірі
– Қамбар
ата
Ешкі пірі
– Сексек
ата
Түйе пірі
– Ойсыл
қара
Сиыр пірі
– Зеңгі
баба
Қой пірі
– Шопан
ата
Қостілділік: (орыс тілінде
атау)
Сергіту жаттығуы:
«Төлдер
жыры»
Шығармашылық
жұмыс:
1
орталық: «Төлдерін
тап» сурет бойынша төрт түлік
малдың төлдерін тауып, қасына орналастыру.
2
орталық: «Үй жануарларын
құрастыр» Әр жануарды 4 немесе
бірнеше бөлікке бөліп, оның жартысын тауып
құрастыру.
3
орталық: «Жануарларды
жапсыру» өзіне ұнаған жануарларды
таңдап алып, ақ қағазға жапсыру.
4
орталық: «Сүйкімді төлдерді
бояу»сүйкімді төлдердің суреттерін
түрлі түсті қаламмен бояу.
5
орталық: «Қайсысы
артық» үй жануарларының
арасынан қайсысы артық, соны ажыратып алып тастау. (Мыс: құс немесе
заттар)
|
Көз алдарына елестетіп
отырады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап,
Ақылман атамен амандасады.
Сұрақтарға жауап
береді.
Сиыр, жылқы, түйе, қой,
ешкі.
Бұзау, құлын, бота, қозы,
лақ.
Тыңдайды
Балалар өз ойларын
қосады.
Ойынға
қатысады
Қайталайды.
Есте сақтау үшін
қайталайды.
Орыс тілінде
айтады.
Жаттығу
жасайды.
Балалар шығармашылықпен жұмыс
жасайды.
|
|
Рефлексифті
түзетуші
|
Атаймен бірге ойын
ойнайды.
-Төлдер туралы өлең оқиын,
сендер қай төл екенін табыңдар.
Шөре –шөре
лағым,
Тентек болма
шырағым.
Секеңдемей деміңді
ал,
Селтеңдеме
құлағың.
Қара көзің
мөлдіреп,
Қызықтырмай
қоймайды.
Жібек жүнін
үлбіреп,
Қарасам көз
тоймайды.
Әукім – әукім
әукешім,
Қасиыншы
әукесін.
Енең әне
келеді,
Ақ мамасын
береді.
Құлыншағым
құндызым,
Құлдырайды
шабады.
Жылтыңдаған
жұлдызым,
Құстай қанат
қағады.
Дидактикалық
ойын:
«Төлдерін тап та,
көрсет»
Шарты: тақтада көсетілген
жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы
көрсету.
Мақсаты: Балалардың байқампаздық
қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа
баулу.
|
Ойынға белсене
қатысады.
Лақ
Бота
Бұзау
Құлын
|