Үй жануарлары
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы:«Үй жануарлары».
Мақсаты: «Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту,
Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез -
құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үй жануарлардың пайдасы
бейнелейтін суреттер, үлестірмелі материалдар.
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең
жолдарын қайталайды.
Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін
Күн
нұры бізге жылу төге берсін.
Күндей жарық көңілді күн
кешейік
Бәріміз тату дос боп бірге
өсейік.
- Шеңбер бойына тұрып орындайды.
Алдымен балалар
жұмбақтар шешіп алайық!
Жануарлар тобы бізде нешеге
бөлінетін еді?
2. Үй
жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.
Үй жануарларына адамдар қарайды. Адамдар оларға жем−шөбін беріп,
күтіп баптайды. Үй жануарлары деп үйде
ұстайтын жануарларды айтамыз
Жануарлардың еті, сүті,
Жұмыртқасы - азық, ал жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа
қажетті заттар жасалады.
3.
Билингвальды компонент:
Үй жануары - домашнее животное, сиыр - корова, ешкі
- коза, тауық - курица. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды
айтамыз. Олар мыналар: қой,
ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
- Қайталайды.
- Тауық -(курица).
- Сиыр(корова).
- Ешкі(коза).
Түйенің төлі - ботақан.
Қойдың төлі - қозы.
Ешкінің төлі - лақ.
Жылқының төлі - құлын.
Сиырдың төлі - бұзау.
- Төлдердің аттарын қайталап айтады.
4. Үй жануарлары туралы өлеңді оқу.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме, деміңді ал.
Тентек болма шырағым,
Селтеңдемей құлағың.
- Өлең ненің төлі туралы?
- Ешкінің қандай пайдасы бар?
Әукім - әукім әукешім,
Сипайыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.
- Сиырдын қандай пайдасы бар? Тағы қандай үй жануарларын
білесіңдер?
- Дұрыс, үй құстары және ти, мысық та үй жануарларына жатады.
Қалай ойласыңдар тауық қандай пайда әкеледі? (Еті мен жұмыртқасы -
тамақ. Мамығынан жастық жасайды).
-«Әукім - әукім»деп сиырдың төлі – бұзауды шақырамыз.
- Сиырдың сүті, еті - тағам. Сүтінен ірімшік, құрт, айран, май
алады. Терісінен тұрмысқа қажетті заттар жасайды.
5. Динамикалық үзіліс.
«Шип - шип шөжелерім» әнің үнтаспадан тыңдады.
-«Балапандар»биін билейді.
6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау
Керектігін түсіндіреді
7. Жеке жұмыс өткізеді.
Рефлексиялық - түзетушілік
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
- Үй жануарларын атаңдар?
- Неге адамдар жануарларға күтім жасайды?
Олардың қандай пайдасы бар?
Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: төрт түлікке байланысты берілген (мысалы: ешкінің төлі -
лақ. Бұзауды «әукім - әукім»деп шақырамыз) тапсырмаларды.
Түсінеді: үй жануарларының адам өміріндегі маңызы.
Қолданады